1.Дуниеге қөзқарас және оның типтері. 2.Ежелгі Қытай философиясы. 3.Философиядағы адам мәселесі. 4. Гносеология және эпистемология. 5. Диалектика және оның әдістері




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

1.Дуниеге қөзқарас және
оның типтері.
2.Ежелгі Қытай
философиясы.
3.Философиядағы адам
мәселесі.
4. Гносеология және
эпистемология.
Орындаған: Нажипова Н.С. 5. Диалектика және оның
УА-405 топ
әдістері.

Семей қаласы
2015 жыл
Дүниетаным — бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына,
оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген к өзқарастар ж үйесі,
сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптас қан негізгі
өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-м ұраттары, таным мен қызмет
принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам
санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру — тек
жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топты ң,
қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін ан ғара отырып,
дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдарды ң іс- әрекетіні ң
сипаттамасымен байланыстырады.
Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып
табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады
(философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялы қ,
ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық к өзқарастар үлкен р өл
атқарады.
Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным ж үйесіні ң
негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтеріні ң ұтымды- ұғымды
мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен
тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық
бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындау ға ұмтылады.
Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қорша ған
әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау ма қсатында, сондай-а қ
шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік к өз қарастардан арылу ға
қызмет етеді.
Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен
өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалы қ к өзқарастармен бірге
қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтау ға, іс-әрекет т үрлеріне,
мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.
Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып,
адамның қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, т ұл ғаны ң
дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-
әрекетінің бағытын анықтайды.
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ
ФИЛОСОФИЯСЫ
Біздің заманымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында
қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық
қалыптасқан. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық
ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань
династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зе
рттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің
өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма
Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты
философиялық бағыттарды атап көрсеткен:
1. Инь және Ян мектебі.
2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.
3. Моистер мектебі.
4. Атаулар мектебі.
5. Заңгерлер мектебі.
6. Күш пен жол мектебі (дао цзя).
Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын
«Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. VII-VII ғасырда) алады. Б ұл кезе ң
мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялы қ
көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.
Инь және Ян — әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім
дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуіні ң бірт ұтасты ғы
арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалы қ бірлікте болатын
қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен
еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі оларды ң дамуына
нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып
отырады. Бірақ олардың бірлігі — диалектикалық дамудың көзі.
Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. М ұндай
өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам — б ұлар үшкілдік
бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.
Ян – еркек бастамасы,
күн нұрындай жарық,
ашық бекем және
күшті. Ян жалпы
жағымды нәрсенің
бастамасы.
Инь - әйел бастамасы,
аймен байланысты,
сондықтан көлеңкелі,
күңгірт және әлсіз.
Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций
(қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген
атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір с үрген. Ол
кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22
жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, ата ғы б үкіл Лу патшалы ғына
жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, т өрт пәннен дәріс о қытылатын.
Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу
патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай
төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап
қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде
оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы ту ған Отанына қайта
оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған
«Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда
Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері
жинақталған. «Лунь юий» — біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір
мәдени ескерткіш.
Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорым ға
жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған.
Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік м әселелерін бірінші
кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш к өңіл
бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімні ң, рухты ң не екенін қайдан
білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы а қиқат, к өк т әңірісіне
құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп т үсінген.
Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін
Жоғарыда айтылып
өткендей, Конфуций өз
ілімін адамға
бағыттаған. Ол - алғаш
рет адамның кісілік
тұлғасы туралы ой
қозғаған философ. Үлгі
тұтуға жарайтын ер
адамның адамгершілігі
(жэнь), үлкенді сыйлауы
(сяо), әдет-ғұрып,
дәстүрді құрмет тұту
(ли) жоғарғы дәрежеде
болуы тиіс.
Конфуцийдің ілімі Қытай қоғамы үшін талай ғасырлар бойы ресми
ой-саналық қызмет атқарып келді. Тіпті, XX ғасырдың екінші
жартысында «Қызыл террор» арқылы қартайған әріптестерін саяси
сауатсыз хунвэйбиндер мен цзаофандардың қолынан қырғын таптыру
саясатын жүргізген Мао Цзэ-дун «Сяо» қағидасын өрескел
бұзғандығын түсініп, Конфуцийге қарсы, оның «қателері» жөнінде
саяси науқан ұйымдастырды емес пе? Арасын жиырма алты ғасыр
бөліп тұрған бірі өлі, бірі тірі адамның арасында идеологиялық
майданның ашылғандығы да Конфуций ілімінің өміршеңдігін
көрсетпей ме?!
ФИЛОСОФИЯДАҒЫ АДАМ
МӘСЕЛЕСІ
Философиялық антропология – адамның мәні, құрылымының
мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне,
болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі
физикалық, психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы
оның биологиялық психикалық, рухани — тарихи және әлеуметтік
даму заңдылықтары туралы ғылым.
Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл
әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді»
деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология
іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Fылымның
қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар
әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму
өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда адамның
жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы
және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми
тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.
Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімні ң өзегiн
құрайды. Адамның дамуы мен тарихи негiзiн және оның мәнін құрайтын
субстанция ретiнде қазiргi ғылым қоғамды қ өндiрiс ше ңберiнде ж үзеге асатын
еңбек әpeкeтiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен еңбек әpeкетінің дамуы
нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке
дамуы қоғамдық қатынастардың бүкiл жиынтығын өн бойында жина қтауына,
игеруiне және оны жүзеге асыруына байланысты. Сонды қтан да Маркс адамды
абстрактылы тұрғыда түciнгeнi үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп
жазды: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке т ән абстракт емес. Ол өз
болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынты ғы болып табылады».
XX ғасыр философиясы адамның шынайылығын іздеуді
жалғастырды. Феноменологияның өкілдері адам табиғатының
шынайылығын, оның санасының тәжірибесін – идеяның, түсініктің
бөлігі өмірдің, әлемнің мәніне сәйкес герменевтика өкілдері,
адамның шынайылығын оның әлемдегі пайда болуына, осы әлемнің
дүниелерін түсінуде, адамның шекарасымен оның шекарасының
бірігуінде жүргізіледі. Постмодернистердің пікірінше адам әкімшілік,
ұжымдық, біркелкіліктен құтылу және асқақтықты іздейтін
жаратылыс.
Жоғары адам табиғатына түсініктеме берілгендердің қатарына ХХ
ғасыр бойы тек философтарды ғана емес, сонымен бірге психолог,
биологтардың назарын қаратқан тағы бір түсінікті қосқан дұрыс
болар еді.
Бұл түсінікті австриялық дәрігер – психиатор әрі философ
З.Фрейдтің негізінде дамыды. Антропологияның басты мәселелеріні ң
бірі адамның қалыптасуы болып табылады. Бұл сұрақ жөнінде
төмендегідей гипотезалар бар. Діни гипотеза идеалистикалы қ
тұжырымдамаларда қалыптасуында басталады.
ГНОСЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ЭПИСТЕМОЛОГИЯ
Гносеология гректің гносис — таным, логос — ілім деген с өздерінен
шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар эпистемология грекше
епистема — білім деген сөз термині қолданылады. Бұл терминмен әдетте олар
ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді.Таным — адам санасын дамытуды ң
негізі болып табылады.
Танымның субъектісі деп тарихи нақтылы қоғамды, сонымен бірге
топтар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдарды айтуға болады. Субъект
өз табиғатын қызметінде таным объектісі ретінде қарай алады.
Танымның объектісі ретінде табиғатты, қоғамды және қоғамдық
қатынастарды атау қажет. Олар таным объектісіне субъектінің
өндірістің, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы айналады.
Осыдан келіп, объект — субъект, субъект — объект қатынастарының
таным процесіне алатын орны, жалпы практикалық табиғатын, даму
процесін қарастыруда ролі ерекше екенін көреміз.
Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде
өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы
мен мәңгі дами беретін обьективтік шындықтың шексіз
күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан
көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін,
тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті — үстіне жаңа
табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады,
бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның
субьектісі мен обьектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол
үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда
болып отырады.
Сондай — ақ таным процессінін диалектикасы адамның танып
білуінің субьективтік формасы мен обьективтік мазмұны арасындағы
бірлік пен қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз,
қабылдауларымыз, түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен
теорияларымыз — бұлар обьективтік дүниенің субьективтік
образдары, практикалық қызметтің формалары.
Таным процесінің диалектикасы мынадан да көрінеді: ғылымның
дамуы үшін логикалық жағынан дәлелдеу және практикада тексеру
жолымен ақиқатты анықтауға мүмкіндік беретін пікірлердің күресі.
Айналадағы дүниені тану — күрделі, қайшылықты процесс, оған
шындықты белсенді, творчествалық бейнелеудің белгілі бір
жүйелілігі мен өзара байланысы болып табылатын әртүрлі формалар
кіреді.
Сезімдік таным дегеніміз — сезім мүшелері: көру, есту,
сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып —
білу. Сезім мүшелері дегеніміз — ол біздің айналамыздағы
дүние жайындағы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден —
бір қақпалар болып табылады.
Сондықтан таным процесінің қандайы да болсын
материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі
нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным
негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету
арқылы жүзеге асырылады.
Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей
қабылдаумен ғана танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезім
мүшелеріне алуан түрлі әрекет етуі нәтижесінде адамның
миында белгілі — бір іздер сақталып қалады. Онан әрі бұлар
еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын
қабылдаған заттарының нақты образдарының тууына
физиологиялық негіз болуы мүмкін. Бұл образдар елестету деп
аталады.
ДИАЛЕКТИКА ЖӘНЕ
ОНЫҢ ӘДІСТЕРІ.
Диалектика (грек, dialektik — пікірталас, әңгімелесу өнері) — болмыс пен
адам ойының даму заңдылықтары, оның әмбебап белгілері туралы
философиялық ілім және осы ілімге негізделген жалпы ға бірдей танымдык әдіс.
"Диалектика" терминін ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы
диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы к өзкарастарды ң қа қтыгысы ар қылы
ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсінді. Аныгында Сократ ежелгі грек
философиясында жалпы диалектиканың емес, оның формаларыны ң біреуіні ң
гана негізін қалады. Ілімнің біздің заманымызга жеткен к өріністеріне
қарағанда, диапектиканың нагыз атасы Эфестен шыққан Гераклит болган. Ол
объективті онтологиялык диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін б ұл
диалектиканың ұйыткысы мен нәтижесі — қарама-қарсылықтар к үресі ар қылы
әрекет ететін әлемдік парасатты бастама Логос болды. Гераклит адам өзіні ң
қарапайым ақыл-есіне емес, Логосқа сәйкес ойлап, іс-әрекет еткені ж өн деп
үйретті. Ежелгі грек философиясындагы диалектиканы ң тагы бір формасын
Парменидтің ізбасары, әрі шәкірті Элеядан шыққан Зенон ашты. Ол өз ұ стазы
философиясындагы негізгі қагидалардың ақиқаттыгы мен оган карама-карсы
байламдардың мәнсіздігін дәлелдеуге тырыса отырып, апорийлер
(қиыншылықтар) деп аталатын жүйені ойластырып шыгарды. Он да
диалектиканың жаңа нұсқасы, атап айтқанда ойлаудьщ трансцендентальді
диалектикасы сипатталды.
Зенон диалектикасының Гераклит диалектикасынан
айырмашылыгы т— алғашқысында ол субъективті
де, соңгысында объективті болуында гана емес,
сонымен қатар Гераклит оң диалектиканы ойлап
тапса, Зенонның теріс диалектиканы ойлап
тапқандыгында. Зенондық диалектика
софистиканың пайда болуына ықпал етті. Софистер
өздерінің методологиялық ұшқарылыгымен ежелгі
грек философиясын іштен іріте бастады.
Философияны софистерден қоргау қажеттілігін бірінші болып Сократ т үйсінді.
Сондай-ақ, ол субъективті диалектиканың жаңа формасының негізін қалады:
ол, біріншіден оң, екіншіден диалогтық болды. Софистер философияны
ойлауга, зерделеуге, оның ұғымдары мен категорияларын зерттеуге
мәжбүрледі. Сократ өз іс- қимылдарын осыган багыттады. Ол жасаган
диалогтық диалектика екі негізгі мақсатты: 1) софистикамен к үресті; 2)
ойлауда қолданылатын негізгі (ең бастысы, этикалық) ұғымдар мен
категориялардың мазмұны мен формаларын анықтауды көздеді. Сократтың
шәкірті Платон әуелде диалектиканы өз ұстазынша ерекше философиялы қ
диалог деп түсінді, бірақ уақыт өте келе бұл түсініктен алыстап, біртіндеп
диалектиканың монологтық үлгісіне бейімделе бастады. Аристотель
диалектиканы субъективті, оң, монологтық формасында қабылдап,
мойындайды.
Ол үшін диалектиканың он формасының
қатаң белгіленген шектері бар. Аристотель
диалектиканы танымдык, процестің
иерархиясында софистикадан жоғары, бірақ
философиядан темен қойды. Диалектика, бір
жағынан, софистикамен күресу құралы болса,
екінші жағынан ықтимал білім алу құрапы.
Диалектиканың мәні мен мақсатын Әбу
Насыр әл-Фараби де Аристотель ұгымымен
шамалас түсінді.
Солай бола тұра диалогтың рөлі мен мәртебесі туралы ол Аристотельге
қараганда Сократқа жақын. Онымен коса, әл-Фараби диалог ма қсатын
адамдар арасындағы ынтымақтастықтан таба отырып, Сократтан да ілгері
кетеді. Ортағасырлық Батые Еуропада диалектика, негізінен, католиктік
теология ауқымында жетілдірілді. Қайта өрлеу дәуірінде диалектиканы
дамытуга Н.Кузанский мен Дж. Бруно мол үлес қосты. Мәдениетте дін мен
теологияны екінші шепке ысырып, алга гылымды (е ң алдымен,
жаратылыстануды) шығаруымен белгілі жа ңа уа қыт ойшылдары
диалектиканың дамуына қандай да бір үлес қосқанымен, ал ғаш қыда оны
құптамады. Диалектиканы тұңғыш рет жоғары бағалап, оны жан-жакты
дамытуға саналы түрде кіріскен В.Ф. Гегель болды. Даму. Диалектика ілімі
Диалектика деген сөз ертедегі гректің екі - диа (екеу), лог ( ұғым, магына)
сөзінен тұрады.
Гераклит (грецияда, б.з.б. V г.), дүние мәңгілік қозғалыста, қозгалмайтын
нәрсе жоқ деді. Болмыс пен болмау - өзара байланыста, біріне- бірі т әуелді
және біріне-бірі өтіп отырады. Бұның диалектикалық ойдың тарихына
қосылган зор үлес екендігінде дау жоқ. Кратил ұдайы өзгеріп отыратын,
қозгаушы күштің үзілмейтінін көрсетсе, Зеион, оның қарсы жа ғын,
үзілетінін атап көрсетеді. Мұны Гегель: тезис - антитезис - синтез дейді.
Қайта өрлеу дәуірінде қарама-қарсылықтардың үйлесімділігі туралы
диалектикалық идеяларды Николай Кузанский мен Джордано Бруно ұсынды.
Жаңа дәуірде метафизиканың үстемдігіне қарамастан, Декарт өз
Космогониясында, Спиноза өзіне-өзі себеп болатын субстанция ілімінде
диалектикалық ой үлгілерін жасады. Декарт: «Құдай дүниені жарата отырып,
оган импульс немесе түрткі болады, яғни сағат жөндеуші, сагатты ң
механизмін бұрай отырып, қозгалысты хабарлайды. Бұл пікір қогамды қ
құбылыстарды талдауга қолданылмайды», - деген. XVIII гасырда француз
агартушылары Вольтер және Руссо тарихтың даму идеясын ұсынды.
Қогамды дамытушы рухани күш, немесе рухани фактор - мораль, дін ж әне
идеялар болады деп есептеді.
XIX г. Маркс пен Энгельс: «идеяны тудыратын данышпандар, қозгаушы
күш халық»,- деп түсіндірді. Диалектикалық әдіске қарама-қарсы
метафизикалық ойлау әдісі бар. Бұл әдісті Софистика (софизм) мен эклектика
агымдары қолданды. Софизм бір нәрсені дәлелдеп пікір айтуга логика
қагидасын бұзатын теріс тәсілдер қолданады және бұл дәлелі дұрыс секілді
болып көрінетін әр түрлі айла- шараны пайдаланды.
Назарларыңы
зға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қытай философиясы. Гносеология және эпистемология
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
Философияның әдістері
Философия пәні
ДИАЛЕКТИКА ФИЛОСОФИЯНЫҢ МЕТАФИЗИКА ӘДІСТЕРІ
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ, ПАЙДА БОЛУЫ, ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Философияның міндеттері
Пәндер