Музыка мектебі, музыка студиясы және өнер мектебінің оқу-тәрбиелік концепциясы


Slide 1

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ТАҚЫРЫБЫ: Музыка мектебі, музыка студиясы, өнер мектебі

Топ : П-301

ОРЫНДАҒАН:Карибжанов А. С

Тексерген: п. ғ. к доцент Сұлтанова Н. К

Семей 2015жыл

Slide 2

Музыка дегеніміз біздің өміріміздің бір бөлігі. Сан алуан әуенге, алуан дыбысқа кернеп тұрғандай, айнала алуан дыбысқа толы. Біздің әрбір күніміз музыкамен, әнмен, күймен басталады. Музыканың адам жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Біз музыка аясында өмір сүреміз. Ол күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде, жұмысымызда үнемі бізбен бірге. Олай болса, музыка-біздің өмірлік жан серігіміз.

Slide 3

«Музыка тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді» деген Р. Ролланның керемет сөздері бар. Демек, музыка - адам жанын жарқындататын өнер. Музыка өнерінің көрнекті туындылары мәңгілік, өлмейтін әсемдігімен тыңдаушыны өзіне баурап алады. Жағдайға байланысты біз бірде қуанамыз, бірде мұңаямыз, кейде мерейленеміз, кейде қайғырамыз. Егер музыка осы сезімдерді айтып берсе, демек оның болмысын сәулелендіргені. Музыка мектебі - шын мәнінде балалар музыкасының әлемі.

Slide 4

Театр өнері- балалар әлемінде әр оқушының еркін ойлап, анық сөйлеп, өзін-өзі батылдыққа, мәдениеттілікке тәрбиелейтін, сөздік қорын байытатын, белсенділігін арттыратын, бойындағы өз мүмкіндігін ашып, қолдана білуге тәрбиелейтін, шығармашылық қабілет - дарынын дамытып үйрететін бірден бір құрал екені даусыз. Театр сыныбы болашақ театр әртісін, сахна жүргізушісін, көркемсөз оқу шеберлерін дайындайды. Жүргізілетін негізгі пәндер: актер шеберлігі, сахна тілі, сахна қозғалысы, театр тарихы.

Slide 5

Қуыршақ театры сыныбының негізгі мақсат-міндеттері: оқушының ішкі сезімін ояту арқылы кейіпкерлерге, кез-келген жансыз затқа жан бітірту; қуыршақпен жұмыс жасау арқылы әр саусақтың өз ерекшеліктерімен танысу; балалардың дұрыс тыныс алуына арналған жаттығулар жасау арқылы тіл тазалығын, оқушылардың дұрыс сөйлеуін дамыту. Жүргізілетін негізгі пәндер: қуыршақ жүргізу, қол сымбаттылығы, сахна тілі, актер шеберлігі, сахна қозғалысы, театр тарихы.

Slide 6

Музыка бөлімінде ұлттық өнерді дамыту мақсатында домбыра, қобыз, қылқобыз, сазсырнай, жетіген, домбырамен ән айту және эстрадалық ән айту сыныптары бойынша жұмыс жүргізілуде. Музыка бөлімінің негізгі мақсаты: балалардың музыкалық сауатын ашу, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру, әншілік өнерін дамыту, ұлттық музыкалық аспаптарды кеңінен насихаттау. Жүргізілетін негізгі пәндер: мамандық, сольфеджио, әлем әдебиеті, қазақ музыка әдебиеті, хор, ансамбль, оркестр.

Slide 7

Хореография бөлімінің мақсаты: оқушыларға ұлттық билердің қимылдарын үйрету, би өнерін балалар арасында кеңінен насихаттау арқылы, жас өнерпаздардың ұлттық би өнеріне қызығушылығын арттыру. Жүргізілетін негізгі пәндер: ритмика, халық биі, қазақстан хореографиясы, шетел хореографиясы.

Slide 8

«Музыка тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді» деген Р. Ролланның керемет сөздері бар. Демек, музыка - адам жанын жарқындататын өнер. Музыка өнерінің көрнекті туындылары мәңгілік, өлмейтін әсемдігімен тыңдаушыны өзіне баурап алады. Жағдайға байланысты біз бірде қуанамыз, бірде мұңаямыз, кейде мерейленеміз, кейде қайғырамыз. Егер музыка осы сезімдерді айтып берсе, демек оның болмысын сәулелендіргені. Музыка мектебі - шын мәнінде балалар музыкасының әлемі.

Бала бойындағы рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы музыка мәдениеті. Өнер саласында эстетикалық тәрбие беру, яғни музыкада дыбыс, суретте-бояу, әдебиетте-сөз арқылы өрнектеледі. Әрбір халықтың өз өнер мұрасы - өзіне қымбат. Штраус пен Бетховен, Моцарт пен Бах шығармаларының ұлылығында сөз жоқ.

Slide 9

Рядом с древнейшей скульптурой найдены музыкальные инструменты, Элементы. ру (26 маусым 2009) .

Розеншильд К. История зарубежной музыки. М:Музыка, 1969.

"Britannica настольная энциклопедия"ТомI, АСТ-Астрель, Москва, 2006Ђ+3

Қолданылған әдебиеттер:


Ұқсас жұмыстар
Балалар музыка мектебінің тарихы, ерекшеліктері және педагогикалық міндеттері
Балалар музыка студиялары мен өнер мектептерінің ерекшеліктері және музыкалық тәрбие әдістемесі
Музыка өнерінің тәрбиелік рөлі және қазақ мектептеріндегі музыкалық сауаттылық
Мектептердегі Мұрагер ұлттық музыка бағдарламасының қалыптасуы мен тәрбиелік-мәдени маңызы
Мектепте музыка пәнін оқыту әдістемесі
Музыка пәні бойынша білімді саралау: ұлттық музыка терминдері мен бағалау кезеңдері
XX ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті: әдебиет, музыка, өнер және мәдени институттардың дамуы
Бастауыш мектеп музыка сабақтарының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені: мазмұны және тәрбиелік-педагогикалық рөлі
Музыка сабағындағы оқыту формалары мен әдістемелік тәсілдер
Ахмет Қуанұлы Жұбанов және қазақ музыка өнерінің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz