Жануарлар мпен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық,тұмау,шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы



БӨЖ
Орындаған: Жумабекова А. С
БЛ-309
Тексерген: Омарбеков Е. О
Тақырыбы:Жануарлар мпен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық, тұмау, шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атыңдағы мемлекеттік университет

Вирустық инфекциялар
Вирустық инфекциялар - вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер.
Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вируста көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және т. б. аурулар вирус арқылы таралады. Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы анықталды. Бұл ауру ертеден белгілі. Тұмау індеті адамзатқа шешекпен обадан артық болмаса, кем залал тигізбеген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 миллионға жуығы қайтыс болған.

Спид (житс)
ЖИТС (Жүре пайда болатын иммундық тапшылық) - иммундық қуаттың әлсіреуінен соқтыратын жұқпалы ауру. Жыныс қатынасы кезінде және зақымданған тері арқылы қанға түскен соң ғзаның қорғаныс шебі саналатын лимфа жүйесін зақымдайтын аса қатерлі ауру.
ЖИТС қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілік туғызатын вирусты (ВИЧ-1) 1983 жылы француз ғалымы, виросолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы американдық ғалым Р. Галло вирустың барлық өсиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. Адам ағзасына енген ол қанның лимфооцит жасушаларының ішіне кіріп, жасушаның генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейе бастайды. Осының әсерінен жасуша жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа жасушыларға жабысып, өткен процесті қайталайды. Лимфоцит жасушаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің-күнінде ағзада иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша есте ұстайтын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ ол өзімен қатынасындағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД-ті тарата береді. СПИД вирусы химиялық немесе физикалақ әсерлерге өте төзімсіз. Вирусты 57 градусқа дейін қыздырса өледі. Сондықтан вирус бар зат қайнатылса, оның шыдамайтыны анық. Әдеттегі медициналақ тәжірбиеде қолданылатын спирт, ацетон, эфир, гидрохлорид, натрий және т. б. дезинфекциялық заттар СПИД вирусын оп-оңай жоқ қылдырады.

Аурудың негізгі белгілері: Вирус жұққан адамдардың 35-50%-ы ауырады. Қалғандары дені сау, вирус тасымалдаушы болып қалады. ЖИТС немесе қазіргі кезде АИВ инфекциясы деп аталатын індеттің тиісті кезеңдеріне қарай әртүрлі белгілері болады. Жұққан сәттен бастап алғашқы белгілері пайда бола бастағанға дейінгі уақыт инкубациялық кезең - бастапқы АИВ-инфекция) 2-3 аптадан 6-12 айға, кейінгі кездегі мәліметтер бойынша бірнеше жылға дейін созылады. Инфекция кейде белгісіз түрде дамиды. Негізінде науқастанғандардың 1/3-нің дене қызуы көтеріліп, баспа (ангина), бас ауыруы, лимфабездерінің ісінуі, әлсізденуі, терісіне бөртпе шығу сияқты жедел ауру белгілері пайда болуы мүмкін.
Инфекция көзі. Вирус жұққан адам - вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан, әсіресе, вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін


ТҰМАУ
Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza - “бас салу, шап беру”) - тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы.
Аурудың қоздырғышы - ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т. б. арқылы жұғады

Грипп вирустары - екі туыстасқа бөлінетін (А және В вирустар тобы), ортомиксовирустар тұқымдастығына кіреді. А туыстыққа 14 түрлі гемагглютининдері және 10 түрлі нейраминидазалары бар вируcтар кіреді. В туысты вирустар антигендік қасиеттері жағынан табиғи штамдарға жақын. Олар жаппай ауру туғызбайды және құстар мен жануарларды зақымдамайды. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы - тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т. б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғарғы тыныс жолдарының беткей жасушаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 - 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1 - 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді.

ШЕШЕК АУРУЫ
Шешек. Ауру балықтардың терісінде локальді эпидермистің пайда болуымен сипатталады. Бүгінгі күнге дейін қоздырғыштары табылмаған. Тұқылар, сазанда, табандар, шабақтар, көк серкелер шаяндар (2 жастағы және оданда үлкен балықтарда жиі кездеседі) көп ауырады. Ауру басталғанда балықтардың денесінін әр бөлігінде және жүзу қанаттарында ақ дақтар пайда болады. Содан кейін осы жерлерде ақ - сүттес тығыз қалын өсінділер құралады, (шешек дақтары), тері бетіне көтеріледі. Кәрілеу прцестерде балықтарлың денесі алдымен тегіс, тосын кедір- бұдырлы шеміршек тектес жабын мен жабылады. І шкі мүшелерде арнаулы өзгерістер жоқ.
Белгілері
Дене қызуы көтеріледі (38-39°С) ;
Дененің барлық жерінде 1-2 сағат ішінде ұсақ бөртпелер пайда болады;
Алқызыл түсті ұсақ дәндес бөртпелер шығады, бірнеше сағаттан кейін көпіршіктеніп ішіне су толады.
Көпіршік пайда болған соң бала қышынып, жараларын қасығысы келеді. Баланың жараларын қасуына жол бермеу керек, өйткені қасуы арқылы инфекция кіргізуі мүмкін. 1-2 күннен кейін көпіршіктер кеуіп, қабыршықтана бастайды. Алайда 7-10 күн аралығында жаңа бөрткендер пайда болады. Баланың дене қызуы қайта көтеріледі. 1-2 аптадан соң қабыршықтар түсе бастайды. Қабыршақтың орнында дақтар қалады. Бірақ олар біраз уақыттан кейін жоғалып кетеді. Егер балаңыз жарасын қатты қасып, жарасы іріңдеп кетсе, кейін орнында тыртығы қалады. Шешекпен ауыру кезінде бала өзін әлсіз сезінеді, ашушаң, ұйқысы шала болады және тәбеті болмайды.


Вирустық гепатиттер
Вирустық гепатиттер - бұл адам өміріне қауіпті кең таралған аурулар тобы, олар өзара бір-бірінен ажыратылады, әртүрлі вирустардың салдарынан туындайды, бірақ аталған аурудың бір ұқсастығы бар - ол бұл аурудың, ең алдымен, адамның бауырын зақымдап, оның қабынуына алып келеді. Сондықтан виустық гепатиттер «сары ауру» деген бір ғана атаумен аталады. Сары аура эпидемиясы б. з. V ғасырда-ақ белгілі болған. Оны Гиппократ ашқан, бірақ оның қоздырушысы өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. Сондай-ақ қазіргі заманғы медицинада гепаттит атауы өзіндік ауруды ғана емес, сондай-ақ бүкіл ағзаны зақымдайтын патологиялық үрдісті білдіре алатынын атап айтқан жөн.
Гепатит (а, b, c, d), бауырдың қабынуы сары аурудың, қызылшаның, гепестің, СПИД-тің және кейбір басқа аурулардың белгісі ретінде мүмкін. Сондай-ақ улы гепатит бар, ол бауырдық алкоголизм кезінде зақымдануы. Біз өзіндік инфекциялар - вирустық гепаттиттер туалы әңгімелейтін боламыз. Олар шығуы және аурудың жүруі жағынан әртүрлі болып келуі мүмкін, алайда кейбір белгілері өзара ұқсас. Виустық гпатиттер бірнеше белгілеріне қарай жіктелуі мүмкін: Ауру ұзақтығына қарай гепатиттер өткір, ерекше өткір және созылмалы түрлері Ауру ауырлығына қарай ауыр, орта ауыр және жеңіл болуы мүмкін Зақымдану жеріне қарай гепатиттер ұялы, мезенхимальді, паренхиматозды болады

ТҮРЛЕРІ
А гепатиті немесе Боткин ауруы - бұл вирустық гепатиттің баынша көп тараған түрі. Оның инкубациялық кезеңі (ауру жұқтыру сәтінен бастап аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы ткезеңіне дейін) 7 күннен 50 күнге дейінгі уақытты құрайды. Аурудың басталуы әдетте дене температурасының жоғарылауымен сипатталады, кейбір белгілері бойынша тұмауға ұқсайды. 2-4 күннен кейін науқас адамның несебі сыраның немесе қою шайдың түсі сияқты болып қараяды, ал нәжісі керісінше ашық түске айналады. Соңынан саы ауру пайда болады, оның пайда болуымен науқас адамның денсаулығы жақсара түседі. А гепатитімен ауыру ұзақтығы 1 аптадан 1, 5-2 айға дейін болуы мүмкін, ал аурудан кейінгі қалпына келу уақыты кейде жарты жылға дейін созылады. Виустық А гепатитінің диагнозы ауру белгілерінің, анамнездің (яғни А гепатитімен ауыратын адаммен қатынастан кейін туындау мүмкіндігі), сондай-ақ диагностика деректерінің ескерілуімен қойылады.
Осы топтағы аурулардың барлық түрлерінің ішінде А гепатиті болжам жағынан барынша қолайлы болып табылады, оның арты жақсы болып, белсенді емдеуді қажет етпейді. Қажет болған жағдайда А гепатитінен емдеу емхана жағдайларында сәтті өтеді. Ауру кезінде науқас адамға демалу, анайы диета және гепатопротектор, яғни бауырды қорғайтын дәрі-дәрмектер беріледі.


B гепатит. В гепатиті немесе сывороточный гепатит - бауырдың ауыр зақымдалуымен сипатталатын алдыңғы аурудан да қауіптірек ауру. B гепатитінің қоздырғышы - ДНК құрамындағы вирус. Вирустың сыртқы қабатында HbsAg сыртқы антигені бар, ол ағзада антителдің қалыптасуын тудырады. Вирустық В гепатитінің диагностикасы қан құрамында ерекше антителдердің байқалуына негізделген. Вирустық b гепатиті Цельсий бойынша 30-32 градуста 6 ай бойында, Цельсий бойынша минус 20 градуста 15 жыл, Цельсий бойынша плюс 60 градусқа дейін қыздығаннан кейін бір сағат, 20 минут қайнатқанда толығымен жойылады. Сондықтан вирустық В гепатиті табиға
Сондықтан вирустық В гепатиті табиғатта көп таралған. Ауруды жұқтыру қан арқылы, жыныстық жолмен, сондай-ақ тікелей анасынан баласына жұғуы арқылы болу мүмкін. Әдетте В гепатиті Боткин ауруы сияқты дене қызуының жоғарылауынан, әлсіреуден, буындардағы аурудан, жүрек айнып, құсудан басталады. Несеп түсінің қоюланып, нәжіс түсінің ашық болуы сияқты белгілері де болуы мүмкін. В вирустық гепатитінің басқа да белгілері көрінуі мүмкін. Ол: денеге бөрткен шығу, бауыр мен өттің ұлғаюы.
В гепатитіне сары ауру онша тән емес. Бауырдың зақымдануы шамадан тыс ауыр болуы мүмкін және өте ауыр жағдайларда бауыр церрозына және бауырдың қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін.

С гепатиті. Вирустық гепатиттің ең ауыр түрі С гепатиті немесе посттрансфузиялық гепатит болып есептеледі. С гепатиті деп аталатын инфекция кез келген адамда дами алады және көбінесе жастарда кездеседі. Ауру өседі. Бұл ауру қан құйғанда немесе зарарсыздандырылмаған шприцтерді пайдаланғаннан көбінесе қан арқылы жұғатындықтан, посттрансфузиялық гепатит деп аталады. Қазіргі кезде барлық донорлық қан міндетті түрде С гепатитінің бар-жоқтығына тексеріледі. Кейде ауру жыныстық жолмен немесе анасынан баласына жұғуы мүмкін. С гепатитімен ауыратын адамдардың шамамен 70-80 %-ында қауіпті болып табылатын созылмалы түрі болып табылады, ол бауырдың қатерлі ісігіне немесе бауыр циррозына алып келуі мүмкін. С гепатитті вирустың гепатиттің басқа түрлерімен қатар жүргенде, науқас адамның денсаулығы күрт төмендеуі мүмкін, аурудың өтуі қиындап арты жаман жағдайларға әкелуі мүмкін. С вирустық гепатитінің тағы бір қауіптілігі қазіргі кезде дені сау адамды осы гепатиттен қорғайтын тиімді вакцинаның жоқтығы болып табылады.

Құтырық ауруы
Құтырық ауруы-бұл орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдалуымен өтетін және өлім-жітіммен аяқталатын ауру. Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр, түлкі т. б. және адам ауырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz