Қазақстандағы дәстүрлі мейрамдар




Презентация қосу
Қ азақстан Республикасыны ң Білім ж әне Ғылым министрліні
Семей қаласыны ң Ш әк әрім атында ғы мемлекеттік университеті

Қазақстандағы
дәстүрлі
мейрамдар
ТЕКСЕРГЕН: ОРАЛБЕКОВА Б.С
ОРЫНДАҒАН: САЙЛАУҒАЗИНА А.Д
ТОП:Е-419
ДӘСТҮРЛІ МЕЙРАМДАР

Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал
еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан
Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау
кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар
өткiзiледi.

Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға
арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары
дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi
мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн

Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк
мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары
атап өтетiн мерекелер.
Наурыз – мерекесі!!!
НАУРЫЗ !!!
Наурыз көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамы
ретінде бағзы замандардан тойланып келеді . Бұл
мерекенің дінге, не болмаса жекелеген ұлттарға еш
қатысы жоқ. 
Адамзат өзін табиғаттың төл перзенті деп санайды.
Табиғаттан  құдіретті не бар дейсің . Адамдар табиғатқа
тәуелді. Біздерге жарық күн, кең дала, асқар тау, жасыл
орман, айдын көл... сыйлағаны үшін де оның алдында
қарыздармыз.
Сол жарықтық табиғаттың түлеп, жаңаратын шағы –
осы Наурыз. Жер-ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі
ииді. Аспан денелері ең бастапқы нүктелерінде
тоғысады. Күн мен түн теңеледі. Жан-жануарлар
төлдерін өргізеді. Жер үстіне тілмен айтып жеткізгісіз
керемет бір шаттық орнай қалады. Наурыз деп
отырғанымыз, Жаңа күн деп жар салатын қуанышымыз
– осы.
Өзіңіз ойлаңызшы, баршамызды бауырына басып,
сұлулыққа, көркемділікке, тазалыққа ұмтылдырып
отырған Табиғатымыз жаңарған, жайнаған, нұрланған
сәттен артық Ұлы күн, аяулы күн бар ма екен, сірә?!
Наурыз – жылдың алғашқы күні. Түптен келгенде, біздің
нағыз Жаңа жылымыз осы Наурыз болуы қажет...Түбінде осы
мерекеге келуіміз керек. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің
ең негізгі тамырының бірі болып саналады.
Төбесі көрініп тұрған жақсылықты лайықты қарсы алу,
осыған мәз-мейрам әзірленудің өзі ғанибет. Тойдың
болғанынан боладысы қызық. Той болғандай қандай той –
Наурыз тойы!
Санаулы күндерден кейін Әз Наурыз дүние есігін ашады.
Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір жыл
табалдырықтан аттайды. Жаңа күн төңірекке нұр-шапағатын
төгеді.Жер бетіне жақсылық ұялаған күнді қарсы алайық.
Фольклорді зерттеу әдісі
Өзіндік ерекшелігі бар қызықты әдістердің бірі.Осы әдісте халық
мәдениеті,тұрмысы,әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі көрініс
табады.Фольклорді зерттеу әдісінде халықтың киім-кешек,құрал-
жабдықтар,әдет-ғұрып,тұрмыс-салт,наным-сенім сондай-ақ
тұтастай көркем өнерін атау үшін қолданылады.1846 жылы ауыз
әдебиетін атау үшін”фольклор”сөзі халықаралық ғылыми атау ретінде
орныққан.Ауыз әдебиетін шығарушысы да,тыңдаушысы да
халық,сондықтан да ол халықтың өз еншісі болып табылады.
Назарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Әзірбайжан халқының тілі мен мәдениеті
Әлеуметтік қауіптер
Қырғыз халқының халқы, тілі жайлы
Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ
Діни бірлестіктер
Сабақ Оқушылардың мемлекеттік мейрамдардың маңыздылығын түсіндіре мақсаттары отырып, танымдық қабілеттерін дамыту
Қазақстан қоғамы және дәстүрлі діндер
Дәстүрлі емес энергия көздері
Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары
Пәндер