Қазақ ақыны




Презентация қосу
Қазақ ақыны –

Сәбит Дөнентаев
(1894 — 1933)
СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВ - ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДА ІРГЕЛІ ОРНЫ БАР АҒАРТУШЫ -
ДЕМОКРАТ АҚЫНДАРЫНЫҢ БІРІ. ОЛ - ӨЗІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА ЕҢБЕКШІ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІРІН ЖӘНЕ СОВЕТ ДӘУІРІНІҢ
ШЫНДЫҒЫН СОЦИАЛИСТІК РЕАЛИЗМ ӘДІСІМЕН ЖЫРЛАҒАН ТАЛАНТТЫ АҚЫН.

СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВ - 1894 ЖЫЛЫ ҚАЗІРГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ, АҚСУ АУДАНЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН. ЖАС
КЕЗІНЕН ЕСКІШЕ ХАТ ТАНЫП, КЕЙІННЕН ПАВЛОДАР МЕДРЕСЕСІНДЕ ОҚИДЫ. МҰҒАЛІМ ЖАЛДАП, ОРЫСША САУАТЫН
АШАДЫ.
1913 жылы «Айқап» журналында ақынның «қиялым» дег ен өлеңі жарияланды. Бұл - ақынның т аспа бет ін көрг ен т ұңғ ыш т уындысы. Ос ы ке з ден ба ст ап өз з аманының ма ңыз ды мәсе лесінің бә ріне үн қос қан ақын өлеңді үз бе й жаз а ды.
1916 жылы пат ша үкімет інің қаз ақт арды т ылда ғы қара жұмыст арға а лу жөніндег і жарлығы б ойынша Екібастұз ша хт асында, кейін риг а маңындағ ы майдан ше бінде окоп жұмыс қаз у жұмыс ында бо лған.
Туған еліне қайта оралғаннан кейін семей қаласындағы мұғалімдер даярлайтын
курста оқыды. 1919-1922 жылдар арасында қазақ ауылдарында мұғалім, халық соты
қызметтерін атқарды.
1928 жылдан бастап С. Дөнентаев «қазақ тілі» газетінің редакциясында жұмыс істеп,
барлық күш жігерін қазақ әдебиетін дамытуға жұмсайды.
С. Дөнентаевтың «қиялым» деген тұңғыш өлеңі 1913 жылы «Айқап» журналында басылып
шықты. 1915 жылы Уфа қаласында «Ұсақ-түйек» деген атпен шыққан өлеңдерінің алғашқы
жинағы жарық көрді. Ал, 1957 жылы шығармаларының академиялық жинағы шықты.
С. Дөнентаевтың
ақындық қызметі
екі кезеңге
бөлінеді. Бірінші
кезеңі - 1912-1918
жылдар арасы,
екінші кезең -
кеңес дәуіріндегі
шығармашылығы,
яғни 1918-1928
жылдар арасы.
Ақынның «заман кімдікі»,
«досқа», «замандастарға»,
«балалық» және т.Б.
Өлеңдері халықтың
азаттыққа ұмтылу арманын
суреттейтін реалистік
шығармалар болды.
С. Дөнентаевтың кеңес
дәуіріндегі өлең-
жырларында өмір шындығы
жан-жақты, кеңінен
қамтылған. Ақын
шығармалары тақырып,
жанр, көркемдігі жағынан да
әр алуан болып келеді.
С. Дөнентаев өз дәуірінің
қоғамдық шындығын кең
жырлаған, қазақ әдебиетінің
өткір сатиралық стильді
қалыптастырған ірі суреткер
ақын.
Публицистің әрбір шығармасында ұлттық
сипатқа лайық көңіл бөлінді. Яғни публицистің
негізгі мақсатының бірі рухани саланы
жетілдіру. Оның шығармалары қазақ
әдебиетінің озық үлгілерін насихаттауда ерекше
қызмет атқарады. Абай шығармашылығына
ерекше көңіл аудару осының бір айғағы.
Сәбиттің баспасөзбен тығыз байланысты өмірі
1912 жылы павлодардағы қасым-қажы
ертісбаевтың медресесінен оқып жүрген кезінен
басталды. Семейдегі мұғалімдер даярлайтын
курста оқи жүріп, «Сарыарқа» газеті мен
«Абай» журналына өлеңдерін жолдап
отырады. 1919-1922 жылдары Мұхтар Әуезов,
Қаныш Сәтбаевтармен қызмет атқарады.
Сәбит кемеңгер Абайдан көп үйренген ақындардың
бірі. «Абайға» деген өлеңінде былай деп жазады:

«Қараңғыда туып ең,
Қара бетті жуып ең.
Таба қылмай дұшпанға,
Қолға ұстаған туымыз,
Қанат-құйрық, бойымыз.
Қонғанда да ұшқанда.
Құрмет етіп затыңды,
Бетке ұстаймыз атыңды...»
Ақсу қаласындағы көркенті қазақ ақыны – Сәбит
Дөнентаевқа арналған ескерткіш
С. Дөнентаев көптеген сын мақалалар да жазған. Олардың ішінде
М. Әуезовпен бірігіп жазған 1918 жылы жарық көрген «абайдан
соңғы ақындар», 1923 жылы жарық көрген «мағжанның ақындығы
туралы», 1925 жылы жазылған «аударма туралы», сол жылы
жазылған «сұңқар жыры» атты еңбектері автордың әдебиет
жөніндегі, оның ерекшеліктері туралы, жазушы творчествосын
түсінудің принциптері жайындағы ұғым-түсінігін, көзқарасын
көрсете алатын елеулі туындылар.
С. Дөнентаев сыншылық көзқарасында жазушы не ақын
творчествосын оның өзі өмір сүрген дәуірдің көкейкесті
проблемаларымен, өнер адамына тән ерекшеліктерімен есептесе
отырып талдау принципі бірінші орында тұрады. Ол ма ғжан
жұмабаев шығармаларына осы тұрғыдан баға береді. Онда ма ғжан
тауып-өскен ортаның қайшылықты шындығының ақын
өлеңдеріндегі көрінісі, революциялық дүмпулер кезіндегі ақындық
ізденістің әр қилы бет алсын нанымды талданады. Сөйтіп, сыншы
мағжан ақынның табыстары мен қайшылығын дәл тауып көрсетеді.
Қазақтың демократтық-ағартушылық әдебиеті, орыстың және
дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерінен сусындаған С. Дөнентаев
бүкіл творчестволық өмірінде публицистикасы арқылы адамдық,
адамгершілік және таптық екі жақты қанауында езіліп келген туған
халқын оқу, өнер, білім жолына үгіттеді. Совет өкіметі жылдары
азаттық алған елдің қоғамдық санасы мен рухани өмірінің жетілуін
аңсады, қалың қазақ қауымының жаңа өмірді қабылдауы мен
өсуінің тарихи жолын, жаңа адамдардың туып, жетілуін
көркемдікпен бейнеледі
Иә, талай ұлыларды дүниеге әкелген қасиетті
Семей топырағымен есімі тығыз байланысты
арыстарымыздың бірі - Сәбит Дөнентайұлы.
Өзінің қамшының сабындай ғана қысқа
ғұмырында ақындығымен танылып, белді
журналист бола білген сәбит мәңгілік тұрағын
да семей жерінен тапты. Ол 1933 жылы 24-
мамыр күні семей қаласынан восход ауылына
шыға берістегі мұсылман зиратына жерленеді.
Сәбит ақынның қабірінің басында болғанда,
ұрпақ парызы деген қастерлі ұғымның
көрінісін байқай алмай көңіліміз құлазыды.
НАЗАРЛАҢЫЗҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Фариза Оңғарсынова туралы
Оңғарсы нова
XIXғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті
Ахмет Байтұрсынов - ағартушы
Ақынның қазақ әдебиетіндегі орны
"Тіл шебері" сайысы
ЖАМБЫЛ ЖАБАЙҰЛЫ
Ә.Тәжібаев "Сырдария"
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
Бәйтерек поэмасы
Пәндер