Ағынды суларды тазарту


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

АҒынды суларды алдын ала тазарту

Орындаған: Ашкенова З. Н

Топ: БТ-201

Тексерген: Кабденова А. Т

Slide 2

Жоспар

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім:

ҚОРЫТЫНДЫ

Slide 3

Кіріспе

Ағынды су деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы баска ағындылар) арқылы өткен су. Ағынды су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі.

Slide 4

Құрамы мен пайда болған түріне байланысты ағынды сулар үш негізгі категорияға бөлінеді:

Slide 5

1. Ағынды суларды тазалау әдістері.

Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен табиғи ресурс ретінде тиімді пайдалану мақсатында қайтарылып қолдану үшін ағынды су құрамындағы ластағыш заттардың түрі мен мөлшеріне қарай әртүрлі әдіспен тазаланылады.

Slide 6

Өнеркәсіп ақаба суларын тазалайтын әдістердің топтастырылуы.

Slide 7

2. Механикалық тазалау әдісі

Механикалық әдісте ағынды судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын заттектерді тұндырғыш сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп, немесе әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды, електерді, гидроциклондарды, т. б. ) қолданып, ал беттік ластағыштарды - мұнайұстағыш, май мен смола аулағыш жабдықтар мен материалдарды пайдалану арқылы жояды.

Slide 8 Slide 9

Тұндырғыштар

Ағынды судың улылығын азайтуға кеңінен тұндырғыштар немесе тұндырғыш шұңқырлар (алап немесе құйғын) пайдаланылады. Тұндырғыш ғимараттарында ағынды сулардан түпке тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектер гравитациялық жіктеу негізінде бөлінеді.

Бірінші реттік тұндырғыштар ағынды суларды биологиялық тазарту ғимараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады.

Slide 10

Вертикалдық және диагоналдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 10-15 мың текше метрге дейінгі, ал горизонталдық 10-15 мың текше метр, радиалдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20 мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады.

Slide 11

Ағынды суды механикалық тазалау сұлбасы

Slide 12

3. Ағынды суды химиялық тазалау әдісі

Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялык қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агентгерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады.

Slide 13

Өнеркәсіпте ағынды суды химиялық тазалау

Slide 14

Нейтралдау процесі

Нейтралдау процесін кұрамында қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рН мағынасын 6, 5 - 8, 5 аралыққа келтіру мақсатында қолданады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады.

Slide 15

Тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары

Тотықтандыру процесі ағынды суындағы улы қоспаларды (цианидтерді, мышьяктің еритін қосылыстарын және т. б. ) басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ағынды суды тазалау үшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйылтылған хлор, ауа оттегі, озон, гипохлорит, сутек тотығы, калий перманганаты және басқа реагенттер пайдаланылады.

Slide 16

Физико-химиялық әдістер

Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзіңде пайдаланылатын физикалық-химиялық әдістерге - каогуляция, флотация, электролиттік ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация, эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялық тәсілдер (электролиз, электро-каогуляция, электрофлотация, электродиализ), ультрадыбыспен суды өндеу, т. б. жатады. Бұл әдістер қатарымен жүретін физикалық және химиялық процестерге негізделген.

Slide 17

4. Биологиялық тазалау әдісі

Биологиялық жолмен ақаба суын тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қорректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер (биосүзбелер ретінде қалың өскен қамыс, қоға, т. б. ) қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады.

Slide 18

Ағынды суды тазалау үрдісі

Slide 19

Биологиялық тазалау сұлбасы

Slide 20

Биологиялық әдіс микроорганизмдердің қатысуымен екі процес жүреді:

Slide 21

Аэробты және анаэробты үрдістер

Аэробты процестерге активті лайда немесе биопленкада өсетін микроорганизмдер суда еріген оттекті пайдаланады. Олардың тіршілігіне оттектің тұрақты құйылуы мен 20 -30 °С шамасындағы температура қажет.

Анаэробты тазалау процесі оттектің кіруінсіз өтеді, бұл жерде жүретін негізгі процесс - лайдың ащуы. Осы әдістер ақаба суларда көп мөлшерде органикалық заттектер болғанда және тұнбаларды залалсыздандыруға қолданылады.

Slide 22

Ағынды судың биологиялық тазалануын табиғи жағдайда (суландырылатын жерде, биологиялық тоғандарда) және әртүрлі конструкциялық жасанды құрылыстарда - биосүзгіштерде, аэротенкалар мен окситенкаларда жүргізуге болады.

Slide 23

Биологиялық тазалау жүйесінің жұмыс істеу сұлбасы

Slide 24

5. Ағынды суды алдын ала залалсыздандыру

Ағынды суды биологиялық әдіспен тазалағанда ауру тудыратын бактериялардың 91 - 98%-ті ғана жойылады, с

ондықтан тазаланған ағынды

суларды су қоймаларына жіберудің алдында залалсыздандыру қажет.

Ағынды суды заласыздандыру үшін кеңінен қолданылатын әдістің бірі газ тәріздес хлормен немесе хлорлы әк

ертіндісімен хлорлау.

Бұл процесте екі сатылы реакция жүреді:

СІ2 + Н2О = НСІ + НОСІ

НОСI = НСІ+О

Реакция нәтижесінде бос атом күйінде түзілген оттек бактерия клеткаларының протоплазмасына кіретін зат


Ұқсас жұмыстар
Механикалық жолмен тазарту әдісі
Ағынды суларды тазарту әдістері
Ерекше өзендер
МЕХАНИКАЛЫҚ ӘДІС
БИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАРТУ СТАНЦИЯСЫ
АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ АЛДЫН АЛА ТАЗАРТУ
Энергетикалық кәсіпорындардың ағын сулары
Әдістің мәні
Микроорганизмдер колония санын анықтау
Теориялық зерттеудің негізі - отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық және эксперименттік жұмыстарын талдау және синтездеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz