Бух.есеп концепциялары мен қағидалары


Slide 1 Slide 2

Бух. есеп концепциялары мен қағидалары

Slide 3 Slide 4

Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізі

Slide 5

Түгендеу - іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық - товарлық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады. Түгендеу белгіленген уақытта, материалды жауапты адам ауысқанда, тергеу орындарының, аудитордың талабымен өткізіледі

Құжаттау - жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқаны тіркеу. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы - құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операция құжаттарда бейнеленуі керек.

Slide 6

Бағалау - кәсіпорын мүлкін және олардың қайнар көздерін ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыс құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті бағалаудың негізінде нақты шығындар жатады.

Бухгалтерлік баланс - қасіпорының мүлкі туралы ақпаратты жинақтау және топтау тәсілі. Кәсіпорын қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі кәсіпорын қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек.

Slide 7

Шоттар жүйесі және қосарлы жазу - бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар счеттар көмегімен (синтетикалық және аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі. Шот - мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементі бола отырып, счет біртекті экономикалық белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды роль атқарады. Қосарлы жазу - бухгалтерлік есеп счеттарында шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі. Шаруашылық операция бір сомада екі счетта жазылады.

Slide 8

Калькуляция - өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу - өнімнің бір өлшеміне кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету.

Есеп берушілік - белгіленген кезеңде (ай, квартал, жыл) кәсіпорынның, өндірістік - шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Есеп берушіліктің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін қажет.

Slide 9

Қағидалар - бухгалтерлік есепті ғылым ретінде қалыптастыратын негіздер. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырған кезде қабылданған белгілі бір қағидаларға сүйенеді.

Олар заң жүзінде бекітіліп, үйлестіруші ұйымдармен пайдалануға ұсынылады. Қағидалар

бухгалтерлік есепің жалпы концепцияларының негізі болып, қаржылық есеп берушілікті

пайдаланушылардың мүдделеріне қарай стандарттарды жасауға көмектеседі. Отандық тәжірибеде нормативті түрде

бекітілген бухгалтерлік есептің

төмендегідей негізгі қағидалары.

Slide 10

Қағидалар - бухгалтерлік есепті ғылым ретінде қалыптастыратын негіздер . Олар заң жүзінде бекітіліп, үйлестіруші ұйымдармен пайдалануға ұсынылады. Қағидалар бухгалтерлік есепің жалпы концепцияларының негізі болып, қаржылық есеп берушілікті пайдаланушылардың мүдделеріне қарай стандарттарды жасауға көмектеседі. Отандық тәжірибеде нормативті түрде бекітілген бухгалтерлік есептің төмендегідей негізгі қағидалары.

Үздіксіздік.

Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.

Есептеу.

Бухгалтерлік есепте қаржылық есеп берушілікте ақша қаржылары түскенде немесе төленгенде емес, табыстар пайда болғанда, шығындар қажет болғанда танылып, бейнеленеді.

Мағыналылық. Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет.

Slide 11

Түсініктілік. Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде көрсетілетін ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек

Мәнділік. Бұл қағида ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді.

Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да, тұтынушылар сенімін туғызады.

Slide 12

Байыптылық.

Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет.

Салыстырмалылық.

Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.

Тұтастылық.

Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.

Уақыттылық.

Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет.

Slide 13

Қазіргі уақытта елімізде бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің 4 деңгейлі жүйесі қызмет етеді.

Slide 14

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Ұқсас жұмыстар
Бух. есептің қағидалары, әдістері,принциптері
І.Бухгалтерлік есептің концепциялары
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары жайында
Қазынашылық қызметтің теориялық негіздері
Бухгалтерлік есеп концепциялары мен қағидалары
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары туралы
Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары
Бухгалтерлік есептің пәні мен әдістері
Тамақтану концепциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz