Этносаралық келісім туралы ақпарат
Презентация қосу
СӨЖ тақырыбы:
Азаматтық.
Қазақстандық елжандылық
Этносаралық келісім.
Орындаған : Шәймерден Балнұр
Т - 413 топ
Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Паң далам - Қазақстаным!
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз - ағыстарын.
Қырандар қанатында даңқы кеткен
Ғазалым - таусылмайтын таза нұсқалы.
Ән далам - Қазақстаным!
Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған
боларсың.
Жан далам - Қазақстаным!
Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген!
Дарқандығын сезініп, еркін басып,
Өмір сүргім келеді, ұлы Елімде мен!
(Күләш Ахметова)
Кең далам - Қазақстаным!
Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен
берік құқықтық байланысы.
Мемлекетпен оның қарамағындағы
тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас
ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына
және бостандығына кепілдеме береді,
оларды шет елдерде қорғайды.
Азамат мемлекеттің орнатылған
заңдарын және мемлекетпен
орнатылған міндеттерді мүлтіксіз
орындауы қажет. Азаматтықты
алудың негізгі тәсілдері - туғанда
және натурализация ретімен беріледі
Азаматтық құқық – бұл
Қазақстан
Республикасындағы құқық
салаларының ішіндегі
азаматтар мен заңды тұлғалар,
мемлекет және оның
әкімшілік бөлінісінің
күнделікті өміріндегі
қызметімен тікелей
байланысты құқық
саласының бірі болып
табылады.
ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық –
құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың
бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан
Республикасының Конституциясына сүйенеді.
Көшпелі казак өркениетінде отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды.
Ежелгі түркі кагандыгы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел
билеушілерінің отаншылдық үлгісі көрініс тапкан. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер,
Ақтамберді, Бұқар жыраулар және 20 ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев,т.б. ұлт зиялылары мен
қайраткерлер отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді.
Әйтеке би «Өмірім халықтікі, өлімім гана өзімдікі» деп халыққа қызмет етудің,
отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында
отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды. Көптеген елдерде отаншылдық
халықтың өз ұлтының тілін, ділін, дінін берік сақтауымен және мақтан
тұтуымен тікелей байланыстырылды. Ғасырлар бойы басқа халықтарды басып-
жаншып, отарлық үстемдік жүргізген алпауыт мемлекеттерде ұлы державалық
патриотизм санасы мемлекеттік ұран ретінде насихатталған. Қазіргі батыс
зерттеушілері отаншылдық үғымы қоғамдық-саяси феномен ретінде ескіріп
тозды, маңызы жоқ деген пікірлер айтады.
“Патриотизм - адамның өз
туған жеріне, еліне, тіліне,
тарихына сүйіспеншілік
танытып, мақтаныш етуі және
құрметтеуі, елдің тұғырын
биіктетуге адал қызмет етуі,
Отанының құдіретін, өзінің
онымен рухани байланысын, елін
қорғауға даярлығын
танытатын қасиеті”.
«Өз бойымызда және
балаларымыздың бойында
жаңа қазақстандық
патриотизмді тәрбиелеуіміз керек.
Бұл ең алдымен елге және оның
игіліктеріне деген мақтаныш
сезімін ұялатады»
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
ы қ – Отаншылдық,
ан д ы л отан сүйгіштік,
Ұлт ж ім .
ы с е з патриотизм
Ұ л (грек, patris -
Отан) -
Өз ұлтын адамның
сүйіп, оның
мұңын
Отанына,
мұңдап, туған еліне,
жоғын оның тіліне,
жоқтайтын салт-дәстүрі
азамат қана мен
отаншыл мәдениетіне
болады.
деген
сүйіспеншілік
сезімі.
Отаншылдықтың қайнар көзі
-ұлттық белгілерді танудан бастау
алады!
Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі
— ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары
деңгейі екені даусыз.
Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси
тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. Күллі қазақстандықтардың
теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен ұлтаралы қ
татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай еліміздегі қаза қ
ұлты мен басқа этикалық топтардың мәдениетін, жан-жақты дамуын
қамтамасыз етудің маңызы зор.
Қазақстан –тарихи тағдыры ортақ
этностардан құралған унитарлы мемлекет.
Оларды ортақ құрылымның аясына
біріктірудің сара жолы –Қазақстан халқы
Ассамблеясы
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995
жылғы 1 наурызда Қазақстан
Республикасының Президентінің Жарлығымен
құрылған Мемлекет басшысы жанындағы
консультативті-кеңесші орган.
Мұндай институтты құру қажеттілігі
саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан
құрылған, тәуелсіз, полиэтносты,
поликонфессиялық мемлекеттің
тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған
еді. Аталған бастама мәдениет аралық
диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің
негізін қалап, этносаралық
қатынастарды дамыту мәселелерін
жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік
жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың
бағыт болып табылды.
Бұл бірегей институт еліміздегі
барлық этнос өкілдерін ортақ
мақсатқа ұйыстыра отырып,
республикадағы тұрақтылықты
сақтау мен ел дамуының
мақсатына айтулы үлес қосып
келеді.
Ассамблея қызметінің
арқасында Қазақстанда
этностық немесе діни
ерекшелігіне қарамастан әрбір
азаматтың Конституциямен
кепілдік берілген азаматтық
құқықтары мен еркіндігі
толығымен қолданылатын
этносаралық және
конфессияаралық келісімнің
айрықша үлгісі қалыптасты.
Қазақстанның көпэтностық
бай кеңістігінде сенім, келісім
мен өзара түсіністік үлгісі
орнады.
Жиырма жылдық тарихында Ассамблея
қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан
кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың
этносаралық толеранттылық және қоғамдық
келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.
Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық
ететін конституциялық орган болып табылады.
Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Сонымен қорыта айтарым, қазақстандық
патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға тән.
Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-
дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт
өкілдері өз ана тілімен қоса қазақтың тілін білуі
тиіс. Әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн
көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы,
оның негізін салып отырған қазақ ұлтына
сыйластық, оның заңдарында бас ию, рәміздеріне
құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану,
кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру
қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы
керек.
ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН
КӨПҰЛТТЫ ЕЛІМІЗДІҢ
БЕРЕКЕСІ АРТА БЕРСІН!
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының
Конституциясы.-Алматы.,1995 Н.
2. Назарбаев. «Тәуелсіздігіміздің бес
жылдығы» -Алматы., 1996
3. Қ. Д. Жоламан, А. Қ. Мұқтарова, А. Н.
Тәуекелов. Мемлекет және құқық
теориясы- Алматы., 1999
4. А.Сарсенбаев. Тәуелсіздік пен демократия
тұғыры. -Алматы., 1998
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz