Педагогтың кәсіби өзін-өзі тану және өзіндік дамуы туралы ақпарат
Презентация қосу
Семей қаласындағы
Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тану және
өзіндік дамуы.
Тексерген: Жакпарова Г.А
Орындаған: Қалыбаева Э.С
Е-413 топ
Ешкім басқаға өзінде
жоқ нәрсені бере
алмайды, өйткені өзі
дамыған, тәрбиелі,
білімді болмаса,
басқаларды дамыта,
тәрбиелей, білім бере
алмайды.
А.Дистервег
Қазақстан Республикасы «Білім»
туралы Заңының 51 бабының
5- ші тармағында «Мұғалім өзінің
педагогикалық шеберлігін,
парасаттылығын , шығармашылық
және жалпы ғылыми деңгейін үнемі
жетілдіріп отыруға міндетті»- делінген.
Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі
ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-
жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның
терең және кәсіптік білімінің, білік-
дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік
білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің
тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.
Өздігінен білім жетілдіру не үшін қажет?
Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден,
мұғалімнің іс -әрекетінің спецификасы, оның
әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру
беталыстар және шынайылығымен
байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін
педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның
сұраныстары, ғылым мен практиканың
эволюциясы , адамға деген талаптардың өсуі,
оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және
парапар қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге
дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді
шеше білуі.
Өзін–өзі жетілдіруге деген
ұмтылыс пен тәжірибе өзін–өзі
тәрбиелеуге қажетті өзінің
тұлғалық кәсіби маңызды
сапаларын үш бағытта дамытуда
саналы жұмыс жасау
алғышартын құрайды. Олар:
- өзінің жекелікқайталанбас
ерекшеліктерін педагогикалық
іс-әрекет талаптарына бейімдеу;
- кәсіби құзыреттілігін әрдайым
жо-ғарылатып отыру;
- әлеуметтік–адамгершілік және
тұл-ғалық басқа да қасиеттерін
үздіксіз дамыту.
Кәсіби өзін–өзі тәрбиелеу негізінде,
мұғалімнің іс-әрекетінің
негізіндегідей, мотив пен мақсат
арасындағы қарама–қайшылық жатыр.
Мотивті мақсатқа бағыт-тауды
қамтамасыз ету – яғни, өзін–өзі тәр-
биелеуге қажеттілікті тудыру.
Осылайша педагогтың өзін–өзі
тәрбиелеуге қажет-тілігінің болуы
кейін тұлғалық белсенділік көздерінен
(сенім, парыздық сезім, жауапр-
кершілік, кәсіби ар–ождан т.с.с.) қолдау
табады. Осының барлығы өзін–өзі
жетіл-діру бойынша әрекет жүйесін
тудырады. Ол кәсіби идеал
мазмұнынмен айқын-далады. Басқаша
айтқанда, педагог педа-гогикалық
әрекетті тұлғалық, терең саналы
құндылық ретінде түсіне бастағанда
ғана, өзін–өзі жетілдіру қажеттілігі
туындайды да, өзін–өзі тәрбиелеу
Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал
ететін бұл қажеттіліктің құрамы, мотивтері
мынадай:
-күнделікті ақпараттар бойынша жұмыс
жүргізу.
-творчествоны қалау.
-заманауи ғылымның өте жоғарғы қарқынмен
өсуі.
-қоғам өмірінде өтіп жатқан өзгерістер.
-бәсекелестік.
-қоғамдық пікір.
-материалдық ынталандыру.
-ынта-ықылас.
Өздігінен білімін жетілдіру процесінде
педагог қолданатын іс-әрекеттер:
-өзін өзі өзгерту туралы шешім қабылдау;
-өзін өзі жетілдіру бағдарламасын жасау;
-бағдарламаны жүзеге асыруға
байланысты атқарылатын жұмыстар;
-бағдарламаның орындалу нәтижелері
бойынша өзіне өзі талдау жасау;
-алға жаңа мақсаттар мен міндеттер қою.
Педагог қызметіндегі негізгі кезең өзінің
кәсіби өсуі мен жетілуіне байланысты
бағдарлама әзірлеу болып табылады.
Бағдарлама жасау принциптері:
-ғылымилылық, болжамдау;
-өзектілік;
-оңтайлылық;
-шынайылық;
-тұтастық;
-бақылау мүмкіндігі.
Өздігінен білім жетілдірудің құрамдас бөлігі
болып табылатын процестер.
-әріптестер сабағына кіріп, тәжірибе
алмасуларға қатысу;
-өз кәсіби қызметіне мезгіл-мезгіл өзі талдау
жасау;
-классикалық және қазіргі заманғы
психология мен педагогика саласында өз
білімін жетілдіріп отыру;
-қазіргі заманғы экономика мен саясаттағы
және мәдени өмірдегі оқиғаларды жүйелі
түрде қадағалап отыру;
-өз эрудициясын, құқықтық және жалпы
мәдениетінің дәрежесін көтеру.
Мұғалімнің қол жеткізетін жетістіктерінің
•пәнді оқыту сапасын жетілдіруі.
тізімі
•(оқыту санасы мен тиімділігін анықтауға
болатын көрсеткіштерді көрсету)
•шығарылған жинақтар, мақалалар
•оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын
әзірлеу;
•дидактикалық материалдарды, тестілерді,
көрнекіліктерді жасау;
•әдістемелік нұсқауларды жасау;
•тренингтерді, семинарларды,шеберлік
сыныптарын өткізу;
•зерттеу тақырыбы бойынша іс-тәжірибені
жинақтау
Қорытынды:
Сондықтан педагогтың өзін–өзі бағалауын
қалыптастырудың басты тәсілі – ол, өзінің
нәтижелерін тұлға және педагог әрекетінің
идеалымен салыстыра өлшеу. Мұндай жұмысты ерте,
әу бастан бастаған дұрыс. Кәсіби идеалды
қалыптастырудың ең жеңіл, әрі тиімді тәсілі – өзін–
өзі білімдендіретін арнайы әдебиеттерді оқу, өзінің
идеал–педагогын табу мақсатында ұлы
педагогтардың өмірімен және шығарма-
шылықтарымен танысу. Бұл – оның өзін–өзі
тәрбиелеудің тиімділігінің басты шарты.
Назарларыңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz