Тәрбие сағатының толық нұсқасын даярлау


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-математика факультеті Математика және математиканы оқыту әдістемесі

CӨЖ

Орындаған: Виликс Ж. А.

Т-413 тобы

Семей, 2015ж

Тақырыбы: Тәрбие сағатының толық нұсқасын даярлау

Slide 2

Тәрбие сағаты

Slide 3

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Отбасы - тіршіліктің тірегі.

Slide 4

Мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру;

оқушылардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;

оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету;

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, ойындар.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, суреттер

Slide 5

Міндеттері:

а) Оқушылардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

б) Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту; в) Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Slide 6

Жоспары:

Сабақтың барысы

Отбасы туралы түсінік

Шығармашылық жұмыс

Нақыл сөз - білгенге ақыл сөз.

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

Жағдаяттық тапсырмалар

Қорытынды

Slide 7

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріндерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады. Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілді.

(Оқушылардың «Менің отбасым» тақырыбына жазған шығармалары. )

Slide 8

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай:Отбасы - отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Slide 9

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Slide 10

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу.

Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.

Slide 11

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай - үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру - ата-ананың ең маңызды міндеті. «Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Slide 12

1-оқушы

О, ата-анам,

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болса екен деп қашанда.

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!

Ән - «Анашым»

Slide 13

Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле- өлгенше сусындайтын махаббат.

Ғабиден Мұстафин

Әке шешенің ең үлкен бақыты: баласының жақсы азамат болып өсуі, одан басқа олар құдайдан ештеңе тілеейді, сондықтан әке шешенің осы бақытын баянды ету сол баланың өзіне байланысты, осыны ерте сезініп, өзіңде бар барлық қасиетіңді пайдаланып оқып, ізденіп, еңбектеніп, өзіңді қалыптастыр. Жалғыз әке шешенің тілегі мен олардың көксегенің көрсете алмассың.

Slide 14

Мұғалім: Отбасы - адамзат бесігін тербететін ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. Отбасыдағы тәлім-тәрбиенің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасыдағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

Отбасыдағы баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалығын қалыптастыру.

Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын артыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.

Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, жас үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.

Ұқыптылыққа, адамгершілікке, ойшылдыққа тәрбиелеу.

www. ZHARAR. com

Slide 15

Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана - отбасының ұйытқысы. Қай халық болса да, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата-бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерінде.

Slide 16 Slide 17

Бала деген кім?

Бала

Болашағымыз

Көмекшіміз

Бауыр етіміз

Үмітіміз

Сүйенішіміз

Өміріміздің жалғасы

Мұрагеріміз

Ақылшымыз

www. ZHARAR. com

Slide 18 Slide 19

Шығармашылық жұмыс а) Құндылық құнын ұғындар. (карточкамен жұмыс) Отбасымда ең сыйлы Ең қымбатты Ең ақылды Ең сүйкімді Ең құрметті Ең құнды Ең бағалы Ең қажетті

Slide 20

« Сандық» стратегиясы туралы тапсырмасын орындайық

1. Не тәтті? 2. Не жұмсақ? 3. Не қатты? 4. Кім жақын? 5. Не қымбат?

Slide 21

1. Не тәтті? ( Ананың сүті тәтті. ) 2. Не жұмсақ? ( Ананың қолы) 3. Не қатты? ( Атаның жүрегі қатты) 4. Кім жақын?

( Тату болса, ағайын жақын, Ақылшың болса, апайың жақын. Алдыңа тартқан, адал асын, Қимас жақын қарындасың. ) 5. Не қымбат?

( Алтын ұяң Отан қымбат. Құт - береке атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Бәрінен де ар мен ұят қымбат. )

Slide 22

1. Отбасын кімдер құрайды? 2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды 3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы

түсініктеме беру 4. Неке дегенді қалай түсінесің? 5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген? 6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің 7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған 8. Отбасының ұйтқысы кім? 9. Отбасының басшысы кім?

Slide 23

1. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні. ) 2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні) 3. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші. 4. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы) 5. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына) 6. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу керек. ) 7. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған? ( 27 - бабында «Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген») . 8. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана) 9. Отбасының басшысы кім? ( Әке)

Slide 24

3-оқушы: Бақытты отбасы - келешек кепілі

Тәрбие - бұл жұмбақ шешімі.

Үйрету үлгі ету өнеге көрсету - әрқашан үлкендер міндеті.

Мұғалім: Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі қыз - ертенгі ана, ол шешеге қарап бой түзейді. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке ол әкеге қарап өседі. Балаға білім тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса. Оны жалғастыру демеуші - ата-ана.

Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Халық тық педагогиканың тә рбиелік мә ні
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын
Сынып жетекшісінің қызметі
Сынып сағаттарын өткізу формалары
Халықтық педагогика
Өнер құдіреті мәңгілік
Модульдың Сағат Сынып сағатының түрі мен мазмұны Уақыты құрылымы саны
Сынып жетекшісі қызметін ұйымдастыру
Жаңа дәуірдің кемел келбеті
Меню жолы Тақырып жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz