Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау


Slide 1

БӨЖ №1 Тақырыбы: « Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау»

Орындаған: студент Қабышева Т. Ә Вс-203.

Тексерген: Сүлейменов Ш. Қ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

1. Құс етінің класификациясы

2. Жүмыртқа шаруашылығына сипаттама

3. Жұмыртқаны жинау

5. Жұмыртқаны буып-түюге және таңбалауға қойылатын талаптар

6. Жұмыртқаны Сақтау және тасымалдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Құс шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда. Ал ендігі құс етіне келетін болсақ : Құс еті -әрі жұмсақ, әрі дәмді ет; Құс еті әрқашан бағалы жеңсік ал саналып келді. Құс шаруашылығы мықтап дамыған қазіргі уақытта тауық етін де, басқа құс еттерін де халықтың көбі тұтынатын болды. Құс етінің тағамдық неғұрлым бағалы заты - белок; бройлер етінде ол санатына қарай - 17, 6-19, 7%, тауық етінде 18, 2-20, 8%, бөдене етінде 18, 0 %. Құс етіндегі амин қышқылының құрамы өте сіңімді.

Slide 4

ІІ құс етінің класификациясы етке тапсырылатын құс жасына байланысты - балапан және ірі құс болып бөлінеді.

Slide 5

Балапан

Балапан құстың морфологиясы:

Төс сүйегінің қыры сүйектенбеген;

Кеңірдек сақиналары солқылдақ, иілгіш, онай қысылады;

Қауырсын қанаты бестен кем болмауы керек;

Аяқтарының терісі және тері қабыршығы солқылдақ, аяққа жабысып тұрады;

Жас қораздар мен күрке тауықтардың тепкісі жетілмеген, ұстап көргенде жұмсақ, қозғалмалы;

Қаз және үйрек-қаз балапандарының аяқ терісі жұмсақ созылмалы, тұмсығы мүйізденбеген.

Slide 6

Ересек құс

Ересек құстың морфологиясы:

Төс сүйегінің өсіндісі сүйектенген;

Кеңірдек сақиналары қатты, қысылмайды;

Аяқ терісі, тері қабығы дөрекі, бұдырлы;

Қораздың күрке тауықтың тепкісі қатты, тұмсығы мүйізденген.

Slide 7

Түріне байланысты құс классификациясы:

Тауық, қораз ;

Уйрек ;

Қазкүрке - тауық ;

Қаз ;

Мысыр тауығы.

Slide 8

Тауық-қораз

Slide 9

Үйрек

Slide 10

Қазкүрке - тауық

Slide 11

Қаз

Slide 12

Мысыр Тауығы

Slide 13

Салмағына байланысты құс классификациясы

Тапсырылатын құстын массасы төмендегі көрсеткіштерден кем болмауы керек :

Тауық балапандары - 600г;

Бройлер балапандары - 900г;

Күрке тауық балапаны - 2200г;

Үйрек балапаны - 1400г;

Қаз балапаны - 2300г.

Slide 14

Жүмыртқа шаруашылығына сипаттама

Жұмыртқа шаруашылығы өзінің тез айналымына байланысты өзін-өзі тезөтейді және өндіріс дамуына тез үйреніседі. Жұмыртқаның қоректік қасиеті мол, өте сіңімді диеталықөнім болып есептелінеді. Адам тағам ретінде негізінен тауықтың жұмыртқасын пайдаланады. Оның құрамында 13% белок, 12% май және тағы басқа углеводтар, минералдық заттар, витаминдер (А, Д, В, Е) бар. Жұмырьқаны көптеп шығару өнеркәсібі көп жер көлемін өажет етпейді және агроөнеркәсіптік сұранысқа жауап береді. Қазіргі кезде жұмыртқа шаруашылығындағы 5 алдыңғы қатарлы мемлекет:

Қытай, АҚШ, Жапония, Үндістан, Ресей.

Slide 15

Жұмыртқаның биологиялық құндылығы.

Тауық жұмыртқасы - табиғи құнды азық. Соңғы 20-25 жылдарда жұмыртқа шаруашылығы кең алып келеді. Жұмыртқа (тауық жұмыртқасы ) - дәмді де нәрлі тағам. Қабығы аршылған жұмыртқаның орташа химиялық құрамы: 73, 6% судан, 12, 8% ақуыздан, майлардан, көмірсулардан, минералдық заттардан (кальций, фосфор, т. б. ) тұрады. Сонымен бірге жұмыртқаның құрамында тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы да бар. Жұмыртқаның неғұрлым құнды бөлігі - сарыуызы.

Slide 16

Жұмыртқаны жинау, сорттау, таңбалау, буып түю автоматты түрде жүргізіледі.

Slide 17

V Жұмыртқаны Сақтау және тасымалдау

Қоймалық үй-жайлар жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтармен жабдықталуы тиіс.

Мұздатқыш жабдықта, төбелерінде, қабырғаларында, еденінде, есіктерінде, өнімі бар орамдарда қардың және мұздың түзілуіне жол берілмейді.

Жұмыртқаны, дайын жұмыртқа өнімдерін өткір иісті заттармен және материалдармен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдерін сақтау өнімнің қауіпсіздік және сапа көрсеткіштерін сақтауды қамтамасыз ететін температуралық-ылғалдылық режимдерде жүзеге асырылады.

0оС -тан 20оС-қа дейінгі температурада және ауаның 85 % - 88% салыстырмалы ылғалдылығы кезінде сақтау:

диеталық жұмыртқа - 7 тәуліктен аспайды;

асханалық жұмыртқа - 8 тәуліктен 25 тәулікке дейін;

жуылған жұмыртқа - 12 тәуліктен аспайды.

Slide 18

Таңбалау

Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдерінің ыдысына, буып-түюге және таңбалауға қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Таңбалауға арналған құралдар өнімнің сапасына әсер етпеуі тиіс. Таңба анық, жеңіл оқылатын болуы тиіс.

Жұмыртқаларды мөр соғу, шашып жағу әдісімен немесе таңбалаудың анықтығын қамтамасыз ететін басқа әдістермен таңбалайды. Атауын, санатын және сұрыпталған уақытын білдіретін санның және әріптердің биіктігі 3 миллиметрден кем болмауы тиіс.

Диеталық жұмыртқаларда жұмыртқа түрі, санаты, сұрыпталған уақыты (күні және айы), асханалық жұмыртқаларда - тек жұмыртқа түрі және санаты көрсетіледі.

Диеталық жұмыртқаларды таңбалау қызыл бояумен, асханалық жұмыртқаларды таңбалау - көк бояумен жүргізіледі.

Slide 19

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
Шикізатты кептіру
Тауық жұмыртқасының құрылысы
Қиыршықтас пен шағал тастарды өндірудің жолдары
ЖҰМЫРТҚА ҰНТАҒЫ
Жұмыртқа стандарты. Жұмыртқа классификациясы. Жұмырқаның сапалық көрсеткіштері. Жұмыртқаның микробиологиясы
Қылмыс заты
Жүктерді тасымалдауға дайындау
Мемлекеттік сорт сынау мен будандарды аудандастыру
Жүктерді қадағалауды автоматтандыру құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz