Мұхтар Әуезов повестері


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Тақырыбы:

Мұхтар Әуезов повестері

Семей қаласы, 2015 жыл

Slide 2

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интелегент емес

Slide 3

Жоспар:

М. Әуезовтің қазақ әдебиетіндегі орны

Мухтар Әуезовтің 30 жылдардағы әңгіме повестеріндегі тарихи шындықтар.

Slide 4

Дүниеге қазақ перзентi болып туып, адамзат перзентi болып аттанған М. Әуезов тағдыры - талай ақиқатқа қапысыз көз жеткiзетiн тағылым мектебi. Заманамен бiрге тебiренiп, мәңгiлiкпен үндесе бiлудiң айқын өнегесi. Ұзақ жылдарға созылған терең iз­денiстiң, қат-қабат шырғалаңдардан адаспай тура жол тауып, ұлы мақсаттан ауытқымаған зор шығармашылық қажыр-қайраттың нәтижесiнде дүниеге келген төрт томдық эпопея дүниежүзi әдебиетiнiң көркiн асырып, кемел төрiнен орын алды. Тек түркi тiлдес әдебиеттерде ғана емес, күллi Шығыс әдебиетiнде бүгiнгi әлемдiк кiтапханада ұлттық болмысты ғана емес, көшпелi өркениет пен шығыстық психологияны, оның философиялық төркiндерi мен әлеуметтiк астарларын «Абай жолындай» кең қарымды жеткiзген басқа шығарманы әлi күнге таба алмайсыз. Ол тек эстетикалық сындарлығымен ғана емес, әлеуметтiк өрнегiмен де батыс классикасының ең үздiк туындыларымен үзеңгiлес тұра алады. Бұл шығарма қазақ мәдениетiнiң даңқын аспандатты, төрткүл әлемге қазақ деген халықтың асыл жанын, iзгi жүрегiн, ұлттық қадiр-қасиетiн паш еттi. Кең байтақ даламыз­дың қайталанбас, ешкiмге ұқсамас ерен болмысын қапысыз әйгiледi.

Slide 5

Мухтар Әуезовтің 30 жылдардағы әңгіме повестеріндегі тарихи шындықтар.

- ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ оқыған азаматтарының қоғам өмірінде алатын орны және ол туралы М. Әуезовтің позициясы.

- "Оқыған азамат", "Үйлену", " Кім кінәлі", "Сөніп-жану" әңгімелеріндегі қазақ оқығандарының азаматтық және олардың ел өмірімен ара қатынасының суреттелуі.

- "Оқыған азамат "әңгімесіндегі Жұмағұл, Мейірхан бейнелері. Мақсұт бойындағы халықтық, қоғамдық, гуманистік сезім мен Жұмағұл бойындағы дүниеқоңыздық, сараңдықтардың кереғар қарама-қайшылықтары.

Slide 6

М. Әуезовтің әңгімелерін сөз еткенде оның бұл жанрдағы адымдарын кезең-кезеңге бөліп, 20 жылдарда төңкеріске дейінгі өмірді бейнелеп, 30 жылдары кеңес дәуірінің тұрмыс тіршілігін суреттейтін социалистік реализм әдісіндегі шығармалар жазғаны белгілі. Ол осы адымдардың әр тұсында творчестволық эволюциядан өтіп, қаламгер ретінде сатыдан сатыға көшіп, суреткерлік сапарының әр адымында соны сыр ашып, тың түр тауып отырды.

М. Әуезов әңгіме өрісін барған сайын кеңейте түседі. Әңгіме көлемі ұзарып, көлемді прозаға ауыса бастайды. Жазушы «Қараш-қараш оқиғасы» (1927), «Көксерек» (1929), «Қилы заман» (1927) шығармаларын жазады. Жазушының 20 жылдардағы шығармаларының ішінен «Қараш-қараш» повесі өзгеше мәнді орын алады. Мұның ерекшелігі шығармада кемел көркемдік пен ілгерішіл, күресшіл дүниетанымның табиғи қабысқандығы. М. Әуезовтің суреткерлік сапарындағы тың өріс осы повестен айқын көрінеді. Сондықтан «Қараш-қараш» оқиғасын жазушының белес, этаптық туындысы деп қарауға болады. Автордың бұған дейінгі шығармаларында зәбір көргендер жапа шеккендер қанаушылар қиянатына қанша ашынғанмен, оларға қарсы бел шешіп күресе алмайды. Бас кейіпкерлердің бәрі өз қарсыластарымен тіктесе алмай көбіне құлап түседі, өздерін құрбандыққа береді.

Slide 7

Қилы заман. Повестер мен әңгімелер. -Алматы, Жазушы, 1975. -384б.

«Қилы заман» Алатауды құт-мекен еткен қазақтың қабырғалы руларының бірі албандардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін бейнелейді. Повестің басты кейіпкерлері - осы көтерілісті басқарған Ұзақ, Жәмеңке, Серікбай, Тұрлықожа секілді ел ағалары мен халықтың қанын сорып семірген Рахымбай болыс, Оспан, Жебірбаев секілді тілмаштар, орыс отаршысы, қалық қазақ «Ақжелке» атап кеткен пристав Подпороков т. б.

Таңқаларлық жағдай бұл повесть жазылғаннан кейін қырық бес жылдан соң, авторы қайтыс болғаннан кейін көп жылдан соң оқырмандарына алғаш рет ұсынылып отыр.

Slide 8

1. Әуезов М. Кінәмшіл бойжеткен. Әңгімелер және повесть. -Алматы, Жалын, 1994. -368б.

Қазақ әдебиетінің классигі, көркем сөздің шебері, ұлы суреткер Мұхтар Әуезов эпикалық құлашы кең, қарпуы мол қаламгер екендігін ең алғашқы шығармаларынан танытқан еді. Оған дәлел ұсынып отырған кітаптағы бір топ әңгімелері мен «Қилы заман» повесі дәлел.

2. Асылбекұлы Серік. «Қилы заман» тағлымы. Сын мақала //Қазақ әдебиеті. -2008. -22 тамыз. -№34-35

Мақалада автор М. Әуезовтің «Қилы заман» повесінің көтерген тақырыбының мәнін кеңінен ашып көрсете отырып, ондағы оқиғаның ақтың жолы, әділеттің жолы, шындықтың жолы болғандығын айтады. Сондай-ақ повестегі кейіпкерлер арқылы сол батырлардың көкіректеріндегі арман мен үміттерін қара қазан, сары бала қамы үшін жасаған өнегелі істерін келер ұрпаққа жеткізер Мұхтар Әуезов секілді дана жазушысы бар халықтың келешегі кемел, өрісі кең болады деген тұжырым айтады.

Slide 9

«Қилы заман» - кейін Әуезовтің телегей-теңіз эпопеясын тудырған ең алғашқы қуатты арналардың бірі. Дегенмен де әр шығарманың өз орны бар ғой. Сонау өткен жылдарда жас Әуезов осы бір қиян-қилы қайғылы повесть - жазушы талантының революциялық қалыптасуының айқын мысалы.

Шыңғыс Айтматов.

«Мало я встречал в восточных литературах произведений, где бы с такой силой художественной убедительности, … с такой болью и состраданием было сказано о трагедии простого люда, посмевшего на беду свою, восстать и жестоко поплатившегося за бунт свой кровью своей и изгнанием с родных земель»

Чингиз Айтматов.

Slide 10

«Қилы заман» - қандықол отаршыл империяның қорлығына көнбей, басын оққа байлаған азатшыл ел туралы реквием. Осы шығарманы дүниеге келтірген отыз жасар Мұхтар Әуезовтің ұлттық ой - санасының кемелдігі, қазақтық мәселені азамзаттық өреде, әлемдік масштабта толғаған парасаты кім-кімді болса да таң қалдырғандай»

Әбіш Кекілбаев.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
БІЗ ҮШІН ӘУЕЗОВ – ЕКІНШІ АБАЙ
М. Әуезов Еңлік-Кебек пьесасы
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің оған, сірә
XX ғасыр әдебиеті
Әуезов хаттарының тарихы
Мұхтар Әуезов (1897-1961) шығармашылығы
М. Әуезов өмірі мен шығармашылағының зерттелу тарихы Қазіргі әуезовтану ғылымының бағытбағдары, соңғы зерттеулер
Абай ауданында 1897 жылғы
Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін ашқан Мұхтар Әуезов өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы
Мұхтар Әуезов «Әжемнің әңгімесі»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz