Сайтқа презентация қосу

Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тексерген: Габдуллина Л.Б. Орындаған: Адришева М. С. Е-419 топ студенті

Жоспары: 1. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты. 2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты. 4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты. Ақша-несие саясяты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат: а) экономиканың өсуі; ә) толық жұмыс бастылық; б) бағаны тұрақтандыру; в) төлем балансын тұрақтандыру; Аралық мақсат: а) ақша жиыны; ә) пайыз мөлшерлемесі; б) айырбас бағамы. Құралдары: а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу; ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі; б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі; в) ашық нарықтағы операциялар.

Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақшанесие саясатының

Рестрикциялық ақша-несие саясаты

Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы. Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі; ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме; РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі; «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі; овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі. банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты.

Әлеуметтік саясат- (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатен; адамдар өмірімен байланысты)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б.

Әлеуметтік саясат төрт бөліктен тұрады: Қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әлеуметтік сфера ұйымдарына құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық жағдай жасау. Өмір сүру деңгейін қажетті деңгейде сақтап қалу үшін азаматтарға өз еркімен табыс табуына құқықтық, ұйымдастырушылық, өндірістік алғышарттар жасау. Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолымен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай жасау Мемлекеттің немесе муниципалды басқару органдары қолындағы және/немесе меншігіндегі әлеуметтік сфераның өндірістік кәсіпорындары мен мекемелеріндегі өндірісті ұйымдастыру, бөлек тауарлар мен қызметтерді бөлу және тұтыну.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы . 2. Әкімбеков «Экономикалық теория». 3.Темірбекова «Экономикалық теория негіздері» . 5. Ғаламтор мәліметтері.

Назарларыңызға рахмет!!!


Пән: Қаржы



Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь