жүйелер, түрлері, қызметі


Slide 1

Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі.

Кыдырбекова Айғаным Адлетовна

БЖ-515

Slide 2 Slide 3

Операциялық жүйе - компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т. б. ) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Slide 4 Slide 5

ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:

1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;

2) Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;

Компьютерді басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген программаны іске қосу, қажетті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерден тұрады.

Slide 6 Slide 7

ОЖ-ның жіктелуі

Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша өзгешеленеді. ОЖ:

Бір қолданушы және көп қолданушылы (жүйемен бір мезгілде жұмыс жасайтын қолданушылар саны) ;

Бір есепті және көп есепті (ОЖ көмегімен кез-келген мезгілде шешіліп шығарыла алатын есептер саны) ;

ОЖ-мен қолданушының байланысының базалық түрі (командалар түрінде диалог, меню тілінде диалог, графикалық көріністер түрінде диалог орнату) ;

Адрестік шинаның разрядтарының саны (16, 32 немесе 64) ;

Ең аз қажетті ресурстар, яғни оперативті және дискілі жадтардың ең аз көлемдері, микропроцессорлар класы қажет.

Slide 8 Slide 9

Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше програмаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей параллель жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа әуен тыңдай отырып дайын құжатты баспаға шығарады, ал екіншісі жаңа құжатты форматтайды. Адрестік шинаның разрядтылығы жад көлемін анықтайды. Дербес компьютерлер үшін 32 разрядтық ОЖ-ні қолданудың үлкен мәні бар:

1) IBM фирмасы үшін OS/2;

2) Microsoft фирмасы үшін Windows;

3) Bell Laboratory корпорациясы үшін Unix;

Slide 10 Slide 11

Мақсаттарына байланысты:

- жалпы мақсаттағы;

- арнайы мақсаттағы операциялық жүйелер болып бөлінеді. Арнайы мақсаттағы ОЖ-ң келесі түрлері болады: тасымалданатын микрокомпьютерлерге және әртүрлі ендірілген жүйелерге арналған, мәліметтер қорын ұйымдастыруға және жетелеуге арналған, ақиқат уақыт режіміндегі есептерге арналған.

Есептерді өңдеу режімдеріне байланысты:

- бірпрограммалы (MS-DOS, MSX), - мультипрограммалы (OS/2, UNIX, Windows) режімдегі ОЖ. Мультипрограммалы режімде бір процессорлы машинада бір уақытта бірнеше программаның орындалуы жүзеге асырылады. Кейде бұл жағдайда мультиесепті режім туралы да айтылады, алайда мультипрограммалы және мультиесепті режімдер синонимдер емес, жақын ұғымдар.

Slide 12 Slide 13

Олардың негізгі айырмашылықтары:

-мультипрограммалы режімде бірнеше программалардың бір уақытта орындалуы жүйенің өзімен басқарылады;

-мультиесепті режімде мұндай басқаруды программалаушының өзі жүзеге асыруы қажет.

Қазіргі дербес компьютерлерге арналған ОЖ жоғарыдағы екі режімді де қолдайды.

Есептеу жүйесімен диалогтық режімде әсерлесу мінездемелеріне байланысты:

-бірпайдаланушылы (біртерминалды) (MS-DOS) ;

-көппайдаланушылы (көптерминалды) (UNIX, Windows NT) ОЖ болып жіктеледі. Көппайдаланушылы ОЖ-де бір есептеу жүйесімен бір уақытта бірнеше пайдаланушылар өз терминалынан жұмыс атқаруына болады. Сондықтан көппайдаланушылы режім мультипрограммалы режім болуын қажет етеді.

Сонымен қатар, көптеген ОЖ-дің маңызды қасиеті бір есептің көлемінде есептеулерді параллель жүргізуге байланысты көптармақты (көпағындықты) болуы. Мұндай ОЖ-де процессор уақыты бірнеше есептер арасында емес, бір есептің әрбір тармақтары (ағындары) арасында бөлінеді.

Slide 14 Slide 15

Операциялық жүйелердің түрлері

Операциялық жүйелер әдетте сіз сатып алып жатқан компьютерге алдын-ала орнатылып қояды. Көптеген адам компьютерді орнатылып қойылған операциялық жүйемен бірге сатып ала салады, бірақ егер қаласа басқасын қоя алады.

Компьютерге арналған үш ең танымал операциялық жүйе бар: Microsoft Windows, Apple Mac Os X және Linux.

Заманауи операциялық жүйелер Қолданушының Графикалық Интерфейсін (ҚГФ, ағыл. GUI - Grafical user interface) пайдаланады. GUI қолданушыға графикалық сурет түрінде дисплейде көрсетілген экрандағы батырмаларды (иконка, батырмалар, белгілер, меню) тышқан, пернетақта мен джойстик арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Яғни компьютерде тышқан, пернетақта және т. б. арқылы оңай жұмыс істеуге болады.

Әр операциялық жүйенің GUI-інің сырт бейнесі әртүрлі, сондықтан егер сіз басқа операциялық жүйеге көшетін болсаңыз, онда жаңа таныс емес операциялық жүйеге біраз уақыт үйрену қажет болады. Дегенмен олардың әрқайсы пайдалануға барынша ыңғайлы етіп жасақталған.

Slide 16 Slide 17

Microsoft Windows

Windows-тың тарихы 1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1. 0 шыққаннан басталады. Оның құрамында операциялық жүйенің жұмысын көп ыңғайлы жасаған программалар болды. Сол кезде қолданылып жүрген MS-DOS операциялық жүйесіне қарағанда Windows-та графикалық интерфейс қолданылды. (MS-DOS-та командалық интерфейс болды) Сонымен бірге Windows-та информация түгелдей экранға емес, терезе деп аталатын экранның ішкі аймағына шығарылды.

Slide 18 Slide 19

Apple Mac OS X

Apple Inc. (ˌæp(ə) lˌɪŋk, қаз. Әппл) - дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндірушіамерикандық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында пионер компания. Бас пәтері - Калифорния штатындағы Купертино қаласында.


Ұқсас жұмыстар
Оперциялық жүйелер,түрлері,қызметі
Операциялық жүйелер және оның түрлері
Операциялық жүйелер және түрлері
Операциялық жүйесі, түрлері, қызметі
Операциялық жүйелер,түрлері,қызметі туралы ақпарат
Операциялық жүйе. Операциялық жүйенің түрлері
Операциялық жүйелер, оның даму түрлері ( MS –DOC, NC,OS/2,UNIX,Windpws оның түрлері)
Бағдарламалық жасақтама. Операциялық жүйелер
Шартты рефлекстің тежелуі
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS­DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz