Жасуша туралы мәліметтер


Slide 1

ЖАСУША

Орындаған: Мансұрова Әнел, БТ-407 тобы

Slide 2

Тірі ағзалардың ортақ белгісі - денесі жасушадан тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық бөлшегі - жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада үнемі түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. «Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р. Гук енгізген. Жасушаны зерттейтін ғылымды цитология деп атайды.

Slide 3

Жасуша құрамында: жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома кездеседі. Жасуша қабықшасы - жасуша сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, өте қатты, қалың ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша - жасунықтан (целлюлоза) тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін - саңылау деп атайды. Санылау арқылы бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзар су, газ, зат алмасады, байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді.

Slide 4

Ядро - хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Жоғары сатыдағы көптеген өсімдіктер, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында бір ядро бар. Қарапайымдар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің бірнеше ядросы болады. Ядроның диаметрі - 3-10 мкм. Оның екі жарғақшадан тұратын қабығы бар. Ядро жарғақшасының шұрықтары өте көп, сол шұрықтар арқылы ядро мен цитоплазма арасында заттардың белсенді тасымалы іске асады.

Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан Жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі.

Slide 5

Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр жасушада шамамен 1000-нан 1-ға дейін Рибосомалар болады. Диаметрі шамамен 20 нм-дей. Рибосомалар екі класқа бөлінеді: 70S және 80S. 70S Рибосома ядросы жоқ прокариоттар жасушаларында, ал 80S Р-лар эукариоттардың цитоплазмасында болады. 70S рибосомасының 60 - 65%-ы РНҚ және 35 - 40%-ы ақуыздан, ал 80S рибосомасының 50%-ы РНҚ-дан, 50%-ы ақуыздан құралады. Құрылымы жағынан Рибосомалар үлкен және кіші суббөліктерден тұрады. Рибосомалар цитоплазмада топтасып (5-70-тен) орналасып, полисомалар (полирибосома) түзеді.

Slide 6

Митохондрияларды 1952 жылы Палад пен Шестранд ашқан. Осы кезден бастап бұл органоидтар барлық тірі организмдердіқ (микроорганизмдердің өсімдіктер мен жануарлардың) клеткала-рынан табылған. Оларды көбінесе клетканың энергия орталықтары деп атайды.

Жануарлар мен өсімдіктердің (жалпы алғанда аэробты орга-низмдердің) тыныс алуының негізінде жататын органикалық зат-тардық тотығуы және оттегімен әрекеттесуі митохондрияларда өтеді. Митохондриялар пішіні мен өлшемдері женінен алуан түрлі болады, бұл клетканың әрбір типіне тән қасиет. Қызылша тамырында олардың түрі гантель тәрізді болады. Ал көпшілік жағдайда олар жұмыр пішінді болып келеді.

Slide 7

Эндоплазмалық тор (ЭТ) клеткадағы каналдар мен қуыстардан тұратын таралған тордан тұрады, заталмасуы қарқынды жүредi. ЭТ арқылы мембранадағы синтезделген заттар тасымалданады. Эндоплазмалық тордың орташа көлемi клетканың жалпы көлемiнiң 30-50% -ге дейiн құрайды. ЭТ мембранасының екi түрi бар: тегiс және бұдырлы. Тегiс мембранада май және көмiрсу алмасуына қатысатын ферменттi жүйелер орналасады. Мұндай мембраналар май бездерiнiң клеткаларында көп, ол жерде май синтезi жүредi, бауыр клеткаларында көп, ол жерде гликоген синтезi жүредi. Бұдырлы мембраналар қызметi - рибосомада жүретiн белок синтезi. Бұдырлы мембраналар биологиялық белсендi заттар гормондар түзушi бездi және жүйке клеткаларында көп.

Slide 8

Лизосомалар (грек. лизео - ерітемін, сома - дене) диаметрі 0, 4-0, 5 мкм болатын цитоплазмадағы ең ұсақ мембраналы денелер.

Лизосомаларды 1955 жылы биохимик ғалым Де Дюв ашқан. Осы органелланың құрамында 50-ге тарта түрлі гидролиттік ферменттер бар, ол ферменттер дезактивтелген күйде болады. Бұл ферменттердің молекулалары түйіршікті эндоплазмалық тордың рибосомаларында синтезделінеді де, тасымалдаушы көпіршіктермен Гольджи кешеніне тасымалданып, сол жерде модификацияланады. Гольджи кешенінің цистерналарының жетілген бетінен алғашқы лизосомалар бүршіктеніп бөлінеді.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
ЖАСУША ТЕОРИЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
Цитология - жасуша туралы ғылым
Клетка ең ұсақ тірі система, оның құрылысы және атқаратын қызметі
Биомембрана арқылы зат тасымалдау
Бірінші микроскопиялық кезең
Жасушаның молекулалық биологиясы
Клетка теориясы
Гистология даму тарихы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАСУШАЛАР МЕН ҰЛПАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Микроорганизм түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz