Жоғалып бара жатқан балықтар мен құстар
Презентация қосу
Жоғалып бара
жатқан
балықтар мен
құстар
Белгілі ғалым, профессор А.Б.Бекеновтың
айтуына қарағанда 70-80 жылдары Іле-Балқаш
аймағының табиғаты Қазақстан бойынша ең
бай өлке саналған. Мұнда омыртқалылардың
ғана 345 түрі тіршілік еткен деседі. Оның 20
сүт қоректілер де, 200 құс, 20 балық
түрлерімен қоса бірнеше мыңдаған
омыртқасыздар болған екен. Болған екен
деуіміздің қарапайым оқырманға түсінікті
шығар. Себебі жоғарыда айтылған аңдар мен
құстардың азшылыққа айналып, "Қызыл
кітапқа" еніп, құрып кетуден сақталуда.
Балқаш алабұғасы
Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұл түрі "Қызыл кітапқа" енгізілген.
Таралу аймағы Балқаш —Іле бассейнінің жазықтағы өзендері мен су қоймалары.
Орталық және Солтүстік Қазақстанның, Өзбекстанның су тоғандарына кездейсоқ
таратылған. Мұнда олар кәдімгі алабұғамен араласып кетті. Су өсімдіктері көп өсетін
аймаққа жылдам көндігеді.
1965-1966 жылдары оның ауға түсу көлемі Балқаш көлінде ондаған тоннаға азайып
кетті, кейін мүлде жоғалды. Су толтырылған алғашқы жылдары Қапшағай су
қоймасында өте көп болатын. Кейін ихтиофауна қатарынан мүлде шығып қалды. Қазір
Күрті және Сазталғар су қоймаларында, Кіші Алматы өзенінде аздап сақталған. Аягөз
езенінде және Балқаш өзенінің төменгі саласында аздап кездеседі. Алакөл
көлдеріндегі саны мүлде азайып барады. Азаюына көксерке, жайын және ақмарқа
сияқты жыртқыш балықтарды акклиматизациялау, гидрологиялык режимнің бүлінуі
себеп болды.
Биологиялық ерекшелігі: жылдам өсетін жыртқыш және баяу есетін болып екі
экологиялық түрге бөлінеді. Дене ұзындығы 50 см, салмағы 1,5 кг дейін жетеді.
Өмірінің ұзақтығы —18 жыл.
Іле маринкасы
Эндемиялық таралым. Жоғалудың аз алдында тұр. Таралу аймағы.
Балқаш көлінің батыс бөлігі мен Іле өзені. Мұндай түрі Іле, Қаратал, Лепсі.
Саны көп болған емес. Барлық ауланымның үш пайызы көлемінде ғана.
Соңғы рет 1977 жылы Қапшағай су қоймасынан ұсталғаны туралы
жазылған. Одан кейін дерек жоқ. Азайып кетуіне себеп болған жайлар:
Іле өзенінің ағысын реттеу, браконьерлік. Сол сияқты көксерке және жайын,
тағы басқа жыртқыш балықтарды Балқаш көліне бейімдеу.
Биологиялық ерекшелігі, Ұзындығы 100 см дейін, салмағы 12 кг дейін
барады. 3-5 жылға жетіліп, уылдырық шаша бастайды. Су өсімдіктерімен,
личинкаларымен, су жәндіктерімен, ұсақ балықтармен қоректенеді. Ірілері
жыртқыш болады. Өмірінің үзақтығы -17-19 жыл.
Сұр тырна
Тырнаның бұл түрі соңғы жылдары күрт
азайып Қазақстанның сулы-батпақты
аймақтарында көптеп кездессе, Шығыс және
Оңтүстік шығыс Қазакстанда, сондай-ақ
Шудың оңтүстік батысында мол тараған. Ұя
салуға батпақты, қамысты, сызды жерлерді
таңдайды. Бұдан 30 жыл бұрын Солтүстік
Қазақстан аймағында таралымы жақсы
болатын. 1962 жылдары Павлодар
облысының Селета өзенінің аңғарында 3
мыңнан 5 мыңға дейін кездесетін. Ал 70-80
жылдардан бастап, сұр тырнаның саны
азайып кетті. Қазіргі кезде Шу, Іле өзендерінің
аңғарында ұя басарларының аздаған жұбы
кездеседі. Соңғы жылдары Қазақстанның
оңтүстік аймағында бірнеше ондаған жұбы
аракідік кездеседі. қанша қалғаны белгісіз.
Сұр тырна әдетте екі жұмыртқа салады, үш
жұмыртқа салуы сирек кездеседі.
Жұмыртқасын аталығы да, аналығы да
кезектесіп басады.
Дуадақ
Жоғалып кетуіне қауіп төнген.
Таралу аймағы Солтүстік Батыс Африка
даласында және Евразияда. Қазақстанның
далалық және орманды өлкесінде кездеседі.
Қазақстанда тың жерді игеру салдарынан табиғи
жайылым алқабынан ығысып кеткен. Жайылымы.
Ашық далалы жерлер. Батыс және Шығыс
Қазақстан аймағында үя сала бастаған. Сонуы
30 жыл ішінде саны 5-10 ретке дейін азайған.
Азайып кетуіне себеп болған жайлар: Тың және
тыңайған жерлерді игеруге байланысты
химиялық тыңайтқыштардың егіс даласына
қолдану әсері табиғи режимнің бұзылуы,
браконьерлік. Дуадақ қыста жылы жаққа
қайтады, жайлы уақыттарда қыстап қалуы да
ықтимал. Көктем шыға оралатын кезІ наурыз,
сәуір айлары. Қайтатын мезгілі қараша, қазан
айлары. Жұмыртқа салатын уақыты сәуір, мамыр
айлары. Дуадақ әдетте 2-3 жүмыртқа басады.
Жұмыртқаны аналығы 21-28 тәулік шайқайды.
Балапандары 35 күнде қанаттанып, ез бетімен
қоңыз, тік қанатты жәндіктерді теріп жейді. Қыста
өсімдік дәнін азық етеді.
Қара құтан
Сирек кездеседі.
Таралу аймағы Еуразияның орманды, таулы алқаптарында, Оңтустік
Африкада, Қазақстанда — Кент тауларында, Ұлытауда, Батыс жəне
Солтүстік Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауында, Алтайда кездесіп қалады.
Көбіне таудың жақпар тастарында, жазықтағы жəне тау алқабындағы
ормандарда болады.
Саны онша көп емес. Кейбір деректерге қарағанда Қазақстанда 150 жұп
қана бар. Оның ішінде Орталық аймаққа бес жұп қана келеді.
Азайып кету себептері зерттелмеген. Негізінен кейбір аудандардың жерін
интенсивті игеріп, ұясын бұзу, батпақты аймақты құрғату себеп болған
сияқты.
Биологиялық ерекшелігі. Жыл құсы. Үндістанға барып қыстайды. Нау-
рыз-сəуір айларында қайтып келеді. Ағаштың бұталарынан балшықпен
бекітіп ағаштың басына, жартасқа үя жасайды. Оған 2-6 жұмыртқа
салады.
Оны 32-38 күнде басып шығарады. Балапандар 60 .күнде ұшады. Күзде
қазан айының басына дейін оңтүстікке қайтып кетеді. Негізінен ұсақ
балықпен, қосмекендермен, кесірткімен, ірі жəндіктермен қоректенеді.
Марқакөл жəне Ақсу-Жабағылы қорықтарында қамқорлыққа алынған
Дереккөзі: Жансыбай, С. Жоғалып бара жатқан
балықтар мен құстар[Мәтін] /С.Жанысбай // Орталық
Қазақстан.-2001.-16 мамыр
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz