Дін-рухтық тәрбие




Презентация қосу
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Жаратылыстану және Математика Ғылымдары Факультеті
Математика Кафедрасы

СӨЖ №3
Орындаған: Ақантаева Айдана
Т-411 топ
Адамның діни сеніміне құрмет -
оның таңдауына құрмет ретінде.

Жоспар:
1. Дін-рухтық тәрбие.
2. Діни-рухтық тәрбие арқылы өзін-өзі
тәрбиелеуге баулу.
3. Алла тағаланың бергеніне шүкіршілік
айту туралы.
4. Мұсылман баласының бес парызы
туралы.
Адамда жақсы қасиет болмаса оған
бақ та, бақыт та қонбайды. Адам өзінің
түзуАЛЛАНЫ
ниеті, ойы, ісҢ- әӨ
рекеті
ЗІ ДЕарқ-ылы
РАС,
жеңіске жетеді. Яғни біздің өміріміз
СӨЗІ ДЕ - РАС.
өзіміздің өмір туралы ойларымыздан,
жағымды қарым - қатынастан, жақсы
істерімізден туындайды екен.
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
Жүсіп Баласағұн
1.Діни-рухтық тәрбие
Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты
елімізде жер-жерлерде діни медреселер
ашылып, балаларды имандылыққа баулуда
игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Жалпы
білім беретін орта мектептерде діни-рухтық
тәрбиеден хабардар ете бастау ға болады.
Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай
діни-моральдық ахуалмен таныстыратын,
балалар бойына адамгершілік, мейірімділік,
болашаққа сенім, тазалық пен пәктік
сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді
үйрете беруге болады.
Абайдың "Қара сөздеріндегі" діни-рухтық идеялар
Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?! Иман - парыз.

Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

Құдайшылық - жүректе. Қалпыңды таза сақта!

Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.

Адамды сүй, алланың хикметін сүй.

Алланың өзі де - рас, сөзі де - рас.

Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.

Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,
Қазысы оның - арым мен бір-ақ құдай.

Адалды арамға сатқанды құдай құп көрмейді.

Сен асыққан екен деп - алла өмірін өзгертпес.

О да - құдай пендесі,
Түспей кетер деймісің,
Тәңірінің құрған тезіне!

Алла асыраған пенде аш болмайды.
                                                                                                    
2. Діни-рухтық тәрбие арқылы өзін-өзі
тәрбиелеуге баулу.
Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты -
баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі
тәрбиелеуге баулу. Өзін-өзі
тәрбиелеу - адамның өзінің оң қасиеттерін
жетілдіру және теріс қасиеттерін жою жөніндегі
саналы және мақсатты іс-әрекеті. Өзін-
өзі тәрбиелеу басты шарты - өзі туралы шын
білімнің, дұрыс өзін-өзі бағалаудың, өзін-өзі
түсінудің, анық ұғынатын мақсаттардың,
мұраттардың, тұлғалық мән мағыналардың
болуы.
АЛЛАҒА ШҮКІРШІЛІК ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ…

Шүкіршілік  – мұсылманды өмірдің өткелдерінен алып
өтетін ең маңызды құлшылық. Тағдырға шынайы иман
келтірген адам өмірде өзіне берілген немесе берілмеген
барлық несібелері үшін Аллаға шүкіршілік етеді. Мұны
бұрынғылар «Аллаға қанағат ету” және “Аллаға шүкір
ету» деп екіге айырған. Қанағат ету – адам өзінің
қолындағы, әрі қолы жетпеген несібелері үшін разы
болуы болса, ал “Шүкір ету” — кісінің қолындағы
несібелері үшін Аллаға алғыс білдіру болып табылады.
Аллаға шүкір ету — өз
алдына бір ғибадат.
Құран Кәрімде шүкір етудің қажеттілігі турасында к өптеген
аяттар келген. Бақара сүресінің 172-ші аятында Алла һ та ғала:
«Әй, мүміндер! Мені еске алыңдар, мен де сендерді еске алайын.
Маған шүкірлік етіңдер, маған опасыздық жасама ңдар» -деді.
Осы аяттан шүкіршілік етудің «Алланы еске алумен»
байланыстырылғанын көреміз. Адамның таби ғаты ұмыту ға бейім
жаратылған. Біз кейбір нәрселерге қол жеткізу үшін е ңбектенеміз,
сонымен бірге дұға қыламыз. Соңында әлгі нәрсеге қол жеткіземіз.
Осы кезде шүкір етуді көп адамдар ұмыт қалдырады.
Алла тағала Құран Кәрімде бұл жағдайды былай сипаттайды:
«Ал қашан адам баласына бір зиян жетсе: Жатса да, отырса да
немесе түрегеп тұрса да бізге жалбарынады; Алайда қашан одан
зиянды айықтырсақ, тіпті оған тиген зиянды айы қтыру үшін
бізге жалбарынбағандай-ақ кете береді». (Фұссилат сүресі 51 аят)
4. Мұсылмандық парыз

Ислам діні бес парызға негізделген. Сол үшін
адам баласы оның барлығына иман келтіріп,
орындамаса немесе тиісті амал істемесе шынайы
мұсылман бола алмайды.
Мұсылманның 5 парызы:
1 - парыз: Аллаһтан басқа тәңір жоқ
екеніне және Мұхаммед Аллаһтың
елшісі екендігіне куәлік беру.
2 - парыз: Намаз оқу.
3 - парыз: Зекет беру.
4 - парыз: Ораза тұту.
5 - парыз: Қажылық қылу.
Қолданылған әдебиеттер:
1. И.А.Қайров Адамгершілікке тәрбиелеу
әліппесі. Алматы, 1980.
2. К.А.Оразбекова. Иман және инабат. - Алматы,
1993.
3. Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі, ақылдық-көзі. -
А., 1980.
4. Ү.Жөнібеков. Уақыт керуені. - Алматы, 1992.

Ұқсас жұмыстар
Юнгтің аналитикалық психологиясы және Адлердің индивидуалды психологиясы
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ЕВРОПАНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Жәдидшілдікке патша өкіметі тарапынан
Қазіргі Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары
Ж.Пиаже және оның мектебі
Этникалық тәрбиенің ерекшеліктері және оларды анықтаушы факторлар
Экономикалық тәрбие
Ислам діні
Дін рухани мәдениеттің бір бөлігі
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері
Пәндер