Аударма сапасына қойылатын талаптар




Презентация қосу
Аударма сапасына
қойылатын талаптар.
Аударма процесінде аударма өніміне және аудармашыға қойылатын
талаптарды да ғалымдар түрліше атайды. Мысалы, Л.К.Латышев аударма
қызметінің өніміне – аударылатын мәтінге қойылатын бірінші және басты
талап турасында былай дейді: «... ол (мәтін) шығыс мәтінге
коммуникативтік тұрғыда балама болуы керек, яғни адресатқа
(тыңдаушыға немесе оқушыға) әсер етуі шығыс (аударатын) мәтіннің
әсерімен бірдей болуы керек; ШТ (шығыс тіл) адресаттары мен КТ (кіріс
тіл) адресаттарының мәтіннің екі нұсқасын да қабылдаудағы және оларға
жауап берудегі (реакция) алғышарттар объективті түрде бірдей (яғни
олардың жеке қасиеттеріне байланыссыз) болуы қажет». Ал екінші талап
– ШТ мен КТ мәтіндердің барынша мүмкін болған семантика-
құрылымдық жақындығы (әрине мұны «таза» буквализмге бару деп ұқпау
керек). Бұл жақындық аудармада автор (тұпнұсқа авторы!) ойының
сәйкестігін барынша сақтауға, шығыс тілдегі мәтіннің аударылатын
тілдегі мәтінде дұрыс «орналасуының» ауқымын (диапозон) арттырады
(сәйкесінше шығыс тілдегі мәтіннің кіріс тілдегі мәтіннің «орынбасар»
болуына, яғни дұрыс аударылмауына алып келетін жағдайлардың санын
азайтады), аударма процесінің және аудармашылық шешімнің
объективтілігін арттырады
Бұл аталған талаптар әрине аударма жанрының барлық түріне жалпы
қойылатын басты талаптар болып табылады. Негізінде аударманың
түрлеріне байланысты (мысалы, көркем, ғылыми, саяси, ресми, жарнама
т.б.) бұдан өзге де «қосымша» талаптарды көптеп атауға болады (Мұнда
біз қосымша деген сөзді тырнақшаға алып отырған себебіміз:
аударманың бір саласында қосымша саналатын талап екінші түрінде
негізгілердің қатарына жатуы мүмкін).
Аударма өніміне қойылатын тағы бір талап – коммуникативті-
функционалдық баламалылық. Алайда бұл талап аударма өнімінің
коммуникативтік тиімділігіне байланысты болады. Аудармашы жасайтын
мәтін аударма қызметінің өнімі болып табылады және төмендегі
шарттарға негізделген болуы тиіс:- коммуникативті-функционалдық
тұрғыдан шығыс мәтінге балама болуы тиіс;
- шығыс мәтіннің семантика-құрылымдық тұрғыдан барынша мүмкін
болған деңгейде ұқсас болуы керек (әрине бұл бірінші шартқа қайшы
келу дегенді білдірмейді);
- шығыс тілдің мәтінінен аударма талаптарының шегінен шығып кететін
ауытқулар болмауы тиіс
Аудармаға қойылатын талаптарды Х.Савори төмендегіше санамалайды:
1. Аударма түпнұсқаның сөздерін беруі керек.
2. Аударма түпнұсқаның мағынасын беруі керек.
3. Аударма түпнұсқа тәрізді оқылуы керек.
4. Аударма аударма тәрізді оқылуы керек.
5. Аударма түпнұсқаның стилін беруі керек.
6. Аударма аудармашының стилін беруі керек.
7. Аударма түпнұсқаға сай шығарма ретінде оқылуы тиіс.
8. Аударма аудармашыға сай шығарма ретінде оқылуы тиіс.
9. Аудармада автор қосқан (добавления) және түсірген (опущения) сөздер болуы
мүмкін.
10. Аудармада автор қосқан (добавления) және түсірген (опущения) с өздер
болмауы керек.
11. Өлең аудармалары қара сөз түрінде аударылуы тиіс.
12. Өлең аудармалары өлең түрінде аударылуы тиіс
Аударма қаншалықты шығармашылық
әрекет десек те, аудармашы ойына не келсе,
соны істей береді деген пікірден аулақ
болуымыз қажет. Аударма түпнұсқаның
мазмұнын толық жеткізіп, қабылдаушыға
(оқырманға) дәл сондай әсер ету керек
екені, әрине, сөзсіз. Аударма әрекеті –
аудармашының когнитивті-коммуникативті
іс-әрекеті болғандықтан, оның туындысы –
аударма – түпнұсқаның мазмұны мен
эмоционалдық, стильдік реңін бұзбай
жеткізуі қажет.
Сонымен, нақты айтсақ, аудармаға қазіргі таңда қойылатын талаптар
қандай? Қазіргі аударматануда аударманың (қандай түрі болмасын,
барлығына тән) сапасын бағалайтын бес негізгі критерий белгіленген.
Үшіншіден,
жоғарыдағы екі
көрсеткіш орындалған
Екіншіден, аудармаға күнде түпнұсқа
Бесіншіден, деректік сәйкестіктен авторының
аударма басқа да талаптар коммуникативтік
түпнұсқада Төртіншіден, қойылады. Олардың мақсаты аудармада Біріншіденм
белгіленген аудармада негізгісі – аударма дәлме-дәл болып азмұнның
автордың түпнұсқа тілінің ереже, шықпаса, оның сапасы
көзқарасын заңдылықтарына сай төмендейді. Мұндай сәйкестігі,
тілінің
аудармашы болу. Аударма мәтінде олқылықтар аударманың
нейтралды,
онымен келіспесе тілдік қателер болса (түпнұсқа жарық мазмұнындағ
қ алжы ң , ыс қа қ
де сақтап қалу (жазылым жағынан – көргенде автордың ы
керек. Олай
т.б. ре ңін орфографиялық, алға қойған негізгі олқылықтар
болмай, мәтіннің сақтауды сөйлем құру жағынан мақсаты аудармада сәл деректік қате
жалпы идеясы көздеген жөн. – синтаксистік, өзгеріп кетсе) кейбір деп саналып,
түпнұсқаға сай Ол үшін сөздердің септелу, сөздердің, сөз оның
болмай, сәл де мәтіннің жіктелу жағынан – тіркестерінің,
болса, бұрылып морфологиялық, идиомалар мен сапасына
коннотациялар
кетсе, оны сөздерді қолдану қанатты сөздердің үлкен нұқсан
ын жеткізу
аударма деп жағынан – лексикалық астарлы мағыналарын келтіреді.
қ ажет.
санауға т.б.), ондай аударма да түсінбегендіктен, яғни
болмайды. қанағаттанарлық деп екінші тілді жаратқан
саналмайды. халықтың ұлттық
мәдениетін жете
білмегендіктен пайда
болады.
Бұл талаптар, әрине, жалпы, негізгі, аударманың барлық түріне
ортақ. Ілеспе аударманың тағы бір жалпы талабы бар. Ол ілеспенің
ауызекі тілге негізделетініне байланысты. Нақты айтсақ, ауызекі тіл
арқылы қатынас құру дегеніміз сөйлеуші мен қабылдаушының
сөйлеу кезінде бірімен бірі байланыста болып, сөйлеуден әсер
алуы. Түпнұсқа авторы тыңдаушыларына сөйлеу арқылы қандай
әсер етсе, ілеспе аудармашы да өз тыңдаушыларына (аударма тілін
қабылдаушыларға) сондай әсер етуі керек.
Аударма мәтінінің басты қызметі адресатқа әсер ету
болғандықтан, негізінен эстетикалық және танымдық қызмет
атқарады. Ол қызметтерді төмендегіше санамалауға болады:
1) интеллектуалды-ақпараттық қызмет;
2) эмотивті қызмет;
3) эстетикалық қызмет;
4) қозғау салу, бұйыру қызметі;
5) ерекше мән берілетін қызмет;
6) байланыстырушылық қызмет (контактная функция)
Біз аударма жанрларының барлық түріне қатысты талаптарды
төмендегіше топтастырамыз:
1. Дәлдік. Аудармашы автордың ойын толығымен аудармада жеткізуі тиіс.
Мәтіндегі ойлардың негізгі сипаты ғана сақталмауы тиіс, сонымен бірге
айтылған ойдың ньюанстары мен белгілері де сақталуы тиіс. Автордың айтқан
ойларын жеткізе отырып, сонымен бірге аудармашы өз жанынан ештеңе
қосуға, толықтыруға және оны түсіндіруге тиіс емес.
2. Ықшамдылық. Аудармашы көп сөзді болмауы керек, ойлары барынша
ықшамды және мәнерлі (үйлесімді) түрде мазмұндалуы тиіс.
3. Айқындылық. Аудармада тілдің жеңілдігі мен ықшамдылығы аса қажет.
Қабылдауға қиындық туғызатын күрделі және екі ұшты оралымдардан бас
тартқан жөн. Ой қарапайым әрі айқын, баршаға түсінікті тілмен жеткізілуі
тиіс.
4. Әдебилік. Аударма әдеби тілдің жалпыға бірдей тұтастай нормасына сай
жасалуы қажет. Әрбір сөйлем түпнұсқаның синтаксистік құрылымындағы
аударма тіліне жат ешқандай тұспалдау байқатпай, нақты және табиғи түрде
айшықталып тұруы тиіс. Шетелдік сөздерге калька жасаудан бойды аула қ
салып, сөздіктер мен анықтамалық әдебиеттің көмегіне сүйене отырып,
аударма тілінде балама терминдер табуға тырысу керек.
Үздік аудармашының портреті.
Үздік аудармашы қандай болуы керек?Бұл саланың мамандары басқа мамандардан қандай
айырмашылығы бар?Бұл ары кеткенде қуантыратын сұрақтар емес біра қ егер жа ңа маман
осы салада табысқа жеткісі келсе, ол өзінің ба ғдарын білуі керек.Б ұл тек
аудармашыларды емес, осы мамандарға тәуелді адамдарды да қызы қтырады .
БІЛІКТІЛІГІ- ҮЗДІК АУДАРМАШЫ ҮШІН
АУДАРМА ЖАСАЙТЫН ТІЛГЕ ДЕГЕН
БІЛІКТІЛІК ҚАЖЕТ.БІЛІКТІ АУДАРМАШЫ
КӨПТЕГЕН ТҮПНҰСҚА МӘТІНДЕРДІ
ЕШҚАНДАЙ СӨЗДІКСІЗ
ҚАБЫЛДАЙДЫ.СӨЗДІКТЕРМЕН БАСҚА
РЕСУРСТАРДЫ ОЛ ДӘЛ ТЕРМИНДЕРДІ
ТАБУ ҮШІН ҚОЛДАНАДЫ.БІРАҚ БҰЛАР
ТЕК-ҚОСЫМША ҚҰРАЛДАР ОЛАР БОЛЫП
ТАБЫЛАДЫ,АУДАРМАШЫ ҮШІН
ЖҰМЫСТЫ АТҚАРА АЛМАЙДЫ.
АУДАРМАНЫ ҰСЫНАТЫНДАРДЫҢ КӨБІ
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫН АЯҚТАҒАН.ОЛАР
ФИЛОЛОГ НЕМЕСЕ АУДАРМАШЫ
ЖАҚТЫ ТАНДАП ОС САЛАДА ЖҰМЫС
ІСТЕЙДІ. ЕКІНШІ ЖАҒЫНАН ҚАРАҒАНДА
БЕЛГІЛІ ДӘРЕЖЕДЕГІ ДИПЛОМНЫҢ
ЖОҚТЫҒЫ КЕЙБІРЕУІНЕ АУДАРМАШЫ
БОЛУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕН ЖОҚ.
Жазу қабілеті-тағы бір факт ол яғни жұмыс берушілерге шет
тілін білудің жеткіліксіз екенін түсінуі тиіс. Сондықтан
аудармашы аударма жасайтын тілде көп сөз білу қабілеті
қажет,және де грамматикалық білім мен тіл ережесі міндетті
түрде қажет.
Дайын аударма түпнұсқа мәтініне дәлме-дәл болуы керек.
Жақсы аудармашы тек айтылған ойды ғана емес,сол ойды
жеткізу тәсілін табады.
Таңдалған мамандыққа деген тәжірибе
Тілді жақсы меңгеру-бұл аудармашының
жоғарғы деңгейі емес. Барлығын
толығымен білу мұмкін емес.Бірақ
аудармашы белгілі бағытта жұмыс
жасаса,ол мәтінді тек лингвистикалық
жағынан ғана емес,логикалық
қателіктердіде тексере
алады.Техникалық,заңнамалық,медицина
лық мәтіндерді аудармашыға дәл
уақытында беру керек.
ЖЕКЕ КӨЗҚАРАС
КОМПЬЮТЕРЛІК ПРОГРАММАЛАР МЕН АВТОМАТТЫ
ЖҮЙЕЛІ АУДАРМАЛАР АРЗАНҒА ТҮСЕДІ,ТЕЗ ЖҰМЫС
ЖАСАЙДЫ БІРАҚ МҰНДАЙ ЖОЛ АУДАРМАШЫҒА
ЖАҚСЫМА?ЖЕКЕ КӨЗҚАРАС-БҰЛ ТЕК ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСҚА ДАЙЫН АУДАРМАШЫ ЕМЕС.
ЖАҚСЫ АУДАРМАШЫ ҚАНДАЙ СҰРАҚ ҚОЙЫП ОҒАН
ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУ КЕРЕК ЕКЕНДІГІН БІЛЕДІ.ОЛ ӘРҚАШАН
БАЙЛАНЫСТА ЖӘНЕ ЖАН-ЖАҚТЫ КӨМЕК КӨРСЕТЕ
АЛАДЫ.ОЛ ЖАНАҒЫ ТІЛДІК МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША
КЕҢЕСТЕРДЕН БАСТАП ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУГЕ ДЕЙІН.
ҮЗДІК АУДАРМАШЫ ҚАНДАЙ
НӘРСЕЛЕРДІ БОЛДЫРМАЙДЫ:

Келісімсіз тапсырыстың төлемін
көбейту.
Жауапты жәй қайтару немесе қарым-
қатынасқа шықпау
Тапсырыс берушіге өзін сыпайы емес
көрсету

Тапсырыс берушіні жоққа шығару

Жоспарланбаған жұмыс үшін тапсырыс
берушінің көңілін қалдыру
РЕСМИ ҚҰЖАТТАРДЫ
АУДАРУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ісқағаздарын жүргізудің нормативтік базасы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы
№ 213 Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі
№ 151 Заңы;

«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын ресімдеу және келісудің кейбір
мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы;

«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы
басқарудың үлгілік ережелерін, сақтау мерзімдерін көрсете отырып мемлекеттік және мемлекеттік
емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 128
бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-
шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіруді ң нақты
негізін жасау.

Ісқағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Ісқағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған
орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына, т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады.
Іс қағаздарының
түрлері үшке
бөлінеді:

І. Азаматты қ қарым- қатынас
құжаттары.

ІІ. Жеке бас құ жаттары

ІІІ. Басқару,
ұйымдастыру
құжаттары.
І. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.

Оған төмендегідей құжаттар жатады:

сенімхат

кепілхат

өтінім

тапсырыс

келісімшарт

еңбек шарты

шарт

келісім
ІІ. Жеке бас (адам өміріне қатысты) құжаттар.

Оған мынадай құжаттар жатады:

өмірбаян

түйін

жеке іс парағы

визит карточкасы

өтініш

арыз

мінездеме

кепілдеме

кеден мағлұмдамасы

жеделхат
ІІІ. Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.

Оған төмендегідей құжаттар жатады:
Заң

үкім, өкім

қаулы, шешім

Жарлық

Жарғы мемлекетаралық шарт

Ереже

бұйрық

хабарлама

нұсқау

ресми хаттар

хаттама
Ресми құжаттарды аударудың ерекшелігі

Кез-келген ресми құжат қоғамдық және еңбек қарым-қатынастарын реттеп, талдап отырады, демек,
ресми тілде қолданылатын тілдік құралдарды, емле ережелерін қолдануға нақты талаптар қойылады.
Мұндай талап қазіргі қолданыстағы заңдарда да айқындалған. Мәселен, «Нормативтік құқықтық
актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабын алып қарайық.

«18-бап. Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны мен жазылу стиліне қойылатын талаптар.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тіл нормалары мен заң терминологиясы сақтала
отырып жазылады. Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi,
метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Нормативтік құқықтық актінің
мәтінінде мағыналық және құқықтық жүктемесі жоқ ережелер болмауға тиіс. Баптың (тармақтың)
мәтiнi басқа баптарда (тармақтарда) қайталап жазылмайды».

Ресми құжат- тұтас құрылым, сондықтан онда:
мазмұнның қысқа, әрі тұжырымды түрде баяндалуы (жазылуы) тиіс;
тұжырымдардың дәл, нақты түрде болуы;
терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі сақталуы тиіс;сөздер мен терминдердің нақты өз
мағынасында пайдаланылуы;

бірнеше нұсқадағы терминдердің мүмкіндігінше Мемлекеттік терминология комиссиясы тарапынан
бекітілген немесе ресми тілде стандарталған, сондай-ақ жазба тілде қолданылу жиілігі жо ғары, я ғни,
нормаға айналаға бастаған тұлғасы пайдаланылуы тиіс;
қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, бірқолданыстағы
сөздер болып саналатын лексикалық элементтер, сондай-ақ бейнелі, образды фразеологизмдер,
қарапайым лексикаға тән тұлғалар қолданылмайды;
талдаудың, шешімнің мазмұны екіұдайылық тудырмас үшін көсемсөз стилінің тілдік-стильдік
Ресми құжаттарды ресімдеуге қазақ емлесі ережелерінің сақталуы қадағаланады, сондай-
ақ емле қағидаларына баса назар аударылады.
Ісқағаздарын қазақша жүргізуді қалыптастыру үлкен де жауапты іс. Қазіргі таңда белең алған бір
құбылыс іс қағаздарын түгелдей орыс тілінен аударып алып жатырмыз. Тіпті бір сөзін, бір тіркесін
мүлт жібермей, түгел аударып отырамыз, мұндай жағдай түсінбеушілікке әкеліп соғуда. Бұл
жердегі түсінбеушілік ең алдымен, қазақша баяндалған мәтіннің стиліне байланысты. Әр
аудармашының стилі бөлек деген уәж айтушылар бар, бірақ, ресми ісқағаздарының стилінен
ауытқуға болмайды, жазғаныңыз оқыған адамдардың барлығына бірдей түсінікті болып, сөйлем
дұрыс, әдемі құрастырылуы тиіс.
Осы жерде тіліміздің аса бай сөздік қорын орынды, ұтымды қолданып жүрміз бе деген сауал
туындайды. Мысалға жекелеген сөздер сөз тіркестерін алып қарайық. Акимам городов и районов-
қала және аудан әкімдеріне (дұрысы –қалалар мен аудандар әкімдеріне), месячный срок -айлық
мерзімде (дұрысы –бір ай мерзімде), рассмотрено руководством района (управления, школы,
акционерного общества)- аудан басшылығымен қаралды (дұрысы- аудан басшылығы, басқарма
бастығы, мектеп әкімшілігі немесе директоры, акционерлік қоғам басшылығы қарады,
қарастырды), подписано директором (начальником)- директормен қол қойылды (дұрысы-
директор, бастық қол қойды), имеется 5 компьютерных классов- 5 компьютерлер сыныптары бар
(дұрысы- 5 компьютер сыныбы бар немесе 170 орта мектеп жұмыс істейді) т.с.с. «Тұлға» сөзінің
қолданылуы туралы. «Тұлға» -қоғам және өнер қайраткерлеріне, жоғары лауазымды, сондай-ақ
қоғамдық өмірге белсенді қатысатын адамдарға қатысты айтылады. Лица, страдающие
алкоголизмом или лица безопределенного местажительства- алкоголизмге шалдыққан тұлғалар
немесе тұрғылықты тұратын орны жоқ тұлғалар деп жүр, бұл жерде тұлғалар емес, адамдар
немесе алкоголизмге шалдыққандар (адам екені белгілі), представить информацию десе ақпарат
ұсынсын деп қана жазады, көп жерде берсін, тапсырсын, жіберсін деп қолдануға болады. Бұдан
басқа да көптеген мысалдар келтіруге болады. Сөйлемнің сөздерден құралатынын ескерсек,
осындай жекелеген сөздерді қай жерде қалай қолдану керектігін дөп басу тану сөйлем
нормасының сақтала отырып құрастырылуы, яғни стилінің дұрыс болуы деген сөз.
Аударманың
психологиялық
ерекшелігі
Аударма – ой –санаға, жүйке жүйесіне үлкен салмақ
түсіретін, мейлінше ауыр шығармашылық іс. Аударманы ң
психологиясы, күрделілігі, динамикасы мен
шығармашылық диалектикасы ашылмаса, онда ол түсінікті
бола алмайды.
.

Аударманың қай түрі де қиын да күрделі. Онда адамның
барлық рухани күш-қуаты жұмсалады. Ең басты
психологиялық элементтері: қабылдау, түсіну, түйсіну,
ойлау, эмоция, елестету, ерік, ес, зейін, т.б. қатысады.
Аудармада білім мен қиял, тәжірибе мен шеберлік өзіндік
ерекшелікке ие.
Аударма лингвистикамен тікелей жүзеге
асатындықтан, ол әдебиеттану, эстетика,
тарих, филология, кибернетика, социология,
психология, т.б. ғылымдарға да жақын.
Неміс зерттеушісі К. Райс: «Аударма үдерісі –
тіпті таза лингвистикалық операция емес.Тіл
білімі, әдебиеттану, аударма теориясы,
психология, этнология – осылардың бәрі
ғылыми пәннің бөлімдері ғана», - дейді.
Қоғамдық ғылымдар арасында аударманы
шығармашылық үдеріс ретінде арнайы
зерттеу негізі психологиямен сабақтастырыла
қарастырылады.
Аударманың өзінлік психологиялық
ерекшелігі бар. Аудармаға психологиялық
қатынас аударманың тікелей өзін зерттеуге,
аудармадағы «адам компоненттерін»
зерттеуге, аудармашының психологиялық
таңдауына талдау жасауға бағытталады.
Аударма психологиясының ерекшелігінде
екі тілдің типологиясы мәселесі
(билингвизм) және автоматтандыру рөлі,
әсіресе синхронды аудармада, әр тілде ойлау
жүйесіне сай сөйлеу, тілдік қатынас, сондай-
ақ ішкі сөйлеу мен аударманы ұштастыра
жүргізу т.б. мәселелер қамтылады. Аударма
психологиясы – ауқымды да күрделі мәселе.
Аударма ісіне психологиялық көзқарас
тұрғысынан келгенде, адамның ойын бір тілдік
негізден екінші тілдік негізге сипатты ауыстыру
болып табылады» - деп аударма тілін адамның
сөйлеу қызметінің ерекше түрі емес, айрықша
ойлау үдерісі санайды.

Аудармада биік жетістікке жетуге басты кедергі
не? Бұл аудармаға, өзіне деген сенімділіктің
жоқтығы. Елестету мен құштарлық сезімі, жақсы
нәтижеге жетуге деген ұмтылыстың жоқтығы,
сәтсіздіктен үрейлену. Аударманың екінші бір
жауы – шамадан тыс өз-өзіне деген асыра
сыншылдық. Шығармашылық ойлаудың үшінші
кедергісі – жалқаулық, немқұрайдылық. Ең
бастысы, ой мен рух, білім мен ізденіс, тәжірибе
мен шеберлік, құштарлық пен талант тоғысуы
тиіс.
Аудармашының түйсігі дегеніміз – аудармадағы әр
сөздің мән-мағынасын, астарлы ойын, әуез, ырғағын,
үнін сезіну, оны ұлттық тілдің сөздік қорымен дәл де
нақты, шынайы бейнелеп беру, аудару үдерісіндегі
стилистикалық құралдарды дұрыс таңдай білу.
Түйсіну ұғымы – аударманы қабылдау үдерісімен
бастап түпнұсқалық мәтіннің барлық мағыналық
ерекшеліктерін нәзік түрде сезіну. Түпнұсқадағы
ұлттық және интернационалдық диалектиканы
аудармада баламалы бейнелеу, халық тілінің
байлығымен қайта баяндау – үлкен таланттылық
нәтижесі.
Тіл, сөйлеу, ойлау, қабылдау, мінез-құлықты
үйлестіру, яғни коммуникацияның барлық негіздерін
психологиялық тұрғыдан зерттеу маңызды іс. Ол
сөйлеу мен аудармадағы қолданыстағы тілдік жүйенің
табиғатын ашуға мүмкіндік береді. А.В. Федоров
«Введение в теорию перевода» кітабында аударма
психологиясының саласына айқындалған
шығармашылық үдерісті енгізеді.
Аударма психологиясы тілдің ойлау жүйесімен,
тілдік образдармен байланысты. Тіл маманы Р. Пернес
аудармадағы психологиялық іс-әрекетті шет тілді
үйрену үдерісімен ұштастырады. Яғни, тілді меңгеру
кезінде белгілі бір психологиялық кедергілерді жеңуге
тура келеді. В. Беляев «аударма психологиясының ең
басты мәселесі ана тілде және шет тілде ойлау
жүйесінің психологиялық ерекшелігін зерттеу әрі бұл
ерекшеліктерді аудармада жүзеге асыру» - дейді.
Аудармашының міндеті – көркем шығарманы
түпнұсқалық көркемдік-эстетикалық,
образдылық, семантикалық-стилистикалық
сипатымен аудару. Кең ауқымды, терең ойлау
жүйесімен, айқын елестету мүмкіндігімен
түпнұсқаның композициясын, мәтін
мазмұнын, мағынасын, сөйлемнің стильдік,
тілдік құрылымын, экспрессивтік-эмоциялық
бояуын, көркемдік-идеялық ерекшелігін және
шығарманың басты қасиеттерін аша білу
жауапкершілігі зор.
Аударма үрдісінің
лингвистикалық
ерекшеліктері
Латынша аударманы басқа
жеткізу түрлерінен, мысалы
translation studii – «білімді
жеткізу, «передача знаний»
және translation imperii,
«билікті жеткізу», «передача
власти» ажырату үшін
«тілдерді жеткізу» translatio
linguarum, «передача
языков») деген ұғымды
қолданған.
Сабақта да, баспада да ең бірінші тіл мәселелері аударманы
талдағанда қарастырады.

Аударма жасай білуді сол тілде оқып, шет тілді түсінудің
жетілген формасы деп қарастырған.

Аударма теориясы салыстырмалы әдебиеттанудың,
қолданбалы лингвистиканың, филологияның арнайы
бөлімі деп саналған.
Қазіргі заманның белгілі аударма теоретиктері – Дж. К.
Кэтфорд, Корней Чуковский, Валентин Гарсия Йебра, Юджин А.
Найда, Жан-Поль Вине және Жан Дарбельне, Питер Ньюмарк,
Бэзил Хэйтим және Иан Мэйсон- бұлар лингвисттер, сонды қтан
көп жағдайда тіпті тұтасынан аударма тілмен ж ұмыс деп
танылады.

Лингвистика өзінің бүкіл даму тарихында тек қана
аударманың эквиваленттілігінен басқа кезкелген
аударманың сенімділігіне қатысты. Соңғы уақытта
лингвист–аударматанушылар эквиваленттіліктің тар
аясынан шыға бастады.
Ақшалай пайда жоқ болса да, кейбір
Жұмыстың бұл бөлігі аудармашыға
себептер іздестіруге мәжбірлейді:
ұнаса да, ұнамаса да айналасуы
А аудармашы этикасы, кәсіби
керек, бұнысыз бұл мамандықта
ынталану аударманы дұрыс,
жұмыс істеуге болмайды. Себебі
эквивалентті жасауға итереді
аудармашы жұмысында сөзге
Б Өз жұмысына кәсіби мақтаныш,
сағаттық жұмысқа қанша төлесе
рухани қанағаттану
сонша төлейді, дұрыс сөз іздеу үшін
Аудармашы сөйлеу әрекеттерін
материалдық ынталандырма жоқ.
өзгертумен айналысады.
Түпнұсқа тілін пайдаланып, алғашқы
мәтіннің авторы сөйлеу әрекеттерін
жасайды, ал аудармашының жұмысы,
аудару тілін пайдалану арқылы, белгілі
сөйлеу әрекеттерін жасау. Жұмыс
барысында сөйлеу әрекеттері түбегейлі
өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістер
шексіз әр түрлі сияқты көрінеді, тіпті
оларды стереотипке келтіру мүмкін
еместей көрінеді. Әр сөзді, сөз тіркестерін
не сөйлемдерді жеке-жеке қарап,
ойластырып, таразылап, айтылуына,
естілуіне терең талдау жасау керек.
Сабақта да, баспада да ең бірінші тіл
мәселелері аударманы талдағанда
қарастырады. Аударма жасай білуді сол
тілде оқып, шет тілді түсінудің жетілген
формасы деп қарастырған. Аударма
теориясы салыстырмалы
әдебиеттанудың, қолданбалы
лингвистиканың, филологияның арнайы
бөлімі деп саналған. Аудару өнеріне
оқыту басқа тілдегі тұтас мәтіннің, сөз
тіркесінің, сөздің мағыналарын жеткізу
айналасында қарастырылады.
АУДАРМА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЦИЦЕРОН КЕЗІНЕН Б.З.Д. І Ғ.
БЕРІ ТАРИХИ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕСІ- МӘТІНДІ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БӨЛШЕКТЕУ, ЯҒНИ
АУДАРМАНЫҢ НЕГІЗГІ БІРЛІГІ ҚАНДАЙ БОЛУ
КЕРЕКТІГІ.

Сөз тіркес, сөйлем болса,
Сөз болса, онда аударма
онда еркін, мағыналық
сөзбе-сөз болады,
аударма пайда болады.

Аудару өнеріне оқыту басқа тілдегі тұтас мәтіннің, сөз
тіркесінің, сөздің мағыналарын жеткізу айналасында
қарастырылады.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Үздік аурмашының портреті
Аудармашыға қойылатын талаптар
Ет сапасына қойылатын талаптар. Шұжық бұйымдарының сапасын сараптау
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН СЫНАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
Газды дайындау қондырғысы
Субөнімдердің жіктелуі
Сүзбе сапасына қойылатын талаптар
Жармалық шикізаттың сипаттамасы және жарманың ассортименті
Консервілер сапасына қойылатын талаптар
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Пәндер