Ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының эквивалентті есебі


Slide 1

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Есеп және аудит кафедрасы

Ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының эквивалентті есебі

Slide 2

Жоспар:

Ақшалай қаражаттар мен элементтері;

Кассадағы ақша есебі;

Ағымдағы банктік шоттағы ақша есебі;

Жолдағы және арнаулы шоттардағы ақша есебі.

Slide 3

Кәсіпорындар мен ұйымдар өз қызметі барысында заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақытта операциялардың барлығы дерлік ақша мен есеп айырысулар арқылы жүзеге асады.

Ақша қаражаттары

Slide 4

Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларына бухгалтерлік есеп жүргізгенде басшылыққа алынатын қағидалар:

Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының толық және уақытылы есептелуі;

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелдігін және тиімді пайдаланылуын бақылауға алынуы;

Төлеу тәртібінің қадағалануы;

Кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығысталуының есептелуі.

Slide 5

Ақшалай қаржылар - кассадағы және банктегі ақшалар. Ақшалай қаржыларға нақты ақшалар мен қалпына келтіруге дейінгі жарналар жатады.

Slide 6

Ақша қаражаттарының эквиваленттері - қысқа мерзімді жоғары өтімді салулар: ақшалай қаржыларының анықталған сомасына, бағалықтардың өзгеруіне, тәуекелге душар ететін салулар.

Ақшалай баламалар - ақшаға ұқсас, басқаша жіктелетін активтер. (қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар, депозиттік сертификаттар)

Slide 7

Кассадағы ақша есебі

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады. Субъектілер басшылары ақшаның кассада, сондай-ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

Slide 8

Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.

Slide 9

Кассаға ақша қабылдау бас бухгалтер қол қоятын касса кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі.

Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді.

Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлемдер тізімдемелерімен, ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді.

Slide 10

Кассада ақшалар есебі бойынша есептік регистрлары:

№ 1 Журнал-ордер (касса шоттарының кредиті бойынша)

№ 1 Төлем тізімдемесі ( касса шоттарының дебеті бойынша)

Slide 11 Slide 12

Ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалар арсында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері мынадай шоттар ашады:

Есеп айырысу шоттары-шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар, қазақстан республикасы әділет министірлігінің органдарында тіркеуден өткен заңды тұлғаларға;

Ағымдағы шоттар-жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғаларға;

Бюджеттік шоттар-Қазақстан Респбуликасының республикалық бюджетіндегі мекемелерге;

Корреспонденттік шоттар- корреспонденттік келісімдер негізінде есеп айырысу ережелеріне сәйкес екінші деңгейдегі банктерге ұлттық банк мекемелерінде және өз арасында.

Slide 13

Есеп айырысу шоттары мына төмендегі құжаттар негізінде ашылады:

шотты ашуға берілетін өтініш;

қойылатын қолдар мен мөртаңбалары үлгілерімен карточкалары;

субъектінің салық есебіне қою дерегін растайтын салық қызметі органының анықтамасы;

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

жарғы көшірмесі;

құрылтай шартының көшірмесі (құрылтайшылар саны біреуден асқан ретте) .

Slide 14

Чек-шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы.

Нақты акша жарнасына берілетін хабарлама - Шот иесінің банктегі оның шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және нақты ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы

Төлем тапсырысы-мекеменің немесе шаруашылық ұйымның өзіне қызмет көрсететін банкіне өз шотынан қаржыларды аудару үшін берген тапсырмасы.

Банктегі есеп айырысу шоты мен басқа да шоттар операцияларын рәсімдеулерге мына құжаттар қолданылады:

Slide 15

Ұйымдағы ағымдағы банктік шоттардағы ақша жұмсалуы

№ 2 Журнал-ордерде, ал кірістелуі

№ 2 Төлем тізімдемесінде

есептеледі.

Шетелдік валюта - кәсіпорындарда тауарларды, дайын өнімдерді сату-сатып алу, қызмет көрсету, пайдалану жұмыстарын орындау барысында қолданылатын ҚР Ұлттық Валютадан басқа ақша бірліктері.

Slide 16

Бағамдық айырма - екі елдің ақша бірліктерінің арасындағы бағамның өзгеруінен болатын айырма сомасы.

Жолдағы ақша аударымдары - сатып алушылар мен тапсырысшылардың кассадан алынған ақша қаржыларын банк бөлімшесіне, почта бөлімшесіне ұйымның ағымдағы банк шотына енгізу үшін инкассаторға өткізген табысы. 1020 “Жолдағы ақша қаражаты” шоты жолдағы ақша қаржыларының қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жалпылау, есептеу үшін арналған.

Slide 17

Аккредитив - сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтердің көрсетілгенін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Slide 18

Назарларыңызға

Рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР
Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
Ақша қаражаттары есебі
Табыс салығы
Ақша қаражаттары және инвестициялар есебі
Ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының эквиваленттерінің есебі
Ақша қаржаттарының есебі
Кассалық операциялар есеп. Кассадағы ақша қаражаттарын түгендеу және оның нәтижесін есептеу, бейнелеу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz