Гүлшат кентінің ашылу аңызы
Презентация қосу
Гүлшат кентінің
ашылу аңызы
Ертедегі шежірелерге қарағанда, көзге түсіп, есте қалғаны
Балқаш көлінің жағасындағы Тарғыл тауының бауыры-
Гүлшат. 1884 жылы сол Тарғыл тауының баурайынан Қазан
қаласынан келген Бекметова Гүлшат деген әйел қорғасын-
күміс заводын ашып, оған өз атын қойыпты. Міне, содан былай
завод та, Тарғыл тауының маңы да Гүлшат атанып кеткен екен.
Кейінгі кезде бұл завод А.И. Деров деген Семейдың тау- кен
өндірістері иесінің меншігіне көшкен. Адам баласына жаны
ашымайтын, алары бар, берері жоқ Деров жұмысшыларына 14-
15 сағаттан жұмыс істетіп, 12 жылдың ішінде (1887-1899 ж.) 15
тонна қорғасын, 145 килограмм мыс қана алса керек. Арал
пайдасынан азабы көбейе берген соң, ол Гүлшатты 1914 жылы
ағылшындарға сатып жіберген.Құлазыған далада орнаған
Спасс, Қызылеспе, Гүлшат заводтары мейілінше ұсақ және
техника жағынан мешеу еді.Бұл заводта істеген
жұмысшылардың халі адам төзгісіз, өте қиын жағдайда болса
керек.
І түрі
Ертеде Бекмет деген көпес байдың қызы өзінің қызметшілерімен
және малшыларымен Ташкенттен қой айдап жолға шығады. Сол
уақытта қой жәрмеңкесі Қарқаралыда болатын. Түйе арба мен
қыздың өз алдына пәуеске ат арбасы болған. Талай жерлерде
қонақтап жүріп Тарғыл тауының баурайына тоқтап, сол жерге қонып,
таңертең ерте жолға шығуға дайындалады. Малшылар 3-4 тастың
басын қосып от жағып қойдың сүтін пісіреді. Сол уақытта тастар
қорытылып қалады. Оны келіп қызға айтады. Қыз тастарды алып
келіңдер де, арбаға салыңдар деп бұйрық береді. Сонымен
қойларын айдап Қарқаралы Қоянды жәрмеңкесіне келіп, қойларын
сатып, өздеріне керекті заттарын алып Ташкентке аман-есен
қайтады. Қыз тастарды әкесіне әкеліп береді, ал әкесі оны
ағылшындарға апарады.
Ағылшындар тасты көріп, таста руданың барын біліп, қайдан
алдыңыз, сол жерді бізге көрсетіңіз дейді. Содан қыз а ғылшынны ң
адамдарын ертіп Тарғыл тауының баурайына келеді. Олар сол
жерді қазып, екі құлағы бар үлкен дәу қазандай ыдыстың екі
құлағына арқан байлап түйемен тартып , қазылған тастарды аман
алып шығып елдеріне барып, оны зауытта айырып, мыс рудасыны ң
барын анықтайды. Содан қызға риза болып, рақметтерін айтып, б ұл
жер енді сенің атыңмен Гүлшат аталады дейді.
ІІ түрі
Балқаш қаласынан оңтүстікке қарай
қашықтағы алпыс шақырым жердегі Тарғыл
тауының Гүлшат атанып кетуі. Бір аңыздарда
Күлшат деген қазақтың саудагер қызы үлкен
қалаларға сатуға мал айдап бара жатқанда осы
Тарғыл тауының етегіне қонып, түнемеге от
жағып, қазан көтергенде тас еріп қорғасын
аққанын көреді. Содан бұл жерді, ол
ағылшындарға сатқан екен. Ағылшындардың
атауы бойынша Күлшат Гүлшат аталып кеткен.
Ал негізі – Тарғыл тауы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz