Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері. Гендік инженерия. Вирустарды лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері, торша өсінділерін алу және олардың классификациясы»


Slide 1

БӨЖ

Тақырыбы: «1. Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі. Мутация түрлері. Гендік инженерия.

2. Вирустарды лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері, торша өсінділерін алу және олардың классификациясы»

Орындаған :Акимжанова Марал

Тобы : ВС-303

Тексерген :Омарбеков Е. О.

2015 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ

Slide 2

Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У. Бэтсон ұсынды. Вирус генетикасы танудың практикалық мәні зор. Ол тірі вакцина жасайтын штамдар, арнайы антиендер алу. Вирустар мен жалпы клеткалардың тұқым қуалау негізі нуклеин қышқылдары. Вирустардың нуклеин қышқылының індетті ауруларды тудыру қасиеті дәлелденген.

Slide 3

Ген(грек. genos - тұқым, тек) - тұқым қуалаудың қандай да бір элементар белгісін қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік. 1909ж Иогансен ашқан осы ұғымды. Вирустардың гені- нуклейн қышқылының ДНҚ немесе РНҚ-ның белгілі бір бөлігіне орналасқан, тұқым қуалауды ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін өлшем бірлігі.

Ұсақ вирустарды 3-4 ген

Ірі вирустарда 150-ге дейін ген болады.

Әрбір генде бір полипептидтің коды жазылғын.

1 ген- 1 РНҚ- бір белок

Slide 4

Вирустардың тұқым қуалау қасиеттерін - генетикалық белгі деп атайды.

Генетикалық мәліметтер жинағы -генотип деп аталады. Бірақ вирус геніндегі бұл мәліметтер түгелдей белгі бере бермейді. Генотип пен табиғи ортаның қарым-қатынасына байлансты. Бұл көрініс- фенотип.

Slide 5

Вирустарға өзгергіштік қасиеті де тән. Ол 2 процесспен байланысты:

Slide 6

Вирустар өсетін клеткаға бір мезгілде екі немесе одан да көп вирус кіруі ықтимал. Сондықтан өсіп - өну жолында вирустар бір - бірімен генетикалық қарым - қатынаста болады. Олардың арасында генетикалық хабарлардың алмасуы мүмкін. Вирустардың арасында генетикадан тыс та қатынас болады. Генетикалық қатынастардың әсерінен жаңа вирустар пайда болады, олар өз қасиетін екі аналық вирустан да алады. Бұл жағдайда екі вирус геномы арасласқан болып табылады.

Slide 7

Генетикалық қарым - қатынас бірнеше түрлі болады.

Slide 8

Ген инжинерлік әдістер вирус ауруларына қарсы вакцина шығару үшін де қолданылады. Ол аусыл, сары ауру және тұмауға қарсы қорғауыш антигендік детерминанттар. Мұндай вакциналар бактерияларда немесе ашытқылар организімінде өсіріледі.

Ген инженерлік вакциналар алуда бір жаңа жол - жануарлардың ірі вирустарын пайдалану . Олардың геномына басқа вирустардың қорғауыш белоктарының генін енгізеді. Бұл долмен сары ауруға қарсы гепатит В вирус вакцинасы алынған.

Ген инжинерлік әдістер вирус ауруларын анықтау үшін де қолданыла бастады. Ген инжинерлігінің тағы бір әдісі ген дактилоскопиясы. Ол криминалистикада ДНҚ- ны тексеру арқылы жеке басқа куәлік жасау. Ген инжинерлік жұмыстар жүргізу үшін керек:

1. Вектор

2. Ферменттер

3. Гендер қажет.

Slide 9

Вектор - қарапайым геном. Ол реципиент клетка геномвһының құрамына кіргізген бөтен геномның репликациясы мен экспрессиясын қамтамыз етеді. Векторлық қызметті плазмидалар, эписомалар, бактериофагтар атқара алады. Көбінесе ішек таяқшасының плазмидалары қолданылады.

Slide 10

Ферменттер- бұл да ген инжинерлігінің басты құралдарының бірі.

1) Рестриктаза - немесе рестрикциялайтын эндо нуклеаза ДНҚ белгілі жерлерден ғана кеседі. ДНҚ - ның фермент танитын жерін - сайт деп атайды. Қазір 500 - ден астам рестриктазалар бар. олар 3 класқа бөлінеді.

2) Лигазалар - ДНҚ бөлшектерін бір - біріне тігетін ферменттер. одан басқа нуклеаза, кері транскриптаза, ДНҚ - полимераза- І, деген ферменттер болады. Ген инжинерлің жұмыстар атқаруға осы ферменттердің де бәрі қажет.

1

2

Slide 11

Вирустар тек тірі торшада тіршілік ететін себепті оларды патологиялық материалдан бөліп алу ұшін лабораториялық жануарларды пайдаланады. Қазіргі кезде вирусологияда лабораториялық жануарларды мынадай мақсатта қолданады: 1) зерттелген материалда вирустың бар жоғын анықтауға; 2) вирусты ол материалдан бөліп алу үшін; 3) вирустың белсенділігін лабораториялық жағдайда сақтау үшін; 4) вирустың титрін анықтау үшін; 5) бейтараптау реакциясын қою үшін тест-объект ретінде; 6) гипериммунды қан сары суын алу үшін.

Slide 12

Лабораториялық жануарларға қойылатын талаптар:

Алынған жануар іздестіріл отырған вирусқа сезімтал болуы тиіс.

Жануарлардьщ жасы ескерілуі керек.

Стандартты сезімталдықгы тек бір тұқымдастардан, бірдей жастағы бірдей салмақты жануарларды қолданғанда ғана көруге болады.

Лабораторияға жануарлар инфекциялық аурудан бос шаруашылықтан әкелінуі тиісті.

Олар міндетті түрде карантиннен өтуі керек (ақ тышқандар- 4 күн, баскэлары -21 күн) .

Slide 13

Тәжірибеде жиі қолданылатың егу әдістері:

тері астына;

тері арасына;

бұлшық етке;

құрсақ ішіне;

қан тамырларына;

танау қуысына;

миға.

Әдістемені тандау-вирустың тропизмдік қасиетіне байланысты. Яғни әрбір вирустың репродукциялануы үшін өзіне қолайлы орны бар.

Slide 14

Вирустың лабораториялық жануарларда өсіп-өнгенін олардың клиникалық белгілерінің пайда болуы, жануардың өлуі және пайда болатын ішкі органдардағы патоморфологиялық өзгерістер арқылы біледі.

Ал егер егілген жануарлар инкубациялык, кезенде өлмесе, онда оларды арнайы өлтіріп (8-10 күннен кейін) өлекседен патматериал алып вирусты әр түрлі әдістемелермен іздейді. Эксперимент ретінде егілген жануарлардын өлексесін жарып, ондағы кездесетін патанатомиялық өзгерістерді байқайды. Бұны лабораториялық жануар өле салысымен жүргізеді. Өлекседен патологиялық материал ретінде бауырын, шажырқай бездерін, кейбір жағдайда бас миын алуға болады. Қандай органдарды алу керектігі болжап отырған вирустың тропизмдік қасиетіне байланысты. Әрбір алынатын вирустық материалды екі бөлікке бөліп алады-біреуі вирусологиялық зерттеу үшін, екіншісі-гистологиялык зерттеу үшін алынып арнайы фиксаторлармен бекітіледі.

Егер болжаған ауруда вирустың торша ішіндік денешік түзу касиетін анықтау керек болса, онда сол материалдан жұғынды дайындалады.

Slide 15

Tауық эмбрионын вирустарды өсіру үшін тірі жүйе ретінде XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап, тәжірибеде қолданыла бастады. Лабораториялық жануарлармен салыстырғанда бұларда біраз артықщылықгар бар, атап айтқанда:

олардың әк кабығы эмбрионды бактериялық ластанудан сақтайды;

қорғаныс факторларының жетілмегендігінен олар көптеген вирустарға сезімтал;

оларды құс фабрикалары мен инкубаторлардан оңай алуға болады.

арнайы азықтануды қажет емес, яғни экономикалық жағынан тиімді;

егілген вирусқа қарсы антидене құрылмайды. Бірақ, бұларды толық стерильді деп айтуға болмайды, себебі кейбір вирустық аурудың қоздырғыштары жұмыртқада кездесуі мүмкін.

Slide 16

Эмбриондарды қолдану мақсаттары:

Биосынақ ретінде, патматериалдан вирусты бөліп алу үшін

Вирусты лаборатория жағдайында ұстау үшін.

Вирустың титрін анықтау үшін.

Вакцина дайындау ушін.

Бейтараптандыру реакциясы үшін тест-объект ретінде

Жасанды торша өсіндісін дайындау үшін қолданады.

Slide 17

Зерттелінетін вирустық материалмен егу үшін пайдаланы- латын тауық эмбриондарына мынадай талаптар қойылады:

инфекциялық аурулардан таза шаруашылықтан алынуы тйіс.

Жұмыртка қабығы пигментсіз және таза (жууға болмайды)

Эмбрионның жасы (күні) таңдап отырған егу әдісіне сәйкес болуы керек.

Slide 18

Құрылысы

эмбрион

ақуыз

Сарыуыз қапшығы

аллантоис

амнион

қабыршақ

Ауа қапшығы

Slide 19

Зақымдау мерзімі

Сарыуьіз капшығы- үрықтың қоректік заттар қоры эмбрионның 5-7 күндігінде зақымдайды.

Амнион куысы эмбрионның буферлік ортасы эмбрионның 6-10 күндігінде зақымдайды


Ұқсас жұмыстар
Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олардың өзгергіштігі.Мутация түрлері
Вирустарды лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері, торша өсінділерін алу және олардың классификациясы
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі.Мутация түрлері.Гендік инженерия. Вирустардың лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері
ТОРША ӨСІНДІЛЕРІНІҢ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖАНУАРЛАР МЕН ТАУЫҚ ЭМБРИОНДАРЫНАН
Вирустардың ерекшелігі
Вирустардың нәсілдік құрылымы.Мутация.Гендік инженерия
Микроорганизмдер генетикасы
Вирустардың ерекшіліктері
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Бактериялардың плазмидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz