Нозология




Презентация қосу
НОЗОЛОГИЯ

Орындаған: Узбеханова Ж.О
Тексерген: Нуркенова М.К
Нозология (гректің поsos — ауру, дерт, Іоgоз —- 
ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бүл медицина 
ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі.
Этиология (грек. 
aіtіa – себеп және 
logos – ілім) – 
аурудың пайда 
болу себептері 
мен оған 
қолайлы 
жағдайларды 
зерттейтін ілім
. Аурудың негізгі себебі ішкі (эндогенді) және 
сыртқы (экзогенді) жағдайлардан туындайды.
 Сыртқы Этиологиялық себептерге: түрлі  жарақат
, темп-ра, атмосф. қысымның өзгеруі, сәуле 
және электр энергиясының әсері, органик. ж әне 
органик. емес улар, микробтар, вирустар, зат 
алмасудың бұзылуы (ашығу, витамин 
жетіспеушілік, құнарсыз тамақ, т.б.) жатады. 
Ішкі Этиологиялық себептерге: адам организмі 
құрылысы ерекшелігі, тұқым қуалайтын 
аурулар жатады. Соңғы кезде Этиологиялық 
себептердің қатарына физ., хим., биол.,  әлеум. 
және психоәлеум. әрекеттерді жатқызады. 
Аурулардың пайда болуының негізгі себебі:

организмнің ерекшелігіне байланысты, ал 
әр түрлі факторлар белгілі бір аурудың 
дамуына ғана әсер етеді. Сондықтан 
Этиология мәселесі сыртқы және ішкі 
ортамен тығыз байланыстыра отырып, 
адам организмінде туа және жүре 
пайда болатын күрделі физиол. 
өзгерістермен ұштастырыла 
зерттеледі.[
Ағза немесе Организм (гр. organon және лат.
 organіzo – келісті түрге келтіру) – белгілі 
ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, 
тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. 
Тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес 
өзіне тән құрылысы мен даму ерекшелігі бар.
Құрылысы мен қызмет ерекшелігіне байланысты 
органдар жүйелері мен аппараттары:
дене (сомалық),
ішкі органдар (висцералды) және
байланыстырғыш (интегралды) органдар 
жүйелері болып бөлінеді. Органдар жүйелер 
құрылысы әр түрлі, бірақ белгілі бір қызмет 
атқаратын мүшелер (ағзалар) құрайды.
Құрылысына байланысты органдардың:
қабатты (тері),
түтікше (ішкі мүшелер) және
паренхималы түрлері болады.
Организмнің құрылым бірліктері – 
клеткалар, ұлпалар (тіндер), 
мүшелер. Организмдер бір клеткалы 
және көп клеткалы болып бөлінеді. 
Бір клеткалы Организмдердің ішінде 
колониялы (шоғырлы) түрлері де бар. 
Мысалы, вольвокс, т.б. Әрбір жеке 
дарабастар да өз алдына жеке ағза 
болып саналады
Ауру деп айту үшін оның мынадай үш түрлі 
нышандары болуы қажет:
 
1. тұлғалық әйгіленімдері (субъективтік симптомдары) 
немесе науқас адамның өзін-өзі сезінуі;
 
2. дерттің дәлелімді әйгіленімдері (объективтік 
симптомдары);
 
3. қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамның 
икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі.
Аурулардың өту кезеңдері
 
Қандайда болмасын аурудың өтуі үш кезеңге 
бөлінеді:
 
1. аурудың бастапқы кезеңі;
 
2. аурудың айқындалу кезеңі;
 
3. аурудың аяқталуы мен  салдарлары;
Сауығу - науқас адамның бұзылған 
ағзалары мен тіндерінің құрылымы мен 
әрекеттерінің және қоршаған ортаның 
ықпалдарына сәйкес оның бейімделу 
мүмкіншіліктерінің қалпына келуі. 
Ересек адам үшін сауығудың белгісі 
болып, оның еңбекке оралуы есептеледі. 
Бұл жағынан оны реабилитация (лат. Re 
- қайтадан, abilitas - жарамдық) - 
қайтадан еңбекке жарамдық дейді.
Асқыну - ол негізгі аурудың 
ерекшеліктерімен байланысты немесе 
өткізілген диагноздық және емдік 
шаралардың күтпеген салдарлары 
ретінде пайда болады. Көптеген 
дәрілерді науқас адамның денесіне 
жібергенде (антибиотиктер, новакаин, 
витаминдерді ж. б.) анафилаксиялық 
шок дамуы мүмкін.
Өлім - организмдегі тіршіліктің толық 
тоқтауы. Табиғи және мезгілсіз 
немесе патологиялық өлім болады. 
Табиғи өлім тұлға тіршілігінің заңды 
аяқталуы болып есептеледі, ол 
организмнің әбден қартайып 
тозуынан дамиды. Патологиялық өлім 
әрқашан мезгілсіз, кез-келген жаста. 
болуы мүмкін. 
Өлім үш сатыдан тұрады:
1. терминалдық
2. реаниматология
3. тірілту шаралары
Ақтық (терминалдық) жағдай. Бұл сатыны 
агония (грек. agonia - жанталасу) деп атайды, 
бірнеше минуттан 2-3 тәулікке дейін, бұл 
кезеңде организмнің барлық өмірге маңызды 
қызметінің бұзылуы болады. Клиникалық 
өлім – агониядан соң басталады, бұл 
кезеңде қан айналым, тыныс алу тоқтайды, 
рефлекстер жоқ. Биологиялық өлім – 
ұлпаларда кері қайтарылмайтын өзгерістер 
болады, өмір сүру қабілеті орнына келмейді. 
Бұл нағыз өлім.
Өлу мен тірілту заңдылықтарын 
зерттейтін патологиялық физиология 
бөлімі – реаниматология.
Ағзаны қайтадан жандандыру 
шаралары (тірілту шаралары)- 
а/жасанды тыныс алдыру - тыныс алу 
тоқтағанда жүргізіледі, б/жүректің 
сыртқы массажы-жүректің соғуы 
тоқтағанда жүргізіледі.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
НОЗОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Аралық талдау
Медицинада жалпы патологияның рөлі
Жылқы өлексесін сойып - зерттеу
Синтетикалық заттар
Жануарлар патологиясы пәні, мазмұны мен міндеті және даму тарихы
Жобаны енгізу
Пәндер