Қарым-қатынас жайлы



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-математика факультеті
CӨЖ
Тақырыбы: Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністікке жетудің құралы ретінде
Орындаған: Виликс Ж. А.
Т-413 тобы
Семей, 2015ж

Кіріспе
Негізгі бөлім
Қарым қатынас туралы түсінік
Қарым қатынас түрлері
Қарым қатынас стратегиясы
Қолданылған әдебиеттер
Жоспар:

Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т. б. деңгейлері болады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды.

Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Қызметші басшы алдында өзін қалай ұстауы керек?
Қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Бастықтың алдында отырған қызметкер жеке бас проблемасын ұмытып, оны мұқият тыңдау қажет. Сонымен қатар қызметкер өз ісін терең меңгеріп, адалдық пен әділдікті, қарапайымдылық пен байсалдылық, жауапкершілікті түсіне білуі қажет.

Кімнің бірінші сәлемдескені дұрыс?
Өзін-өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша қызметкер бастықпен бірінші амандасуға тиіс. Әйел адам бастығына «Сәлеметсіз бе?» деп амандасса жетіп жатыр. Ал ер адам бастығымен қол алысып амандасқаны дұрыс. Сосын ара-қатынасты 60 см мен 1-2 метр қашықтықта сақтау қажет.
Бұған әңігімелесу, келіссөз, келісім-шарт кезіндегі кездесулер жатады. Мекеме басшысы жас болса, қызметкерлерге сәлем бергені ағаттық емес. Бөлмеге кіргенде басшы бірінші амандасады, қызметкерлер орындарынан тұрмай-ақ амандасуларына болады. Басшы өз кабинетіне жұмыспен келген қызметкерді тұрып қарсы алмайды. Әңгіме ұзаққа созылар болса, орын ұсынады.


Сөйлесе білу
Сөйлей білмей - ойлауға дағды алу мүмкін емес. Жақсы сөйлеуге үйрену үшін не істеу керек? Ең алдымен әдеби кітаптар оқып, өлеңдер мен көркемсөздер жаттау арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін үнемі жаңғыртып отырыңыз. Сіздің миыңыз неғұрлым көп мәтінді сақтаған сайын, сіз қажет кезде оларды дайын күйінде қолдана қоясыз.
Сонымен қатар өз сөзіңізді жақсы ұғыныңыз. Әрбір сөйлегеніңіз қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөйлемдерден болуы тиіс. Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен, ол дұрыс қабылданбауы мүмкін.
Белсенді тыңдау
Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, сіз сөйлегенде ол да сізді сондай ынтамен тыңдайды. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу - адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. Әдетте, жақсы сөйлейтіндерге қарағанда, жақсы тыңдай білетіндер қызметте тез жоғарылайды.

Тиімді тыңдай білудің тәсілдері:
*Тыңдаушының көзіне тіке қарап отырыңыз. Сіз мұнымен оны ынта қойып тыңдағаныңызды білдіресіз.
*Сөйлеушіге өзіңіздің тыңдап отырғаныңызды «иә», «түсінемін» деген сөздер немесе басыңызды изеп, қоштау арқылы сездірте аласыз.
*Сөйлеушіге шынымен де тыңдап қана емес, түсініп отырғаныңызды да білдіріңіз. Егер бір нәрсеге түсінбей қалсаңыз, сұрақ қойыңыз.
*Сіздің отырысыңыз, қимыл-қозғалысыңыз тыңдап отырғаныңызды білдірсін, сөйлеуші ынталы, тірі адаммен сөйлесіп отырғанын түсінуі тиіс.
*Сізге айтылған әңгіменің мәнін түсіне біліңіз. Бұл оңай емес, өйткені сіздің ойыңыз бір айтылғанды терең ойлап, соны қуып кетсе, келесі айтылғандардан хабарсыз қалуыңыз мүмкін. Ойдың адасуына жол бермеңіз.
*Байқағыштық - жақсы қасиет. Сөйлеушінің бет құбылысының сипаттарын: сізге қалай қарағанын, қалай отырғанын немесе тұрғанын, әңгіме кезінде өзін қалай ұстағанын бақылаңыз.
*Сөйте отырып, өзіңіздің сезіміңізді де дәл беріңіз: бұл жағдайды айқындап, әңгімедегі кедергілерді жояды.

Қызметтік қарым-қатынастар
Жаңа қызметкерді ұжымға бастық таныстырады. Бұрынғы қызметкерлер жаңа адамның ортаға өз адамдарындай сіңісіп кетуін іске асырып, бірнеше күн өткеннен кейін жаңа адам өзін осы ортаның байырғы мүшесіндей қолайлы сезінуі керек. Ұжымдағы кейбір адамдардың күрделі қарым-қатынастарын, өзара реніштерін жаңа келген адамға білдіртпегені жөн.

Көпшілік алдында қалай сөйлеу керек?
Қызметкерлер немесе басшы жұмыс барысында көпшілік алдына шығып сөйлеуге мәжбүр болады. Мұндай кезде сөйлеуге байсалды дайындықпен кірісіңіз. Сіздің әрбір сөзіңіз аудитория үшін де, сіз үшін де маңызды болуы тиіс. Келеңсіздік болмас үшін рет-ретімен не болатынын нақтылап жазып алыңыз.
Сіз кездесуіңіздің қандай болатынын да алдын ала білуіңіз қажет: жиналыс па, қабылдау ма, әлде ресми емес қабылдау ма, сахнада сөйлейсіз бе, кафедрада ма, әлде топ ортасына шығу керек пе? Бұларды да алдын ала білгеніңіз дұрыс. Мұндай мәліметтер сіздің қандай жағдайға не лайықтап киетініңізді таңдауға мүмкіндік береді

Қарым-қатынастың құралдары:
1. Тіл-сөздердің, анықтамалардың жүйесі және оқуды қарым-қатынаста қолданылатын мағыналы сөз тіркестеріне (пікірлеріне) біріктіру.
2. Бір ғана фразаның әр мағынасын беретін интонация (дауыс ырғағы), эмоциялы айқындылық.
3. Қарым-қатынастағы адамның отырысы, бет әлпетінің көрінісі, көзқарасы, сөз төркінің мәнін күшейте, толықтыра, әрі жоққа шығара алады.
4. Ым-ишара (жест) қарым-қатнастың құралы ретінде жалпыға бірдей болуы мүмкін, яғни әрқайсысы өзіне тән мағынамен сипатталады.

Әр адамды қызықты әңгімелесуші ететін қарым- қатынас. Практикада адамдар қарым- қатынас әрдайым ұтымды қалыптастыру және үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін өзін төмендегідей етіп ұстау керек: - ол алыстан, сырттай ашық, жарқын, тартымды болуы - ол жақыннан түсінікті, жылы лебізді, көңілді болуы - оның ішкі дүниесі мәселені терең түсінетін, адал, шыншыл, байсалды болуы - оның ішкі дүниесі мен сыртқысын бөліп- жара қарамау керек.

Қарым- қатынастың негізгі бағдарлары: Әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз. Қызықты түрде информацияны жеткізуге тырысыңыз. Қызықты оқиғалар жинастырып, есте сақтап оларды айта білуге үйреніңіз: жалпы өмір туралы, қоршаған ортаңыз туралы. Ауыз әдебиет, шығармашылық- бұл өнер, әрқашан бізбен бірге болады. Әрбір адам «жылылықты» қажет етеді. Сіздің әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты, яғни, мықты болып сезіну керек. Әрбір адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз, оның өзі туралы, проблемалары, жетістіктері, табыстары туралы. Оған сізден гөрі өзі туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік беріңіз. Оның пікірін сұраңыз және кеңес алыңыз. Жоғарыға көтеретіннің негізі ол «төменнен жалғай салу» ситуациясы. Зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз. Сыйластық пен қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз. Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы тыңдай алатын адам. Тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз. Үндемей қалуға еркіңіз бар. Өз пікіріңізді айтуға да еркіңіз бар. Сырттан қарағанда бет әлпетіңізден байсалдылық, жайсаңдық, жылылық байқасын. Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға тырыспаңыз. Өзіңізді ашық- жарқын адам ретінде көрсетіңіз. Сіз тұйық болсаңыз, әңгімелесушіңіз де тұйық болып шыға келеді. Өзіңіз естіген жайлар, оқиғаларға, пікіріңізді, қатынасыңызды жалтармай жеткізіңіз, шыншвл болыңыз. Ашық мінезді кісінің сыртқы көрінісі: қол мен аяқтың ашық түрде болуы, яғни тұлғасы тырысып, бүрісіп қалмау, ара қашықтықты жақындату сөйлескендегі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы, бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі. Әңгімелесушіңіздің ашық- жарқын, емін- еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз.

Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай: 1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік. 2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын- ау деген қобалжу. 3. Қарым- қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер. 4. Бұрын пайдаланылған қарым- қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік. 5. Қарым- қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені- онша айқын емес. 6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық. 7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез- құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі. 8. Қарым- қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі. 9. Өзіңді дұрыс түсінуі үшін, жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық. 10. Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz