Ағаш сүрегінің жалпы қасиеттері
Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: Ағаш
сүрегінің жалпы
қасиеттері
Тексерген: Джаманова Г
Орындаған: Абилкасова А.
Сүректің сыртқы түрін сипаттайтын
қасиеттер
Ағаш өңдеу жабдықтары
Айналдырық (ор. шпиндель, нем.
spindel) — көптеген технологиялық
машиналардың және білдектердің
айналып тұратын тетігі. Мысалы,
метал және ағаш өңдейтін
білдектердің құралға немесе
өңделетін дайындамаға айналу
қозғалысын беретін тетік.
Сүректің түсі – спектрлік
құрамға
байланысты болады.
Жақсы текстураны келесі
ағаштар береді:
Емен
Емен (лат. Quercus, орыс тілінде Дуб ) – шамшат тұқымдасына
жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен
баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он
бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл
сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да
көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы
еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние
жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты
жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен
орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен
егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен
бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан
тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың
қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр
болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей),
дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты,
аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен
бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп,
қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ.
Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен
қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада,
тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса
бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме,
вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.
Қарағай
Қарағай – еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі
кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-
600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге
жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын,
жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу,
жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез
өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден
аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда
қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және
жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7
метрге дейін жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге
ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек.
Оның барлық түрі бой жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және
тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау
қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі
композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың
қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте
әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер
бұйымдарына қолданып жатады.
Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен
ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда,
теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады.
Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан
скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және
лак дайындауда қолданады.
Сүректің
текстурасы –
анатомиялық
элементтерді кескенде
пайда болатын
сурет.
Қара ағаш
Сүректің иісі – ол құрамындағы
экстративті заттарға байланысты
болады. Сүрек иістері кескен кездерде
қатты білінеді.
Қорытынды
Қорытындылай келе, сүректі ағаштардың
физикалық қасиеті сүректің мықтылығы
және беріктілігімен айқындалатыны туралы
жазып,суреттер қойып шықтым.
Сүректің физикалық қасиеттеріне түсі,
текстурасы, жарқырауы, иісі жатады. Әр ағаш
тұқымдарында сүректі ағаштардың
физикалық қасиеті әр түрлі болады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz