Фототопографиялық түсіріс




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Фототопографиялық
түсіріс

ОРЫНДАҒАН: СЕМБАЕВ Е.
ТОБЫ: ГК-407
ТЕКСЕРГЕН: ЧИГАЕВА Ж.Е.
Семей 2015 ж.
ФОТОТОПОГРАФИЯ
Фототопография – топографиялық
карталар мен пландарды фототүсіріс
материалдарын пайдаланып жасау
әдісінің түрі. Жергілікті жердің
фотографиялық түсірісі ұшатын
аппараттардан немесе жер бетіндегі
нүктеден орындалуы мүмкін.
Сондықтан фототопографиялық
түсіріс екі түрге бөлінеді:
аэрофототопографиялық түсіріс және
жердегі фототопографиялық түсіріс.
АЭРОФОТОСУРЕТКЕ ТҮСІРУ

• Аэрофотосуретке түсіру (Аэрофотосъемка) – ұшу
аппараттарынан жергілікті жерді және кейбір заттарды
суретке түсіру. Аэрофотосуретке түсіру уақытына, орындау
тәсіліне, аэрофотоаппараттың оптикалық осінің орналасуына,
экспонирлік әдісіне және фотоматериалдарына қарай: күндізгі
және түнгі; жоспарлы, перспективалық және панорамалық;
жеке, бағыттық, аландық, кадрлық және сацылаулық, акқара
түсті, спектрзоналық болып бөлінеді. Ол карталарды жасау
және жаңарту үшін, ғылыми және техникалық мақсатта
жергілікті жерді, объектілерді окып үйрену кезінде
қолданынады және әуеден барлауының бір тәсілі болып
табылады, әскердің ұрыс және оқужаттығу әрекеттерін
бақылау үшін, әуе атысында, фотоқұжаттарды жасау кезінде,
объектілердің (нысаналардың) координаттарын анықтау үшін
қолданылады.
АЭРОФОТОТОПОГРАФИЯ

Аэрофототопография – аэрофототүсіріс материалдары
бойынша топографиялық карталарды жасаудың әдістерін
және құралдарын зерттейтін және жасайтын топография
тарауы.
АЭРОФОТОТОПОГРАФИЯ ТАҚЫРЫБЫНА
МЫНАЛАР ЕНЕДІ:
• жеке аэрофотосуреттің және стереоскопиялық жұптың
• геометриялық қасиеттерін зерттеу;
• аэрофотосуреттер бойынша топографиялық картаның және фотопланның
түпнұсқаларын жасау әдістерін жете зерттеу;
• аэрофотосуреттерді бажайлаудың далалық және камералық
• әдістерін белгілеу;
• далалық дайындау нүктелерінің ең аз санын анықтау және оларды
аэрофотосуреттерді өндеу немесе фототриангуляцияны дамыту тәсіліне
байланысты өте тиімді орналастыру мәселелері;
• топографиялық карталарды жасау немесе аэрофотосуреттерді өндеудің
жеке процестерін орындау үшін фотограмметриялық аспаптарды жасау;
• картографиялау мақсатында аэрофотосуреттерді алуға арналған
аэрофототүсірулік аппаратураға және фотографиялық материалдарға
катысты техникалық талаптарды талдап белгілеу;
• есептеу техникасының дамуьша байланысты фотограмметриялық және
геодезиялық координаталар арасындағы аналитикалық байланыстардың
ең қолайлы формулаларын шығару.
Аэрофототопографиялық түсіру стереотопографиялық немесе
құрама әдіс бойынша анықталады.
Құрастырылған әдіс аэрофотосуреттерді фотограмметриялық
өндеудің мензулалық түсіріспен үйлестірілуі болады.
Аэрофотосуреттер бойынша фотоплан жасалады, содан соң оның
көшірмесіне далада мензулалық түсірістің әдістерімен жер бедерін
түсіреді. Құрастырылған әдіс, әдетте, онша ойлы-қырлы емес
жазық аудандарды түсіру үшін қолданылады.
Стереотопографиялық әдіс әр түрлі нүктелерден суретке түсіруден
алынған жергілікті жердің екі суретінің стереоскопиялық қасиетін
пайдалануға негізделген. Стереожұптар бойынша камералық
жағдайда жергілікті жердің контурлары мен бедері алынады.
СТЕРЕОТОПОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІС
Стереотопографиялық әдіс қазіргі уақытта топографиялық
карталарды жасаудың негізгі әдісі болып саналады.
Стереотопографиялық әдісті жергілікті жердің барлық
элементтері камералы фотограмметриялық аспаптарда
құрылады. Аралас әдісте картаның контурлы бөлімі
аэрофототүсіру арқылы, ал жер бедері мензулалы түсіру
төсіддері арқылы құрылады. Аэрофототопографиялық түсіру
1:10 000 - 1: 100 000 масштабтағы топографиялық карталар
жасау кезінде қолданылады.
АЭРОФОТОСУРЕТТЕРДІ ӨНДЕУ КЕЗІНДЕГІ
КОЛДАНЫЛАТЫН АСПАПТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ
СТЕРЕОТОПОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІС ЕКІ ТӘСІЛГЕ:
1. әмбебап
2. дифференцияланған
Әмбебап тәсілде аэрофотосуреттерді пландарға түрлендірудің
барлық процестері, соның ішінде контурларды және бедерді
түсіруді бір аспаппен орындауға мүмкіндік беретін аспап типтері
пайдаланылады. Осындай аспаптар әмбебап деп аталады.
Дифференцияланған тәсілде бірнеше аспап пайдаланылады,
олардың әрқайсысы қандай болса да бір процесті ғана орындауға
арналған: мысалы, тірек нүктелері торабын жиілендіру үшін –
стереокомпаратор, жер бедерін сызу үшін стереометр, планшетке
контурларды және жер бедерін көшіру үшін проектор немесе
трансформатор қолданылады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда картографияда аэрокосмостық суретке түсіру
кең қолданысқа ие болды. Космостық түсірулердің жаңа
әдістері жер бедерінің жай-күйін, табиғи процестер мен
құбылыстардың динамикасын, табиғи ресурстардың
орналасуы жайлы жан-жақты мәліметтерді береді. Алынған
мәліметтердің нақтылығы жоғары. Аэрофотосуреттер
сияқты космостық түсірулер жергілікті жердегі нысандар
жайлы жалпы және жеке мәліметтер береді.
НАЗАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Игильманов А. " Инженерлік геодезия "  
2. Нүрпейісова М.Б. «Геодезия», оқу-құралы. ГИК, 1993ж.
118б.
3. Маслов А. В., Гордеев А. В., Батраков Ю. Г. Геодезия -
М.: КолосС, 2006.
4. Нұрпеиісова М.Б. Геодезия - Оқулық. Алматы: «ЭВЕРО»
баспаханасы, 2005.
5. Клюшин Е. Б., Михелев Д. Ш., Киселёв М.И., Фельдман
В.Д. Инженерная геодезия.— М.: Высш. шк., 2000.

Ұқсас жұмыстар
Теодолиттік түсіріс
ТОПОГРАФИЯЛЫҚ ПЛАН ЖӘНЕ КАРТА
Автоматтандырылған топографиялық түсірістер. Лазерлік сканерлеу технологиясы
Тахеометрлік түсіріс
Топографиялық түсірістер
Картография
Маркшейдерлік түсіріс туралы
Фототопография
Маркшейдерлік түсіріс
Құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстар
Пәндер