Екі мембраналы органоидтар. Пластидтер. Митохондриялар


Slide 1

Екі мембраналы органоидтар. Пластидтер. Митохондриялар.

Орындаған: Токтагулова А.

Slide 2

Жасуша органоидтары

мембранасыз

мембраналы

екі мембраналы

Микротүтікшелер

Кірпікшелер

Талшықтар

Рибосома

Жасуша орталығы

Эндоплазмалық тор

Лизосома

Гольджи жиынтығы

Митохондрия

Пластидтер

Ядро

Slide 3

(грек тілінен plastides - жасайтын, тузейтін) - эукариотты өсімдік жасушасының органоидтары.

Әрбір пластидада кос мембраналық құрылысы бар. Олар пішіні, мөлшері, құрылысы мен қызметтері бойынша әртүрлі.

Пластидтер

Slide 4

Түсі бойынша жасыл пластидтер - хлоропласттар, сары -ашык қызыл және қызыл - хромопласттар, түссіз - лейкопласттар.

Slide 5

Олар бір түрден екінші түрге ауысып отырады.

Slide 6

Хлоропласт (грек. chloros - жасыл және plastos - соғып жасау) - фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің жасуша ішкілік органоиды. Хлоропластар өзінің бойындағы хлорофилл пигменттері арқылы күн сәулесінің жарық энергиясы арқылы бейорганикалық заттардан органикалық заттар синтездейді.

Slide 7

Бұл процесті фотосинтез деп атайды.

Фотосинтез реакциясын былайша көрсетуге болады: С02+6Н20=С6Н1206+602

Slide 8

(хромо… және грек. plastos - сомдалған) - ішкі құрылысы онша айқындалмаған, пигмент әсерінен сары, қызғылт сары, қызыл, кейде қызыл қоңыр түске боялған өсімдік клеткасы протоплазмасында болатын пластидтер.

Хромопластардың пішіні шар, ұршық, орақ тәрізді болады. Хромопластардың түсін әр түрлі пластидтерде шоғырлану пішіні бірдей емес пигмент - каротиноид қамтамасыз етеді. Біреулерінде пигменттер ақуызды-липидті мембранада ыдырайды; екіншілерінде белок фибриллаларында жинақталады, ал үшіншілерінде кристалл түрінде болады.

Хромопластар

Slide 9

(гр. leukos - ақ және plastos - жасалған) - өсімдік жасушасындағы түрлі пішіндегі, (шар тәріздес, сопақ, эллипса тәріздес және), түссіз пластидтер.

Көптеген жағдайларда күн сәулесінен калтарыста жатқан ағзаларда, тамырда, түпте, тамырсабақтарда, тұқымда, сирек жарықтандырылатын өсімдіктерде кездеседі.

Олар ДНҚ-сы, рибосомы, сонымен қатар қордағы заттардың синтезделуін және гидролизделуін жүргізетін ферменттері бар. Лейкопласттардың физиологиялық орыны, органикалық заттарды синтездеу.

Лейкопласттар

Slide 10

Митохондриялар (грекше митос - жіп және хондрион - түйіршік) - жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі.

Slide 11

Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер жәндіктердің бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді

Альтман(1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың

анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады.

Бенде 1898 жылы бұл органоидка митохондриялар деген ат берді.

Slide 12

Митохондриялар клетканың тыныс алу үрдісіне

қатысып, клетканың басқа құрылымдары

пайдалана алатын түрдегі энергия бөліп

шығарады.

Сондықтан, митохондрияны “клетканың энергетикалық бекеті” беп те атайды.

Slide 13

Пішіні

Митохондриялардың көлемі тұрақты емес, сондықтан да олардың сыртқы пішіні эркез өзгермелі келеді. Көп жасушаларда олардың калыңдығы тұрақты (0, 5 мкм), ал ұзындығы тұрақсыз 7-10 мкм-ге дейін жетеді.

Slide 14

Митохондрияның негізгі функциясы - ATФ, ақуыз және РНҚ синтездеуге резервтік энергия құру.

Slide 15

Қызметі

Митохондриялар жасушаның цитоплазмасында біркелкі, ал кей жағдайларда, әсіресе, патология кезінде, ядроның айналасына немесе цитоплазманың шет жағына карай орналасады.

Цитоплазмада жасуша қосындылары (гликоген, май) көп болған жағдайда олар митохондрияларды жасушаның шетіне ығыстырады. Митохондриялар митоз процесінде ұршық жіпшесінің айналасына шоғырланып, жасуша бөлінгенде олар жас жасушаларға тең беріледі.

Slide 16

Құрылысы

Әрбір митохондрия екі - ішкі және сыртқы мембраналардан түзілген. Олардың арасында ені 10-20 нм мембранааралық кеңістік болады.

Slide 17

Сыртқы мембранасы тегіс, ал ішкі мембранасы митохондрия қуысына бағытталған ұзындығы әр түрлі тарақтың жүзі тәрізді көптеген өскіншелер - кристер түзеді. Кристер митохондриялардың ішкі мембраналық бетін едәуір ұлғайтады, олардың аралығындағы кеңістік тығыздығы әр түрлі гомогенді зат -митохондрия матриксімен толып тұрады.

Slide 18

Митохондрияларда ядроның ДНҚ, РНҚ, рибосомаларынан өзгеше өз ДНҚ, РНҚ және рибосомалары бар.

Slide 19

Органоидтар

Құрылысы

Қызметы

Митохондриялар

Пластидтер

Кестені толтырыңыз

Slide 20

Сұрақтарға жауап беріңіз

Жасуша органоидтары неше түрлі болады?

Екі мембраналы органоидтары атаңыз.

Пластидтер түсі бойынша неше түрге бөлінеді? Оларды атаңыз.

Митохондрияның негізі функциясы қандай?

Slide 21

Төмендегі сөздерге анықтама беріңіз

Пластидтер

Хлоропласттар

Хромопласттар

Лейкопласттар

Митохондриялар

Slide 22

Митохондрияның құрылысың атаңыздар: 1- 2- 3- 4-


Ұқсас жұмыстар
Жасуша компоненттері
Қос мембраналары органоидтар. Пластидтер. Ядро. Митохондрия
Қосмембраналы органоидтар
Клеткаға дейінгі ағзалар
Жасуша қасиеттері
Клетка органоидтары
Цитоплазма
Жасушаның органоидтары
1. Қосмембраналы органоидтар. 2. Митохондрия. 3. Пластидтер
Прокариоттық жасуша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz