Мұрагер музыка бағдарламасы


Slide 1

Мұрагер музыка бағдарламасы

Slide 2

Қазіргі таңда еліміздегі мектептердегі барлық пәндер кеңес заманында қалыптасқан білім жүйесімен жүргізіледі. Тек музыка пәні ғана ұлттық жүйемен жасалған. Қазіргі таңда мектептерде музыка пәні белгілі күйші Абдулхамит Райымбергеновтың «Мұрагер» бағдарламасы арқылы оқытылады. Аталған бағдарламаның қалыптасқанына 20-30 жылдай болса да, тек былтырғы жылдан бері білім министрлігінде оқу стандартына енді. Бұл өте қуанарлық жағдай, өйткені өскелең ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруда төл өнеріміз, ұлттық музыкамыздың маңызы зор.

Slide 3 Slide 4

Ұлтты ұлт ретінде сақтап қалатын ең басты құндылықтардың бірі - музыка. Музыка - тіл, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, барлығын өз бойына жинаған ұлттың жаны. Ұлттық музыка болашақ ұрпақтың болмысын, санасын қалыптастыратын құрал. Осы баға жетпес құндылығымызды біз қаншалықты қастерлеп, оның қадірін біліп жүрміз. Бүгінде еліміз бойынша 80-ге жуық мектеп музыка сабағын «Мұрагер» бағдарламасы арқылы өтеді. Ауыл, қала мектептерінде ұлттық өнермен сусындап өсіп келе жатқан жас буын бүгінде айтарлықтай жетістіктерге жетті деуге болады.

Slide 5

Мұрагер бағдарламасы жайлы

Slide 6

Абдулхамит РАЙЫМБЕРГЕНОВ, күйші, өнертанушы:

- «Мұрагер» бағдарламасының негізі 1985 жылы қалана бастады. Оны жасауыма сол кездегі ахуал түрткі болды: өзім домбырадан дәріс беретін консерваторияда жылына небәрі 7-8 бала ғана бітіретін. Солайша жылдан-жылға біздің ұлттық өнеріміздің аясы тарылып бара жатты. Бұған бейжай қарап отыра алмадым да, Алматыдағы №12 мектептен сынып алып, сол жерде өзім осы бағдарламаны тәжірибеден өткізе бастадым. Он жылдай қазақ мектептерінде тегін сабақ беріп, тәжірибенің нәтижесін күттім. Бұлай еткен себебім, егер біз мектеп қабырғасындағы балаларды ұлттық мәдениетімізге тәрбиелемесек, онда ертең біздің жырымызды, айтысымызды тыңдап, өнерімізді қажет ететін ешкім қалмайды деп ойладым. Шүкір еңбегім далаға кеткен жоқ. Бірақ өкінішке орай қазіргі таңда бізде өз өнерімізді дәріптеу, қадірлеу әлі де кенжелеу қалып тұр. Айталық өздеріңізге есімі таныс дәстүрлі әнші Ұлжан Байбосынова Америкаға да, Жапонияға да, әлемнің талай мемлекеттеріне барып терме-толғау, жырларымен концерт беріп жүр. Жақында ғана Германияға барып симфониялық оркестрмен Сырдың термелерін орындап, концерт беріп қайтты

Slide 7

. Шетелдіктер біздің өнерімізге тамсанады, құрметтейді, өздері шақырып концертімізді қойдырады, халық нағыз өнер адамын алақанында ұстайды. Ал біз төл өнерімізді өзгеден неге төмен санаймыз? Қобыланды, Алпамыс жырларымыз кімнен кем? Әрине, өнерде әркімнің өз орны бар. Дегенмен мен үшін Құрманғазы Бетховеннен биік тұруы тиіс. Біз осыны баланың санасына кішкентайынан құймасақ, өсіп кеткен соң нәтиже болмайды.

Slide 8

«Мұрагер» - бірінші сыныптан бастап сегізінші сынып оқушыларына дейін бірден 30 балаға домбыра үйрететін арнайы оқыту әдістемелерінен тұратын мектеп бағдарламасы. Бағдарлама бірінші сыныпта баланың бірден қағып алуына жеңіл «Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Қос мүйізді Ескендір», «Бозінген» секілді күйлерден бастап 2-3 сыныпта Ақан сері, Біржан салдың әндері, мен Дина, Құрманғазы, Қазанғап сынды халық композиторларының күйлеріне жалғасады. Содан кейін біртіндеп тұрмыс-салт жырларына, одан кейін барып оркестрлерге, әлемдік музыкаларға көшеді.

Slide 9

Бесінші сыныпта айтыс өнеріне ден қойылып, балаларға 11 буындық өлең құраудың ең жеңіл әдістемесі бойынша дәріс беріледі. Алтыншы сыныпта Бұқар, Ақтамберді, Тұрмағамбет, Ақтан сынды жыраулар поэзиясына негізделген жыраулық дәстүр оқытылады. Балалардың өзіне сол жыраулар стилінде өлең-жырлар құрауға тапсырмалар беріледі. Бұл - өскелең ұрпақтың қиялын, ой-өрісін сол менталитетке қайтару. Ал жетінші сыныпта күллі түркі, шығыс халықтарының музыкалық дәстүрі оқытылады.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
«Мұрагер» халық ұлттық педагогикасының негізінде жасалған оқыту жүйесі
А.Райымбергенов жетекшілігімен құрылған музыкалық МҰРАГЕР бағдарламасы
«Мұрагер»
Музыканы тыңдау әдістемесі
Балалардың және жас жеткіншектердің дамуына маңызды фактор - құрбылар қауымдастығы
ҚАЗАҚ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ГИМАЛАЙЫ
Дыбысты шығармау белгісі
Мұрагерлік құқық субъектілері
Музыка мұғалімнің міндеті:
Бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы мен әдістемелік кешені,мазмұндық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz