Жануарларды акклиматизациялау ерекшеліктері. Тұяқты жануарлардың табиғаттағы рөлі. Қоректік тізбектегі орны
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті.
Аграрлық факультет. Ветеренариялық санитария кафедрасы.
БӨЖ
Тақрыбы: Жануарларды акклиматизациялау ерекшеліктері. Тұяқты
жануарлардың табиғаттағы рөлі. Қоректік тізбектегі орны
Орындаған: Берікбол.Н.Н.
Тексерген: Мадыбекова.А.С
Топ: Бл – 309.
Семей қаласы- 2015
Жануарлар
Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топты ң бірі (екіншісі –
өсімдіктер ); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалы қ
қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір
жасушалы организмдер ж әне көп жасушалылар болып екі топ қа б өлінеді. Жер бетінде
жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтар дан кейін
пайда болған.Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда оларды ң жасы – 0,8 млрд. жылдан
аспайды (1998). Жануарларды ң дамуы да қорша ған ортаны ң эволюциялы қ дамуына с әйкес
қалыптасқан. Эволюциялы қ өзгерістер сырт қы ортаны ң өзгерісіне организмдерді ң
бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлы қ жануарларыны ң ар ғы тегі су жануарлары болып
саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алма ған құрлы қ жануарлары б ұрын ғы тіршілік
ортасында қалып қойған. Жануарларды ң қазба қалды қтарын зерттеу н әтижесі қарапайым
организмдердің архей эрасында м ұхиттарда б ұдан 1 – 1,5 млрд. жыл
бұрынжасуша формасында хлорофилсіз амеба т әрізді талшы қтылар т үрінде пайда бол ған деп
жорамалдауға мүмкіндік береді.Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар
қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифераларды ң іздері, губкаларды ң қа ңқалары,
буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілерді ң ба қалша қтары, тіпті буыная қтыларды ң да
қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, ж үйке ж үйесі, сезім ж әне жыныс
органдары, тыныс алу, зәр шы ғару ж үйесі жа қсы жетілген. Д үние ж үзінде жануарларды ң 1,6
млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарларды ң таби ғатта ғы ж әне адам өміріндегі ма ңызы өте зор:
көпшілігі пайдалы болып табылады. Азы қ-т үлік, әрт үрлі өнерк әсіп шикізатын: ет, май, сүт,
тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалша қ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылы қ
дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ т үзушілері, бас қа жануарлар ға азы қ қорлары,
органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарларды ң өнімділігін
ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАҒДАРЛАНУЫ
Жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі; белгілі бір
экологиялық жағдайға бейімділігі. Бағдарлануды ң бірнеше т үрі бар:
1) оптикалық – көптеген жәндіктердің полярлан ған жары қ немесе
ультракүлгін сәуле арқылы бағдарлануы; 2) химиялық – кейбір
жануарлардың қорегін, жұбын иіс арқылы д әл табуы (мысалы, жібек
көбелегінің аталығы 10 км жерден аналығын иіс ар қылы сезеді); 3)
акустикалық – жыртқыш жануарлардың өз қорегін есту арқылы
ұстауы (мысалы, жапалақ кеміргіштерді 15 – 20 м-ден сыбдыры
арқылы біледі); 4) терморецепция – жылу арқылы бағдарлану
(мысалы, айдаhарлар мен қалқантұмсы қты жыланны ң т ұмсы ғында
жылуды сезетін шұңқыры болады). Көптеген төменгі сатыда ғы
омыртқасыздар (мысалы, планария), жәндіктер (шыбын, қоңыз,
термиттер), сондай-ақ, құстар және кейбір суда тіршілік ететін
сүтқоректілер Жердің магниттік өрісі, ал балы қтар б үйір сызы ғы
арқылы бағдарланады. Жануарлардың бағдарлану ерекшелігін, оны
атқаратын органдардың құрылысын зерттеп тануды ң ғылым үшін
маңызы зор.
дауысы
Бір түрге, кейде әр түрге жататын жануарлардың өзара
бірін-бірі ажырату және түрлі сезімін білдіру үшін
шығаратын дыбыстары. Бұл көптеген жәндіктерге,
балықтарға, құйрықсыз қосмекенділерге (құрбақа,
бақа), кейбір бауырымен жорғалаушыларға (
жармасқылар, хамелеондар, қолтырауындар) және
барлық құстар мен сүтқоректілерге тән.
Жануарлардың дыбыс диапазоны 20 Гц – 20 кГц
аралығында және ол тек дыбыс аппараты арқылы ғана
пайда болатын дыбыс (шаянтәрізділерде, жәндіктерде)
емес, балықтың торсылдағымен, жүзу қанатымен,
құстың құйрық қауырсынымен, қанатымен,
тұмсығымен (қарабауыр бұлдырық, дегелек),
аяғындағы не қанатындағы арнайы аппараттарымен
(түзу қанатты жәндіктер) шығаратын дыбыстары да
болады. Жануарлардың сайрау, қорқу, айбат шегу,
ашыққан, сескенген, жұптасу кезінде шығаратын
әртүрлі дыбыстары болады. Кейбір жануарлар дауысын
ғалымдар шаруашылыққа зиян келтіретін құстарға,
жәндіктерге, т.б. кейбір хайуанаттарға қарсы
пайдаланып, бау-бақшаны, егістікті қорғайды. Мысалы,
Қазақстан орнитологтары қараторғайдың шығаратын
дыбыстарын жазып алып, акустикалық әдіспен жүзім
бағының зиянкестеріне қарсы қолдануда.
Жануарлардың жүзуі
Жануарлардың жүзуі - жануарларды ң суда тіршілік етуге бейімделуіні ң бір т үрі. Б ұл шартты ж әне
шартсыз рефлекстер салдарынан да қалыптасады. Жануарлар ж үзуге әрт үрлі жа ғдайда бейімделген.
Кейбір түрі тіршілігінің к өп уақытын (су жануарлары, қосмекенділер) суда ж үзіп өткізсе, құрлы қ
жануарлары жолындағы кедергіден, судан өткенде не су ға кенет т үсіп кеткенде ж үзеді. Жануарларды ң
суда жүзіп тіршілік етуге бейімделуі активті ж әне пассивті болып екі т үрге б өлінеді. Активті т үрінде
түрлі жүзу органдарын (қарапайымдар, құрттар – кірпікшелерін, шаянт әрізділер – м ұртшаларын,
құстар, ескек аяқтылар, қамшат және құндыз – аяқтарын) қоз ғап ж үзеді. Ж үзуді ң пассивті т үрінде
жануарлар денесін әртүрлі иіп (балықтарды ң к өптеген т үрлері, құйры қты қосмекенділер, барлы қ
қосмекенділердің дернәсілі , жылан, сүлік т.б.), қозғап жүзеді. Жүзуге бейімділік сүтқоректілерді ң де
арасында байқалады. Мысалы, камшатты ң, құндызды ң, ж ұпартыш қанны ң, су к үзеніні ң ж әне
ондатрдың бармақтарының арасында жарғағы болады, ж үні жылтыр, су ж ұқпайды.
Жануарлардың қорғаныш бейімділігі
Жануарлардың қорғаныш бейімділігі – жеке организмнің
тіршілік үшін күресте сақталуына, ұрпақ қалдыруына
көмектесетін морфологиялық, физиологиялық және
этиологиялық ерекшеліктері. Морфологиялық қорғаныш
бейімділігі – бүркеніш реңнің барлық түрі, жануарларды ң
пішіні, жауынан қорғану органдары, т.б. Кейбір организмдерді ң
лимфасы, қаны, терісі улы болуы, жағымсыз иіс ( қандала,
көптеген қоңыздар, құндыз, т.б.), улы зат шығаруы, денесіне
қоректік зат жинап, қысқы-жазғы ұйқыға кетуі –
физиологиялық бейімділігін көрсетеді. Жануарларды ң жауынан
қашуы, жасырынуы, балаларын қорғауы, жауына ұсталып
қалған кезде құйрығын, аяғын үзіп кетуі, сондай-ақ
қорқытатын дауыс, ысылдау не пішінін өзгертіп айбат шегуі –
этиологиялық бейімділігін көрсетеді.
Жануарлардың қыстап шығуы
Жануарлардың қыстап шығуы – ауа райы суық және
қоңыржай аймақтарда жануарлардың қыстың қолайсыз
жағдайынан сақтануы. Қыстап шығудағы негізгі қиыншылық
– қорегін табудың қиындауы, қорек қорының азайып,
сапасының нашарлауы. Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін
балықтар, құстар, сүтқоректілер қорек іздеп бір жерден
екінші жерге орын ауыстырады. Кейбір жануарлар, әсіресе,
жыртқыш аңдар (қасқыр, жолбарыс, барыс) қорегін іздеп
бірнеше шақырым жерге дейін кетіп қалады.Арқар, таутеке,
елік, т.б. таулы аймақтарда мекендейтін жануарлар қыс
түсісімен қары жұқа, шөбі мол жерлерге қоныс аударады.
Сүтқоректілердің кейбір түрі (сарышұнақ, суыр, жайра, т.б.)
қыста қорек іздемейді, олар қысқы ұйқыға кетеді. Қыс
алдында көптеген жануарлар түлеп, семіреді. Бұл да
жануарлардың қыстап шығуға бейімділігінің бірі болып
саналады. Жануарлар тіршілік мекеніне қарай 2 топқа
бөлінеді: 1) эвритоптық жануарлар – әртүрлі жағдайларда
тіршілік ететін түрі (мысалы,қасқыр, түлкі, қарға, т.б.). Бұлар
көп тараған, нақты мекен талғамайды, түрлі географиялық
аймақтарда кездеседі; 2) стенотоптық жануарлар – белгілі бір
жерде ғана тіршілік ететіндері (мысалы, тек құмды жерде
кездесетін тараққұйрық сарышұнақ немесе тек таза, тұнық
суда болатын бахтах, т.б.). Мекенін үнемі ауыстырып, бірнеше
биотопта тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, көкқұтан
биік ағаштарға ұя салады да, өзен-көлге барып жемін аулайды.
Жануарлардың әртүрлі биотопта мекендеуі олардың белгілі
бір даму сатысына да байланысты. Мысалы, бақаның
дернәсілі суда өсіп дамиды, ал ересек бақа су жағасындағы
ылғалды жерлерді мекендейді.
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҰШУЫ
Жануарлардың ұшуы -
организмдердің тіршілік ортасына
бейімделуінің бір түрі. Ұшу
(жәндіктерді есептемегенде) өте
ертеде тіршілік еткен ұшқыш
кесірткелер (птерозаврлар) топтарынан
бастап байқалады. Жоғары сатыдағы
омыртқалылар арасында ұшуға жақсы
бейімделгендері – қырлытөсті құстар.
Сүтқоректілерден тек жарқанат қана
ұшуға жақсы бейімделген.
Сүтқоректілердің ішінде қалқып
ұшатын түрлері де бар (мысалы, ұшар
). Жауынан қорғану үшін ұшатын
балықтар да кездеседі (мысалы,
ұшқыш балықтар). Ұшу
жануарлардың эволюциялық
дамуында олардың әртүрлі тіршілік
ортасына бейімделуінен пайда болған
Жануарлардың қоныс аударуы
Жануарлардың қоныс аударуы(латынша mіgratіo – қоныс
аудару) – тіршілік еткен ортасының өзгеруіне немесе
көбею кезеңіне байланысты жануарлардың мекен
ауыстыруы. Бұл тұрақты (маусымдық не тәуліктік) ж әне
тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Маусымдық мекен
ауыстыру тіршілік мекеніндегі жағдайды ң әлсін- әлсін
өзгеруіне немесе жануарлардың көбею кезеңіне, ал
тұрақсыз мекен ауыстыру тіршілік ортасыны ң кенет
нашарлауына байланысты болады. Жануарларды ң қоныс
аударуысүтқоректілер , құстар, балықтаржәне жәндіктер
арасында жиі кездеседі. Жануарлардың қоныс аудару
жолын, көбінесе, оларды таңбалау арқылы білуге бола
Жануарлардың ұйқысы
Жануарлардың ұйқысы - жылы қанды жануарларды ң
қолайсыз жыл мезгілдеріне бейімделуі. Б ұл кезде олар
інінде, ағаш қабығы астында, топырақ арасында жатып,
денесіне қоректік заттар қорын (салмағы 30 – 40% май
болады) жинау арқылы тіршілігін жал ғастырады.
Жануарлар ұйқысының бірнеше түрі бар: 1) т әуліктік
(мысалы, жарқанаттар , колибр, т.б.); 2) маусымдық –
республикамыздың шөл, шөлейт аудандарындағы
сүтқоректілердің (мысалы, зорман, суыр, сарышұнақ,
т.б.) жазғы ұйқысы қысқы ұйқыға жалғасады, сөйтіп
олар ұзақ ұйқыға кетеді. Жануарлардың ұзақ ұйқыға
кетуінің бірнеше себептері бар. Оны ң бірі ауа райыны ң
суықтығына немесе шілденің ысты ғында ғы
қуаңшылыққа байланысты. Ұзақ ұйқыға кеткенде
жануарлар қоректенбейді, сүтқоректілерді ң дене
температурасы 5 – 7°С-қа дейін төмендейді. Біра қ
организмде баяу да болса физиологиялы қ процестер
жүріп жатады; 3) ретсіз – жануарларды ң тіршілігінде
кенеттен пайда болған қолайсыз жа ғдайды ң салдарынан
ұйқыға кетуі (мысалы, ақтиін, жанат ит, қарлығаш , т.б.).
Ұйқыға кеткен жануарлар оттектің жетіспеуіне де,
денесінен шыққан түрлі улы заттар әсеріне де, ж ұқпалы
ауруларға да төзімді келеді.
Жануарлар анатомиясы
Жануарлар анатомиясы(грекше anatome – кесу, бөлшектеу) –
жануарлардың жеке органдарының, орган жүйелерінің және
организмнің бітімі (формасы) мен құрылысы туралы ғылым.
Жануарлардың тұқымдық ерекшелігін – тұқымдық анатомия;
органдардың орналасуы мен өзара қатынасын – топографиялық
анатомия; организмнің құрылысын жүйелеуді – жүйелі анатомия;
жануарлардың дене құрылысы ерекшелігін жасына байланыстыра
анықтауды – жас анатомиясы; организмнің жыныстық дамуы мен өсуін –
жыныстық анатомия; жануарлардың жүрген ж әне бір орында тұрған
кезіндегі сыртқы пішінін – мүсіндік анатомия зерттейді. Салыстырмалы
анатомия әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлар органдарын
салыстыра зерттеп, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы болуыны ң
заңдылықтарын, жануарлар дүниесінің шығу тегі мен тарихи дамуын
анықтайды. Анатомия жөніндегі алғашқы жазба мәліметтер біздің
заманымыздан бұрынғы 6 – 5-ғасырларда Мысырда, Үндістанда,
Қытайда,Грекияда хатқа түскен. Мысалы, Гиппократ жануарлардың
қаңқасы мен ішкі органдары туралы жазса, Аристотель сүйек қаптың
маңызын, жүрек пен қан тамырларының байланысын дұрыс аны қтап,
жүйкені басқа мүшелерден ажырата білген. Герофил (біздің
заманымыздан бұрынғы 304 ж.) өкпе артериясы, жүрек, көз алмасының
құрылысын анықтады. Қайта өрлеу дәуірінде Леонардо да Винчи,
А.Везалий ғылымға әр түрлі органдар туралы эксперименттік деректер
енгізді. Қазақстанда жануарлар анатомиясы саласындағы ғылыми-
зерттеу жұмыстары Алматы зоотехниялық-малдәрігерлік институты
(қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) (1929) мен Алматы
медициналық институтының (қазіргі
Қазақ ұлттық медициналық университеті) анатомия кафедраларында (
1931) басталды. Қазіргі кезде зерттеулермен Қарағанды, Батыс
Қазақстан,Семей, Ақмола медицина академиялары,
Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Білім және ғылым
министрлігінің бірқатар ғылыми-зерттеу институттары шұғылданады
Жануарлар биохимиясы
Жануарлар биохимиясы (грекше bіos — тіршілік,
өмір және химия) — жануарлар организмінің
химиялық құрамы және химиялық құбылыстар мен
энергиялық процестер туралы ғылым. Қазақстанда
жануарлар биохимиясы 1940 жылдан бастап дами
бастады. Жануар денесіндегі түрлі ферменттер(мыс.,
миоглобин, цитохром,каталаза, т.б.) онтогонез
сатыларымен байланыстыра зерттелді. Сау және
ауру мал қанының сарысуындағы белоктар
биохимиялық тұрғыдан сипатталды (Ж.Омаров, Ө.
Ташмұхаметов, Б.Қарабалин, т.б.). Бұдан
жануарларға тән гетерозистің молек.-генетик.
механизмі зерттеліп, мал будандастырудың зат
алмасу процестеріне тигізетін әсері анықталды (Ә.
Сәрсенов). Пропин қышқылымен ашытылған
сүрлемдегі биохимиялық құбылыстар сипатталып,
оны бұзауға азық ретінде беруге болатындығы
дәлелденді.
Жануарлар гистологиясы
Жануарлар гистологиясы(грекше hіstos — тін, ұлпа)
— жануарлар жасушаларыны ң, оны ң өте ұса қ
құрылымдық құрылысын, тіндерінің шы ғу тегі мен
дамуын зерттейтінбиология ғылымының, оның
ішінде жануарлар морфологиясыны ң бір саласы.
Қазақстанда жануарлар гистологиясыны ң дамуы
Алматы малдәрігерлік институтында (қазіргі Қазақ
ұлттық аграрлық университеті) гистология
кафедрасының ашылуымен ты ғыз байланысты ( 1929
). 1930— 1960 жылы жануарлардың тыныс алу
органдары (Мұхамедғалиев , Т.Мәсенов ), 1960 —
1980 жылы жыныс бездері (Мырзам әдиев, т.б.) тін
филогенезі мен тін айналасындағы жағдайлар ға
байланысты зерттелді. 1970 — 1980 жылы жалпа қ
құрттар (трематода) мен жұмыр құрттардың (
нематода) жүйке жүйесі (Домбровский,
Мырзамәдиев ), ас қорыту органдары (В.Я. Панин, Б.
Шайкенов, т.б.) анықталды. Малдың еті мен өкпесі
(Н.Лебедева), сүйегі (В.Матвиенко, т.б.), жүрегі мен
қантамырлар жүйесі (Бердоңғаров , т.б.) терісі
(І.Шағыров, т.б.) гистология тұр ғыдан сипатталып,
жүн гистогенезі (Э.Б. Всеволодов, т.б.) анықталды.
Қысыр малға қолданылатын тіндік препараттар
алынды (М.М. Шахматов, т.б.). 1980жылдардан
жұқпалы және инвазиялық аурулар кезінде мал
организмінде туатын субжасушалы қ өзгерістер
Жануарлар эмбриологиясы
Жануарлар эмбриологиясы (грек. embryon — ұрық) — Ж-ды ң
ұрықтық немесе эмбриондық дамуын, кең мағынада алғанда жеке
организмнің (онтогенезде) дамуын толықтай зерттейтін ғылым. Ж.
эмбриологиясы саласындағы ғыл.-зерт. жұмыстары Қаза қстанда 1950
ж. Қазақстан ҰА-ның Эксперименттік биология (қазіргі “Биоген”
жабық акцион. қоғамы) ин-тында, Алматы зоотех.-малдәрігерлік
(қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) ин-тында акад. М ұхамед ғалиевті ң
басшылығымен басталды. Республика ғалымдарының зерттеулеріні ң
нәтижесінде құрсақтағы қозы (Шағыров, А.Т. Қазатаев, т.б.), құлын
(Қ.Ш. Баймұхаметов), торайдың (Н.С. Панченко, т.б.) сырт пішіні
сипатталып, дене мүшелерінің арақатынасы зерттелді. Сондай-а қ,
тері (Шағыров), қалқанша без (Л.Д. Литвинова), жемсау бездеріне
(Б.О. Исаев), бүйрек (А.Ф. Шамилов), асқазан мен ішек
(Баймұхаметов), бауыр (Р.Ә. Тоқтамысова) эмбриогенезіндегі
заңдылықтарға сипатфтама берілді. Қазақ биязы жүнді қойы
(Бальмонт, Еламанов, т.б.) мен қазақ арқар-мериносының (Бутарин,
т.б.) құрсақта дамуы зерттеліп, қаңқаның сүйектену ерекшеліктері
анықталды. Қозының, оның органдарының құрсақта өсуі, оны ң әр
кезеңде әртүрлі заңдылықтарға бағынатыны дәлелденді
(Бердімұратов). Қозының құрсақта дамуының алғашқы кезеңдері
жете зерттеліп, заңдылықтары қорытылды (Мұхамедғалиев,
Баймұхамбетов). Құрсақтағы қозы қанының биохим. ерекшеліктері,
оның ақуыз құрамы анықталды (О.В. Дьяченко, ұ.М. Әбілова, т.б.).
Қой (Мұхамедғалиев, Тойшыбеков, Мырзамәдиев, Жаңабеков, т.б.)
мен ірі қара (А.М. Омарбаев) зиготасының трансплантациясы (орнын
алмастырып салу) мәселелері зерттелуде. Осы кездегі Ж.
эмбриологиясында салыстырмалы-сипаттамалы және эксперименттік
бағыттан басқа, экол. эмбриология бағыты дамып келеді. Б ұл ба ғыт
дамып келе жатқан организмді тіршілік ортасымен байланыстыра
зерттейді.
Жануарлардың генетикасы
Жануарлар генетикасы(грекше genesіs – шы ғу, пайда болу, тек) –
жануарлардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін
зерттейтін ғылым. Оның негізгі ма қсаты – шаруашылы ққа тиімді
белгілердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігіні ң за ңдылы қтарын
ашу, оларды басқару жолдарын аны қтау.Жануарларды ң адам ға қажетті
жаңа тұқымдарын өсіріп шығару. Осы ған байланысты жануарлар
генетикасы мына мәселелерді зерттейді: 1) т ұқым қуалаушылы қты ң
материялық негізі; 2) тұқым қуалаушылы қ затыны ң (генні ң) ұрпа қтан
ұрпаққа берілу жолы мен заңдылықтары; 3) на қтылы бір белгілерді ң
пайда болып, қалыптасып даму жолдары; 4) т ұқым қуалаушылы қ
заттың (генетикалық мәлімет) өзгеру себептері мен т үрлері. Б ұл
мәселелер жануарлар дүниесі құрылымыны ң әрт үрлі де ңгейінде
(молекулалық, жасушалық, организмдік, популяциялы қ) зерттеледі. 19-
ғасырдың аяғы 20-ғасырдың басында жануарларды ң әр т үріне т ән
хромосома саны, сонымен қатар хромосомалар құрылысыны ң б ұзылуы
мен санының өзгеруіне байланысты әрт үрлі аурулар мен әрт үрлі
жағымсыз ауытқулар байқалатыны аны қталды. Жануарлар генетикасы
оларды сұрыптауға негіз болды. С ұрыптау н әтижелілігіне тікелей
қатысы бар жалпы және популяциялы қ генетика за ңдылы қтары
ашылды. Бұл сұрыптау жүйесіне енген малды ң биологиялы қ немесе
шаруашылыққа тиімді белгілерін шартты т үрде сапалы қ ж әне санды қ
деп екі жікке бөлу қажеттігін д әлелдеді. Сапалы қ белгілерді ң жануарлар
генетикасы ашқан тұқым қуалаушылы қ заңдылы қтары оларды
сұрыптау тәжірибесінде малды ң ата-тегін аны қтау, өнімділігі мен
шағылыстырғандағы нәсілдік қасиеттеріні ң үйлесімділігін алдын-ала
Жануарлардың
морфологися
Жануарлар морфологиясы (грекше morphe – пішін)' –
денесінің пішіні мен құрылысы, оларды ң жекеше ж әне
тарихи эволюциялық дамуы туралы ғылым. Б ұл анатомия,
гистология, эмбриология, цитология ғылымдарымен ты ғыз
байланысты. Қазақстанда эволюциялық морфология ( ұза қ
тарихи даму процесі кезінде жануарларды ң т өменгі сатыда ғы
қарапайым түрінен жоғарғы сатыдағы к үрделі
организмдерге дейінгі аралы ғы); салыстырмалы морфология
(әртүрлі мал тұқымдарының ұқсастығы мен
айырмашылығы заңдылықтарын салыстыра зерттеу); мал
тұқымдары морфологиясы (малды ң органдарыны ң
құрылысын мал тұқымына байланыстыра зерттеу);
функционалдық морфология (жануарлар организмі
құрылысының ерекшеліктерін қызметіне байланысты
сипаттау) салаларындағы зерттеулер ке ң өріс алды.
Сүтқоректілердің (олардың ішінде малдың), құс пен
балықтың, бауырымен жорғалаушылардың, ж әндіктерді ң
тыныс алу, ас қорыту, жүйке, ж үрек-қантамыр, сүйек-ет
жүйелері зерттеліп, олардың эволюциялы қ, экологиялы қ,
филогенездік, түраралық, тұқымаралық ерекшеліктері
анықталды. Салқын қанды жануарлар денесінде
пигменттердің таралу ерекшеліктері айқындалды. Ж үн мен
Жануарларды сұрыптау
Жануарларды сұрыптау (латынша selectіo – таңдау, сұрыптау) – малды ң жа ңа
тұқымдарын шығару және оларды жақсарту тәсілдері туралы ғылым; зоотехния
саласы. Мұның мақсаты: малдың өнімділігін және түрлі ауруға төзімділігін
арттыру, тіршілік мерзімін ұзартып, қазіргі өндіріс технологиясына бейімдеу.
Қазақстанда өнімді аз беретін жергілікті мал тұқымдарын с ұрыптау, іріктеу, оларды
мол өнімді тұқымдармен будандастыру арқылы малдың жаңа т ұқымдарын шы ғару
іске асырылды. Республика селекционерлері тұқым таңдау, жұптастыру, аса ба ғалы
генотиптерді іріктеп, оларды сұрыптауда пайдалану, алынған тұқымдардың
қоршаған ортаға бейімделуі, алыстекті будандастыру мәселелерімен айналысты.
Қазақтың ақбас сиыры, Әулиеата, Алатау сиырлары, Қазақтың биязы жүнді қойы,
Оңтүстік қазақ мериносы, Солтүстік қазақ мериносы, Биязылау жүнді дегерес
қойы, Қазақ арқар-мериносы, Кеңес жүндес ешкісі, Қостанай, Көшім жылқылары,
жабы тәріздес Қазақ жылқысы, сонымен қатар үйректің “Медеу”, тауы қты ң
“Алатау” түрлері, т.б. шығарылды. Сондай-ақ, Қырдың қызыл, Галловей, Санта-
гертруда сиырларының тұқымын жақсарту әдістері ұсынылды. Айршир, Қалма қ
сиырларының таңдаулы табындары мен Кроссбред қойының отарлары құрылды,
биязылау жүнді және құйрықты қой типтері шығарылды.
ЖАНУАРЛАРДЫҢ
ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Жануарлар физиологиясы(грекше physіs – табиғи) –
жануарлар организмінің, оның жеке жасушалары, тіндері
мен органдарының, қызмет жүйелерінің тіршілігі туралы
ғылым. Оның негізгі мақсаты – адамның мұқтажына,
талабына сәйкес үй хайуанаттарының тіршілік
әрекеттерін зерттеп, олардың өнімділігін, өніміні ң
сапасын арттыру. Жануарлар физиологиясы негізінде
малдың қоректік заттар мен энергияға деген
мұқтаждығы анықталып, нормативтер белгіленеді; төл
өсіру мен малды күтіп-бағудың ғылыми негіздері
ұсынылады; мал өсірудің тиімді жолдары анықталып
(қолдан ұрықтандыру, ұрықты көшіру, т.б.) практикада
әртүрлі техниканы қолдануға жол ашылады (мысалы,
сауу қондырғылары); малды үйрету, машықтандыру
негіздері анықталады; малдың жұқпайтын ауруларының
себептері айқындалып, малдың өсуін жеделдететін түрлі
биологиялық активті заттар – витаминдер, гормондар,
тіндік қуаттандырғыш заттар қолданылады. Жануарлар
физиологиясы ғылым ретінде тек 19-ғасырды ң ортасы
мен 20-ғасырдың басында қалыптасты.
Жануарлар экологиясы
Жануарлар экологиясы – экологияның бір саласы. Бұл
салада экожүйедегі популяцияның тіршілік ету
заңдылықтары анықталып, жануарлардың қоршаған
ортаға бейімделуі зерттеледі. Қоршаған ортада болып
жатқан антропогендік факторлар жануарлар тіршілігін
өзгертіп, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әкеледі.
Қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің
нәтижесінде, сондай-ақ технологиялық қалдықтар мен
радиоактивтік заттардың, әртүрлі табиғатта болып
жататын апаттардың әсерінен ауа, ландшафт құрамының
бұзылуы, топырақтың ластануы – жануарлар әлемі мен
өсімдіктер дүниесіне елеулі өзгерістер әкеледі. Мысалы,
20-ғасырдың 50-жылдарындағы Қазақстандағы тың және
тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде сол аймақта
тіршілік ететін омыртқасыз жануарлардың 70%-ы
жойылып кетті. 20-ғасырдың 60-жылдарынан бастап, Арал
теңізінің тартылуына байланысты бағалы балықтар (сазан,
қаяз, ақмарқа, т.б) құрып кетті. Омыртқалы жануарлардың
125 түрі және омыртқасыз жануарлардың 105 түрі
Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Осыған орай,
жануарлар экологиясы – қазіргі заманның өзекті
ЖАНУАРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ
АЛУ
ЖАНУАРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ– жануарлардың көп тараған
жерінде жалпы санын анықтау. Көбінесе халық ш-на маңызы
бар пайдалы жануарларды тиімді пайдалану және аулау
жоспарын белгілеу үшін олардың жалпы саны есепке алынып
отырады. Сондай-ақ зиянды жануарлардың тараған жерлері
мен мекендерін анықтап санын есепке алу бұларға қарсы
шараларды ұйымдастырудың негізі болып табылады. Әр түрлі
жануарлар түрін немесе топтарын есепке алудың бірнеше
әдістері бар. Мыс., терісі бағалы және кәсіптік маңызы бар
тұяқты аңдардың жалпы санын білу үшін, олардың белгілі бір
мекендеген аймақтарында есеп жүргізу кезінде белгілі
бағытта келе жатқан (жаяу, көлікпен, машинамен, ұшақпен,
тікұшақпен) есепшілер кездескен аңдарды есептеп, олардың
жалпы санын есеп жүргізген жер көлеміне бөліп, аңдардың
орташа санын табады. Қазақстанда тұяқты жабайы
жануарлардың ішіндегі кәсіптік маңызы бар аңның бірі ақ
бөкен осындай әдіспен есепке алынады.
Тұяқты жануарлар
Тұяқты жабайы жануарлар
Тұяқты жабайы жануарлар қазiргi кезде адамның назарын эстетикалық мақсаттар
тұрғысынан да, селекциялық жұмыстар үшiн перспективалы объектiлер ретiнде практикалық
тұрғыдан да, саны едәуір көп болған кезде - бағалы аңшылық объектiлерi (ет, тері, олжа,
дәрi-дәрмектiк шикiзат) тұрғысынан да аударады. Тұяқты жабайы жануарлардың адам үшiн
осындай зор маңызға ие бола отырып, ғасырлар бойы адамның олардың iзiн аңдығанына таң
қалуға болмайды, түрлердің бір бөлiгi құртып жіберілді, ал кейбiреулерi жойылып кету
алдында тұр.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына тұяқты жануарлардың 9 түрi
мен түр тармағы енгізілген, олар: қаратау арқары (Ovis ammon nigrimontana), тянь-шань
арқары (Ovis ammon karelini), қазақстан арқары (Ovis ammon соllium), қызылқұм арқары (Ovis
ammon severtzovi), алтай арқары (Ovis ammon ammon), үстiрт арқары (Ovis ammon аrkаl),
қарақұйрық (Gazella subgutturosa), тоғай кермаралы (Cervus elaphus bactrianus baktrianus),
түркмен құланы (Eguus hemionus onager).
Арқарлардың үш түр тармағы мен тоғай кермаралы құрып кетуге жақын, қалғандары
таралу мен сан мөлшерi мәртебесiнiң II және III санаттарына жатқызылған, яғни азайып бара
жатқан және сирек кездесетiн түрлер. Барлық түрлер мен түр тармақтарының таралу аймағы
ала-құла және аз. Олардың таралымының жай-күйі қазiргі кезде иір ойықты қаруы, аса өтiмді
автомобиль және қарда жүретін көлiгi, әсіресе жүрдек кросс мотоциклдерi бар браконьерлер
тарапынан тым мүшкiл сипат алып отыр, бұл олардың таралымдарын сақтау үшiн
алаңдаушылық туғызуда. Жануарлар дүниесiн күзетудің пәрмендi республикалық қызметі
болмай отырған кезде жабайы құстарға, аңшылық олжаларына деген өскелең сұраным және
сафари өткiзуге құмартушылық барлық тұяқты жануарлар таралымдарының азып-тозуына
түрткi болды, олардың санының мүлдем азайып кетуiне душар етiп, осы бағалы жануарларды
толық құрып кету шегіне жеткiзді.
Жоғалып бара жатқан жануарлар
мен балықтар, акклиматизациялау
Белгілі ғалым, профессор А.Б. Бекеновтің айтуына қарағанда 70-80 жылдары Іле-Балқаш
аймағының табиғаты Қазақстан бойынша ең бай өлке саналған. Мұнда
омыртқалылардың ғана 345 түрі тіршілік еткен деседі. Оның 20 сүт қоректілер де, 200
құс, 20 балық түрлерімен қоса бірнеше мыңдаған омыртқасыздар болған екен.
Болған екен деуіміздің қарапайым оқырманға түсінікті шығар. Себебі жоғарыда
айтылған аңдар мен құстардың азшылыққа айналып, "Қызыл кітапқа" еніп, құрып
кетуден сақталуда.
Балқаш алабұғасы
Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұл түрі "Қызыл кітапқа" енгізілген. Таралу
аймағы Балқаш —Іле бассейнінің жазықтағы өзендері мен су қоймалары. Орталық және
Солтүстік Қазақстанның, Өзбекстанның су тоғандарына кездейсоқ таратылған. Мұнда
олар кәдімгі алабұғамен араласып кетті. Су өсімдіктері көп өсетін аймаққа жылдам
көндігеді.1965-1966 жылдары оның ауға түсу көлемі Балқаш көлінде ондаған тоннаға
азайып кетті, кейін мүлде жоғалды. Су толтырылған алғашқы жылдары Қапшағай су
қоймасында өте көп болатын. Кейін ихтиофауна қатарынан мүлде шығып қалды. Қазір
Күрті және Сазталғар су қоймаларында, Кіші Алматы өзенінде аздап сақталған. Аягөз
өзенінде және Балқаш өзенінің төменгі саласында аздап кездеседі. Алакөл көлдеріндегі
саны мүлде азайып барады. Азаюына көксерке, жайын және ақмарқа сияқты жыртқыш
балықтарды акклиматизациялау, гидрологиялық режимнің бүлінуі себеп болды.
Қоректік тізбектегі орны
Жануарлардың өсімдіктерге тура және өте көрнекті әсерінің түрі - өсімдік массасының жануарлармен
тамаққа қорек ретінде пайдалануы. Әрбір тропикалық тізбектің басында (өте сирек жағдайлардан
басқа) органикалық заттарды жасаушы жасыл өсімдіктер – автотрофтар тұрады. Жасыл өсімдіктер
бірінші трофикалық деңгейді – алғашқы органикалық заттардың продуценттері, оның есебінен басқа
екінші трофикалық деңгейдегі ағзалар – фитофагтар (жануарлар, микроағзалар, ал кейбір кездерде
және өсімдіктер).
Өсімдікпен қоректенетін жануарлар белгілі өсімдіктер түрімен қоректенеді: немесе бір түрмен
(монофагтар), немесе жақын түрлер тобымен (олигофагтар). Кейде фитофагтардың көпжейтіндері
(полифагтар) кездеседі. Фитофагтардың ішінде өсімдік массасын көп пайдаланатын ірі жануарлар
бар. Ірі бұлан тәулік бойында жаз айларында әртүрлі өсімдіктермен 30-40 кг қоректенеді. Қыста
шамамен 10 кг өсімдік сабақтары мен қабықтарын, күн сайын шамамен 300-400 ағаш және
бұталарды жейді. Оның қоректік өсімдіктерінің тізімінде – көктерек, шетен, қайың, әртүрлі талдар,
арша, сұр қандыағаш және т.б. Өсімдік тағамдарын және тағы басқа да ірі жануарлар – бұғы, аюлар,
қабандар, қояндар және т.б. пайдаланады. Олар жас ағаштармен бұталардың сабақтарымен
(«веточный корм») ең тез табылатын және қоректік бағасы көбірек болады. Өсімдіктер үшін бұл
жарақаттар аса маңызды өсетін бөліктерін жоғалту, басқаша айтқанда, жануарлар өсімдіктерге
және де форматүзетін фактор ретінде әсер етеді.
Фитомассаны көптеген өсімдіктер де пайдаланады. Біздің елімізде құстар 270 ағаштар мен бұталар
түрлерінің тұқымдарын жейді. Тұқымды ең интенсивті жейтіндер – қашыауыз-клесты, балқарағай
торғайы-кедровка, үлкен шұбар тоқылдақ, сайрауық-дрозды және т.б. Зоологтардың бағалаулары
бойынша, кейбір оңтүстік тайга типтерінде тұқым шашар кезде (қыстың аяғы – көктемнің басы)
ағаштарда алғашқы өнімнің үштен бір бөлігі қалады, қалғандарын клестар мен тоқылдақтар тасиды
немесе түсіріп (кейде тиіндер) құртады. Құстар өсімдіктердің жасыл бөліктерімен де қоректенеді.
Бұлар да өсімдіктердің бұтақтану сипатына және діңінің архитектоникасының түзуілуіне әсер етеді.
Ұсақ жануарлар-фитофагтары, мысалы, кеміруші тышқантәрізділер, салыстырмалы түрде дарақ
басына шаққанда аздаған мөлшерде фитомассаны жейді, бірақ өсімдіктер жамылғысы үшін
толығымен олардың көп популяцияларының әрекеттері сезіледі. Эксперименттік деректерге
қарағанда, тышқандар тәулік бойында шырша тұқымын 470-тен 1400-ге дейін жеуге қабілетті екені
анықталған. Осы деректерге қарап және тышқандардың санының өте жоғарылығын ескере келе
жыл бойында қаншама тұқымды құртатынын елестетуге болады. Олардың бұл әрекеттері
өсімдіктердің жаңаруына да зор әсерін тигізеді. Осы орайда тайгадағы жас шыршалардың пайда
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі
Негізгі:
1. Несіпбаев Т.Н. Жануарлар физиологиясы. О қулы қ. Алматы,
«Ғылым»,2005ж.
2. 2. Несіпбаев Т.Н. Адам ж әне жануарлар физиологиясы. О қулы қ, Алматы,
«Ғылым», 2005ж.
3. 3. Несіпбаев Т., Несіпбаева А. Қ. Адам ж әне ҥй жануарлары физиологиясы.
Оқулық Алматы, «ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдасты ғы», 2012 ж.
4. 4. Несіпбаев Т.Н., Бегайлов Е.Б., Алданазаров С.С. Жануарлар
физиологиясының практикумы. Оқу қҧралы. Алматы, 2004ж. Қосымша:
5. 1. Несіпбаев Т.Н., Бегайлов Е.Б., Алданазаров С.С. Жануарлар
физиологиясының практикумы. Оқу қҧралы. Алматы, 2004ж.
6. 2.Георгиевский В.И. Физиология с/х животных.Учебник. Москва, ВО
«Агропромиздат», 1990. 3. Голиков Н.А., Базанова Н.У. Физиология с/х
животных.М
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz