Электронды құжат айналымы. Электронды оқулықтар дайындау туралы ақпарат


Slide 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Электронды қызмет түрлері. Электронды құжат айналымы. Электронды оқулықтар дайындау.

Орындаған: Таңат Н. Н.

Тексерген: Кайсанов С. Б.

Топ: ВС - 503

. Семей 2015

Slide 2

«Электронды үкімет» порталының веб-порталында электронды қызмет көрсететін жаңа электронды қызмет түрлері талқыланды. ХҚКО-мен аталған электронды мемлекеттік қызмет түрлерін, сонымен қатар олардың тиімділігі: бюджет шығындарының елеулі түрде қысқаруы, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттық және ескі түрін көрсету барысында мемлекеттік қызметшілерді қамту, анықтамалар санының қысқаруы, тіркелген және рұқсат етілген құжаттарды көрсету қажеттілігі, халыққа ақпараттық көмек көрсетуді жақсарту мен мемлекеттік қызмет өкілдеріне өтініш білдірген азаматтардың жеке уақытын үнемдеу сұрақтарына кеңінен тоқталды.

Slide 3

Интернеттегі қарым-қатынасты бірқатар маңызды ерекшеліктер бөледі: 1) қатынас жазбаша түрде ғана жүзеге асады, ол бұл кезегінде қатынастың жазбаша түрі жақындатылады; 2) коммуниканттар арасындағы тікелей байланыс пен қатынасқа қатысушылар туралы нақты ақпараттар жоқ болады.

Slide 4

Электрондық қарым-қатынас - хабарламаны машина оқығыш формаға айналдыратын электронды-есептегіш техника мен қазіргі байланыс құралдарын пайдалануды анықтайды. Бірақ коммуникант пен реципиент үшін бұл хабарламалар жазбаша, визуальді немесе аудиальді хабарлама түрінде қызмет етеді. Бұл жағдайда хабарлама жазбасын құжат ретінде рәсімдеп, яғни компьютер жадында өзгермейтін түрде немесе бөлек машинаоқығыш жинақтауда сақтауға болады.

Электронды қатынас негіздерін білу бүкіл әлемдегі қолданушыларға көптеген жаңа мүмкіндіктер ашып берді: электронды оқу құралы көмегімен өзінше білім алу мүмкіндігі, электрондық кітапхана мен баспасөз, электрондық газет-журналдар арқылы кез келген өзекті және қажетті ақпаратты алу мүмкіндігі, электрондық үкімет жүйесінің көмегі арқылы үкіметпен келіссөз жүргізу және т. б.

Slide 5

Электронды жадыда ақпаратты өңдеуге арналған коммуникант - адамды электрондық құжат, электрондық баспа немесе қолданбалы бағдарлама ретінде енгізгендері екені бәрімізге түсінікті. Ауызша хабарлама немесе кітап мұқабасы түріндегі құжат та, дәстүрлі жазбаша құжат ретінде компьютер арқылы коммуникант адамнан реципиент адамға ақпарат береді. Компьютер - ақпаратты жазуға, сақтауға, іздеуге арналған техникалық құрылғы ғана. Әрине, компьютерлендіру, құжаттарды жазу, құру, сақтау әдістерін, олардың материалдық формасын, қолдану мүмкіндіктерін өзгертеді. Электронды қарым-қатынас жазбаша немесе ауызшадан негізі ерекшеленеді деп айтуға бола ма? Құжатты сақтау кезінде ақпараттың сақталу және таралу түрлері өзгереді; қағаз сақтағыштың орнына электронды сақтау бағдарламасы пайдаланылады, бірақ жазбаша түрі де жоғалмайды; электронды құжаттар керек уақытында оңай материалданады.

Slide 6 Slide 7

1. Осы Электрондық құжат айналымы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және 2-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

Ереже жеке немесе заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, электрондық құжат айналымы тәртібін айқындайды.

Ереженің қолданысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарға таралмайды.

Заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілттерін жасау жөніндегі жұмыстар (қалыптастыру, тіркеу, беру, сақтау, жою тәртібі) және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттар мен электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілттерінің құпиялылық режимі мен сақталуын қамтамасыз етудің тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.

«Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таратылуы шектелген электрондық құжаттармен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тәртібі «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 Қазақстан Республикасы Үкіметінің және «Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс жасау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қпү қаулыларымен айқындалады.

Slide 8 Slide 9

2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы - кілттерді криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, көбейтуді, қалыптастыруды, бөлуді және басқаруды іске асыратын құрал;

2) кілтті жеткізгіш - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін қамтитын ақпаратты жеткізгіш;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық (бұдан әрі - МО КО) - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы - «электрондық үкіметтің», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;

5) құжаттың электрондық көшірмесі - өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзі жеке қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012. 10. 31 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

7) мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен тиісті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары арасындағы электрондық құжат алмасуға арналған электрондық құжат айналымы жүйесі;

8) нормативтік-анықтамалық ақпарат - нормативтік құжаттарға негізделген және құжаттың әртүрлі сипаттарын анықтау үшін пайдаланылатын ақпарат (жіктеуіштер, анықтамалықтар, тізбелер және басқалары) ;

9) ЭҚАБЖ орталығы - электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушыларды тіркеуді, нормативтік-анықтамалық ақпаратты үйлестіруді және электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылар арасындағы электрондық құжаттар алмасуды қамтамасыз ететін ЭҚАБЖ ішкі жүйесі;

10) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

11) электрондық құжат айналымы жүйесі - оған қатысушылар арасындағы қатынастар «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;

12) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;

13) электрондық ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде қамтылатын, электрондық түрде сақталатын ақпарат (ақпараттық дерекқор) ;

14) электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесі - ақпаратты (деректемелердің мәліметтерін) электрондық түпнұсқадан толық шығару арқылы алынған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін пайдалана отырып құрылған, түпнұсқа электрондық құжатты толық бейнелейтін ақпараты бар және барлық деректемелері мен олардың бір бөлігі осы құжатты растауға өкілеттігі бар адам растаған қағаз жеткізгіштегі құжат;

15) электрондық құжаттың түпнұсқасы - электрондық цифрлық қолтаңбаның, жабық (құпия) кілті пайдаланыла отырып құрылған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған (қол қойылған), бастапқыда электрондық құжат форматында қалыптастырылған және қағаздағы шығыс түпнұсқасы жоқ құжат;

16) электрондық құжаттың форматы - оның негізінде электрондық, құжат қалыптасқан электрондық хабарламаның мазмұнды бөлігінің құрылымы;

17) электрондық тіркеу бақылау карточкасы - электрондық құжат деректемелерін тіркейтін, белгіленген нысан бойынша құжат туралы есептік деректер бар электрондық құжат;

18) электрондық, цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;

19) тіркеу куәлігінің иесі - өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;

20) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін тарату, түсіру (және/немесе түрлендіру), жою немесе оқшаулау жөніндегі заңсыз әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз енудің қолжетімділігін (оның ішінде ақпаратқа заңсыз енуді) болдырмауға бағытталған іс-шаралардың құқықтық, ұйымдық және техникалық кешені.

Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13

3. Жеке, заңды тұлғалардың электрондық ЭҚАБЖ-де «электрондық үкімет» веб-порталын пайдалана отырып жөнелтілген өтініштерін қабылдау және өңдеу «электрондық үкіметтің» веб-порталы, ЭҚАБЖ, МО КО және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.

3-1. Құжаттың электрондық көшірмесін жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тиісті түпнұсқа қағаз құжат деректемелерінің деректерін қамтитын ақпарат толық қалпына келтіріледі.

Ескерту. Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012. 10. 31 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4. ЭҚАБЖ-ны басқа ақпараттық, ақпараттық-коммуникациялық жүйелермен және электрондық құжат айналымы жүйелерімен түйіндестіру тәртібін ЭҚАБЖ-мен ықпалдастыру жөніндегі талаптарға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау) жөніндегі талаптарды орындай отырып, электрондық цифрлық қолтаңба қалыптастыру тәртібіне сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

5. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарымен ЭҚАБЖ-нің өзара іс-қимыл тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Мемлекеттік органдардағы электрондық құжат айналымының тәртібі . Мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымын ұйымдастыру үшін мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін ЭҚАБЖ пайдаланылады:

1) пайдаланушылардың қол жеткізуін авторландыру және қол жеткізу құқықтарын шектеу;

2) электрондық құжатты қалыптастыру (құру) ;

3) электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын қалыптастыру және тексеру;

4) электрондық құжаттардың есебін жүргізу (кіріс және шығыс электрондық құжаттарды тіркеу) ;

5) электрондық құжаттармен ұжымдық жұмыс;

6) электрондық құжаттардың (оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары) орындалуын бақылау;

7) электрондық құжатты іздестіру;

8) мемлекеттік орган шегінде және мемлекеттік органдардың арасында электрондық құжаттарды жіберу және алуын растау;

9) мұрағаттарды және құжаттамаларды басқарудың уәкілетті органы белгілеген мерзімде электрондық құжаттарды сақтау;

10) электрондық құжатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік мұрағаттарға оларды кейіннен мемлекеттік сақтауға тапсыра отырып, уақытша сақтау үшін мемлекеттік органның электрондық құжаттар мұрағатына тапсыру;

11) электрондық құжаттарды, электрондық цифрлық қолтаңбаның жойылған жабық (құпия) кілттері мен ЭҚАБЖ электрондық дерекқорын кепілдендірілген жою.

7. ЭҚАБЖ 60 Мб аспайтын көлемімен электрондық құжаттарды жеткізуді қамтамасыз етеді, оның қосымша салымының саны 6 файлдан аспайды.

8. Электрондық құжат екі бөліктен тұрады: мазмұнды және деректемелік.

Электрондық құжаттың мазмұнды бөлігі мынадай форматтардағы бір немесе бірнеше файлдардан тұрады:

1) PDF, TIFF, JPEG - графикалық формат;

2) RTF, DOC, DOCX - мәтіндік формат;

3) XLS, XLSX - кестелік формат;

4) PPT - таныстырулар;

5) RAR, ZIP - мұрағатталған формат.

Қазақстан Республикасы Президенті актілері жобаларының мазмұнды бөлігі ЭҚАБЖ-де тек DOC, PDF форматында ғана қалыптастырылады.

Электрондық құжаттың мазмұнды бөлігі мынадай деректемелерді қамтиды:

6) жөнелтуші ұйымның ресми атауы;

7) ұйым туралы анықтамалық деректер (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, ұйымның электрондық мекенжайы (болған жағдайда) ;

8) құжат түрінің атауы;

9) кіріс құжаттың тіркеу нөміріне және күніне сілтеме;

10) құжатты жасау және басып шығару орны;

11) адресат;

12) құжатты бекіту грифі (болған жағдайда) ;

13) мәтінге тақырып (болған жағдайда) ;

14) құжаттың мәтіні;

15) қосымшасының бар болуы туралы белгі (болған жағдайда) ;

16) орындаушы туралы белгі (орындаушының тегі және телефоны) ;

17) электрондық цифрлық қолтаңба.

Электрондық құжаттың деректемелік бөлігі мынадай деректемелер пайдаланылатын электрондық тіркеу бақылау карточкасын жасау арқылы қалыптастырылады:

18) құжат түрінің атауы;

19) құжаттың күні;

20) құжаттың тіркеу нөмірі;

21) істер номенклатурасының индексі;

22) бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы мен нұсқасы, оның көмегі арқылы құжат жасалады;

23) электрондық цифрлық қолтаңба;

24) мәселенің сипаты;

25) тақырыбы (қысқаша мазмұны) ;

26) негізгі құжат пен қосымшаларының парақтар саны;

27) мемлекеттік органның-адресаттың атауы;

28) адресат лауазымының атауы (болған жағдайда) ;

29) адресаттың тегі (болған жағдайда) ;

30) орындаушының тегі;

31) орындаушының телефон нөмірі;

32) бақылау туралы белгі;

33) құжаттың орындалуы және оны іске жіберу туралы белгі;

34) құжаттың тіркеу нөміріне және күніне сілтеме;

35) қағаздағы құжат түпнұсқасының, электрондық құжаттың қағаз көшірмесінің болуы немесе болмауы туралы белгі.

Slide 17 Slide 18

Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық

принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. "Электрондық практикум" берілген. Оқушы оқулықгы қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып-ақ үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген.

Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

Мүғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

* Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген зандылығы болуы керек. Осыған байланысты

электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек секілді.

- белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықгың сол пәннің типтік бағдарламасына сөйкес болуын;

- электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертқаналық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықгама, библиографиядан түратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақгарынан түратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін камтуын;

- электрондық оқулықгың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни, берілетін тақырыпісд қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;


Ұқсас жұмыстар
Электронды қызмет түрлері,ЭҚ айналымы, Электронды оқулықтар дайындау
Электронды қызмет түрлері Электронды құжат айналымы Электронды оқулықтар дайындау жайлы
Электронды қызмет түрлері. Электронды Кұжат айналымы. Электронды оқулықтар дайындау туралы ақпарат
"Электронды қызмет түрлері. Электронды құжат айналымы. Электронды оқулықтар дайындау."
"Электронды қызмет түрлері. Электронды құжат айналымы
Электронды қызмет түрлері. Электронды құжат айналымы туралы
Зиялы педагогтар еңбектері
Құжаттарды тарихи дерек көзі ретінде қарастырудан бастап
Күніне 150 хат немесе жұмысқа уақыт табу жолы
Автоматтандырылған ақпараттық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz