Бөртегүл (Syringa)



Бөртегүл
(Syringa)
Орындаған:Ағали Н
Топ:АГ - 213
Тексерген:Джаманова Г. Е.

Жоспар:
Кіріспе
1. 1 Жалпы Бөртегүл гүліне сипаттама
Негізгі бөлім
2. 1 Бөртегүл гүлінің биологиялық ерекшеліктері
2. 2 Гүлді күтіп - баптау жұмыстары
2. 3 Гүлді көбейту
2. 4 Халық шаруашылығындағы маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Бөртегүл (Syringa - Сирень) - зәйтүндер
Тұқымдасына жататын, көпжылдық, бұтақты өсімдік.

1. 1 Жалпы Бөртегүл гүліне сипаттама

Қазақ халқы бөртегүл туралы да біраз нәрсені баян етеді. «Бөртегүлдей гүл қайда, иісі жұпар аңқыған, даладағы бақытты иісіменен шақырған» деген өлең жолдары бар. Расында, бөртегүл гүл жарған кезінде бүкіл даланы жұпар иісімен жаулап алады. Оның жұпар лепті хош иісі, сұлу тілі өзін жарнамалап «мен мұндамын» дейді. Гүл сөйлемейді, иісі арқылы басқалармен тілдеседі. Гүлдің тілі - иісі. Бөртегүл гүл ашқан кезінде-ақ атырапта жұпар иісін аңқытады. Хош иісі мұрынды жарып, жанға жағымды сезіледі. Гүлінің иісін иіскеп отырған адамның сезімі сергиді, қуаты бекиді, қиялы қияға самғайды, әсем де әдемі гүлі көз ләззатын қандырады.
Қазақ халқы бөртегүлдің осындай қасиетіне қарап, оны «жұпар гүл», «иісті гүл», «тілді гүл», «сырлы гүл» деп әр алуан аттармен атайды.

2. 1 Бөртегүл гүлінің биологиялық ерекшеліктері

Бөртегүл бұтасы өте танымал бақша өсімдігі, оны білмейтін адам кемде-кем. Мамыр айында гүлдейтіндіктен халық «мамыргүл» деп те атайды. Биіктігі 3-3, 5 метр аралығында. Табиғатта 30-дан астам түрі бар, гүлдері қызғылт, сиякөк және көгілдір түсті болады. Қазіргі кезде гүлінің пішіні мен көлемі, түсі мен гүлдеу мерзіміне қарай ондаған түрі, жүздеген сұрпы бар. Көгалдандыруда бөртегүлді жеке дара, топтап және қоршау жасауға қолданады. Бөртегүл тек әдемі, хош иісті өсімдік қана емес, сонымен қатар оның бүршігінде, гүлінде және діңінің қабығында дәрілік қасиеттер бар.

2. 2 Гүлді күтіп - баптау жұмыстары

Ашық күнді сүйеді, алакөлеңкелі жерде де жақсы өсіп, ұзақ гүлдейді. Гүлдеп болған соң қураған гүлшоғырларын уақыт өткізбей кесіп тастау керек. Себебі, бөртегүлдің гүлдеген бұталары келесі жылы гүл жармайды. Гүлдеп біткен соң гүлсабағымен қатар әлсіз бұталарын да түбінен кесіп алып тастау керек. Топырақ талғамайды, әкті жерде де өсе береді. Мамыр, маусым айларында топырағын құрғатып жібермей суғарып отырса, гүлді мол береді.

2. 3 Гүлді көбейту

Бөртегүл жыл сайын тамырынан бірнеше жас өскін шығарады. Осы өскінді түбінен бөліп алып, оған жақсы сұрыпты қалемшені жалғау арқылы көбейтуге болады. Жаз айларында көлеңке жерде, күзде ашық алаңда қалемшелеп көбейткен жөн.

2. 4 Халық
Шаруашылығындағы
маңызы

Қазақтың байырғы емшілері бөртегүлді дәрі ретінде әр алуан ауруларға ем етіп қолданған. Оның қабығынан жасалған дәрілер арқылы қызуы өрлеген адамдардың қызуын түсірген, суыққа тоңып, тұмау тигізген адамдарды терлету арқылы жазған, қуығы тұтылып, жіңішке ауруына тап болған адамдардың несебін айдап, қуық тұтылу жолын ашқан. Осыған қарап «дәрігүл», «зәр айдауыш гүл» деп те атаған.

Қорытынды
Сонымен қорыта келгенде бөртегүл тілдік қолданысымызда сирень атауымен белгілі гүл. Гүлдерінің түсі сия көктен бастап, алқызыл, сары, қызыл болып келеді. Өзіне тән жұпар исі бар бөртегүл мамыр айының басынан бастап гүлдейді де, күн қызғанша тұрады, қазіргі таңда оның жүзге жуық түрлері белгілі. Халық шаруашылығындағы маңызы өте зор болып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық көпшілік журналы. №4, 2010 ж.
2. Иващенко А. А. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.
3. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz