Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар - 2 нұсқа


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті СӨЖ

Орындаған: Жағыпар Г.

Тобы: ВС-403

Тексерген: Мурсалимова А. К

Slide 2

Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар

Slide 3

Экология проблемасы тек бүгін көтеріліп отырған жоқ. Олар ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу объектісінен түскен жоқ. Адамзат баласына экологиялық тәрбие мен білім берудің маңыздылығы ІХ-ХV ғғ. ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Иассауи, Қорқыт ата-бабалардан бастау алады.

Slide 4

Қоршаған ортаны қорғау проблемасы әр кезеңде де өткір қойылып отырды. Қоршаған ортаны күйзелтпеу, оны асқындырмау әрбір адамның қасиетті борышы деп түсіндіреді. Алайда, осы қоршаған ортаны біреулер білместікпен ластап жүрсе, екінші біреулері «Табиғаттың жаратылысы ешқашан да өзгермейді, о баста қандай болса, сол күйінде мәңгі сақталады» деген тұжырымның жетегінде, ал үшіншілері «Біз табиғаттың қайырымдылығын күтіп отырмай, оны бағындыруымыз керек» деген ойда болады.

Slide 5

ХІХ ғасырдың өзінде табиғатқа деген дұрыс көзқарастар да болды. Мысалы, белгілі философ Ф. Энгельс «Табиғат диалектикасы» атты еңбегінде « . . . біз табиғатты жеңдік деп шаттанбайық, себебі әрбір жеңісіміз үшін, табиғат бізден кегін алып отырады. Осындай жеңістердің аяғы біз күтпеген нәтижелерге, дағдарыстарға әкеліп бұл жеңістердің маңызын жоққа шығарады», - деп ойын білдірген екен. Егер бұдан да ары баратын болсақ, осыдан екі мың жылдай бұрын сол заманның ғалымы Эпикур - «Табиғатты қорлауға болмайды, адамдар өзіне қажетті тілектерін, оны ырқына көне отырып залал келтірмей іске асыруы тиіс . . . » - депті.

Slide 6

Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану болғандықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады

Slide 7

ҚР «Білім туралы» заңдарында (3-бап) экологиялық білім мен тәрбие беру мемлекеттік саясаттың білім беру саласының негізі болып табылатыны атап көрсетілген. Бүгінгі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Қазақстандағы Арал, Балқаш проблемаларын, Семей полигонын және тағы басқаларды адам қолымен жасалған залалдар деп түсінуге болады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, табиғаттағы күрделі өзгерістерді болдырмау үшін экологияның адам психологиясындағы экологиялық мәдениетті дамытып, қалыптастырудан бастау қажет деген ұсыныстарды айтады.

Slide 8

Экологиялық білім беру мәселесі ұлттық педагогиканың негізгі арқауы десек те болады. Түркі жұрты табиғатпен тікелей қарым-қатынаста өмір сүргендіктен, табиғатқа деген қамқорлыққа үлкен жауапкершілікпен қараса, ұлы ақын Абай табиғаттың ерекше құбылыстарын өз туындыларын арқау ете отырып, ұлттық экологиялық мәдениеттің негізін қалады. Ал ұлттық білімнің негізін салушылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және тағы басқалар қоршаған ортаны аялау, салауатты өмір сүру салтын құрудың ғылыми алғы шарттарын жасады.

Slide 9

Жоғары және орта оқу орындарында экологиялық білім және тәрбие беру мәселелеріне көптеген ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері арналған. Белгілі эколог-ғалым академик Әлия Бейсенова мектептен бастап жоғары оқу орындарындағы ұлттық экология ғылымының жүйесін жасады. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру Н. Сарыбековтың еңбектерінде негізгі орын алады.

Slide 10

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар- қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі

Slide 11

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi. Ерекше қорғалатын аумақ - кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т. б. ) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

Slide 12

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Slide 13

Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131, 9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді аршат (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, қарақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т. б. жануарлар кездеседі.

Slide 14

Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191, 4 мың гектар жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала корғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ карағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең оңтүстіктегі cop топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы cop топырақта алуан түрлі кайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі. Табиғат жағдайының әртүрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқта жерсініп кеткен. Онда тұяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақкіс кездеседі. Қорықта сүткоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппақ қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді

Slide 15

Алматы қорығы 1964 жылы құрылған. Аумағы 71, 7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм төбе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда қорықта тиін, сасык күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғактақшар мекендейді.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы ақпарат
Экологиялық этика табиғаттың эстетикасы спетті
1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. 2.Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz