Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырып:Өсіңкілік
(динамикалық) қатарлар
Орындаған: Акатаева Мөлдір
Тобы: ГУ-409
Тексерген: Серекбаева Б.С.
Семей 2015 жыл
ЖОСПАР
1. Динамикалық қатарлар туралы
түсінік және оның түрлері.
2. Өсіңкілік қатарларды негізгі
көрсеткіштері бойынша есептеу
тәсілдері.
3. Өсіңкілік қатарлардың орташа
көрсеткіштерін есептеу.
4. Өсіңкілік қатарларды талдау және
аналитикалық тегістеу тәсілдері.
5. Интерполяция және экстраполяция.
Маусымдық ауытқу.
1.Өсіңкілік қатарлар дегеніміз статистикалық
көрсеткіштердің, құбылыстар мен процестердің уақытқа қарай
өзгерісін анықтайтын сандық мәндер тізбегі.
1) қатардың дәрежесі 2) уақыт көрсеткіші, белгісі.
Қатардың дәрежесі дегеніміз қоғ-қ құбылыстар мен
процестердің шамасын мөлшерлеп сипаттайтын көрсеткіштің
белгілі-бір уақыттағы сандық мәні. Өсіңкілік қатарлар өткен
уақытқа қарай бір мезгілді және уақыт аралықты болып бөлінеді.
Бір мезгілді өсіңкілік қатарлардың нақты сандық шамалары
құбылыстардың белгілі-бір сәтіндегі (тәуліктің, айдың, жылдың)
болған жағдайды сипаттайды.
Уақыт аралықты өсіңкілік қатарлар дегеніміз құбылыс
мөлшерінің белгілі-бір уақытта (тәулік, ай, тоқсан және т.б.) қандай
шамада болғанын сипаттайтын көрсеткіштер.
Өсіңкілік қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсеткен
көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес болып бөлінеді.
Толық өсіңкілік қатарларда көрсеткіштер уақыт мерзіміне қарай
бірінен кейін бірі үзіліссіз беріледі. Толық емес өсіңкілік қатарлар
деп көрсеткіштер уақыт мерзіміне қарай әртүрлі аралықта, яғни
әртүрлі уақыт мөлшері арқылы сипатталады.
Нақты шамалар өсіңкілік қатар дәрежесі
ретінде әрбір уақыт мөлшеріне байланысты қалай
өзгергендігін көрсетеді.
Қатысты шамалы өсіңкілік қатар екі уақыттың
нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда
болады, яғни әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың
уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандар тізбесін
айқындайды. Ол өсу, кему қарқыны ретінде %-пен
өлшенеді.
Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық
құбылыстар мен процестердің белгілі-бір белгісі
бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық
көрсеткіштердің орташа өзгеруін сипаттауды айтады.
2.Өсіңкілік қатарларды негізгі көрсеткіштері
бойынша есептеу тәсілдері.
Өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін есептеуде
келесідей негізгі түрлері қолданылады:
- нақты өсім
- өсу қарқыны
- өсім қарқыны
- бір % өсімнің нақты мәні
Нақты өсім. Бұл өсіңкілік қатардың жай түрі.
Мұнда өсіңкілік қатарда көрсетілген көрсеткіш
дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығындағы
нақты өсу немесе кему жылдамдығының мөлшерін
анықтау үшін есептеледі.
∆н= Yi-Yo, мұндағы,
∆н – нақты өсім;
Yo – тұрақты базалық уақыттың
дәрежесі;
Yi – ағымдағы уақыттың дәріжесі;
i – қатардың рет нөмірі.
Өсу қарқыны әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің
алдыңғы уақыт дәрежесіиен салыстырғанда
қаншаға артық не кем екенін сипаттайды, яғни осы
екі увақыт көрсеткіштерінің бір-біріне қатысты екә
шамасы арқылы есептелінеді. Өсу қарқыны
коэффициентін немесе %-өлшенеді. Өсу қарқынын
да екі тәсілмен есептейміз. Егер өсіңкілік
қатардағы әрбір уақыт дәрежесін тұрақты бір
базалық уақыт дәрежесіне бөлсек, онда оны
тұрақты өсу қарқынының коэффициенті деп
атайды және ол мына формуламен есептеледі:
Кө= Yi/Yo , мұндағы,
Кө - өсу қарқының коэффициенті
Өсім қарқыны нақты өсімнің салыстырмалы
шамасын көрсетеді. Оны анықтау үшін нақты
өсімнің шамасын базалық ретінде алынған уақыт
дәрежесіне бөлу керек. Егер өсім қарқыны
тұрақты базалық уақыт дәрежесі арқылы
есептелсе, ол тұрақты өсім қарқыны, ал егер
базалық уақыт дәрежесі өзгермелі болса, оны
тізбектелген өсім қарқыны деп атайды және
келесі формулалармен есептейміз:
∆ө = (∆н/ Yo)*100 – тұрақты тәсіл;
∆ө = (∆н/ Yi-1)*100 – тізбектелген тәсіл, мұндағы,
∆ө - өсім қарқыны
3.Өсіңкілік қатарлардың орташа
көрсеткіштерін есептеу.
Өсіңкілік қатардың жалпы өзгерісінің заңдылықтарын
талдау жұмысында келесідегідей орташа көрсеткіштер
қолданылады: өсіңкілік қатардың орташа дәрежесі,
орташа нақты өсім, орташа өсу және өсім қарқыны.
Өсіңкілік қатардың орташа дәрежесін есептеу
үшін, берілген көрсеткіштердің уақыт аралықтары
бірде болса, қатардың жеке мәндерінің қосындысын
олардың санынга бөлу керек, яғни арифметикалық
орташаның жай түрінің формуласы қолданылады:
Y= (Y1+Y2+Y3+…+Yn)/n=∑Y/n,
Мұндағы, Y -өсіңкілік қатардың орнташа
дәрежесі;
Y1,2,3-қатардың жеке мәндері;
n – қатар саны
Бір % өсімнің нақты мәнін есептеу үшін
әр уақыттағы өсімнің шамасы, сол кездегі
өсім қарқынына бөледі және оның мәні
тізбектелген тәсілмен келесі формула
бойынша есептеледі;
А%=∆н/∆ө немесе А%= Yi-1/100,ұндағы А%
- 1 процент өсімнің нақты мәні.
4. Өсіңкілік қатарларды талдау және аналитикалық
тегістеу тәсілдері.
Өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру тәсілі негізінде бір-
бірімен әртүрлі өлшем бірліктері, әртектес құбылыстар мен
процестерден тұратын көрсеткіштерді салыстыруға
келмейтіндерді салыстырмалы түрге келтіреді. Мұнда базалық
кезең үшін бір жылдық көрсеткіш 100% есебімен алынады, ал
қалған жыл көрсеткіштері осы жылғы өсу қарқыны арқылы
есептеледі.
Уақыт аралығын үлкейтуде өсіңкілік қатарлар дәрежесі
уақытына қарай бір-бірімен жақын болса, олардың даму, кему
бағытын анықтау үшін, уақыт аралығының шамасы үлкейтіледі
және жаңа қатарлар құрылады.
Жылжымалы орташа тегістеу тәсілін қолданғанда
есептеуге алынған өсіңкілік қатарлардың сандық мәндері уақыт
аралықтарына қарай бірдей мөлшерде болады және көп
жағдайда тақ сандық мүшелері бойынша есептеледі.
Аналитикалық тегістеу тәсілінің негізгі мақсаты-бірқалыпты
жылжымалы қатардың дәрежесін анықтау арқылы ж әне бастап қы қатар
дәрежесіне оны жақындастыра отырып, сол құбылыстың даму немесе
кему процесін толық айқындай білу, өзара байланыстылығын табу. Бұл
тәсілде түзү сызықты, екінші және үшінші ретті парабола, гипербола
және т.б. теңдеулер жиі қолданылады. Интерполяция дегеніміз
өсіңкілік қатардың ішінде көрсетілмеген, яғни жетіспейтін
сандық көрсеткішті жуық шамамен есептеп табу. М-ы, бірнеше
жылдарға халық саны берілген болып, онда бір жылдың көрсеткіші
белгісіз болса, оны есептеу үшін арифметикалық орташа шама, нақты
шама өсім, орташа нақты өсім, орташа өсу қарқыны тәсілдерін
қолданамыз.
Интерполяция дегеніміз өсіңкілік қатардың
ішінде көрсетілмеген, яғни жетіспейтін сандық
көрсеткішті жуық шамамен есептеп табу. М-ы,
бірнеше жылдарға халық саны берілген болып, онда
бір жылдың көрсеткіші белгісіз болса, оны есептеу
үшін арифметикалық орташа шама, нақты шама өсім,
орташа нақты өсім, орташа өсу қарқыны тәсілдерін
қолданамыз.
Экстраполяция тәсілі деп белгілі бір уақыттағы
өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін қолдана отырып
келешекке болжам жасауды, яғни осы уақыттан
кейінгі мерзімдердің сандық мәндерін жуық
шамамен есептеп табу болып табылады
Маусымдық ауытқу деп әлеуметтік экономикалық
құбылыстар мен процестер жыл ішінде мезгілдің
қайталамалы ауысуына байланысты өзгеруі болып
табылады.
Маусымдық ауытқуды анықтау үшін және
пәрменділігін білу үшін маусымдық индекс
көрсеткіші қолданылады, оның сандық мәндерінің
жиыны маусымдық толқынды құрайды.
Маусымдық индексті анықтауда жай орташа
әдісті қолдануға болады және мына формула
қолданылады:
Маусымдық = (Yi / Y0)*100 , мұндағы
Yi- жылдардың әрбір айының орташа дәрежесі.
Y0- осы көрсеткіштердің орташа айлық
мөлшері.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz