Жылу реттеу патологиясы


Slide 1

Жылу реттеу патологиясы

Slide 2

Жоспары:

Кіріспе

Жылу реттеу патологиясы

2. Негізгі бөлім

2. 1. Жылу реттеудің түрлері

2. 2. Дене температурасының реттелуі

2. 3. Қызба

2. 4. Күн өту

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Мал денесі температурасының тұрақтылығы зат алмасудың қажетті жағдайы,

әрі тұтастай организмде тканьдік процестердің қалыпты деңгейін қамтамасыз етудің алғы шарты.

Сонымен қоса, зат алмасу мен энергия деңгейі мал денесінің тұрақтылығына байланысты. Жылу балансы

организмнің тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын және

сыртқы ортаға шығаратын энергия өнімдерінің аралығында тепе - теңдікке тікелей тәуелді.

Жоғары сатыдағы жануарлардың жылулық гомеостазын сақтау, жылу бөлуді және жылу шығаруды реттейтін күрделі

физиологиялық механизм арқылы жүзеге асырылады. Жылудың бөлінуі - химиялық, жылудың шығуы - физикалық процесс.

Slide 4

Негізгі бөлім

Химиялық жылу реттеу әр түрлі температура мен сыртқы ортаның басқа да факторлары әсер еткенде, мал организмінде зат алмасудың пайда болуын қамтамасыз ететін процесс.

Физикалық жылу реттеу организмнен жылу шығаруды реттейтін, әрі соның нәтижесінде мал денесі температурасының тұрақтылығынын қамтамасыз ететін процесс.

Slide 5

Дене температурасының реттелуі

Мал денесінің температурасын реттейтін негізгі орталық - аралық ми. Оның алдыңғы бөлігінде

жылу шығаратын, артқы бөлігінде жылу пайда болатын орталық бар.

Теріде жылулық және салқындық рецепторлар болатындықтан, температура өзгерістері туралы сигналдар

жылу реттеу орталығына беріледі, ол тиісті импульсті жылу реттеуге қатысатын тамыр, тыныс алу, қозғалыс және

басқа да орталықтарға жеткізеді.

Жылу реттейтін орталық механизмі екі түрлі жолмен жүреді.

Біріншіде: аралық миды шайып өтетін қан айналысы температурасымен жүзеге асырылады.

Екіншіде: рефлекторлық және шартты рефлекторлық жол.

Slide 6

Гипотермия

Гипотермия - организмде жылудың азаюынан дене температурасының

тұрақты төмендеуі.

Мұның себептері: сыртқы ортаның салқындауынан,

наркоздан, қысқы ұйқыға жатудан, орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, талықсудан,

қансыраудан, зат алмасудың елеулі бұзылуынан болады.

Сыртқы орта температурасының төмендеуі дене температурасының бірден түсірмейді. Ауыл шаруашылық

малдарында дене температурасының төмендеуінің екі сатысы байқалады.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Bair Hugger

Slide 10

Жылу сақтайтын орағыш

Slide 11

Blanketrol

Slide 12

Гипертермия - сыртқы ортаның қызуынан дене температурасының

шамадан тыс көтерілуі.

Жануарларда тер бездері нашар жетілген жағдайда тыныс алуы жиілейді.

Сыртқы температура жоғары қалпындан сақталған жағдайда организмдегі жылу артып, дене

температурасы көтеріледі. Организмде метаболизм

өнімдері, әсіресе қанда қалдық азот пен мочевина көбейіп кетеді.

Қан қоюланып, тұтқырланады, жүрекке күш түседі, содан барып гипоксия, ацидоз пайда болады.

Клеткадағы алмасу өнімдерінің шығуы қиындайды. Мұның өзі тұтастай қозуға, қалжырауға, тахикардияға ұшыратады.

Дене температурасы мал көтере алатын ең жоғарғы деңгейге 41 - 45 С жетеді.

Мал денесінің шамадан тыс қызуы өте тез, бірнеше сағаттың ішінде басталғанда жылу өту басталады.

Гипертермия

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Қызба

Қызба деп инфекциялық факторларға және

өз тканіндегі ыдыраған тканьдерге жануар организімінің қорғану - бейімделу реакциясы.

Мұндайда дене температурасы бірден көтеріледі.

Бұл әр түрлі ауруда, әсіресе инфекциялық ауруларға шалдыққанда өте жиі байқалатын белгі.

Slide 16

Қызба этиологиясы:

Инфекциялық қызба мал организміне бактериялар мен вирустардың енуіне байланысты пайда болады.

Бейинфекциялық қызба мал өздігінен жарақаттанғанда, басқа да органдар зақымдануынан пайда болады.

Slide 17

Қызба патогенезі

Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын алады. Олар экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге бөлінеді. Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.

Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен бірге организмнің даралық реактивтілігі мен иммундық жүйесінің маңызы үлкен. Кейбір аурулар кездерінде температураның көтерілмеуі, ал кейде тым қатты көтерілуі мүмкін. Мысалы, қарттарда және қатты жүдеген адамдарда крупозды пневмония қызбасыз және ауыр түрде өтеді. Бұл организмнің жалпы тезімділігі төмендеуімен, энергия түзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен, зат алмасу қарқынының төмендеуімен және эндогендік пирогендердің түзілуі бүзылуына байланысты.

Slide 18

Геморрагиялық қызба

Slide 19

Температураның төмендеу сатысы

температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы

Қызба сатылары

температураның көтерілуі сатысы

Slide 20

Қызба кезінде ағзалар мен жүйелердің өзгерістері

Қызба белгілі бір дерттер кездерінде болатындықтан ағзалар мен жүйелердегі өзгерістер сол аурудың патогенезіне және ет ысуына байланысты болуы мүмкін. Қызба кезінде ең айқын өзгерістер қан айналым жүйесінде байқалады. Дене қызымының 10С-қа көтерілуі, тамыр соғуының минөтіне 8-10-ға жиілеуімен сипатталады. Жүрек соғуы жиілеудің нәтижесінде қанның соғыстық және минуттық көлемі үлкейеді. Ет ысуының бірінші сатысында артериялық қан қысымы көтеріледі, терінің қан тамырлары жиырылады, ішкі ағзалардың тамырлары, керісінше, кеңиді. Үшінші сатысында дене температурасы күрт төмендеуінен артериялардың тонусы қатты азайып, қан тамырлары қызметінің тез дамитын жеткіліксіздігі байқалуы мүмкін.

Кейде дене қысымы көтерілуіне қарамай тахикардия дамымайды. Мысалы, іш сүзегі немесе соқпа сүзек кездерінде брадикардия дамуы ықтимал. Ол көрсетілген микробтардың уыттарымен организмнің уыттануына байланысты.

Тыныс алу қызбаның бірінші сатысында біршама сирейді. Ары қарай дене қысымы үлкен деңгейге жеткен соң, тыныс кейде 2-3 есе жиілейді. Қызба кезінде ас қорту жүйесінде айқын өзгерімтер пайда болады, сілекей бөлінуі азаяды (ауыз қуысы құрғақтанып, тілде таңдақтар пайда болады), асқазан сөлінің бөлінуі мен оның қышқылдығы төмендейді, ішек-қарынның қимылдық әрекеттері әлсірейді.

Slide 21

Күн өту

Slide 22

Күн өту және ыстық өту - организмге қызу өтуден пайда болатын сырқат. Балаларға, етженді адамдарға, жүрек-қан тамырлары ауруымен және эндокриндіаурулармен ауырған адамдарға қызу өткіш келеді. Әсіресе, шақырайған сәулеге басты қыздырғанда күн өтеді.


Ұқсас жұмыстар
Жылу алмасуды реттеу, қызба
Жасуша патологиясы
Жылу алмасуды реттеу
Торша паталогиясы
Температура әсеріне бейімделу
КАН ЖӘНЕ ҚАН ТҮЗІЛУДІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Бүйрек үсті безі
Терморегуляцияның онтогенетикалық және бейімделу механизмдері
Жүктілік патологиясы
Стресске тұрақтылық түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz