Плаун тәрізділер класы


Slide 1

БӨЖ

Орындаған: Жайсаңбаева С.

Сейсенбекова А.

Топ: БЛ-309

Тексерген: Мадыбекова А. С

Тақырыбы:Плаун тәрізділер класы

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атыңдағы мемлекеттік университет

Slide 2

Плаун тәрізділер бөлімі (licopodiophyta)

Плаундар класы

(lycopodiopsida)

Slide 3

Қазіргі кезде тіршілік ететін жер бетіндегі өсімдіктердің ең көне түрі плаун тәрізділер жатады. Алғашқы плаун тәрізділер девон дәуірінде кездеседі. Палеозой дәуірінде плаун тәрізділер папоротник тәрізділер, сына жапрақтылар және кейбір жалаңаш тұқымдылармен бірігіп, жер бетінде ең көп тараған өсімдіктер түрлерін құраған. Сүректі формалары карбон дәуірінде құрып кеткен, ал қазіргі уақытта тек шөптесін формалары ғана сақталып қалған.

Сопрафитінде үш вегетативтік орган- тамыры, сабағы, жапырағы болады. Плаун тәрізділердің негізгі ерекшеліктеріне тамырлары мен сабақтарының дихотомиялы типте тармақталуы тән.

Slide 4

Плаундар класы

Астероксилондар

(Asteroxylales)

Дрепанофикустар

(Drepanophycales)

Плаундар

( Lycopodiales)

Slide 5

Астероксилондар ( Asteroxylales)

Девон дәуірінің орта кезеңінде тіршілік еткен астероксилон қатарындағы өсімдіктер жер бетінде мүлдем өсімдіктерге жатады. Жер асты қалдықтарында сақталып қалған бөліктері бойынша бұл өсімдіктер дихотомиялы түрде бұтақтанған, аласа келген шөптесін өсімдік болуы мүмкін. Ұсақ тікенекті жапырақтары негізгі және жанама бұтақтарын тегіс жауып тұрған.

Slide 6

Астроксилондар сыртқы пішіне жағынан қазіргі кездегі плаундарға ұқсас болған. Жапырақ тақтасы толық жүйкеленбеген, жүйкесі тек түп жақтарында болған. Жапырақ тақтасы толық жүйкеленбеген, жүйкесі тек түп жақтарында болған. Мұндай жапырақтарды сабақтың қысқа өсімдіктері, немесе энациясы ретінде қарастырады. Жапырақтардың қойнауында қысқа келген тұғырда бүйрек тәрізді спорангийлер ретсіз орналасқан. Спорангийлері жоғарғы жақтарында түзілген саңылаулары арқылы ашылған. Сабақтарының сыртқы беті устьицалары бар паренхималық клеткалардан тұратын қабықтан және борпылдақ аэренхимді клеткалардан тұрған. Орталық бөлігінде экзархты ксилемаларды флоэмалар қоршап орналасқан. Астероксилонның жер асты органдары белгісіз.

Slide 7 Slide 8

Дрепанофикустар (Drepanophycales)

Бұл қатар 2 туыс және 7 түрді қамтиды. Дрепанофикус девон дәуірінде тіршілік еткен, барлық материктерде кең таралған өсімдіктер қатарына жатады. Бұлар ұзындығы 50 см, вертикальді немесе төселіп өсетін тең дихотомиялық типте бұтақтанған өсімдіктер болған. Астероксилондардан негізгі ерекшелігі, олардың жапырақ тақтасы толық жүйкеленген. Спорангийлері жапырақтың қойнауында, болмаса вегетативтік жапырақтардың араларындағы спорофиллдің бет жақтарында орналасады. Ең көне түрлерінің қатарына австралиялық барагванатия (Baragwanathia) туысы жатады. Жер асты қазбаларынан табылған сабағының ұзындығы 30 см, жуандығы 6, 5 см-ге дейін баратын біршама ірі өсімдіктердің қатарына жатады. Осыған байланысты бұл сүректі өсімдік болуы мүмкін. Дихотомиялық типте бұтақтанған сабақтарында біршама ұзын жіңішкке келген жапырақтары орналасқан. Кейбір жапырақтарының жоғарғы жағы айыр тәрізді бөлінген. Сабақтарындағы вегетативтік жапырактарының араларында онша айқын көрінбейтін спора түзуші аймақтары болған, бірақ анық стробилдері жоқ. Спорофиллдердің беткі жақтарында бүйрек тәрізді спорангийлері орналасқан. Өзінің дамуын жалғастырған плаун тәрізділер топтарының араларында, дрепанофикустар қатары эволюциялық дамудың жанама бұтағында орналасуы мүмкін.

Slide 9

Басты ерекшеліктері:

Жапырақтарының жүйкеленуін, немесе жапырақтарының васкуляризациянуын;

Спорангийлердің жапырақ қойнауында орналасуын, олардың қоректік заттармен қамтамасыз етілуін, спорангийлерді сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғауын ;

Өсімдікте жүйесіз орналасқан спорофиллдердің арнайы спора түзетін сабақтарда орналасуын жатқызамыз. Жер бетінен жойылған дрепонофикус және оларға тақау орналасқан өсімдіктер плаун тәрізділердің үш тармағының негізін құрайды. Оларға тең споралы шөптесін плаундар, әр түрлі споралы селагинеллалар және қазіргі кезде жер бетінде жойылған тең споралы сүректі лепидендрондықтар қатарлары жатады.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Плаундар (lycopodiales) қатары

Плаундар қатарына тең споралы плаундардың жер бетінен мүлдем жойылған түрлерімен қатар, қазіргі кезде тіршілік ететін шөптесін түрлері кіреді.

Бұл қатарға екі туысты біріктіретін плаундар тұқымдасына жатады. Плаундардың басым көпшілігі ылғалды тропиктік және субтропиктік аймақтарда, аздаған түрлері қоңыржай және суық аймақтарда кездеседі. Қазақстанда плаундардың 5 түрі кездеседі, кейбірі өте сирек кездесетін, жойылудың алдында тұрған түрлерге жатады. Мысалы, таңдамалы плаун Жоңғар Алатауы мен Алтай тауларының шыршалы белдеулерінде, субальпілік, сирек жағдайларда альпілік шалғындықтарында, көлеңкелі тастақты жерлерде өседі.

Slide 13

Әр түрлі дихотомиялық тармақталған түрлердің сабақтары төселіп өсетін және тік өсетін сабақтарға бөлінеді. Жерге төселіп өсетін сабақтардың бүйір жақтарынан 2-5 жыл тіршілік ететін жанама тамырлар пайда болады. Плаун туысының негізгі өкілі түйреуіш тәрізді плаун қылқан жапырақты ормандарда жиі кездесетін көп жылдық өсімдік.

Slide 14

Жіңішке үшкір жапырақтары бар, сабағының ұзындығы үш м\ге дейін жететін, дихотомиялы түрде бұтақтанатын, қосалқы тамырлары бар, жапырақтары жиі орналасқан жатаған шөптесін өсімдік.


Ұқсас жұмыстар
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР
Қырықбуындар класы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
Папоротник тәрізділер
Тірі организмді классификациялау ерекшеліктері
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
Бауыр тәрізді мүктер
Құстар класы
Сауытты балық
Бауыр тәрізді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz