Гаметогенез жә не ұрықтану процесі


Slide 1

Гаметогенез және ұрықтану процесі

Орындаған: Мухаметжанова Назым

Жумангазина Асем

Е-313 топ

Slide 2

Гаметогенез (gametogenesis; gametos - жыныс, жыныс клеткасы; genesis - шығу тегі) - жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі (ен, жұмыртқалық) даму процесі.

ГАМЕТОГЕНЕЗ

СПЕРМАТОНЕГЕЗ

ОВОГЕНЕЗ

Slide 3

Гаметогенез

Жыныс жасушалары немесе гаметалар жыныс бездерінде дамып-жетіледі. Аналық жыныс безінде жұмыртқа жасушалары, аталық жыныс бездерінде сперматозоид жасушалары түзіледі. Организмнің жыныс бездері пісіп-жетілген кезде алғашқы ұрық жасушалары белсенді жағдайда көшіп бөліне бастайды.

Жалпы жыныс бездерінде аналық және аталық гаметалардың дамып жетілуін гаметогенез деп атайды.

Slide 4

2n

n

n

n

n

n

n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

2n

n

n

n

n

n

Көбею зонасы (митоз)

Өсу зонасы

Жетілу зонасы (мейоз)

Қалыптасу зонасы

Slide 5

Сперматогенез

Сперматогенез - аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтардың даму процесі.

Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді.

Slide 6

Сперматогенездің кезеңдері

І. Көбею кезеңі

ІІІ. Жетілу кезеңі

ІV. Қалыптасу кезеңі

ІІ. Өсу кезеңі

Slide 7

Сперматогенездің кезеңдері

Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.

Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚ, протеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік

сперматоциттерге айналады.

Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді. Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.

Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.

Slide 8

Сперматозоид

Сперматозоид (грек. Sperma, spermatos - ұрық, zoon - тіршілік иесі және eіdos - түр) - адамның, жануарлар мен көптеген өсімдіктердің жетілген гаплоидты аталық жыныс клеткасы. 1677 жылы сперматозоидты сүтқоректілердің спермасынан Антони ван Левенгук тапты. Ал сперматозоид терминін ғылымға 1827 жылы К. М. Бэр енгізді. Сперматозоид сперматогенез процесінің нәтижесінде пайда болып, аналық жұмыртқа клетканы ұрықтандырады. Сперматозоидпен аналық жұмыртқа қосылғаннан кейін зигота түзіледі де, ұрықтың дамуы басталады. Жануарлардағы сперматозоидтың ұзындығы әр түрлі болады. Мысалы, омыртқалы жануарларда 10 - 100 мкм, жәндіктерде бірнеше мм-дей болады. Адам сперматозоидының орталық көлемі 16 - 19 мкм3.

Slide 9

Сперматазоидтың құрылысы

Slide 10

Сперматозоидтің түрлері

Қоян

Тышқан

Теңіз шошқасы

Адам

Шаян

Өрмекші

Қоңыз

Қырықбуын

Мүк

Папортниктің сперматозоиді

Slide 11

Овогенез

Овогенез (ovogenesis, лат. ovum - жұмыртқа, genesis - шығу тегі) - жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді.

Slide 12

Овогенез

І. Көбею кезеңі

ІІ. Өсу кезеңі

ІІІ. Даму кезеңі

Slide 13

Овогенез

Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезеңдерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезеңдерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жұмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.

Slide 14

Жұмыртқа жасушасының құрылысы

Slide 15

Ұрықтану

Ұрықтану - аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуынан

зиготаның пайда болуы.

Slide 16

Жануарлардағы ұрықтану

Жануарларда болатын ұрықтану процесін бірнеше фазаға бөлуге болады. Жұмыртқа клекасының кез келген бір нүктесіне сперматозоидтың бекінуі немесе микропиле арқылы оған енуі - бірінші фазаның басталуы. Сперматозоид басының жұмыртқа клеткамен түйісуі химиялық реакциялар тізбегінің бастамасы болып табылады. Бұл фазаны жұмыртқаның активтену фазасы деп атайды. Жұмыртқа клеткасына бір сперматозоид (моноспермия), ал кейбір жануарларда бірнеше сперматозоидтар (полиспермия) енгеннен кейін ұрықтану процесінің екінші фазасы-басталады. Жұмыртқа клеткасының ішіне енген сперматозоид аналық ядромен қосылып бірігуге «дайындалады», ол митоз бойынша жүреді: сперматозоид ядросы біртіндеп ісінеді де интерфаза кезіндегі ядроға ұқсайды. Мұндай ядро аталық пронуклеус деп аталады. Сперматозоид ядросымен қосылып бірігуге дайын болған (мейоздың барлық фазасынан өткен) жұмыртқа клеткасының ядросын аналық пронуклеус деп атайды. Мейоз аяқталғаннан кейін ғана, яғни аналық пронуклеус түзілгеннен кейін ғана кариогамия іске асады. Ұрықтану актісінде гаплоидты екі пронуклеус бір ядро болып бірігеді де, зигота түзеді. Осы мезгіл жынысты көбею процесінің кульминациялық шегі болып табылады. Алдыңғы ұр-пақтағы мейозда ажырап кеткен гомологиялық хромосомалар кариогамия нәтижесінде зиготаның бір ядросына қайтадан бірігеді. Жыныстық көбеюде хромосомалардың диплоидты жиынтығы осылай қалпына келеді.

Slide 17

Жануарлардағы ұрықтану

Slide 18

Өсімдіктердегі ұрықтану


Ұқсас жұмыстар
Гаметогенез
Аталық және аналық жыныс жасушалары
Гаметогенез және ұрықтану. Геннің құрылымы және қызметі
Гаметогенез және ұрықтану. Геннің құрылымы және қызметі туралы
Жыныстық көбею
Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің туа біткен ақаулықтары
Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез
Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері туралы
Дамудың қатерлі кезеңдері
Аналық жыныс жасушасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz