Бизнес-жоспар Биологиялық фармацевтік препараттар өндірісі

Бизнес-жоспар

Биологиялық фармацевтік препараттар өндірісі

Қалымова Бағым МШ 409

Кіріспе
Осы бизнес-жоспар «Биологиялық фармацевтік препа-раттар өндірісі» жобасына инвестициялаудың мақсаттылығын экономикалық негіздеуге арналған. Бизнес-жоспарла инвестициялық есептеулерді өткізуге арналған барлық ақпарат жиналған, соның ішінде табыстардың, шығындар мен капиатлдық салымдардың негізгі баптары жиналған, оларды жобаны іске асыруда жасау керек болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының нарығындағы негізгі сипаттамаларды сипаттау, соның ішінде сұраныс пен ұсыныс көлемінің динамикасы, сондай-ақ баға көрсеткіштері ұсынылған Инвестициялық жобаның тиімділігі және тәукелдерін бағалау жүргізілген және жобаның негізгі интегралдық көрсеткіштері – таза дисконтталған табыс (NPV), табыстылықтың ішкі нормасы (IRR), табыстылық индексі (PI), нарық дамуының шынайы сценарилеріндегі өтелімділіктің дисконтталған кезеңі (DPP). Ұсынылған бизнес-жоспардың көмегімен ықтимал инвесторлар аталған жобаға қаражатты салу тиімділігін бағалап, жобаны қаржыландырудың тиімді сызбасын таңдайды, өзіндік, қарыздық қаражат, соның ішінде құрылыстағы үлестік қатысу сызбасы бойынша қатыстырылатын қаражаттың оңтайлы арақатынасын анықтай алады. Жобаның тиімділігін экономикалық негіздеу мақсатында есептеулерді өткізу үшін негізгі деректер көздері келесілер болып табылады: 1. БАҚ және Ғаламтор көздеріндегі ашық көздерден алынған ақпарат; 2. Қазақстанда өткізілген өткез төзімділік нарығындағы зерттеулер нәтижелері. 3. ҚР Статистика, аналитикалық шолулар және баспасөз хабарламалары жөніндегі агенттігінің статистикалық деректері

Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырмдамасы Алматы облысының аумағындағы биологиялық медициналық өнім өндірісін ұйымдастыруды қарастырады. Жобаның мақсаты – қол жетімді бағалар бойынша медициналық препараттармен аймақ тұрғындарының барлық топтарының қажеттілігін қанағаттандыру үшін сапалы биофармацевтік өнімнің номенклатурасын үздіксіз шығаруды қамтамасыз ету. Жоспарлы кәсіпорынның мақсатты тобы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және дәріхана желілері болады. 1-кесте – Кәсіпорын өнімдерінің сұрыпталымы
Препараттар атауы Медициналық иммунобиологиялық препараттар Номенклатуралық тізім Бактериофагтар Вакциналар мен анатоксиндер Адам иммуноглобулиндері Пробиотиктер Сарысулар Цитокиндер Лиофилизирленген церулоплазмин Альбумин

Қан препараттары

2. Өнімді (қызметтерді) сипаттау
Биологиялық фармацевтік өнім — қан, тромболиткалық агенттер, гормондар, өсудің гемопоэтикалық факторлары, интерфереондар, интерликиндер, вакциналар, монокланалды антиденелер факторлары, ісік некроздарының факторлары, терапевтік ферменттер. Бұнда жоба бастамашысы болып табылатын компаниямен – вакциналар өндірісінде шоғырлану жоспарлануда. Вакциналар өндірісі күрделі болып табылады және өндірістік үрдістің әр кезеңінде өте қатаң бақылауды талап етеді. Жекелеген жағдайларада вакциналар өндірісі 22 айға дейін жалғасады. Шамамен 70% уақыт вакциналар сапасын бақылауды жүзеге асыруға кетеді. Реттеуші органдардың талаптары мен сапа нормаларын ымырасыз сақтаудағы отандық сұранысты қанағаттандыру жобаның бастамашылары үшін негізгі артықшылық болып табылады. Вакциналар өндірісінің стратегиясы жаһандық басшылықта және оны жергілікті жүзеге асыруда жатыр, ол мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіндегі қажеттіліктерді үздіксіз қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Вакциналар өндірісі дәл болжау шеберлігін талап етеді. Вакциналардың өндірістік циклі көп уақыт алады, ал вакциналарға арналған өндірістік сыйымдылық қазіргі кезде алдын ала анықталған болып табылады және кеңейтіле алмайды, себебі жаңа өндірісті қуаттылықты тудыру 4-6 жылды алады. Сұранысты болжаудан басқа жұқпалы аурулардың, індеттерді және биотеррористік қауіптердің өршуі жағдайында көмек, тосын сұранысты қанағаттандыру жолымен мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесін қолдау қабілеттілігі болып табылады. Компания қандай да бір вакциналарда дереу қажеттілік туындау жағдайына вакциналар қорын сақтайды. Кәспорында сапаны қолдау мәдениеті енгізілген және сапаны осы ұстану компанияның әр қызметкеріне берілді. Атап айтқанда, «суық тізбекті» қолдаудың кешенді жүйесі әзірленуі тиіс, ол компания өнімдеріне жеткізудің барлық үрдісі ішінде қажетті температурада сақталуға мүмкіндік береді. Бұл сәт вакциналар тиімділігін - вакцина өндірісі кезеңінен оны енгізуге дейін сақтау үшін барынша маңызды болып табылады. Клиенттер сұранысын қанағаттандыру және реттеуші органдардың талаптарына сәйкестікті қолдау үшін бәсекеге қабілеттілікті сақтауда сапаны қамтамасыз ету бойынша топтарды құру жоспарлануда, олар өнеркәсіптік бөлімдердің басшыларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Олар нормалар мен стратегиялрды бірге анықтайды, оған сәйкес өндірістік үрдістер сапаның тиісті деңгейінде жүзеге асырылатын болады.

3. Өндірістер бағдарламасы



Образец текста
◦ Второй уровень
 Третий уровень
 Четвертый уровень
 Пятый уровень

4. Маркетингтік жоспар 4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығын сипаттау

Фармацевтік нарықтағы әлемдік көлемдегі қазақстандық үлес шамамен 0,15% құрайды. Біздің нарықта көптеген компаниялар бар, олар қазақстандық фармацевтік нарықты зерттейді. Бүгінгі күні 2011-2012 жж. мәліметтер жоқ. Алайда 2007 жылдан 2010 жж. дейінгі жағдайды талдай отырып, болжамды нәтижелерді алу үшін деректерді экстраполяциялауға болады. 2010 жылы ҚР фармацевтік нарығы (соңғы пайдалану бағалары бойынша) 1 290,2 млн. долларды немесе шамамен 190 млрд. теңгені құрады (Ресейде $21 млрд.) 1-сурет – ҚР фармацевтік нарығы

2-сурет – ҚР фармацевтік нарығындағы сату динамикасы

2010 ж. жағдай теңестірілді және 2011 жылы өсу күтілуде. Vi-ORTIS Group Consulting сараптау компаниясының есептеулері бойынша 2014 жылға дейін 7-11% өсу байқалады, бұнда 2011 жылы 7% өсу күтілген. Сөйтіп, 2011 жылы жалпы көлемі 1380,5 млн. долларды немесе 200 млрд. теңгеден артықты құрады. Нарықтың өсуі немен шарттастырылған: 1. Сатудың ұлғаюы 2. Дәрілерді мемлекеттік сатып алу бюджетінің ұлғаюы 3. Дәрі құнының ұлғаюы 2007 жылдан бастап ақшалай көріністегі көлемдердің артуымен, заттай тұрғыдағы өнімдерді енгізу көлемдерінің құлдырауы басталады. 3-сурет – ҚР дәрілік құралдардың орауышы үшін бағалар динамикасы

Шамамен барлық дәрілер шетелден әкелінеді. 2010 жылы біздің экспорт 5 млн. доллар болғанда импорт 976,6 млн. долларды құрайды– импорттан 195 есеге аз. Импорт динамикасы артты. 2010 жылғы соңғы қолдану бағаларындағы жалпы нарыққа назар аударған жөн – 1 290,2 және импорт 976,6 млн. доллар. Сонда көтерме сауда иелерінің, дәрханалардың, кеден, көлік шығындарының айырмасына келеді және ең бастысы жергілікті дәрі өндірушілерге 313,6 млн. доллардан келеді – 24,3% . 5-сурет – ҚР дәрілік құралдар экспорты және импорты

Негізінен дәрілік құралдар дәріханалар арқылы сатылады – 70% және 30% - бұл мемлекеттік сатып алулар. Дәріханалар желісі арқылы 2010 жылы 940,7 млн. доллар сомасына дәрілік құралдар сатылған, ал мемлекеттік сатып алулар бойынша – шамамен $350 млн. Бір қазақстандық жылына 83 доллар (Ресейде шамамен $113) немесе 12,2 мың. теңге сомасына немесе шамамен 18 орауыш дәрі алады . №7 суретте көрсетілгендей, көбіне дәріні Алматы, Астана және ШҚО алады. Қызылорда және Алматы облыстарында аз алады. Әлемдік көрсеткіштер бойынша дәріні жан басына қолдану бойынша Қазақстанда аталған көрсеткіш өсетін болады және өсу қоры әлі де үлкен.

Жалпы алғанда Қазақстан бойынша аурушаңдық деңгейі барынша жоғары. 2010 ж. 10 адамның 6 ауырған. Аурушаңдықтың барынша жоғары деңгейі Алматы, Астана, Павлодар облыстарында, Шығыс Қазақстан облысы және Алматы облысында байқалады. Тұрғындардың аурушаңдығы (өмірінде бірінші рет тіркелген аурулар саны 100000 адам) (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша)

Қазақстанның фармацевтік нарығы импорттық тәуелділікпен сипатталады. Соңғы 10 жыл ішінде қазақстандық нарықтан шетелдік ойыншылар белсенді өткен. Қазақстанда әрекет ететін компаниялар арасында «Химфарм» АҚ атап өткен жөн (Шымкент қаласы). Алайда аталған компанияның өнімі негізінен бағалық сегментке бағытталған. Орташа және жоғары баға сегментінде шетелдік ойыншылар бәсекелестікке түседі. Медициналық фармпрепараттардың мақсатты нарығындағы жағдай барынша біржақты: 95% артық өнімді импорт құрайды. 5 % отандық ойыншылармен қамтамасыз етіледі.

SWOT-талдау


Образец текста
◦ Второй уровень
 Третий уровень
 Четвертый уровень
 Пятый уровень

Маркетинг стратегиясы

Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында әрі қарай іске асыруға арналған биологиялық фармацевтік препараттарды сақтау және өндірістің тиімді жүйесін ұйымдастыру. Биологиялық фармацевтік препараттар өндірісін құру бойынша концепция өндірілген өнімді іске асыру және сақтауды басқару бойынша кешенді құруды қарастырады. Негізгі тауарлар келесілер болады: 1) Медициналық иммунобиологиялық препараттар; 2) қан препараттары Мақсатты топ: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, дәріхана желілері. Маркетингтік стратегияны әзірлеу ұсынылатын тауарлар, бағалар, дистрибуция және жылжыту бағытындағы стратегияларды әзірлеуді қамтиды. Төменде көрсетілген бағыттардағы әзірленген стратегиялар ұсынылған.

Баға стратегиясы.

Баға стратегиясы келесі ісшараларды қарастырады: 1. бәсекелестердің баға саясатын зерттеу; 2. жеңілдіктер жүйесін пайдалану; 3. қолданыстағы заңнаманы және шығындарды өтеуді ескерумен бағаларды қалыптастыру (стратегия «шығындар плюс»); 4. төлемнің икемді нысандарын ұсыну – төлемді кейінге қалдыру жүйесін енгізу.

Дистрибуция стратегиясы Компанияның коммерциялық қызметі төлемге қабілетті тұтынушыларды іздеуге және олармен ұзақмерзімді шарттық байланыстарды орнатуға бағытталуы тиіс.  Жылжу стратегиясы Қойылған маркетингтік мақсаттарға жету компаниядан позициялаудың таңдалған сипатын іске асыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды және әзірлеуді талап етеді. Қызметтерді жылжыту бойынша шаралар кешеніне жарнама қызметін енгізу ұсынылады. Жарнама құралы ретінде келесілер пайдаланылады: 1. Арнайы баспа басылымдары; 2. ТВ және Радиодағы арнайы бағдарламалар; 3. Өз сайты; 4. Интернет маркетинг


Тарату әдістері және каналдары. Тұрмысты ынталандыру
Аталған жобаның баға саясаты тауарлардың жоғары сапасына сәйкес келеді, осы арқылы тұтынушылардың оң пікірін қолдайды. Бұнда позициялау қағидасы жатыр. Ерекше назарды жоба тауарларына басым орташа нарықтық бағалардың деңгейін ескере отырып, бағаларды саралауға аударған жөн. Бағаның пайда болу қағидасы өндірілетін тауарлардың сапасына зиянға емес тұрақты және ауыспалы шығындарды төмендетуге негізделеді. Бағалық ынталандыру ретінде тұрақты клиенттер үшін арнайы бағдарлама қолданылады. Қажеттілігі болғанда бағалық жіктеу саясаты қолданылады. Ұсынылатын сараланған тәсіл оңтайлы болып табылады, себебі нарықтағы қандай да бір өзгерістер жағдайында компания оларға барынша жылдам әрекет ете алады. Сондай-ақ жарнаманың үлкен тиімділігі және беделді нығайту үшін келесі шарттардың бар болуы қажет: 1. кәсіпорын персоналының кәсібилігі; 2. жұмыс шапшаңдығы; 3. клиенттер қажеттілігіне бағыттау және оларды толық қанағаттандыру; 4. тауарлардың мүлтіксіз сапасы, клиенттерге қызмет көрсету ; 5. нақты анықтау және міндеттемелерді толық орындау; 6. нарықта үнемі болуы; 7. көрме, презентацияларға қатысу; 8. кәсіби конференцияларға, симпозиумдарға қатысу. Маркетингтік әзірленген стратегиясы кәсіпорынға қойылған маркетингтік мақсаттарға жетуге және нарықтағы өзінің жағдайына жетуге мүмкіндік береді

Техникалық жоспарлау
Орналасу орны және аумақтың сипаттамасы Жобаның орналасу орнын таңдау Қазақстан Республикасындағы ірі аймақпен – Алматы қаласы және Алматы облысындағы тұрмыс нарығына шарттастырылған (тұрғындар жиынтығы 2012ж. 3 тоқсан. 3,5 млн. адам). Өндірістік ғимараттар құрылысы Талдықорған қаласының маңында тікелей орналасқан ЖШС маңындағы аумақта, сондай-ақ республикалық трасса маңында жүзеге асырылуы тиіс (50 сотық учаске). Жер аумағында жалпы аумағы 1500 м қойма ғимараттарымен өндірістік кешеннің құрылысы жүргізіледі, олардың 1200 м өндірістік ғимараттар және зертханалар алады, 300 м - қойма ғимараттары.

2 2 2

Инфрақұрылым

1. электрмен қамту – жеткілікті қуаттылыққа ие болуы тиіс, қалалық желілерге қосу жоспарлануда; 2. сумен қамту – жобаны іске асыру орнымен қатар орталық коммуникциялардың бар болуы; 3. автожолдар. Фармацевтік өнеркәсіп үшін жабдықтың негізгі өндірушілері дәстүрлі түрде Германия (BOSH, Kilian, Fette), Швейцария (Huber, Zanazi), Италия болып табылады. Арнайы жабдықты жеткізумен ірі шетел фармацевтік компанияларының отандық және ресейлік өкілдері айналысады. (Hemofarm, KRKA, Pliva). Жабдықты жеткізу шарттары мен мерзімдерін әр нақты жағдайда жеткізу шарттарын жасағанда келісу керек. Жабдықты лизингке алу мүмкіндігі бар. Жабдық жеткізушілері баға/сапа арақатынасы негізінде кәсіпорынмен анықталатын фирмалар болып табылады.

Жобаның техникалық аспектілері
Жоғары сапалы отандық биологиялық фармацевтік өнімдерді құру барынша өзекті әрі маңызды міндет болып отыр. Ұлт денсаулығына қамқор болу әлеуметтікбағытталған мемлекеттік саясаттың басым міндеті болып табылады. Бұл міндетті шешуге кәсіпорын өнімін құрудың ұсынылатын технологиялары көмектеседі (5.4-тарм. қараңыз). Жобаны техникалық шешу өңдеу мен сақтаудың қазіргі технологияларына негізделеді, қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес келіп, қауіпсіздік, еңбекті қорғау және жарылғыш—өрт қауіпсіздігі техникасы, еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды сақтауда ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді. Жоба қолданыстағы «Еңбекті қорғау бойынша салааралық ережелер», СНжЕ қолданыстағы талаптарына, технологиялық жобалау нормалары, басқа нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленген.

Жобаның құрылымдық шешімі
Шоғырландыру әдістерін шолу және вакциналар өндірісіндегі тазалау Ультрафильтрацялық әдістер вирустық суспензиялар және оның бөлшектік тазалауын шоғырландыру үшін пайдаланылады. Ультрафильтрациия әдісі баромембраналық әдістерге жатады және вирустық суспензияларды «сүзгі» арқылы ұстап қалатын вирустар және қоспалардың өткізгіш молекулаларын өткізуде жатыр, жартылай өткізгіш мембраналардың көмегімен заттарды бөлу жолымен, оның барысында заттарды мембрана арқылы тасымалдау қысым гардиенті нәтижесінде болады. Ультрафильтрация ақуыздарды, вирустарды тазалау, ерітінділер үшін коллоидтық және жұқадисперсті қоспаларды жою үшін қолданылады. Жоғары молекулярлық қосылыстары (мысалы, ақуыздар) немесе коллоидты қоспалар (мысалы, вирустық суспензиялар) ерітінділерінің ультрафильтрациясында концентрациялы ерітіндідегі мақсатты агент саны өзгермейді және ерітінді көлемінің азаюының нәтижесінде оның концентрациясы артад сол уақытта ерітінді компоненттерінің концентрациясы (тұздар, детергенттер, олигосхаридтер және т.б.) мембраналық порлар арқылы осы компонен ттердің бос өтуі есебінен тұрақты болып қалады. Ультрафильтрация жетістігі фильтрлердің аудан бірілігіне жиынтық өткізгіштігіне және тангенциалды ағынның қағидасын қолдануға байланысты болады. Сызба түрінде әдісті келесі түрде көрсетуге болады, ол суретте көрсетілген

Ультрафильтрация жоғары молекулярлық (бөлшектер өлшемі 0,001–0,02 мкм) және төменмолекулалы қосылыстардың ерітінділерін, сондай-ақ олардың фракциялануын және концентрациялануына мембраналық жіктеу өткізуге мүмкіндік береді. Ультрафильтрация 0,1–1,0 МПа қысымда өтеді. 10-20 есеге дейін концентрациялау деңгейі болады. Әдістің артықшылығы:вирусқа механикалық зақымдаушы ықпалдардың болмауы; тазалау барысындағы бақылау мүмкіндігі; тазалау деңгейін бақылау мүмкіндігі; салыстырмалы түрде жабдықтың жоғары емес құны; үрдісті ауқымдау мүмкіндігі. Вирусқұрамдас материалдарды стерилизациялау әдістерінің бірі ұсақ тесіктер 0,20, 0,45 мкм өлшемді мембраналық фильтрлерді пайдалану негізіндегі микрофильтрация болып табылады. Микрофильтрация төмен қысымда жүзеге асырылады және 0,01-10 мкм өлшемді коллоидты және өлшенген бөлшектерді бөлу үшін қызмет етеді. Соңғы және аралық өнімдердің микробты ластануын болдырмау үшін биотехнологиялық үрдістерде пайдаланылады. Бағандардың пайдаланылатын толтырғышы бойынша әр түрлі модификациялардағы хроматография вакцинаның вирустық компонентін және оның бөлшектік концентрациялануын тазалау үшін қолданылады. Адсорбциялық хроматография вирустық супензиялар бағаны арқылы өткізуде жатыр, одан кейін колонна ластанудан арылу үшін таза буфермен шайылады. Колннадан вирустар элюциясы арнайы таңдалған элюирлеуші ерітіндімен іші көлемде жүзеге асырылады. Әдістің артықшылығы: жоғары тиімділік; автоматтандыру мүмкіндігі және объективті ақпаратты алу; басқа физико-химиялық әдістермен үйлесуі; қосылыстар концентрациясының кең интервалы; қосылыстардың физико-химиялық қасиеттерін зерттеу мүмкіндігі; сандық және сапалық талдауды өткізуді жүзеге асыру; технологиялық үрдістерді бақылау және автоматты реттеу үшін қолдану. Мембраналық абсорбциялық хроматография. Ірі аумақты ион алмасушылық мембраналық абсорбциялық хромотографияның технологиялық үрдісі әр түрлі өнеркәсіптік жүйелермен ұсыныла алады. Мембраналық хроматографиялық платформалар фармацевтика және биотехнологиялық индустриядағы биомолекулаларды тазалау үшін қолданыла алады. Технология әдеттегі хромотографиялық колонкаларды бөлу деңгейіе біріктіреді және мембраналық технологиялар қабілеттілігі салмақты өзгертуге, жоғары өткізгіш қабілеттілік пен сенімділікке қатысты. Мембраналық абсорбция мысалы терапевтік ақуыздарда, антиденелерде, вирустарда, ДНҚ, олигонуклеотидтер және қанның қоюлану факторлерінн тазалау үшін пайдаланылады.

Бірнеше реттік пайдалану жүйесі келесілерден тұрады:



Образец текста
◦ Второй уровень
 Третий уровень
 Четвертый уровень
 Пятый уровень

Мембраналық хроматография құрылғысы
Құрастыру жүйесі қарапайым; жоғары химиялық тұрақтылыққа ие (санитарлық-гигиеналық өңдеу бірқалыпты NaOH, буфермен бекітілген 20% этанолда сақтау); жеткілікті тұрақтылыққа ие (канал немесе тұрықтың бұзылуы арасында өткізілетін ауа рұқсатымен мәселелер жоқ болады); мембраналар тесігінің өлшемі >3 μm үлкен молекулаларды және тіпті вирустарды ажыратуға мүмкіндік береді; жалғаспайтын уақыттық диапазон – әдеттегі осындай сыйымдылықты колонкадан 20–100 есеге артық; цикл уақытының төмендеуі өнім шығынының азаюына әкеледі; бірнеше рет пайдалану; валидация және экстрагирацияланатын қол жетімділік; ауқымдылық. Гельхроматография тесік материалмен толтырылған колонка арқылы суспензияны өткізуде жатыр. Вирустар колнкадан кедергісіз өтеді ал қоспалар бөгеледі. Колонналарды толтыру үшін макротесікті бос тесіктері диаметрі 100 нм меншікті беті 10-25 м /г шыны қолданылады. Бұдан әрі колоннаны буфермен шаяды. Бұл жағдай гельхроматография әдісінен туындайды. Вирустар және қоспалар аймағы бірнеше әр түрлі жылдамдықтармен жылжиды. Бұл жылдамдықтардың қатынасы әдетте ½ тәртіпте және аймақтар бөліну үшін оларға бос кеңістік ұсыну керек. Әдіс сипаттамасы: концетрациялау жоқ, суспензияны 2-3 есеге сұйылту жүргізіледі; тек бөлшектер мәні ғана мағынаға ие; беттің вирустарды жұтуы қажетсіз, зиянды теріс әсері болып табылады; колонна көлемін әлсіз қолдану, себебі гельхроматографиялық үрдісте вирустық суспензия тек колонна көлемінен 10-20% ғана толтырады. Жұту градиенті арқылы үздіксіз ағында тазаланатын өнімнің сұйық фазасын басатын және қосымша опцияларға ие AlfaWassermann ультрацентрифугаларын қолданумен аймақтық ультрацентрифугалау бір аппаратта бірнеше кілттік технологиялық үрдістерді орындауға мүмкіндік береді. Бұл жасушалық детриттен вирустық суспензияларды ағарту (ротор К6), саралаушы центрифугалау және вирустың тұнбаға седиментациялық тұнуы жолымен вирусты концентрациялау (антиген), сондай-ақ қалқыма жүзгіштікке сәйкес сатылы градиентпен вирустық адсорбциялармен градиентті және аймақтық ультрацентрифугалау нәтижесінде жоғары сапалы бөлу және тазалау. Ең жоғары таазалықты/жоғары концентрациялы вирустар фракциясы жалпы көлемі 3,2 литр тік вертикалды ротордан жүзеге асырылады. Суреттелген озық технологияларды қолдану концентрацичлау және тазалау үрдімінің кезең сыйымдылығын төмендетеді, технологиялық үрдістің жылдамдығын арттырады, тазаларнған және концентрацияларнған өнімнің шығуын арттырады. Әдіс жеткіліксіздігі қымбат тұратын жабдықты қолдану қажеттілігі болып табылады және бұрын үрдіс еңбек сыймдылығы есептелгендей ол өндірістің үлкен көлемдеріндегі жарамдылығын төмендетті. Алайда, озық техникалық шешімдерді өнеркәсіпті ультрацентрифугалауда AlfaWassermann үлгілері негізінде қолдану бұл әдісті барынша колданылатын және медицинаға арналған биопрепараттар өндірісінде шығарады.

Бөлшектерді градиентті центрифугалау әдісімен үздіксіз ағында бөлу төменде сипатталған және 12-суретте көрсетілген. Роторға айнлау басталғанға дейін тығыздық градиенті жүктеледі. Ротор жылдамадағаннан кейін тығыздық градиентімен оны ротрр бойымен тік жазықтыққа қайта бағдарлау жүреді. Себебі өнімді енгізу үздіксіз болып табылады, бөлшектер аймақтарға градиентте радиалды сегменттеледі, тығыздықты арттырады. Бөлшектер жолақтары (изопикникалық) цилиндрлік аймақтарда орналасады. Бұл градиент тығыздығы бөлшектердің жүзгіш тығыздығына тең орындар. Айналу соңында ротор баяулайды, өнім ағынды тоқтатады және градиент өзінің бастапқы жағдайына қайта бағдарланады, бөлшектердің аймақтарына (жолақтарына) әсер етпейді. Роторды тоқтатқаннан кейін бөлшектер түсіруге дайын. Фракцияларды жинау қысым астындағы ағынды басқаратын кішігірім перистальтикалық сорғының көмегімен орындалады.

Хроматография көмегімен вакциналардың өнеркәсіптік тазалау технологиясы Мақсатты өнімді алу сценарилері – шығару, концентрациялау және көрсетілген диафильтрация және хромотография көмегімен тазалау



Образец текста
◦ Второй уровень
 Третий уровень
 Четвертый уровень
 Пятый уровень

Құрылыс және жабдық құны


Образец текста
◦ Второй уровень
 Третий уровень
 Четвертый уровень
 Пятый уровень

Ұйымдастыру, басқару және персонал



Образец текста
◦ Второй уровень
 Третий уровень
 Четвертый уровень
 Пятый уровень

Кәсіпорының ұйымдастырушылық құрылымы
Персоналды басқарудың келтірілген құрылымын дәстүрліге жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорын жұмысын жедел басқаруға мүмкіндік береді және оқиғалар ортасында болады. Жобаны іске асырудың пайдалану кезеңінде жаңа қызметкерлер қатыстырылады, төменде жоспарлы штаттық кесте көрсетілген.

Әр жұмыскермен жеке еңбек шарты жасалады, онда олардың құқықтары және міндеттері белгіленеді, ішкі жұмыс тәртібі және жұмыс орнының жабдықталуы жазылған. Қызметкерлердің жалпы штаты 22 адамды құрайды. Персоналды жинаудағы басымдылық аталған салада кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар білікті мамандарға беріледі

Жобаны іске асыру

Инвестиция алдындағы кезең қызметтің келесі түрлерін қамтиды:  тауарлар, өнімдер, қызметтер (бұдан әрі - өнімдер) және олардың сегменттерінің, шикізат аймақтарының, өндіріс теңгерімдерінің және тұтынылу, өткізілу нарығын, мүмкін клиенттерді анықтау, клиенттік базаны тудыруды зерттеу;  инвестициялық жобаны қаржылық-экономикалық есептеуді орындауға қажетті бастапқы мәліметтерді дайындау;  инвестициялық жобаны қаржыландыру көздерін және сызбаларын анықтау;  инвесторларды іздеу.


Пайдалану шығындары


Образец текста
◦ Второй уровень
 Третий уровень
 Четвертый уровень
 Пятый уровень

Жалпы және әкімшілік шығындар


Образец текста
◦ Второй уровень
 Третий уровень
 Четвертый уровень
 Пятый уровень

Қаржыландырудағы Қажеттілік
Жоба бойынша қорытынды салымдар 1 218 208 мың теңгені құрайды. Олардың 2 500 мың теңгесі (ҚҚС ескергенде) – жер учаскесін сатып алу шығындарын құрайды (50 сотық). 90 000 мың теңге мөлшеріндегі сома құрылыс шығындарын құрайды. Технологиялар және жабдықтарды сатып алу салымдары 519 377 мың теңгені құрайды. Өндірісті ұйымдастыру бойынша іске қосу реттеу жұмыстары 3000 мың теңгені құрайды.

Жобаның тиімділігі
Жобаның табысты бөлігі негізгі қызмет есебінен, яғни препараттарды іске асырудан қалыптасады. Қаржылық үлгінің табысты бөлігін есептеу өнімнің бірлігіне орташа нарықтық бағаны ескерумен жүргізілді. Жүргізілетін қызмет айырмасы 40% деңгейінде болжанады.

Тұқымдану бойынша қызметтерді жүзеге асырудан жылдық жалпы табыс 1,2 млрд. теңгені құрайды (5 жыл). Сөйтіп, жобаның күтілетін пайдасы жыл сайын 230 млн. теңге деңгейінде жоспарланады. Пайда нормасы салықтық, пайыздық және инфляциялық күтілімдерді ескерумен түзетілген. Жобаның шығыстық бөлігі өзіне айналымдық капиталды толықтыруға кеткен шығындарды және өзге шығындарды қамтиды (жалпы шығындардан 49,5%).

Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ықпал Жалпы алғанда жоба бойынша тәуекелдер оларды алудың қарастырылған мүмкін көздері бойынша ықтимал тәуекелдердің кішігірім түрі ретінде бағаланады. Жоба бойынша өткізілген сараптамалық зерттеу негізінде ұсынылған жобаның ұсынылған қатысушыларға, сондай-ақ мүмкін инвесторлардың оны ықтимал тартымдылығына қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жоба айқын әлеуметтік бағытқа ие және отандық фармакологияны қолдау шеңберінде мемлекетпен дамытылатын басым бағыттар қатарына енеді. Жобаның қаржылық үлгісінде келтірілген кешенді, экономикалық баға жобаның қаржылық іске асырылуына, сондай-ақ оның инвестициялық тартымдылығына дәлел болады, ол іске асырудан алынатын экономикалық әсерге байланысты. Жоба жоғары қосылған құнмен дәне технологиялық құрамды өнімді сатуда туындайтын айқын көрініс тапқан экономикалық әсерге ие. Қаржылық-экономикалық үлгіде талданған жобаның қаржылық іске асырылуы жоба әкімшісіне барлық өзінің міндеттемелерін өтеу үшін жобаны іске асырудың барлық қадамдарында (есептік кезең) ақшалай қаражаттың жеткілікті санының бар болуына дәлел болады. Жобаны жүзеге асырудың қандай да бір кезеңіндегі ақшалай қаражаттың тапшылығы оның банкрот болуына әкелетіні сөзсіз. Сөйтіп, тіпті тиімді жобаның өзі ақшалай қаражаттың уақытша жетіспеуінен негізсіз болуы мүмкін. Өткізілген маркетингтік талдаудың негізінде оның әлеуметтік маңыздылығы мен экономикалық тиімділігіне қарай мемлекеттегі іске қосылатын жобаның берік және пайдалы көзқарастарының бар екендігі туралы тұжырым жасауға болады. Кәсіпорын қызметінің барлық кезеңі ішінде клиентағымдарының өнімділігін қолдайды және сәйкесінше айналымдар деңгейі де жеткілікті жоғары деңгейде болады. Ол міндетті шарттар тобын сақтауда (білікті штатты сақтау, технологиялық үрдіс, жұмыс стилі, әрі қарай дамуға салымдар) ортамерзімді және ұзақмерзімді келешекке жетістікті және рентабелді қызметті болжауға мүмкіндік береді. Жобаны іске асырудан түсетін экономикалық және әлеуметтік пайдалар ұлттық денсаулығын, жоба іске асырылатын аймақтағы адамдар өмірінің сапасын жақсартуға жағдай жасайды, ол бюджетке салықтық түсімдердің ұлғаюында, сонымен қатар жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде көрінеді.


Пән: Бизнесті бағалау


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь