Достық дегеніміз не?




Презентация қосу
Достық
дегеніміз не?

Орындаған: Асаубаева А.
Тобы: Е – 419
Тексерген: Жакпарова
Г.А.
Дүниедегі ең ұлы сезімдерді ң бірі – достық. Әр
Ұлы сезім

адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан
дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып,
қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді.
Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны
досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап,
шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға
жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен түсінік,
адамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары
болуы тиіс.
Достық – бірін-бірі
ұғысып, түсінісетін
адамдар арасында
ғана қалыптасады.
Дос туралы
жырламаған ақын,
айтпаған әнші жоқ.
«Жүз теңген
болғанша, жүз досың
болғаны артық»
деген мақал тегін
айтылмаған.
Шынында да жүз
досың болғанға не
жетсін.
Достықтың қанша түрі бар?
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен
кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге
замандастары:
– Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда
Әйтімбет шешен:
– Достың екі түрі болады. Бірі – адал достық,
екіншісі – амал достық, – дейді.
– Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз?
– дегендерге:
– Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал
достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап
берген екен Әйтімбет шешен.
Достық – адам өмірінің өзегі. Өз жақын досы ңа
көмектесу – парыз. Дана Абай да достық туралы:
– Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан бәрі тұл,
Доссыз ауыз тұщымас, – деп жырлады.
Бұл даналар сөзі келер ұрпаққа үлгі болары
күмәнсіз.
Сенім керек алдымен
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне
сенуінен басталады. Ол артқан сайын,
достық та қатая түспек. Ал бір-біріне сенімі
жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар
да бар. Бірақ ол жалған достық, бірде бар,
бірде жоқ. Мен осы кішкентай ғана
өмірімде талай жанмен дос болып көрдім.
Және талайының мінезін де аңғарғам.
Арам дос та, адал дос та кездесті. Бірақ
мен мақтан тұта алатындай, сенімді әрі
кеңпейілді досым болғанына қуанам. Оған
сенемін және білем. Досыма қиын
жағдайда қол ұшын берем, әрине, ол да
маған қиын кезде көмектесуге даяр.
Осындай сенімді жан досымды мақтан
етем!
Менің жан достарым
Менің достарым көп. Арамыздан қыл өтпейді.
Достық – таразыға тартылмайтын, ақшаға сатып ала
алмайтын, теңдесі жоқ байлық. Ол байлық әрбір
адамда болуы тиіс. Ол болмаса, бұл өмірдің қызығы
да, мәні де жоқ. Достық ұғымы өте кең. Дос –
қиналғанда да, қуанғанда да бөлісер өмірлік тірегің.
Менің сүйенішім, тірегім болып, бала кезден бірге
оқып, сырымызды да, жырымызды да бірге айтып,
керек кезде жанымнан табылған жан достарым өте
көп.
Назарларынызға
рахмет

Ұқсас жұмыстар
Халықтың асыл қасиеті, 4 сынып
ДОС ТУРАЛЫ СЫР
Адам өз өмірінің суретшісі
Жақсы дос
Ассамблеяның мақсаты - Республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларды болжау
ДОС
АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ДОСТЫҚТЫҢ МӘНІ
Адам өміріндегі достықтың орны
Халықтық педагогика
Балаға кім сыншы
Пәндер