Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ
АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Пән:Этнопедагогика
Тақырыбы: Қазақ ауыз әдебиетінің
этнопедагогикалық мәні

Орындаған:Болатбай Д
Топ:Е-417
Тексерген:Оралбекова.Б.С
Жоспар:
1. Жаңылтпаш
2. Жұмбақ
3. Мақал – мәтелдер
4. Санамақ
5. Өтірік Өлең
6. Ертегі
7. Аңыз әңгімелер
8. Тұрмыс-салт жырлары
9. Батырлар жыры
10.Лиро-эпостық жырлар
Мақсаты:Оқушыларға қазақ этно сөзінің мәнін ашу, қазақтың ауыз әдебиетіні ң т үрлерімен таныстыру .
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің
шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа
жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың
тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң
айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.
Жаңылпаштың сөздері адамды
жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң
және қатаң дауыссыз дыбыстардан
құралады, қара сөз немесе өлең түрінде
болады.
Жұмбақ– адамның ой-өрісін,
алғырлығын, білімін сынау мақсатында
нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап
сипатталатын шағын әдеби жанр.
Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы
жымдасқан метафора деп анықтама берген..

?
Апаң,апаң
Ескі шапан
Иір қобыз
Жарық
жұлдыз
Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында
басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат
құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы,
мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды,
тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған
философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жаттық та
көркем көрінісі.
Абай мұрасы мақал, мәтелге айналған ақыл-
нақылды өлең жолдарына бай.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,
«Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық»,
«Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық»,
«Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам
баласын»
Санамақ — қазақтың жас балаларға арналған
ұлттық ойыны . Зеректікті, ептілікті пен
икемділікті қажет ететін ойындардың қатарына
жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы
балаға алғашқы матем. дәріс — санауды
үйретеді. Санамақ айтылғанда әр санның атына
бір ұқсас сөз қосылып айтылады.

Мыс.: Бір дегенім не? Бір дегенім білеу,
Екі дегенім не?— Екі дегенім егеу
Үш дегенім не? Үш дегенім үшкір,
Төрт дегенім не? Төрт дегені төрткүл..
Өтірік Өлең– қазақ халқының тұрмыс салтына
байланысты туындаған ауыз әдебиетінің көне
үлгісі. Өтірік өлең әзіл-оспаққа құрылып, көбіне
той-думанда, ойын-сауықтарда айтылған. Өтірік
өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы
шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет
шынайы өмірге жанаспайды: “Аспанға алты
жерден тіреу қойдым, Той қылып, мың масаны
сонда сойдым”.

“Бір күні, күн шыққан соң, таңда тұрып,
ойыншық – резинка шарға мініп, Жөнелдім қуып
екі жер серігін, Дем алдым Ай қасында жолда
отырып”
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының
бірі. Ертегі жанры – халық прозасының
дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық
көркем проза.
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы
жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға
бөлінеді:
1) Жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
Аңыз әңгімелер — Халық ауыз әдебиетінің
жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен,
ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық
сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз
әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың
атына, іс-әрекетіне байланысты туады.
Тұрмыс-салт жырлары- қазақ халқының әдет-
ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған
өлең-жырлар.
Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына
орай бірнеше топқа жіктеледі:
тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы
өлеңдер, наурыз өлеңдер),
дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау,
жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),
үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу,
беташар),
мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту,
жоқтау.
өтірік өлеңдер, т.б.
Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне
жанрлардың бірі.Қаһармандық эпос деп те аталады.
Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-
жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың
сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум.
қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді.

Ер тарғын батыр
Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар -
лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі
құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады.
Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға
ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-
эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы,
наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік
және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс
басым жатады.
Қорытынды.
Назарларыңызғ
а рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогикалық зерттеу әдістері
Этнопедагогиканың негізі ұлттық тәлім - тәрбие
Қазіргі Қазақстандағы этнопедагогикалық ойларға шолу
Этнопедагогиканың зерттеу әдістері
Аңыз әңгімелер туралы пікірлер
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ. АУЫЗДАН- АУЫЗҒА ТАРАП, ХАЛЫҚ ЖАДЫНДА САҚТАЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ МАҒЫНАСЫ ДА, МАҢЫЗЫ ДА, ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР
Блум таксономиясы негізінде қазақ ауыз әдебиеті саласы бойынша мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу
Хайуанаттар ертегілері
Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»
Аңыз әңгімелер - Халық ауыз әдебиетінің жанры
Пәндер