қылтанақсыз арпабас



Орындаған: Омарова Алуа
Топ: АГ - 213
Тексерген: Сагандыков С. Н
Қызылот, қылтанақсыз арпабас - Костер безостый (Bromus inermis Leyss)

жоспар
Жоспар
КІРІСПЕ
1. 1 Қызылот арпабас өсімдігіне қысқаша сипаттама
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Қызылот арпабасты отырғызудағы еркшеліктер
2. 2 Қызылот арпабастың көбеюі
2. 3 Қызылот арпабасты өсіру ерекшеліктері
2. 4 Түрлері
2. 5 Таралған жерлері
2. 6 Маңызды қасиеттері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Бұл көп жылдық шөптік астық тұқымдас өсімдік. Өткен ғасырдың ортасында дақылға енгізілген. Қазір кең тараған астықтұқымдас азықтық өсімдіктердің бірі болып саналады. Ең алғаш рет қызылот арпабасты зерттеген Фридрих Вильгельм Фон Ляйссер болатын (1761 жыл)

Қызылот арпабас өсімдігіне қысқаша сипаттама
Қызылот жапырақтары мол, биіктігі 80-150 см өсімдік. Сабақтары тіке, түп жағы жоғары көтеріңкі, шамамен ұзындығының үштен екісі жапырақтанған. Төменгі қынабы бекітулі, оның ерекшелік сипатын құрайды, кейде азды-көпті бұдырлы болып кездеседі. Жапырақтары тегіс, ені 6-20 мм дейін кең ұзындықта болады. Тілшігі қысқа, жіңішке тісті шеттері мұқалыңқыраған, қынап шеттері сыналанған және бекітілген. Жапырақтарының түсі күңгірт, сұр жасыл болып келеді.

Гүл шоғы - 10-15 см ұзын, ірі тіке тұрған сыпырығыш сияқты. Олар ұзын немесе жіңішке бұташықтан тұрады, ұштарына таман масақшалары шығады. Төменгі бұташықтары желіден 3-7 немесе 5-тен жиі болып бөлінеді. Төменгі бұташықтары 2-ден
бөлінетін субетегеден өзгешелігі масақтары көпгүлді (5-12), ұзындығы 1, 5-3, 0 см, қияқты, жоғарғы ұшына қарай нашар жіңішкерген, солғын жасыл немесе сұр ақшыл көк түсті. Төменгі гүлдік қабығы қылтанақсыз. Гүлдену кезінде тозаңдықтары сыртқа шығады және айқын қызғылт сары түске боялады. Тұқымдары ірі, ұзындығы 8-12 мм, ені 2, 5-3 мм. Жасыл сұр немесе қоңыр түсті, 1000 тұқымның салмағы 3, 5 грамнан аспайды.

Түптенуі бойынша қызылот тамырсабақты астық тұқымдастарға жатады, тамырсабақтарында
бірнеше түйінаралықтары бар, түйіндерден қосалқы тамырлар тарайды. Тамырсабақтың
түйіндерінін топырақ бетіне шығатын тік өскен өркендері жаңа өсімдіктің бастауын береді.
Тамырсабақтардың топыраққа тереңдеуі өсімдіктердің тобына байланысты болады. Шалғындықта олар топырақ бетінен 8-10 см тереңдікте, ал далалықта 15-20 см тереңдікте жатады. Қызылот қолайлы жағдайда өз-өзінен көбею қабілетіне ие. Осы жағдайда қуаңшылыққа төзімді 2 м тереңдікке кететін шашақты тамыр жүйесі болады

ҚЫЗЫЛОТ АРПАБАСТЫ ОТЫРҒЫЗУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Бұл өсімдіктің тұқымын отырғызбастан бұрын ол ауа термиялық өңдеуді қажет етеді, ол 5 -10 күн ішінде жүргізіледі. Одан кейін бактериялар мен көгеруге төтеп беруі үшін арнайы қоспалар мен өңделеді. Көбінесе қызылот арапабасты көктемде көктемгі дақылдармен, күзде күзгі дақылдармен егеді. Егерде арпабасты тұқымға еккен болса, қатар аралығын 60- 70 см етіп алады. Бірініші көктеулер сәуірдің аяғы мамырдың басында пайда болады. Ал маусымда арапабас гүлдей бастайды. Мал азықтық жемшөп ретінде егілген арпабасты люцерна және еркекшөппен бірге егуге болады. Жемшөптік дақылдар ретінде арпабастың алатын орны ерекше, себебі 100 кг дайын шөпте 57 азықтық бірлікке тең болады, , бұл массасы құрамында шамамен 6 кг ақуыз құны кездеседі. Қызылот арпабастың түсім мөлшері сепкеннен кейін 2-3 жылдан соң арта түседі. Қазіргі таңда сорттарды аудандастыру жұмыстары көптеп жүргізіліп жатыр. Арпабас қолайлыз климаты бар аудандарда өсуі үлкен пайда болып табылады.

ҚЫЗЫЛОТ АРПАБАСТЫҢ КӨБЕЮІ
Қызылот арпабас өзінің жақсы дамыған, мықты тамыры арқылы таралады, кейін ол бірден өсе келіп жаңа алқапты толығымен қамтиды. Жас тамырлар балғын өскіндер беріп, содан кейін сабақтары, жапырақтары мен ілгектері бар жас өсімдіктер өсіп шығады. Көбеюінің осындай формасына байланыс біз бұл өсімдікті мықты әрі әр түрлі климат жағдайларына төзімді өсімдік деп айта аламыз.

Табиғатта қызылот арпабас құмды және құмдақ топырақты таңдайды, яғни ол қышқылдылығы жоғары топырақ та немесе шымтезек топырақтарда өсе алмайды. Бұл өсімдік өзінің мықты тамыр жүйесінің арқасында құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Ірі өзен жағалаулары бұл өсімдікке қолайлы жер болып табылады, сонымен қоса қызылот арпабас құрғатылған батбақтарда жақсы өседі.
ҚЫЗЫЛОТ АРПАБАСТЫ ӨСІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қызылот қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларына икемді. Оны шалғындық (солтүстік) немесе далалық (оңтүстік) пішендік деп бөледі. Шалғындық тобы жоғары өнімділігімен, жапырақтануының . Далалық тобы өнімділігі мен азықтық құнары жағынан жоғарыдағы топтан төмен, жапырақтануы аздау және қаттылау, жапырақтары күшті балауызбен жабылған. Отырғызуға арналған, ең көп таралғансорттары:Козаровицкий. Полтавский30. Вышгородский.
Днепровский және т. б
ҚЫЗЫЛОТ АРПАБАС ТҮРЛЕРІ

Австрия
Таралған жерлері
Армения
Германия
Италия
Польша
Белоруссия
Россия
Қытай
Қырғыстан
Турция
Солтүстік Америка
Қазақстан

Маңызды қасиеттері
Аязға төзімді. Бұл өсімдіктің тамыры қар астында ешбір қиындықсыз қыстап шығады, көптеген қатты аяздардың болуы да бұл өсімдікті жоя алмайды. Қар кетіп, ауа температурасы жжоғарлаған кезде - ақ қызылот арпабас бірден бұрынғы жеріне таралып, өсіп шыға келеді.
Судың шамадан шыс болуына да төтеп бере алады. Егер де су бір жерде тапжылмай 60 күн тұрған жағдай да бұл өсімдік өзінің өсуін тоқтатпайды. Керісінше кейін су кете салысымен өсімдіктің жас тамырлары бірден көктей бастайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz