Сүйекті балықтар класы


Slide 1

КӨҢІЛ КҮЙІҢ ҚАНДАЙ?

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

Slide 2

1. Балықтарға жалпы сипаттама?

2. Омыртқалыларға қандай жануарлар жатады?

3. Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады?

4. Омыртқалылар қандай белгілеріне қарап салқынқандылар және жылықандылар деп бөлінеді?

5. Балықтардың денесінде қандай жүзбеқанаттар болады?

6. Шеміршекте балықтар қандай класс тармақтарына бөлінеді?

7. Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына тән белгілерді атаңдар?

8. Шеміршекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?

9. Шеміршекті балықтардың асқорыту жүйесін сипаттаңдар?

Кім білгір?

Slide 3

Сүйекті балықтар

класы

Slide 4

Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақсүйектерде және т. б

сүйектерде де,

тістері бар.

Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзек болады. Оларда алғашрет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының қүрылысы шемір шекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы ми - шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу. Көзінің құрылысы шеміршекті балықтарға ұқсас. Есту мүшесі де тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бірімен-бірі түрліше дыбыстар шығару арқылы байланыс жасайды. Дыбыстарды қабылдайтын; балықтар тіршілігінде маңызы зор.

Slide 5

Сүйекті балықтар (лат. Osteichthyes) - омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы. Дене ұзындығы 0, 7-1, 1 см, ден 5-7 м дейін, салмағы 1, 5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті, (цикпоидтық, немесе ктеноидтық) . Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар.

Slide 6

Сүйекті балықтардың ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, жұтқыншаққа жалғасады, ол өңешке ашылады. Өңеш қарынға - қарын аш ішекке, ол тоқ ішекке ашылады. Тоқ ішек аналь тесігімен сыртқа ашалыды. Бауыр мен ұйқы бездің өт және сөл жүретін жолы аш ішекке ашылып, қорек қорытылады. Кенеулі заттар қабырғалары арқылы қанға өтіп бүкіл денеге таратылады.

Slide 7

Сүйекті балықтардың денесінде бір шеңберлі тұйық қанайналым жұйесі бар. Жүректері екі камералы құлақшадан және қарыншадан. Қарынша қабырғасы қалың, құлақшаныкі - жұқа. Жүрекке көмір қышқыл газына қаныққан қан әкелетін тамыр- көк тамыр, ал жүректен оттегіне қанныққан шығаратын тамыр сала тамыр. Жүректің құлақшасы жиырылған кезде көк тамыр қаны қарыншаға өтіп, ал қарынша жиылған кезде құрсақ қолқасына өтеді.

Slide 8

Сүйекті балықтардың

2 класс тармағы бар

Сәулеқанатты

балықтар

Қалаққанатты

балықтар

Қостынысты

балықтар

Саусаққанатты

балықтар

Slide 9

Еуразия мен Солтүстік Америкада тіршілік етеді

Біздің елде мекендейтін түрлері:

Каспий теңізінде - Орыс, Парсы бекірелері, шоқыр (севрюга), пілмай (шип), қортпа (белуга)

Арал теңізінде - пілмай (шип)

Сырдарияда - Сырдария тасбекіресі (лопатонос)

Ертісте - сібір бекіресі

Жайықта - Парсы бекіресі мен сүйрік (стерлядь)

Ұзындығы - 3м.

Салмағы - 200кг.

Бекіре балық түрлерінің басымы көктемде

теңізден өзендерге уылдырық шашуға шығады

Бекіре

(Осётр - Acipenser)

16 ірі балықтар түрі кіреді

Бекіренің кей түрлері

қыста өзендерді мекендейді

Slide 10

Қортпа

(Белуга - Huso huso)

Ұзындығы - 2-3м дейін

Салмағы - шамамен 1350кг

Қортпа - тұщы суда кездесетін ең ірі балық

Бекіре балықтарына

су түбінде қоректену тән

Slide 11

. Сәулеқанатты балықтар.

Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90%-дай астамы осы топқа жатады. Дүние жүзінің түрлі су айдындарында кеңінен таралған және олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті қабыршақтары денесіне жапсарласа орналасқан. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы тең, торсылдат бар, қаңқасы негізінен сүйектен тұрады. Сәулеқанатты балықтардың кәсіптік мәні бар басты отрядтарына ғана тоқталамыз.

Slide 12

2. Қалаққанатты балықтар.

Бұған қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады. Қостынысты балықтар. Олар желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады. Құрғақшылық мезгілде суы тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Дене пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30 сантиметрден 2 метрге дейін жетелі. Жұп жүзбеқанаттары нашар дамыған. Олар Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі.

Slide 13

Қостынысты балықтар.

Желбезекпен әрі өкпемен тыныс алады. Бұл балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Дене пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30см-ден 2 м жетеді. Олар Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі.

Slide 14

Саусаққанатты балықтар.

Латимерия.

Бұл балықтар ерте заманда кеңінен таралып, кейін жойылып кеткен. Қазіргі кезде оның бір ғана - латимерия деген түрі сақталған. Ғалымдардың пікірі бойынша, қүрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердің арғы тегі, осы саусаққанатты балықтар. 1938 жылы Үнді мұхитының Африка жағалауынан латимерия алғаш рет ауға түсті. Саны аз болғандықтан, ауға өте сирек түседі. Латимерия - аузында өткір тістері бар жыртқыш балық. Денесінде желі өмір бойы сақталады. Үлкен өкпесі күрделі өзгеріске ұшырап, майлы мүшеге айналған. Ішкі танау тесігі болмағандықтан, атмосфералық ауамен тыныс ала алмайды. Жұп жүзбеқанаттары еті мол жалпақ қалаққа айналған. Жүзбеқанаттарының қаңқасы бес саусақты аяқтарға ұқсас Майшабақтәріздестер отряды. Көпшілік түрлері теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Майшабақтардың Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған түрі - Мұхит майшабағы. Сардинка (Қиыр Шығыс теңіздерінде), қылқа (килька) (Балтық, Қара теңіз дерінде), түлкібалық (тюлька) (Каспий, Қара теңіздерінде) көптеп ау даналы. Каспийдің солтүстік аймағында, Жайық өзенінде кездесетін еділ майшабағы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Slide 15

Сүйекті

балықтардың

отрядтары

Майшабақтәріздестер

Албырттәріздестер

Сетінектер

Көзауықтар

Тұқытәріздестер

Slide 16

Майшабақтәрізділер отряды

Түлкібалық

Еділ майшабағы

қылқа

(килька)

Теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Майшабақтардың солтүстік

Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған түрі мұхит майшабағы.

Жайық өзенінде кездесетіні еділ майшабағы. Қазақстанның

Қызыл кітабына 1996 жылы тіркелген.

Slide 17

Албырттәріздестер отряды. Дене тұрқы орташа, ірі балықтар (жеңсік албырт) . Олар құйрық бөлімше жақын орналасқан майлы жүзбеқанаты арқылы басқа балықтардан бірден ажыратады. Бұлардың көпшілік түрлері өрістегіш балықтар. Албырттар Қиыр Шығыс теңіздерін де көптеп кездеседі. Уылдырық шашу үшін Амур өзеніне көтеріл еді. Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып, өледі. Оған кета, нерпа, құнысбалық, т. б. балықтар жатады. Албырт балықтарынан қызыл уылдырық алынады. Бұған таулы алқаптың өзен-көлдерінде кездесетін, бахтах (форель) балығы да жатады. Еті өте дәмді болғандықтан, оны кейде "патша балығы’’ деп атайды. Каспий және аралалбырттары деген түрлерінің саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Slide 18

Албырттәрізділер отряды

Семга Кета Сиг Форель

Хариус

Корюшка

Горбуша

Slide 19

ФОРЕЛЬ

(Форель - Salmo fario)

Ұзындығы - 1м дейін, жиі - 20-30 см,

Салмағы - 20кг, жиі - 1, 2кг

Форельдің түсі судың және су астының түсіне,

қоректенуі мен жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады.

Форель өте сүйкімді балық болып табылады

20 түрі кездеседі

Өкінішке орай форель жиі кемтар болады

(екі басты, альбиносты, гермафродитті)

Slide 20

Сетінектер отряды

Налим

Сетінек

Балықтың кептірілген еті сыртылдап, ыдырайтын болғандықтан

сетінек деп атаған. Еті, бауыр майы қымбат бағаланады.

Бауырынан балық майы алынады. Құрамында Д витамні мол.

Мешел ауруына қарсы ем ретінде қолданылады.

Slide 21

Көзауықтар отряды

Тілбейне Қалқан

Камбала

Тұлғасы жалпақ, теңіздің түбінде тіршілік етеді. Оларды темір аулар

салып аулайды. Соңғы жылдары Арал балықшылары тілбейнені

аулап, табыс көзіне айналдыруда.

Slide 22

Тұқытәріздестер отряды

Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін аққайран, мөңке, қаракөз, табан, ақмарқа, қаяз балықтары жатады.

Тұқы, мөңке балықтарын қолдан жасаған тоған суларда өсіру тиімді әрі пайдалы. Қазақстанның су айдындарында 180-ге жуық түрлері кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. (1996)

Slide 23

Алтын мөңке

Күміс мөңке

Алтын балық

Алтын мөңке мен күміс мөңкенің сыртқы пішіндері ұқсас

Кейде бір су қоймасында тіршілік етіп, гибридтері пайда болады

Мөңке

(Карась-Carassius)

Мөңке

өте өміршең балық болып келеді

Slide 24

Алтын мөңке

(Золотой карась - Carassius carassius carassius)

Ұзындығы - 50см

Салмағы - 3кг

Орталық Еуропадан Лена өзеніне дейін кездеседі

Алтын мөңкенің басы әрдайым дөңгелене келеді,

ал күміс мөңкенің басы жиі сүйірлеу болады

Алтын мөңкелердің жетілу кезінде

құйрық қанатының алдында дақ болады.

Жетіле келе дақ жоғалады,

ал күміс мөңкеде ол дақ мүлдем болмайды

Slide 25

Күміс мөңке

(Серебряный карась - Carassius auratus gibelio)

Ұзындығы - 40см, кейде - 60см

Салмағы - 2кг, кейде - 7кг

тіршілік етуі - 10-12 жыл

Бастапқыда Тынық мұхит, Сібір және Арал теңізі бассейніндерінде,

кейін жасанды түрде Еуропа мен Сібір

су қоймаларында жерсіндірілген

Күміс мөңкенің негізінде ХІ ғ. Қытайда жасанды түрде

алтын балық және басқа түрлер пайда болды

Slide 26

Түрлеріне байланысты

ұзындығы - 20см - 1м

15 жылға дейін тіршілік етеді.

90 түрі кездеседі

Теңіз алабұғалары

т ірідей туатын балық түрлеріне жатады

Теңіз алабұғасы

өзен алабұғасымен ұқсас болғанымен

дене пішінімен өзгеше болып келеді

Теңіз алабұғаларының жас ұрпақтарына жолақтылық тән, бірақ


Ұқсас жұмыстар
Шеміршекті балықтар Сүйекті балықтар
КЛАСС ТАРМАҒЫ
Сүйекті балықтардың жіктелуі
Шеміршекті және сүйекті балықтар класы
Сауытты балық
Сүйекті балықтар қаңқасы
Сүйекті балықтар
Омыртқалы жануарларға сипаттама
Сүйекті балықтардың отрядтары
Шеміршекті балықтардың қазіргі кезде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz