Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер жайлы ақпарат



Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер


Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екі немесе одан да көп компьютерлерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.

Компьютерлік желі дегеніміз - ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір - бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады. Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады

Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) - таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы. Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай - электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады. Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер - ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады. Мұндай масштабтағы желілер аппаратттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресуростарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.

Модем

Интернет - (ағылшынша Internet - желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы. Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьтерден құралған, біртұтас ақпараттық кеңістіктіИнтернет деп атайды. Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі аймақтық желілер телефон джелісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдік желілерді пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары:телефон, радио, релелік байланыс, талшықты - оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды серіктері арқылы байланыс т. б. қолданылады. Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден қабылданғандеректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді. Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Қорғану қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер бранмауэрлер деп аталады. Ауқымды желі немесе Интернет - адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі. Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 - жылдар басында АҚШ қорғаныс инистрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. 1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған ТСР/ІР хаттамася (протоколы) болды.


Жергілікті желі - саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет. Желілік адаптер - компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Коммутатор мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді. Сонымен, жергілікті желі дегеніміз - бір - бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер) . Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент - сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), яғни тең дәрежелі желі. Сервер - ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, ортақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстер және т. б. қамтылған ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Бір деңгейлі желіде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мағына сында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар ортақтастырылған желі ресуростарын бірден қолдана алады және ресуростарды бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі - онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ.

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір - бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар: 1. Шина - барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады. 2. Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады. 3. Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір - бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады. 4. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді. Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері: - ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдалнушының қандай да бір дерекпен жұмыс істеу; - бірнеше пайдалнушыны қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау; - электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы; - желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану; - Интернетке қосылу мүмкіндігі. Ортақ деректер базасының каталогі, желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлр тобының домен атауы болады. Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменнің деректер базасы каталогі домен бақылаушасында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады.

Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар
Компьютерлер желіге қосылғаннан кейін бірінші рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерг е желіден бірін - бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан басқа компьютерлерді анықтай алатын режімге ауысады. Мұндай механизмді IP - адрестеу (Automatic IP - addressing) деп аталады. Компьютерлердің бір - бірімен байланыс жасау ережесі желілік хаттама деп аталады. Хаттама (протокол) - екі компьютердің бір -бірімен қатынасуныңы формалды ережелерінің жиынтығы. Microsoft фирмасы мекеме ішінде жлімн жұмс істеу үшін TCP/IP қолдануды ұсынады. NetWare сервері бар жергілікті желілерде пакеттерді желі бөліктері және редиректор арасында маршрутизациялану мүмкіндігін беретін IPX/SPX (Intеrnet Packet Exchange/Sequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады. Microsoft Фирмасының 3Com компаниясымен бірігіп құрған Point - to - Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы Internet арқылы сенімді байланыс құру мүмкіндігін береді.

Электрондық пошта қызметі (E-mail) .
E-mail немесе электрондық почта - нақты абоненттерге желi арқылы хабарлар жiберу жолымен мәлiмет алмасу тәсiлi.
Басқа да байланыс қызмет түрлері сияқты, электрондық пошта қызметі программалар жұбы мен олардың өзара қарым-қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан программа-сервер, тұтынушы жағынанпрограмма-клиент жұмыс атқарады.
Электрондық поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген:
Шығатын хабарды жіберуге - SMTP (SMTP - Simple Mail Transfer Protocol - пошта жіберетін қарапайым хаттама) хаттамасымен;
Келіп түсетін корреспонденцияны қабылдауға - РОРЗ (Post Office Protocol 3 - протокол почтового отделения, версия 3) хаттамасымен жүргізіледі.


Электрондық пошта - бұл желіні пайдаланушылар арасында ақпаратты жіберу мен сақтау жүйесі; компьютердің көмегімен кез келген түрдегі хабарларды немесе баспасөз хабарларын беру.
Электронды поштамен жұмыс істегенде Off Line режімін пайдаланады.
Off Line бұл пайдаланушы онда Хост - машинамен байланыса алатын, поштаны және жаңалықтарды десте түрінде жіберіп ала алатын жұмыс режімі. Off Line режімінде пайдаланушының қосылуы оның өзін тіркеу де (пароль мен электрондық адрес берілуі) және сәйкес бағдарламалық жабдықтама орнату.
Электрондық пошта - бұл қазіргі тез, сенімді және үнемді абоненттер арасында құпия сақтау кепілдігімен ақпараттар алмасу құралдарының бірі болып саналады. Электрондық пошта жұмысының принциптері мынадай: Хост-машинаға қосылған әрбір абонентке (Интернеттің қандай да бір желіге кіретін машинасына және ол абонентке қызмет көрсететін провайдерге жататын) электрондық адрес және қатқыл дискіде орын - электрондық пошталық «жәшік» беріледі, оған қатынау пайдаланушының паролімен бұғатталады.
Электрондық адрес пайдаланушының желідегі орнын анықтау үшін қолданылады. Хост-машиналары хаттармен алмасуды автоматты режімде орындайды. Хост-машиналармен байланысуарқылы пайдаланушылар пошта алады, бұл кезде пайдаланушының компьютерінің қосылып тұруы міндетті емес. Электрондық поштаның көмегімен мәтіндік, графикалық ақпараттарды, кез келген көлемдегі файлдарды жіберуге болады. Шектеулер тек хост-машинамен пошта алмасу кезінде ғана қойылуы мүмкін. Бірақ отандық телефон желілері айтарлықтай шуыл дәрежесімен айырмашылықты болғандықтан, ақпаратпен алмасудың нақты жылдамдығы 28000 бит/сек аспайды, сондықтан 300 К-дан артық хабар жіберудің қажеті жоқ.

Электрондық хабар немесе файл түріндегі хатты, жергілікті желі арқылы да, дүниежүзілік желі арқылы да жіберуге болады. Жергілікті желі бойынша жібергенде ОЖ-ның құрамдас құралдары немесе қызметтер пайдаланылады, ал дүниежүзілік желі бойынша жібергенде арнайы бағдарламалық жабдықтамалар және белгілі электрондық хабарламамен жұмыс істеу ережелері қолданылады, сонымен қатар қосымша аппараттық жабдықтама - модем қажет болады.
Кез келген электрондық хабар (хат) тақырыптық бөлімімен денесінен құралуы керек. Хаттың тақырыптық бөлігінде пайдаланушының, жіберушінің адресі, жіберу уақыты, хат тақырыбы, оның маңыздылығының дәрежесі міндетті түрде көрсетілуі керек. Хаттың денесінде, мәтіннің өзінен басқа, жіберушінің қолы қойылады.
Электрондық хабарлармен алмасу әдеттегі поштадан әлдеқайда ыңғайлы, өйткені ол сенімді, арзан және уақытты үнемдейді. Электрондық хабарларды дайындау үшін арнай бағдарламалық құралдар, өзгеше мәтіндік редакторлар қолданылады. Хабарларды жіберуді әдетте басқа бағдарламалар орындайды. Мұның бәрі қандай компьютерлік желіні қолданылуымен байланысты.


Электрондық поштаның қолданушысы болу үшін:
1) модем немесе желілік адаптер, сәйкес кабелдер керек;
2) қандай да бір пошталық серверде тіркелуіңіз қажет. Мысалы:Sultanov@mail. ru - мұнда:
*коммерциялық @ символының сол жағындағы бөлім - пошталық сервис қызметін қолданушының адресі (қолданушы поштасының адресі) ;
* коммерциялық @ символының оң жағындағы бөлім -пошталық сервердің адресі (қолданушының электрондық адресі)
3) электрондық поштамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнаулы программа (MS Outlook, The Bat!, Eudora және т. б. ) керек.

Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін. Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т. б. ), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады. Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates. com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты. Сауда ұжымдары әлеуметтік желілерге үлкен қызығушылық көрсетті. Осындай жобалар бірнеше миллиондық аудиторияны тартты әрі олардың жарнамасы қатты әсер жасады. Қазақстанда қазіргі кезде ең көп қолданыстағы әлеуметтік желілердің бірі nur. kz сайты болып есептеледі. Одан Басқа да Birge. kz, Ilike. kz, on. kz, www. kazlife. com, Zhelide. kz сайттары жұмыс істеуде. Солардың ішінде Zhelide. kz сайтына келетін болсақ, Желіде. кз сайты 2011 жылдың тамыз айында ашылды, сондай аз уақыт ішінде 1-нан аса қолданушы жинап үлгерді. Бұл ҚАЗНЕТ үшін өте жоғары көрсеткіш болып есептеледі.


1970-ші жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру тақталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл алғашқы қадамдары еді. Келесі кезең, алғашқы «on-line» сервистердің пайда болуы еді. Әңгімелесуге арналған чатты жасаған бірінші компания «CompuServe» болды. Сервисте әңгімелесудің бір сағатына 30 доллар төлеу керек еді, бұл осы компанияның негізгі кемшілігі болды. Кейін жедел хабарламалар жүйесі пайда болды. Файлдарды жіберетін және чаттағы жедел әңгімелесудің бірінші сервисі, 1988 жылы «MultiUser Talk» программасын алмастырған IRC (Internet Relay Chat) болды. 1991 жылғы «Шөлдегі дауыл» әскери операциясын «on-line» режимінде бүкіл әлемнен келген хабарламалар трансляциясынан кейін «IRC»-дің кең танымла болды. «IRC» - дің негізгі кемшілігі - шектеулі қолдану болды. 1990 жылдардың ортасында «ICQ» құрылды, ол жеке компьюерлерге арналған жедел хабарламалар жеткізудің бірінші жүйесі болды. «ICQ»-дің негізін «Mirabilis» компаниясы қалады. Бүгінгі таңда ICQ - «Mail. Ru Group»-тың құрамына кіреді, 2012 жылдың наурыздағы көрсеткіш бойынша әлем бойынша 23. 4 млн. қолданушысы бар. Әлеуметтік желілердің құрылуына келсек.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz