Балқаш.Іле.Қаратал
Презентация қосу
Балқаш.Іле.Қаратал
аңызы
Аңыздарда көп сыр бар барлағанға,
Көңілге тоқып,зердемен оқып қарағанға.
Сиқыршы Балқаш атты бай өтіпті.,
Есте жоқ сонау ескі замандарда.
Балқаштың Іле есімді қыз баласы болыпты,
Көркіне сай, ақылы бір басына қоныпты.
Сиқырымен байлығы әкесіне дарыған,
Даңқы асқақ, кең даланы шолыпты.
Сиқыршы байға келмепті ойлар бөтен,
Қай жақтан дәм бұйырып, қонар мекен
Қызына құда түсіп келушілер,
Хандарменен дәулетті байлар екен.
Бай сарайына келушілер үзілмепті,
Қыз олардың ешқайсысына көз ілмепті.
Байлықтан бақытын биік көрген,
Өзінің сүлулығына тең көрмепті.
Бақытын таңдауда қыз қиналады,
Бай әке азда болса қысылып, үялады.
Үмітін артып келген күйеулерге,
Бір үлкен жарыс өткізуді ұйғарады.
Сонда Балқаш сиқыршы жар салады:
«Жиналыңдар ортаға, келсін, кәне,
Бойларыңда ақыл,күш,ептілік болса бәрі.
Жарыста сүрінбей бәрін жеңіп шықса,
Сол бай жігіт Іле қызды алады»
Бай солай жарыс шартын хабарлайды,
Тамашаны көруге жан қалмайды.
Көпшілікке сауық-сайран, думан болса,
Жарын таппай жас ару алаңдайды.
Өңі кетіп, жанарда жас жиылады,
Өкініш кернеп кеудені, налынады.
Бақытын жеңіске тіккен Іле ару,
Алаңдаумен көз жасын көл қылады.
Жас жігіттің көңілі, ару болар қалауы,
Аласармас ғашықтардың желбіреген жалауы.
Қарапайым, өнерлі, көркем жігіт,
Жас Қаратал құлағы әріден шалады.
Бірақта көтермейді бедел нені?
Көп адамды байлығы көркемдейді.
Көпшілікке бұл жігіт ұнамайды,
Бір айыбы, ол өте кедей еді.
Жастайынан меңгерген ептілікті,
Батыр мүсін, күші мол, жаужүректі.
Жаны сүйер кәсіппен айналысып,
Баптаған бірер тамаша сәйгүлікті.
Бай сарайына бармаған ел қалмайды,
Бәйге алдырмас сәйгүліктерін сайлайды.
Дегенінен қайтпаған жас Қаратал,
Бағын сынап қайтуға бел байлайды.
Қараталмен Балқаш бай сөйлеспейді,
Жарлы жігітті өзінен төмен есептейді.
Күйеулердің жарысына түсуіне,
Сиқыршы бай бірақ-та келіспейді.
Ару қыздың сейіліп бір сәт алаңы,
Іздеп жүріп, табылғандай адамы.
Жас жігіт Қараталды бір көргеннен,
Іле ару жақсы көріп қалады.
Тәкаппар қыз басқаны көзге ілмеді,
Сезімі ұлғаймаса, өзгермеді.
Қараталдың жарысқа қатысуын,
Өтініш айтып әкесін көндіреді.
Ат бәйгіде сәйгүлігі бұрын келді,
Күресте де күштінің бәрін жеңді.
Өз ісіне сенімді жас Қаратал,
Бай атаған бәйгенің бәрін жеңді.
Жарыс бітті. Соңынан шатақ шықты,
Көпшіліктен бай шошып атып шықты.
Кім жеңсе соған қызымды берем деген,
Сөзінде түрмай, уәдесінен тайып шықты.
Байлығымен бай Балқаш асқақтайды,
Екеуінің арасын алыстатады.
Кедей жігіт Қараталды өзіне,
Күйеу бала етуден бас тартады.
Іле ару қарсылықтан құлайды,
Жанына батып бүл қайғы.
Сүйгені Қараталды ойлауменен,
Күні-түні жылайды.
Екі жастың сырын бүкпей ашайық,
жас жігіттің ұсынысын айтайық.
«Егер мені шын сүйсең, Іле ару,
Түннен қалмай біз екеуміз қашайық!»
Іле оған қуана-қуана келіседі,
Бәйгі аттарға сән беріп мінгеседі.
Қос ғашық ғайып болып бір түнде,
Көз көрген жаққа шауып кетеді.
Алғанша талайлары жинап бойды,
Сиқыршы бай бұл туралы біліп қойды.
Кедей - құлдың ісі деп түсінеді,
Кедейлерге бай қызы қолды болды.
Найзағайдай жарқылдап намыс деген,
Жақындатты жерлерді алыс деген.
- «Тоқтаңдар!»-деп айғайлап екі жасқа,
Әмір беріп, ашулы дауыспенен.
Әке дауысы алыстап қала берді,
Басып өтіп кең жазық дала, белді.
Бет бұрып Қараталдың ауылына,
Қарайламай екі жас қаша берді.
Сиқыршы бай түрленіп, қара сүсты,
Желге айналып даланы таптай түсті.
Тоқтатуға екеуін тырыссада,
Қарайламай екі жас құстай ұшты.
Талай қауып, сиқырынан өтеді,
Оңай болмас соңғысының өткелі.
Екі жастың көз алдында әкесі,
Үлкен көлге айналып ол кетеді.
Екі жасты атымен батырады,
Кең дария, су алып атырабы.
Сиқыршының ғұмыры содан бері
Көлдің аты Балқаш деп аталады.
Аты қалған бүгінгі кезеңдерде,
Іле, Қаратал айналған өзендерге.
Әр түстан Балқаш көлге құятын,
Айналыпты үлкен асау өзендерге.
Ілеменен қосылмай Қаратал батыр,
Жағасы буырқанып, толқып жатыр.
Асау ағыс ұмтылып бір-біріне,
Ағып жатыр осылай талай ғасыр.
Айтылса, мәнді сөздің, құндысы бар,
Берілген әрбір ойдың сыншысы бар.
Айып етпе, аңызды сөз еткенім,
Бұл аңызда тарихтың шындығы бар.
Туған жерің тұғырың - қоныстарың,
Ар-намысты жігерлеп бойда ұстағың.
Елдігімнің тіршілік белгісіндей,
Өткен күнгі әңгіме - аңыздарың.
Барлығы да сыр шертеді өткеннен,
Тарихыңның басталуы өлкеңнен.
Мән беретін,ой салатын аңыздар,
Шықпаған ғой ел арасында бекерден.
Қандай ұлт,қандай мекен, қоныс, елі,
Ең қымбаты - туған ел, болсын жері.
Ел, жерінің өткенін білмесе егер,
Қасиетін ол қалай түсінеді.
Елжанды азаматтар елім дейді,
Ел ертеңін ойлаумен елеңдейді.
Бесігінің жылуын сезбегендер,
Туған жерін қалайша қадірлейді.
Дереккөзі: Мамбетаев, О. Балқашым бағым [Мәтін]: өлеңдер мен
поэмалар /О.Мамбетаев.-Қарағанды,2007.-11-17 бет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz