Әдіс дегеніміз не



Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Жаратылыстану-математика факультеті Математика және математиканы оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Оқыту әдістері мен құрал- жабдықтары
Семей 2015 ж
Орындаған: Толеубекова А. Е

Жоспары:
Әдістереге жіктеме беріңіз
2. Нақты бір тақырыпта оқыту әдісіне мысал келтіріңіз
3. Оқыту әдістерін мұғалімнің тиімді таңдауы
4. Оқыту әдістерінің жалпы функциялары

Әдіс дегеніміз не?
Оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары.

Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:
ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.

Оқыту әдістерінің басты қызметі
оқыту
ынталандыру
дамыту
тәрбиелеу
ұйымдастыру

М. И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес
келетін оқу әдістерін іріктеген
Оқыту әдістері:
а) ақпарат беру әдісі,
ә) түсіндіру әдісі,
б) ынталандыру әдісі,
в) тәжірибелік әдіс.

М. А. Данилов (1899-1973), Б. П. Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды
білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру,
білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет,
бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру

Түсіндіру - жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді. Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады. Химиялық, физикалық, математикалық есептерді шығарғанда теоремаларды оқығанда, табиғат және қоғам құбылыстарының түбірлі себептерін және салдарын ашу кезінде түсіндіру әдісі жиі қолданылады

Әңгімелесу - оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.

Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар: • конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау; • мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек; • тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау; • цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі; • аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау; • рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу; • справка жазу - тапқан кітап, т. б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т. б) түрде болады; • формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы; • тақырыптық тезаурус - бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.
Оқушылар үшін білім көзі - бақылау, мұғалім сөзі, баспа материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми - көпшілік әдебиеттер және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері меңгеріледі. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі - мәтінді талдау.

Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар - атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі. Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.

Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды: • көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі; • көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану; • демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі; • иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу; • құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру; • демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі; • көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.

Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар. Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді: • белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар; • білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.

Жаттығулардың ерекшеліктері: Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі - ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма, баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі. Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі, математика, т. б. пәндерде орындалады. Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді мәнерлеп оқып, грамматикалық ережелерді қолданып, көптеген жаттығулар жазады. Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом, стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер. Оқу-еңбек жаттығулары: оқу шеберханаларындағы қағазбен, картонмен, ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану, станок, тетіктерді басқару, "Конструктор" ойыншықтармен жұмыс істеу.

Ынталандыру әдісі Қызығушылықтың үш түрі: • іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы; • танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі; • іс-әрекеттің баланы ынталандыруы. Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz