Қазіргі абайтану және М. Әуезовтің мұрасы


Slide 1

Тақырыбы:Қазіргі Абайтану және Әуезов мұрасы.

Slide 2

Қазақ әдебиеттану ғылымындағы - әдебиет тарихының үлкен бір саласы - Абайтану.

Абайтану ғылымына академик Зәки Ахметов былай деп баға береді: «Абайтану кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды»

Slide 3

Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М. Әуезов болды

Slide 4

Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына толық танытып, әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті.

Slide 5

М. Әуезовтің бұл кітабында абайтанудың негізін салу жолындағы мол мұрасы жүйеленіп берілген.

I. Абай өмірбаяны.

II. Абай шығармаларының текстологиясы.

III. Абай мұрасының рухани көздері.

ІҮ. Абайдың ақындық дәстүрі.

Ү. Абайтанудың арнаулы курсы.

ҮІ. Баяндамалар, сөздер, пікірлер.

ҮІІ. Абайтану жайлы еңбектерге пікірлер.

ҮІІІ. «Абай жолы» эпопеясының жүргізілу тарихынан. IX. Түсініктемелер. Комментарии.

Slide 6

Орыс және қазақ тілдерінде, тоғыз бөлімнен тұратын, төрт жүз қырық екі беттен тұратын бұл еңбектің әрбір бөлімі, әр бөлімдегі алуан-алуан еңбектердің қай-қайсысы болса да абайтану ғылымының бір бөлесіндей, абайтану ғылымының өнегелі, өркениетті беттеріндей белгі береді. Абайтануға барар жолдың кілті I бөлімде, бұл бөлімде «Абайдың өмірбаяны», «Абай Құнанбаев (1845-1904) », «Құнанбаев Абай (Ибраһим) », 9 «Абайдың өмірі» т. б. тараушаларды қамтиды «Абай 1845 жылы бұрынғы Семей облысының, Семей уезі, Шыңғыс болысында туған. Шыққан руы тобықты. Ата тегі сол тобықты ішінде билік құрып, ықпалын жүргізіп, үстемдік етіп келген тұқым. Үлкен әкесі Өскембай тобықтының атақты биі Кеңгірбайдан бата алып өмір бойы сол өз руының биі болып өткен. Өз әкесі Құнанбай көп заман тобықты болысына старшын (ол уақыттың дәреже ретінде қарағанда болыс) боп кеп, бір уақыт Қарқаралы округіне аға сұлтан да болды»

Slide 7

Жалпы М. Әуезовтың ұзақ жылдар бойы Абайдың әдеби мұрасы туралы үздіксіз ізденудегі әрекетін бір-бірімен іштей байланысты 4 салаға бөле қарауға келеді: а) Абай шығармаларын жинауы, текстологиялық жағынан сұрыптауы, жариялауы туралы еңбектері. ә) Абай өмірбаянын қайта жазып, қандық қызметі мен дәуірі заманы жайында деректер жинап, естеліктер жаздырып, жоғалуға айналған өлең жолдарын қалпына келтірумен айналысуы. б) Абай өмірі мен шығармалары туралы арнайы зерттеу жұмысын жүргізуі. в) Жоғарғы үш саланың негізінде Абай мұрасын ақын туралы көркем шығармалар жазу арқылы танытуы.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Абайтану тарихы 1889 жылы басталып, қазақ әдебиетінде 50-жылдары өpic алды. Бұл мөселені тұңғыш рет сөз етіп, өз алдына арнайы түрде зерттеу қажеттілігі ең алдымен Мұхтар Әуезовтің, сонымен бірге Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов, Митрофан Семенович Сильченко, Әбіш Мұсылманқұлұлы Жиреншин еңбектерінде көрініс тапты.

Slide 11 Slide 12

Назарларыңызға рахмет!

Slide 13

Орындаған:Серікхан Р. Е

Топ:Қ-211

Тексерген:Ақтанова А. С


Ұқсас жұмыстар
Қайым Мұхамедханов және Абайтану: өмірі, ғылыми еңбектері мен мұрасы
Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеттануы мен фольклортануындағы орны: халық әдебиетін жинау және Абайтану
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми мұрасы: Абайтану, текстология және өңірлік әдебиет зерттеулері
М. О. Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі адамгершілік пен эстетика
Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығы мен ғылыми мұрасы: текстология, драматургия және Абайтану
М. Әуезовтің алғашқы мақалаларындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-мәдени дамуы
М. Әуезовтің алғашқы мақалаларындағы қоғамдық-әлеуметтік даму, тіл және адам болмысының талдауы
Абайдың әдеби ортасы және рухани нәр алған үш қайнар көзі: М. Әуезовтің талдауы
М. Әуезовтің Абай мұрасын жинақтау мен зерттеудегі ғылыми және көркемдік үлесі
Мұхтар Әуезовтің өмірі, отбасы және шығармашылық мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz