Сүтқоректілер классы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨж Тақырыбы: Сүтқоректілер классы. Орындаған:Рамазанов Каусар Тобы:ЛД-411 Тексерген:Тугамбаева. С. м

Семей 2015 жыл.

Slide 2

Cүтқоректілер классы.

Slide 3

Жоспар:

1. Сүтқоректілер

2. Пайда болуы.

3. Жалпы сипаттамасы

4. Экологиялық түрлері

5. Сүтқоректілерді қорғау

6. Қызыл кітапқа енген сүтқоректілер.

Slide 4

Гласарий:

Мамалогия-сүтқоректілерді зерттейтін ғылым.

Көпбұдыртістілер-алғашқы сүтқоректілер.

Сүтқоректі-омыртқалы жануарлар, ұрпағын тірідей туып сүтпен асырайды.

Териология-грекше Триан-аң, логос ғылым, сүтқоректілерді зерттейтін ғылым.

Slide 5

Сүтқоректілер (лат. Mammalia) - жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтінЗоология ғылымының саласын «маммалогия» (лат. «маммалис» - емшек+гр. «логос» - ғылым), кейде «териология» (грекше «терион» - аң, + «логос» - ғылым) деп те атайды. Алайда олар әр түрлі ортада - құрлықта болсын, суда болсын, ауада болсын - кез келген жағдайда, кез келген климатта өмір сүруге бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне қарғанда) басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары - мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады

Сүтқоректілер

Slide 6

Жалпы сипаттамасы

бас сүйегінің құрылысы жеңілдей түскен және ол ауыз омыртқамен берік жалғасқан;

тістері мен аяқтары жетіле түскен;

дене температурасы біркелкі тұрақты;

жүрегі 4 камералы;

қан қызыл түйіршіктерінің жетілгендері ядросыз;

есіту аппараты ішкі, ортаңғы, сыртқы құлақтан тұрады, көбінің құлақ қалқаншасы жақсы дамыған.

Күрек тіс, ит тіс, азу алды және азу тістері болады, азу тістерінен басқасы бір рет (кейде бірнеше рет) алмасады

Slide 7

Сүтқоректілердің пайда болуы

Сүтқоректілер Жер бетінде бұдан 200 млн. жыл бұрын пайда болған. Сүтқоректілердің арғы тегі пермде тіршілік еткен аңтісті қарапайым ұсақ бауырымен жорғалаушылар (Therіodontіa) . Алғашқы Сүтқоректілердің қалдықтары жоғарғы триас жыныстарынан табылған. Олар бор кезеңінің аяқ шенінде жойылып кеткен. Көпбұдыртістілер (Multіtuberculata) мен біртесіктілер осы кезде тіршілік еткен. Юра кезеңінде пантотерийлер пайда болып, бұлардан нағыз аңдар (Therіa) шыққан, олар қалталылар мен негізі болды.

Цинодонт Oligokyphus (реконструкцияcы)

Slide 8

Қаңқасы

Қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасымен [кеуде қуысы], иық белдеуі мен алдыңғы аяқтардан және жамбас белдеуі мен артқы аяқтардан тұрады. Сүтқоректілердің мойын омыртқасы - 7. Бассүйекке астыңғы жақсүйек қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Бассүйектегі басқа сүйектер бірімен-бірі жіктесіп, тұтасып кеткен.

Омыртқаларының беті жалпақ (платицельді) . Мойын омыртқасы 7 (6 болуы сирек, тек кейбір теңіз сиырларда) не 8-9 (жалқау аңның кейбір түрі) . Көбінің аяғы бес саусақты, бірақ көбіне қатты өзгерген, мысалы, тақ тұяқты (жылқы), ескек тәрізді (итбалық, кит), қанат тәрізді (жарқанат) . Кейбір түрінің артқы аяқтары жойылып кеткен (рудимент түрінде ғана сақталған) . Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын көк ет (диафрагма) бөліп тұрады.

Slide 9

Асқорыту жүйесі

Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделілене түсіп, етті еріндер пайда болған. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет дат деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің ұяшықтарында тістер орналасқан. Олар құрылысына, атқаратын қызметіне сәйкес күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістердеп бөлінеді. Алдымен сүт тістері өсіп, кейін түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. Ауыз қуысына 3-4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Күйіс қайыратын жануарлардың (әсіресе сиырда) қарны көп қуысты. Оны үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі.

Slide 10 Slide 11

Ауа өтетін мүшелер мен өкпеден тыныс жүйесі құралады. Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамырлар жатады. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды өкпе көпіршіктері (альвеолдар) деп атайды. Өкпе көпіршектерінің сыртын қылтамырлар торлайды да, сол жерде газ алмасу жүреді. Кеуде қуысының кейде кеңейіп, кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді және кері шығады.

Тыныс алу жүйесі

Slide 12

Қанайналым жүйесі. Зәршығару жүйесі

Қанайналым жүйесі - құстарға ұқсас, жүрегі толық төрт қуысты. Артерия қаны мен вена қаны араласпайды. Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы - сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды. Құстарда оң жақ қолқа доғасы болады. Қан денеде газ бен қоректік заттарды тасымалдайды.

Екі бүйрек, 2 несепағар түтігі, сыңар қуық және зәршығару өзегінен зәршығару жүйесі түзіледі.

Slide 13

Көбею мүшелері

Сүтқоректілер - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі - жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық молдасы» (плацента) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үйқоянның буаз болу мерзімі бір ай. Жабайы қоян - 45-51 күн, бұғылар - 8-9 ай, жылқы - 10 ай, түйе 12-13 айда төлдейді. Халық ұғымында «12 түйе, 10 жылқы, 9 сиыр, 5 ешкі, 1, 5 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бұл күлкі!» деген жұмбақта әрбір жануардың буаз болу мерзімі нақты айтылған.

Slide 14

Экологиялық топтары

Сүтқоректілер басқа жануарлармен салыстырғанда түрлі табиғи орта жағдайларын жақсы бейімделген. Жер шарында кеңінен таралған. Олар құрлықта, ауада, ағаш басында, жер астында, түрлі су айдындарында тіршілік етеді. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді, Тұяқты сүтқоректілер: құлан, жолат, ақбө, қарақұйрық, арқарлар да құрлық аңдары. Бұта мен ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұлғындарды кездестіруге болады.

Slide 15

Құрлықта мекендейтін сүтқоректілер

аю сілеусін бұғы

Slide 16

Экологиялық топтары

Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер - көртышқандар, соқыр-тышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді. Алдыңғы аяқтары мен күрек тістері жақсы жетілген. Топырақ арасындағы жәндіктермен қоректенеді.

Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар, түлендер, киттер жатады. Түлендер көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа (су бетіндегі қатқан мұзға) шығады. Қалған уақытта суда тіршілік етеді. Киттердің барлық тіршілігі су ішінде өтеді.

Slide 17

Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер

көртышқан

Қалталы көртышқан

Slide 18

Суда тіршілік ететін сүтқоректілер

кит

тулендер

құндыз

Slide 19

Ұшатын сүтқоректілер

Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар (жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.

Slide 20

Сүтқоректілердің қорғау

Соңғы кездерде халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар жан-жануарлар дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әсер етуде. Республикада сүтқоректілердің 40-тан астам түрі қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”, ал соның ішіндежұпартышқан, қызыл қасқыр, қабылан, қарақал, барыс, құлан, Мензбир суыры Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Зоология ғылымының сүтқоректілерді зерттейтін саласын териология деп атайды.

Slide 21

Қазақстан қызыл кітабына кірген сүтқоректілер:


Ұқсас жұмыстар
Омыртқалылар
Медициналық қалдықтардың жинау тәртібін
Delphi ортасы қолдайтын деректер қорлары
Географиялық зоналылық
Жалаңаш тұқымдылар
Java тілі. Стандарты функциялар
Эукариотты клетканың құрылымы
Желі маскасы
Тақтұяқтылар отрядының ерекшеліктері
Қазақстандағы Сүтқоректілердің сүтқоректілер дене мөлшері класы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz