Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру




Презентация қосу
Қ аза қ станРеспубликасыны ң Білім ж әне Ғылым
Министрлігі
Семей қ аласыны ң Ш ә к ә рім атында ғы Мемлекеттік
Университеті

Та қ ырыбы :
Бизнес-жоспар
Кептірілген нан, печенье ж әне өзге де нан пісіру өнімдері
цехын құ ру
Орында ғ ан : ТК- 421 тобыны ң студенті Зарипов Асхат
Тексерген : Есенбекова Замзагул Жуматаевна

Семей 2015
Кіріспе
1. Жобаның тұжырымдамасы
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

3. Өндірістер бағдарламасы
4. Маркетингтік жоспар
5. Техникалық жоспарлау
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам
7. Жобаны іске асыру
8. Пайдалану шығыстары
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар
10. Қаржыландыру қажеттілігі
11. Жобаның тиімділігі
12. Әлеуметтік-экономикалық және
экологиялық әсер
*Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп
индустриаландыру жолына өтуде. Жетілдірілген техникалы қ
құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда;
оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады, е ңбек пен
өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет
көрсетудің жаңа түрлері қолданылады.
*Ұннан жас алған кондитер өнімдері
қазіргі таңда т үр-т үрімен
және жоғары сапасымен ерекшеленуде.
*Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады,
оның құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік
белоктары бар. Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі
энергия көзі қызметін атқарады, белоктар клеткалар мен
тіндердің құрылуы үшін пластикалық материал болып табылады.
Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант б өліп
шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толы ғады.
Осыған байланысты осы жобада дайын өнімдерді сату пункті бар
кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері
өндірісі цехын құру мүмкіндігі қарастырылады.
Жобаның тұжырымдамасында дайын өнімдерді сату пункті бар
кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері
өндірісі цехын құру көзделген.
Тікелей өндірістің басында дүкен ашу үнемі жаңа піскен өнімді
сатып алуға ғана емес, сонымен бірге оны барынша қолайлы
бағамен сатып алуға мүмкіндік жасайды, өйткені дайын өнімді
өндіру кезеңі мен сату кезеңі арасында аралық буын болмайды.
Цех шығаратын негізгі өнімдер мыналар:
- сары майдан жасалған кептірілген нан;
- ірімшік қосылған печенье;
- «Марго» кепкен тоқаштары.
Кейіннен өндірілетін өнімнің қатарына нысаналы топтың
қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері де (б өлке нан,
баранкалар және т.б.) қосылатын болады.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан
орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары
болады.
Дүкені бар цех жалпы алаңы 60 шаршы метрлік орын-жайда
орналасқан
Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Осы жобада кептірілген нан, печенье және өзге
де кепкен нан пісіру өнімдері цехын құру
көзделген.

Кептірілген өнімдер. Бұл өнімдердің
ылғалдылығының төмендігі (9-12 %) олардың
қатып қалуын баяулатады, көгеруден сақтайды,
бұл оның ұзақ сақталуына мүмкіндік береді.
Осылайша кепкен өнімдер нан консервілерінің
рөлін атқара алады.
Печенье. Печее нье — қамырдан жасалатын
шағын кондитерлік өнім. Печеньенің қамырына
кей уақытта түрлі дәндер қосады. Печеньені
әдетте дөңгелек, төрт бұрыш, жұлдызша,
түтікше түрінде жасайды; кей жағдайда ортасы
қоспамен толтырылады (шоколадпен, мейізбен,
ірімшікпен, қоюлатылған сүтпен, креммен)
немесе мұндай қоспаны екі печеньенің
ортасына салады.
Кепкен тоқаш өнімдері. Жоғары және бірінші
сортты бидай ұнынан жасалады. Кепкен тоқаш
тобында сушкалар, баранкалар және бубликтер бар.
Бұдан басқа осы топқа нан қиықшалар мен нан
таяқшалар да кіреді.
• Сушкалар, баранкалар мен бубликтер сопақ және домалақ
болып келеді, дөңгелек түрінде әзірленеді. Бұл өнімде
шығыршықтардың шеттерін жапсыру және
шығыршықтар қосылған жерде өнімнің қалыңдығын
өзгерту қолмен жасалады. .
Өндірістер бағдарламасы
Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған

бағдарламасы

Көрсеткіш 2 015 2 016 2 017 2 018

Қуаты, % 100% 100% 100% 100%

Ірімшік қосылған печенье, кг. 4 800 4 800 4 800 4 800

Май қосылған кептірілген нан,
4 440 4 440 4 440 4 440
кг.

Марго сушкалары, кг. 4 440 4 440 4 440 4 440
• Сату бағдарламасы өндіріс бағдарламасы
мен жарамсыздық пайызы ескерілген ең
төмен экономикалық тиімділігі ескеріле
Көотырып
рсеткіш есептелді. 2 015 2 016 2 017 2 018

• Сатуға жоспарланған баға, мың теңге
Ірімшік қосылған 2 208 2 208 2 208 2 208

печенье, кг.
Май қосылған 2 087 2 087 2 087 2 087

кептірілген нан, кг.
2 220 2 220 2 220 2 220
Марго сушкалары, кг.

Барлығы 6 515 6 515 6 515 6 515
*Бағаны қалыптастыру кезінде халықтың орташа табыс деңгейі
ескерілді
*Түсімдерді есептеген кезде цех өнімінің мынадай құны назарға
алынды
Өнімге жоспарланған баға

Атауы Мәні, тг/кг.

Ірімшік қосылған печенье
460
Май қосылған кептірілген
нан 470

Марго сушкалары
500
Маркетингтік жоспар
Шығыс Қазақстан облысы толық азық-түлік
тәуелсіздігін иелене алмайды, бірақ облыста өмірлік
маңызды тағам өнімдерін өндіру үшін жеткілікті
биоклиматтық және өндірістік әлеует бар.
Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаментіні ң
деректері бойынша облыстың республикада ғы тама қ
өндірісі өнімдерінің көлеміндегі үлесі 8,2%- ға, сусындар
- 1,1%-ға бағаланады. Өнеркәсіп өндірісінің облысты қ
көлемінде салалар үлесі тиісінше 8,9 ж әне 0,2% құрады.
Тамақ өнімдері өндірісі бойынша экономикалы қ қызмет
түрлерінің көбінде өндіріс көлемінің өскені бай қалады.
Балықты қайта өңдеу мен консервілеуде, нан-то қаш ж әне
ұннан жасалған өнімдер өндірісінде, өзге де тама қ
өнімдерінде өнім көлемінің төмендегені бай қалды.
Маркетинг стратегиясы
Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыруды мынадай
қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыру болжануда:
Бәсекеге қабілеттілікке тұрақты мониторинг жүргізу және
оны жетілдіру жұмысы;
Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру,
имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту
шаралары кешенін пайдалану;
Құрғақ нан пісіру өнімдері өндірісі цехын ауылдық елді
мекенде орналастырудың жоспарлануына байланысты және
жаңа кәсіпорын туралы ақпарат халықтың арасында тез
тарайтындықтан одан әрі жарнама жүргізу талап етілмейді.
Техникалық жоспарлау
5.1 Технологиялық процесс
Кептірілген нан өндірісінің технологиялық схемасы
Жалпы алғанда ашытып жасалған кептірілген нанды өндіру схемасы
төмендегі операциялардан тұрады.:
шикізатты өндіріске дайындау;
ашытқы мен қамырды дайындау және ашыту;
қамырды бөлу және қалыптау (қатарлар);
көтерілуге қою;
дайын қалыптарды пісіру;
салқындату және қалыпты дайындау;
қалыптарды бөлшектеп кесу және табақтарға салу;
табақтарды пештің асына немесе кептіргіш аппараттың ішіне салу;
салқындату
іріктеу, кептірілген нанды ыдыстар ға салу немесе оларды
қаптау мен өнімдерді қоймаларда сақтау.
Нан, соның ішінде кептірілген нан өнімдері өндірісіні ң
технологиялық схемасы қамыр дайындау тәсілімен ж әне
технологиялық жабдықтарымен сипатталады, соны ң
базасында өнім дайындау ұйымдастырылады. Қазіргі
уақытта ашытылған кептірілген нан өндірісінде қамырды
опара тәсілімен дайындау кеңінен тара ған:
қамырды екі рет мөлшерлеп, кезең-кезе ңмен нан илейтін
машиналарда илеу, оған көтерілуі жатады,;
қамыр дайындау аппараттарын қолдана отырып оны б өлгенге
дейін ашыта отырып опара мен қамырды үздіксіз илеу;
қамыр дайындау аппараттарын қолдана отырып оны б өлгенге
дейін ашытпай опара мен қамырды үздіксіз илеу;
қою опара мен қамырды барынша механикалы қ өңдеуді
пайдалану..
Ғимараттар мен құрылыстар
Болжанып отырған цехты аумағы шамамен 60 шаршы метр бос жалдамалы
орын-жайда орналастыру жоспарлануда. Өндіру процесіні ң ерекшелігін
ескере отырып орын-жай өртке қарсы қауіпсіздік ж үйесімен жабды қталатын

болады. Орын-жай тікелей кондитер цехын, қойманы және сауда залын
орналастыру үшін ортасы бөлінген үш бөлмеден тұрады.
Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы
Цех бөлімшелерінің жоспары технологиялық процесс операцияларын
кезегімен орындауға сәйкес келеді және шикізат пен дайын өнімдерді ң қатар
жүруіне жол бермейді, яғни цехтың құрамына мынадай бөлімшелер кіреді:
- қамыр илеу – мұнда қамыр иленеді және қажетті жартылай дайын
фабрикаттар дайындалады;
- қамырды бөлу – бөлу және қалыптау, кондитер өнімдерін жаю;
- пісіру – мұнда кондитер өнімдері арнайы шкафтарда пісіріледі
- салқындату;
- өнімдерді өңдеу бөлімшесі;
- жұмыртқаларды, ыдыс-аяқты, ыдыстарды жуатын орын.
Кондитер цехында сондай-ақ желдеткіш және ауа тазартқыш ж үйе
қарастырылған. Цех кондитер цехтарына қойылатын СЭС талаптарына
сәйкес келеді.
Қор қоймасы
Қор қоймасы құрғақ өнімдерді (ұн, қант,
крахмал и т.б.) сақтау үшін қарастырылған.
Бұл жерде орташа температура шамамен 15°С
және ауаның салыстырмалы ылғалдығы
60 – 65 % болуы тиіс. Бұдан бас қа
осы жерде тез бұзылатын өнімдер сақталатын
тоңазытқыштар қойылады.
Сауда залы
Сауда залы шамамен 20 шаршы метр
аумақты алады.

• Цех жабдықтарының тізбесі
Жабдық Саны, дана Бағасы, мың
теңге
Сауда залы
Тоңазытқыш сөрелері 2 250
Сөрелер 6 65
Инвентарь 1 80
Кондитер цехы
Пісіру шкафы 1 200
Араластырғыш машина 1 180
Елеуіш машина 1 150
Қамыр илек машинасы 1 400
Тоңазытқыш 1 90
Газ плитасы 1 50
Электронды таразылар 1 60
Алюминий үстелі 2 50
Металл сөрелер 2 40
Жабдық және инвентарь (техника)
Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы
Нан пісіру өнімдері өндірісі цехын жабдықтау үшін қажетті негізгі
жабдықтардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
Елеуіштен өткізу машинасы – басқа қосындыларды б өлу ж әне ұнды
оттегімен байыту үшін.
ТММ-1М үлгісіндегі сыйымдылығы 140 литр нан илеу машинасы.
Араластыру машинасы, сыйымдылығы 25 литр
ШПЭСМ-3 үлгісіндегі бір ауысымда 50 торт пісіруге м үмкіндік
беретін пісіру шкафы.
Нан пісіру өнімдері өндірісі шағын көлемде болатынына қарамастан
онда 3 пісіру камерасы бар арнайы кондитерлік пісіру шкафын
пайдаланған орынды. Әрбір камерада 100 –ден 250° С дейінгі
температураны автоматты ұстап тұруға болады, н әтижесінде б ұл
шкафта бір мезгілде әр түрлі температурада жартылай фабрикатты ң
үш түрін пісіруге болады, ол үшін дербес термореттеуіші
орнатылған. Қамырды дайындау, бөлу үшін тот баспайтын болаттан
жасалған үстел, жартылай фабрикаттарды қоятын с өрелер қажет.
• Бұдан басқа, арнайы өндірістік инвентарь қарастырылған:
• табақша (листар, лотоктар);
• өлшейтін стакандар, касықтар;
• тортқа арналған түрлі формалар, формочкалар;
• тәтті нандарды ою құралдары;
• кастрюльдер, чашкалар, тарелкалар;
• қамыр өңдеу инвентары (ағаш және темір оқтаулар);
• ағаш қасықтар;
• жартылай фабрикаттарға арналған пышақтар;
• қасықтар, венчиктер, шанышқылар;
• кондитер жиынтығы (шприцтар, алмалы-салмалы бөлігі,
метал түтіктер);
• жуу жабдығы;
• ас үйге арналған орамалдар, қағаз орамалдар жиынтығы.
. Ұйымдастыру, басқару және құрам
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы мынадай негізгі ұйымдастыру
бірліктерінен тұрады:
Мынадай негізгі талаптарға сәйкес келетін кондитер:
- кәсіби білімінің болуы;
- ұннан жасалған кондитер өнімдері өндірісінің рецептері мен технологиясын
білуі
- шикізаттың сипатын, құрылымын, қолданылуын, са қтау шарттары мен
мерзімдерін білуі;
- ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары де ңгейде өңделуі әдістері мен
тәсілдерін білуі;
- жұмыс істеу принциптері мен технологиялық жабды қтарды пайдалану
қағидаларын және т.б. білуі;
- жоба бойынша 2 кондитер қарастырылған, біреуі пісірумен, екіншісі сырт қы
келбетін әшекейлеумен айналысады.
Сатушы, оның қызметіне ұннан жасалған кондитер өнімдерін сату, өтінімдер,
шикізат пен материалдарды жеткізушілерден тапсырыстар қабылдау ж әне т.б.
жатады.
Бухгалтер, ол кәсіпорынның бухгалтерлік және салықтық есебін ж үргізуді
жүзеге асырады.
Еден жуушы.
- Ұйымдастыру құрылымы

Директор

Кондитер Бухгалтер Сатушы Еден жуушы
Жобаны іске асыру
Іске асыру жоспары
Осы жобаның іске асуы (іске қосу) 2016 жылғы
қаңтардан бастап 2017 жылғы сәуірге дейінгі
кезеңді алатын болады деп болжануда.
Пайдалану шығыстары
Пайдалану шығыстары ауыспалы шығыстардан
тұрады.
Ауыспалы шығыстар өнімді дайындау үшін қажетті
ингредиенттерден тұрады. Бағасы тұрғындар –
шаруашылық иелері үй өнімдерін сататын аудан
базарларындағы бағаға жасалған талдаудың негізінде
көрсетілген.
Жалпы және әкімшілік шығыстар
Жобада құны айына 48 мың теңге тұратын орын-жайды жалдау
көзделген. Осы бағаға электр энергиясы мен телефон
байланысын қоспағанда барлық коммуналдық төлемдер
қосылған.
Кондитер цехын электрмен жабдықтаудың негізгі ағымда ғы
шығындары кондитер цехы мен дүкендегі электр
жабдықтарының қуатын тұтыну есебінен қалыптасады, атап
айтқанда:
Пісіру шкафы – 12 кВт*ч
Электр плитасы – 5 кВт*ч
Крем араластыратын машина – 1,5 кВт*ч
Ұн елеуіш – 0,55 кВт*ч
нан илейтін машина – 1,5 кВт*ч
Тоңазытқыш жабдығы – 1 кВт*ч
Жобада тоңазытқышты қоспағанда барлық жабды қ сөткесіне 5
сағаттан артық жұмыс істемейтіні көзделген. То ңазытқыштар
тәулік бойы істейді.
Сумен, жылумен жабдықтау шығындары жалдау а қысыны ң
құнына кірген.
Телефон байланысының шығыстары санды қ АТС пен
қалааралық сөйлесулерді пайдаланудың абоненттік құнына
қосылады.
Орау шығыстары өнім өндірудің орташа айлы қ к өлемі – 1 140 кг,
ескеріліп есептеледі. Олар 5 кг қораптар ға б өліп салынады.
Осылайша, 228 қорап сатып алу қажет болады. Қораптарды ң
көтерме бағасының 44 теңге екенін ескере келе оларды сатып
алу шығыстары айына 10 000теңгені құрайды. Ыдыстарды
созылмалы картоннан орау ыдыстары өнімдерін шы ғару ға
маманданған «Казполиграф» ЖШС (Семей қаласы) сатып алу
жоспарланған.
Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг.
Жала
Саны Есептеуге ЕТҚ
№ Лауазымы қы
Әкімшілік-басқару
құрамы
1 Директор 1 35 35 35
2 Бухгалтер 0,5 15 8 8
Жиыны 2 50 43 43
Өндірістік құрам
1 Кондитер 2 30 60 60
Жиыны 2 30 60 60
Қызмет көрсетуші құрам
1 Сатушы 1 25 25 25
Жиыны 1 25 25 25
Қосалқы құрам
1 Еден жуушы 1 16 16 16
Жиыны 1 16 16 16
Құрам бойынша барлығы 5 121 136 136
Еңбекақы
төлеу шығыстарының сомасы айына 136 мың теңгені
құрайды. Әлеуметтік аударымдар айына 6,1 мың теңгені
(міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – МЗЖ)
есептемегенде еңбекақы төлеу қорының (бұдан әрі - ЕТҚ) 5%
есебінен) құрайды. Бұл сома Қазақстан Республикасы Салық
кодексінің (бұдан әрі – ҚР СК) 437-бабына сәйкес әлеуметтік
салық сомасын азайтады. Салықты жеңілдетілген декларация
негізінде есептеу салық салу объектісіне (кіріс) 3% (ҚР СК 437-
бабы) ставканы қолдану арқылы жүргізіледі, соның ½ жеке
табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС), ½ - әлеуметтік салық құрайды.
Бұдан басқа әлеуметтік салықтың есептелген сомасы егер

жұмысшының орташа айлық жалақысы Республикалық бюджет
туралы заңда (ҚР СК 436-бабы) тиісті қаржы жылына
белгіленген еңбек жалақысының 2-еселік ең аз мөлшерінен кем
болмаса әрбір жұмысшы үшін салық сомасы 1,5 % сомаға
азайту жағына қарай түзетіледі.

Қаржыландыру қажеттілігі
Жобаның инвестициялары, мың теңге

Шығыстар, мың теңге 2 012

Негізгі капиталға
2 360
инвестициялар

Айналым капиталы 716

Барлығы 3 076
Кредиттеу шарттары

Кредит валютасы теңге
Пайыздық ставкасы, жылдық 7%
Өтеу мерзімі, жыл 6,0

Пайыздарды және негізгі борышты төлеу ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай 3

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі 6

Өтеу түрі тең үлестермен
Жобаның тиімділігі
Cash-flow проекциясы
Cash-flow проекциясы (Ақша қаражаты қозғалысының есебі. 1-
қосымша) нақты ақша ағынын, яғни қолма-қол ақша ағыны (нақты
ақша ағынын) мен төлемдерді (нақты ақшаның кетуін) көрсетіп
отыр.
операциялық қызмет — қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ
компанияның ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуын құрайтын
нақты қызмет;
инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтерді (негізгі
қаражат, материалдық емес активтер) және басқа да
инвестицияларды құрумен және сатумен байланысты қызмет түрі;
қаржы қызметі — компанияның капиталы мен қарыз қаражатының
мөлшері мен құрамының өзгеруіне алып келетін қызмет түрі.
Әдетте, мұндай қызмет операциялық және инвестициялық
қызметті қаржыландыру үшін қажетті кредиттер мен қарыздарды
тарту мен қайтаруға байланысты болады.
Ақша ағынына жасалған талдау жобаның жылдар бойынша оң
серпінін көрсетіп отыр.
Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
әсер

Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
Осы жобаны іске асыру ауылды қ жерде жа ңа өндіріс ашу ға
мүмкіндік береді, осылайша әкелінетін өнімді өңірде өндірілетін
өніммен ауыстыруға ықпал етеді.
Жобаны іске асыру:
- ауылдық жерде 5 жаңа жұмыс орнын ашуды;
- Шығыс Қазақстан облысының және цех орналасатын аудан
әкімшілігінің бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдарды ң
түсуін (7 жылда 1млн. теңгеден астам) болжайды.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны б өліп к өрсетуге
болады:
- ауыл тұрғындарының сапалы және әр түрлі нан өнімдеріне
деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Назар
аударғандарыңызға
рахмет !!!

Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспар: Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру
Бидай және қара бидай қоспасынан жасалынған нан пісірудің технологиялық режимдерінің өнімдерінің және рецептурасының сипаттамасы
Печенье жəне галета өндірісі
Печенье және галета өндірісі
Білезік нандар
Нан сапасы
Бидай ұнынан дайындалған нан
Кондитерлік өнімдер
НАН ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Балық өнеркәсібі
Пәндер