М. Әуезов Абай жолы романы туралы ақпарат



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
М. Әуезов “Абай жолы” романы
Семей қаласы 2015 жыл

Жоспары:
«Абай жолы» романындағы кейіпкер психологиясы
«Абай жолы» романының поэтикасы

«Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Біз ақын өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын . . . бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз.

1 том 1942 жылы
2 том 1947 жылы
3 том 1952 жылы
4 том 1956 жылы
“Абай жолы” романы
1949 ж. Мемлекет сыйлығы берілді
1959 ж. Лениндік сыйлыққа ие болды

ІІ Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы
Түн-түнекте
Құз-қияда
Қапада
Қастықта
Шайқаста
Жұтта
Тайғақта
Жайлауда
Еңісте
Оқапта
Асуда
Тарауда
Биікте
Абай аға
Кек жолында
Қарашығын
Өкініште
Қақтығыста
Қоршауда
Қайтқанда
Қат-қабатта
Шытырманда
Бел-белесте
Өрде
Қияда
М. Әуезов
(1897-1961 ж. ж. )
“Абай жолы”
романы
1 том
3 том
2 том
4 том

Осынау кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылған және осылардың бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетілген. Мысал үшін шығарманың негізгі арқауындағы арналы тартысты алайық. Бәрінен бұрын мұнда жеке адамдар арасындағы психологиялық шиеленістер, қарым-қатынастағы қайшылықтар, әлдінің әлсізге қиянаты, зорлығы, қаныпезерлікке ұласқан қаталдығы (Қодар мен Қамқа оқиғасы) ; одан өрбіген ру мен ру арасындағы кескілестер - жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, алыс-жұлыс, айқастар; осылардың жалпы жұртқа тиген зардабы - түрлі сипаттағы қаналулар: кедейленулер, қаңғып-тентіреулер, жұтқа ұшыраулар, жатақтардың пайда болуы, қазақ даласына орыс қоныстанушыларының келуі, жарлы-жақыбайлардың өзара ынтымағы, олардың үстемдерге қарсылығы, бұл қарсылықтар үстінде көрінген жалаңтөстер, олардың жазалануы, жер аударылуы, осы арқылы бірте-бірте ескі мен жаңаның ара жігі ажырап, күрестің жаңаша сипат алуы . . .

Күрес пен тартысты анық жауласқан қарама-қарсы екі жақ емес, туған әке мен баланың арақатысына құру бұрылтпас және көл-көсір психологиялық дәлелдер таппаса, көптің сана-сезіміне бір қарағанда жете қоймайтын нанымсыз нәрсе секілденеді. Реалист-суреткердің айта қалғандай шығармашылық күш-қуатының тағы бір керемет көрініс тапқан тұсы - осы ара: әке мен баланың өзара ымырасыз жауларға айналуы, нәтижесінде Абайдың әкеден біржола тұсау үзіп, іргесін ажыратуы.

«Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген - әр бөлімнің аттары. Осыны біріне бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат, шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл - үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге бұл - Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап келе жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады. Сонда, Абайдың жолы - «қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда» болып шығады да, Құнанбайдың жолы - «қияда, өрде, бел-белесте, шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда» болады. Бірі - көтерілу, бірі түсу, төмендеу жолы. Үшінші, бұл - Құнанбай тобының да, Абай тобының да жолы».

1 том
2 том
3 том
4 том
4 том
3 том
2 том
1 том
Абайдың өсу жолы
Құнанбайдың құлдырау жолы

Мүсірепов романдағы типтер мен характерлердің бірқатарын бірер сөзбен былайша дәлме-дәл сипаттайды. «Сүйіндік - жалтақ; Байдалы - табанды, қырыс адам. Бөжей - сыр бермес, Қаратай - жеңген топтың қасында . . . Майбасар, Жұмағұл, Тәкежан, Қамысбайлар - патша үкіметінің жасаған болыстығының маңында болатын мансапқорлар . . . Зере - ел анасы, Ұлжан - соның жалғасы. Сары апаң - үстем рудың әрқашан өзімдікі дұрыс деп, қисыны келсе-ақ қарсы дау соғатын кеуделісі . . . Бұлардың бәрінің жиынтығы, сақасы сияқты Құнанбай - сонша сұм, сонша аруақты, сонша бір кесек образ! Абайдың өзін алатын болсақ - бұл бұқара халықтың тартқан жапа, көрген қорлық, төккен жасынан туған, ел тілегіне жаңа жолдар, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел басы, замана жасы. Құнанбай - елдің тоқырап қалған, өз биігінен аса алмаған ескі ойы болса, Абай - елдің алысты болжай алған, ілгері сүйреген ойы».

Эпопеяның негізгі бөлімдері
Құнанбайдың іс-әрекеті
“Қайтқанда”
Қодар мен Қамқаны өлім жазасына кесуі.
Қарашоқыда үкімді орындату
“Қат-қабатта”
Құнанбайдың аталас руларға өктемдігі.
Жігітек, Бөжей ауылын шабуы
“Жолда”
Қарқаралыда мешіт салдыртуы
Бөжейлердің Құнанбаймен татуласуы
Шытырманда
Абайды Құлыншаққа жіберуі
Кәмшәт жайын, Абайдан естуі.
Өз мойнына кінә алуы
“Бел-белесте”
Құнанбайдың Майбасар мен Құдайбердіні жазалаған жігітек аулын шабуға жиналуы.
Құнанбайдың шегінуі
“Өрде”
Құнанбайдың Байсал қыстауына таласуы.
Құнанбайдың Базаралыны жат көрмеуі, оны бағалай түсіне білуі.
Абайға таққан үш кінә
“Тайғақта”
Құнанбайдың қажыға аттануы
“Оқапта”
Өз немересі Әмірді өлтірмек болуы.
Ақшоқыда туған Абай әнінің Құнанбайға жат естілуі, әнге тиым салуы
Романдағы Құнанбай әрекеті

М. Әуезов “Абай жолы” романындағы әйелдер бейнесі
“Сенсіз дүние маған
жоқ”
Мағрипа, Мәкен,
Салиха
“Қапастағы еркелер”:
Салтанат,
Нұрғаным, Еркежан
“Күндестің аты -
күндес”:
Айғыз, Ділдә
“Көзімнің қарасы”
Сүйген жарлары -
Тоғжан, Әйгерім
“Қарашығым қоңыр
қозым . . . ”
Абайдың аналары -
Зере мен Ұлжан
“Жолыңа жаным
құрбан”
Бақытсыз
шерменделер -
Керімбала, Үмітей

Романдағы Абай әрекеті
Эпопеяның негізгі бөлімдері
Абай іс-әрекеті
“Қайтқанда”
Әке қолындағы қаннан үркеді, қатты шошиды. Ауырып қалады
“Қат-қабатта”
Шөже өнеріне сүйсінеді, әрі әкесі үшін қатты ұялады. Шындықты мойындайды
“Жолда”
Алғаш рет әкесінің қаталдығына қарсы шығады
Шытырманда
Тоғжанды сүйе тұра, ескілікке қарсы шыға алмайды
“Бел-белесте”
Әкесінің Бөжей аулына істеп отырған әділетсіздігін бетке басады
“Өрде”
Ескілікке қарсы шыға алмайды, әке тілін алмай, Бөжейге ас береді, елге аты тарайды
“Қияда”
Жұттан кедей аулын қорғайды. Орыс әдебиетіне бой ұрып, өз бетінше оқи бастайды. Әкесіне тойтарыс береді.
“Тайғақта”
Абайдың Дәркембайды жұбатуы, Әйгерімді кездестіруі. Әйгерімге үйленуі
“Жайлауда”
Майбасардың кедей-кепшікке істеп отырған зорлығына тыйм салуы
“Еңісте”
Абайдың Пушкинді оқуы.
Ласовский, Андреевтермен пікірлесуі.
Михайловпен кездесуі. Достық
“Оқапта”
Әмірді ажал тырнағынан арашалауы.
Қансонарда өлеңінің тууы
“Биікте”
Пушкинді аударуы. Татьянаның зарын Әйгерімнің әсем әнімен қазақ сахарасына танытуы
“Эпилог”
Абай - ақын. Абай өлеңдерінің халық арасына таралуы.



Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүние-жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай - жағымсыз кейіпкер. Дұрысында да солай, кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өрімін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар - жаңаның жауы, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы . . . Автордың айтуында да Құнанбай тұлғасы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына енді-енді еніп келе жатқан жаңаның жолындағы кедергіні - ескіні көрсету нәтижесінде туған. Әдетте осындай ұнамсыз типтер бізде (тек бізде ғана емес) бірыңғай қара бояумен атастырыла, ылғи жамандық жағы қазбаланып, кейде тіпті іске алғысыз дөкір, дөрекі күйде көрсетілетін.


Құнанбай болса, Абайдан өзіне ізбасар дайындамақ. Сол оймен баласын әр іске бір салып, өз қарамағындағы ру басыларға жұмсап, сынап та көрді. Тумысынан зерек, қабілетті, өнерлі жігіт оттай жанып, шоқтай маздап, әке сынынан сүрінбей өтеді. Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым, жақсы атақ, кейде тіпті әжептәуір аңыз қалып отырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz