Жамбыл Жабаев Ленинградтық өренім
Презентация қосу
№1 Урицк орта мектебі
Жамбыл Жабаев
Ленинградтық
өренім
Усабаева Г.Т.
Сарыкөл -2010 ж.
Жамбыл Жабаев
1846-
1945
«Жамбыл деген
– жай атым,
Халық – менің
шын атым.»
Сабақтың мақсаттары:
• білімділік:оқушылардың Жамбыл
Жабаевтың өмірі мен
шығармашылығынан алған
мәліметтері бойынша білімі мен
дағдыларын арттыру.
• Дамытушылық мақсаты: өлеңді
мәнерлеп айтқыза отырып,
оқушылардың тіл мәдениетін, сөз
байлығын, сөздік қорын, көркем
шығармашылық қабілеттерін
дамыту. Сатылай кешенді талдау
технологиясының элементтерін
қолдануды білу.
• Тәрбиелік: оқушыларға Жамбыл
Жабаевтің өлеңінің мазмұнын,
тақырыбы мен негізгі ойын
меңгерте отырып, олардың
бойында қазақ халқына, қазақ
тіліне деген сүйіспеншілік сезімін
қалыптастыру, оларға
эстетикалық патриоттық тәрбие
беру.
• Сабақтың түрі:аралас сабақ
• Әдіс-тәсілдер: сатылай кешенді талдау
технологиясының элементтері.
• Қолданылатын көрнекіліктер:
-интерактивтік тақта.
• Презентация
• Мп3
• Хронологиялық кесте
• Пәнаралық байланыстар: орыс әдебиеті,
орыс тілі, өнер, қазақ тілі
Жамбыл
Жабаев – 100
жасаған ақын
Жамбыл Жабаев халық ақыны,
Жамбыл облысы Мойынқұм
ауданында туған. Халық ауыз
әдебиетінің ірі өкілі. Сүйікті
шығармашылығы – айтыс.
Батырлар туралы өз халқын
қорғаған ерлік істері туралы
жырлаған ақын. Соғыс
жылдарында Қоршаудағы
Ленинград қаласын қорғаған
батырларға арнап жазған
«Ленинградтық өренім» атты
өлеңі көп ұлтты кеңес
әдебиетінің ең үздік
шығармасы. 1934 жылы
Алматыда республикалық
айтыстың лауреаты, СССР
мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, 1941 жылы Ленин
және Еңбек Қызыл Ту
орденімен марапатталған.
Дмитрий Шостакович
• 7 Ленинградтық симфониясы. 1942
жылы жазылған. Ленинградтық
қаһармандарға арналған.
Ленинградтық өренім.
(Өлеңнің сатылай кешенді
талдаудың сызбасы)
Ленинградтық өренім!
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған.
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жасағам жоқ өмірді
Жау соққанын көргелі,
Төккенім жоқ терімді,
Шер қылғалы кеудені.
Жасалған жоқ салтанат
Жаудың болуға ермегі,
Жауда қалып Ленинград,
Жаралғам жоқ көнгелі!-
Жасағамын өмірді
Жау біткенді жеңгелі;
Саудыратып сүйегін,
Топыраққа көмгелі.
Судай тасып ел кегі.
Жолды кернеп қол кетті
Сендерге дем бергелі,
Нева алабын қорғаңдар,
Ленинградтың ерлері,
Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі.
Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, дети мои! Не затем вам, братья, служил,
Ленинградцы, гордость моя! Чтоб забрался ползучий гад
Мне в струе степного ручья В город сказочный, в город- сад
Виден отблеск невской струи. Не затем к себе Ленинград
Если вдоль снеговых хребтов Взор Джамбула приворожил!
Взором старческим я скользну А затем я на свете жил,
Вижу своды ваших мостов Чтобы сброд фашистских громил,
И балтийскую голубизну, не успев отпрянуть назад,
Фонарей вечерних рой, Волчьи кости свои сложил
Золоченых крыш острия… У священных ваших оград.
Ленинградцы, дети мои! Вот зачем на север бегут
Ленинградцы, гордость моя! Казахстанских рельс колеи,
Вот зачем Неву берегут
Не затем я на свете жил Ваших набережных края,
Чтоб разбойничий чуять смрад; Ленинградцы, дети мои!
Ленинградцы, гордость моя!
Өлеңнің жасау тарихы
• 1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең
ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс
басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге
енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы
900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл
күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы
жағдайға байланысты Жамбыл өзінің
“Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады.
• Глоссарий:
қоршау – блокада, осада;
Зұлмат –трагедия, бедствие;
Арнады – посвятил.
Топтарда жұмыс істеу:
II топ
I топ
III топ
1 топтың сұрақтары
1.Өлеңнің авторы.
2.Өлеңнің тақырыбы.
3.Жанр түрі.
2 топтың сұрақтары
1.Өлеңнің негізгі идеясы.
2.Өлеңде неше шумақ
бар?
3.Өлеңде неше тармақ
бар?
3 топтың сұрақтары
1.Өлеңдегі бунақ
саны қанша?
2. Өлеңде
эпитеттерді
табыңдар.
3. Теңеудің мысалын
келтіріңдер.
“Ленинградтық өренім” өлеңнің
сатылай кешенді талдау сызбасы:
• Авторы – Жамбыл Жабаев.
• Тақырып – халықаралық достығы, Отанды сүйспеншілік.
• Жанр түрі – поэзия (өлең).
• Идеясы – автор тақырып арқылы өзінің сезімін,
көзқарасын бейнелейді. Жауға – соққы беру,
ленинградтық тұрғындарының ерлігін жырлау.
• 2 шумақ.
• 33 тармақ.
• 1 бунақ.
• Әдеби теориялық ұғымдар:эпитеттер – көк, сүйкімді,
заманымның өрнегі. Теңеу – бұлағымдай, өркеш-өркеш
жарасқан, шоқылардай, судай.
• Өлеңнің тәрбиелік мәні: бәр халықтар достасып, бірге
жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш
етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.
Сөздік жұмысы
Берілген сөздерді аударып,
сөз тіркестерін жасаңдар.
Өрен – жасөспірім ұрпақ,
жеткіншек.
Көмкерген – жиектеген.
Айбын – қаһарлы, сұсты, зәрлі.
жау – дұшпан, шапқыншы.
Шер – қайғы-қасірет, уайым.
Мәтінді оқып, берілген мәліметтерді қолданып,
хронологиялық кесте жасау.
Жамбыл Жабаев (1846-1945) көрнекті қазақ ақын- импровизаторы. Жамбыл Жабаев
1846 жылдың 28 ақпанында қазіргі Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге
келген.Ол қазақ даласында танымал болды. Атақты оған қырғыз батыр эпосы
«Манас» шығармасының үзіндісі мен шығыс поэмалары «Шахнамэ» және «Мың бір
түн» әкелді.
Октябрь кезеңіне дейін Жамбылдың айтыстары мен өлеңдері сақталмады, ұрпақтан
ұрпаққа ауызша беріліп отырған. Олардың кейбір бөліктері ғана қалған. Олардың
ішіндегі аса танымалдары: «Менің әкеме», «Шабданға», «Шалтабайға», «Қалиге»
т.б.
1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бірге болып,
көтеріліске белсенді қатысады. Ақын өз өлеңдерімен көтеріліске қатысушыларды
патша режиміне қарсы тұруға шақырды. Осы жылдары Жамбыл «Зілді бұйрық»,
«Патша әмірі таралды» атты өлең-жырларын шығарды.
Жамбыл 1917 жылғы қазан төңкерісінен куәгері болып, қазақ халқы өмірінің барлық
жағынан жаңаруын өз көзімен көрді.
1919 жылы Жамбыл Жетісу ақындарының слётына қатысты. 1934 жылы Жамбыл
халық өнерпаздарының I республикалық съездіне қатысып, нағыз халық ақыны
екендігін дәлелдейді. 1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігі өткізілді.
1938 жылы Жамбыл шығармашылығының 75 жылдығына орай оған құттықтауларды
сол кездегі танымал жазушылар мен Р.Роллан, К.Причард, М.Шолохов жіберді.
Ұлы Отан соғыс жылдары кезінде шығарылған «Мәскеу» және тағы да басқа
өлеңдері жеңіске жетуге көп үлес қосты. Соғыс жылдарында Жамбыл жалынды,
өткір өлеңдерімен халқымызды бейбіт елімізге тұтқиылдан тиген жаудан кек алуға
жігерлендірді.
Өмірдің соңғы жылдарында жиі науқастанған Жамбыл 100 жасқа аяқ басқанда,
1945 жылы 22- маусымда қайтыс болды.
Жамбыл Жабаев өлеңдері қазақ поэзиясының дамуына көп үлес қосқан.
Хронологиялық кесте
№ жылдар оқиғалар өлеңдері
1. 1846 Жамбыл дүниеге
келді.
2. 1916 Жамбыл көтеріліске “Зілді бұйрық”,
қатысады. “Патша әмірі
таралды”.
3. 1917 Қазан төнкерісінің “Менің әкеме”,
куәгері болды “Шабданға”,
“Шалтабайға”,
“Қалиге”
4. 1919 Жетісу ақындарының
слетына қатысты
5. 1934 1 Республикалық
слетіне қатысты
6. 1936 Мәскеуде қазақ “Мәскеу”
өнерінің онкүндігі
өткізілді
7. 1938 Ромен Роллан мен М.
Шолохов 75
жылдығымен
құттықтады
8. 1945 Қайтыс болды
• Оқулықтан 1 шумақты
мәнерлеп оқу.
«Егер біз Жамбыл
даналығын тәу етіп,
ұлылығын ұлағат
тұтып жатсақ, оның
басты себебі Жамбыл
арманының
адамзаттық арман
аңсарымен ұласып
жатқандығында.
Сондықтан да
қазақтың Жамбылына
адамзаттың Жамбылы
ретінде құрмет
көрсетіп, өлмес
рухының алдында
басымызды иеміз»
Н.Ә.Назарбаев
Сұрақ-жауап
Жамбыл қай жылы туған?
Өлең қай кезде жазылған?
Қандай Жамбылдың өлеңдерін
білесіңдер?
Жамбыл Жабаевтың өлеңдері қазақ
поэзиясының дамуына қандай үлес
қосқан?
Сабақта қандай жаңа сөздерді білдіңдер?
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жамбыл
туралы не деді?
Не
Не білгім
білдім? келеді
?
Не
білемін?
ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒ
А
РАҚМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz