БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ



БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ҮЛБІРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ

Былғары мен үлбірді өңдеудің технологиялық үрдістері

Былғары және үлбір технологиясы
Былғары және үлбір технологиясы - белгілі бір тұтынушылық қасиетке ие және материалдық және еңбектік шығындары аз жартылай фабрикат алғанға дейінгі теріні өңдеудегі жүретін химиялық, физика-химиялық және механикалық үрдістерді жүзеге асыру әдістері мен міндеттері туралы ғылым.

БЫЛҒАРЫ МЕН ҮЛБІРДІҢ ҚАСИЕТІ ШИКІЗАТТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТАБИҒАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ, СОНЫМЕН БІРГЕ ШИКІЗАТ ПЕН ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТҚА ӘСЕР ЕТЕТІН ХИМИЯЛЫҚ, ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫНА ДА ТӘУЕЛДІ БОЛАДЫ. ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР АЛЫНҒАН ШИКІЗАТТЫҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІМЕН СИПАТТАЛАДЫ. БЫЛҒАРЫ МЕН ҮЛБІРДІ ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРІ ХИМИЯ, ФИЗИКА, МЕХАНИКА ЖӘНЕ Т. Б. ҒЫЛЫМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ ҚОЛДАНУДЫ ҚАРАСТЫРАДЫ.

Былғары - тері шикізатын өңдеу өнімі болып табылады. Оның кластары:

Ер-тұрмандық былғарылар
Ер-тұрмандық былғарылар өте берік, ылғалдану мен кебудің әсеріне, күннің көзіне және төменгі температураға төзімді, сыртқы үйкеліске шыдамды болуы керек. Мысалы, келесідей бұйымдар: айыл, делбе, желдік, жүген, қамшы, қанжыға, құйысқан, өмілдірік, өре, тұсау, шідер, шілия.
Ер-тұрмандық былғарылар барлық ауданы мен қалыңдығы бойынша толықтай иленген, біркелкі майланған және жақсылап жуылған болуы тиіс. Егер былғары боялған болса, ешқандай дақсыз және аппретурасыз біркелкі түсті, тығыз және ылғалды үйкеліске шыдамды болуы керек.


Техникалық былғары
Техникалық былғары өңдеуде негізінен, ірі қара малдың ауыр терілері пайдаланылады; ал кейбір түрлері ұсақ шикізаттан (бұзау терісі) алынады. Техникалық былғары жонарқа терісінен өндіріледі.
Техникалық былғарының қалыңдығы оның міндетіне байланысты әртүрлі болады. Жетекті қайыс белдік, манжет және басқа да техникалық бұйымдарға арналған техникалық былғары маңызды былғары түрлерінің бірі болып саналады, сондықтан оның сапасы жоғары, су сіңіргіштігі төмен, жыртылуға қарсылығы үлкен болу керек. Техникалық былғары тығыз, бірақ қатты емес, иілгіш, жыртылмай қалпын сақтай отырып жеңіл штампылануы қажет; ол толықтай иленген, қыртыстар мен бүкпелер болмауы керек.


тағайындалуына байланысты әр түрлі болып өңделеді:

Киімдік-галантереялық былғарылар
Киімдік-галантереялық балғарылар екі топқа бөлінеді: киімдік былғары және галантереялық былғары.
Киімдік былғары хромдық иленген қой терілерінен өңделеді. Киімдік былғарының қалыңдығы 0, 6÷1, 2 мм. Ауданының өлшемі 60дм2 төмен емес, қара және қоғыр түстерге боялады. Бояуы барлық ауданы бойынша біркелкі, дақсыз, 180° дейінгі температурада үтіктегенде тұрақты болуы керек. Ұстаған кезде толық және жұмсақ, толық иленген, қалыпты майланған, майлы дақтарсыз, барлық ауданы бойынша жақсылап тегістелген болуы керек, қыртыстары мен бүкпелері болмауы қажет.
Былғары бахтармасы (терінің ет жағы) жақсы сүргіленген және тегіс жылтыр болуы керек.


Аяқ киім былғарысы
АЯҚ КИІМ - аяққа киетін киімнің жалпы атауы. Аяқ киім түрлері олардың жасалған материалына, тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты жасалады. Аяқ киімнің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері болады.
Дәстүрлі ортада аяқ киім тігумен тері, қайыс өңдеумен айналысқан маманданған адамдар айналысқан. Олардың атадан балаға беріліп отыратын өзіндік технологиясы, яғни тәсілдер жүйесі болды.


Аяқ-киімге арналған былғары

Бекіту әдістері бойынша

РАНТТЫ ЖӘНЕ ТІГІСТІ бекітілген былғарылар бар. Біріншісі жеңіл, әдемі және қымбат түрлі аяқ киімдер дайындауда қолданылады, екіншісі де жеңіл аяқ киімдер дайындауға арналған, алайда олар неғұрлым арзан, құрғақ жағдайда киюге арналған маусымдық (жаздық) немесе үйде киетін болады.
ЖІППЕН ТІГІЛІП бекітілген аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары. Мұндай былғары жеңіл аяқ киімдер үшін қолданылады, ұлтан ұлтараққа және аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне жіппен тігілу арқылы бекітіледі.
БҰРАНДАЛАУ - ШЕГЕЛЕУ әдісімен бекітілген аяқ-киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары. Мұндай былғары ауыр аяқ киімдер үшін қолданылады, ұлтан мен ұлтарақ және жоғарғы былғары металл бұрандалар немесе ағаш шегелер көмегімен бекітіледі.

Қалыңдығы бойынша аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары категориялары

Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары

АЯҚ КИІМДІК ЮФТЬ. Жоғарыда көрсетілген былғарылардың әрбіреуі шикізат түрлеріне байланысты бөлінеді, мысалы, сиыр терісінен өңделген юфть, жылқы терісінен өңделген юфть немесе шошқа терісінен өңделген юфть. Юфть ауыр аяқ киімнің жоғары бөлігіне арналған бөлшектерді және сандалды (жазғы аяқ киім) дайындауға арналған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz