Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі


Slide 1

Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі.

Орындаған: Мансұрова Әнел, БТ-407

Slide 2

Жоспар:

Саңырауқұлақтар туралы жалпы сипаттама

Саңырауқұлақтың көбеюі

Саңырауқұлақ морфологиясы

Олардың қоректенуі

Қорытынды

Әдебиеттер

Slide 3

1. ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Саңырауқұлақтар - төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi - өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофты коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы) болуында.

Slide 4

Саңырауқұлақтарды зерттеумен, алғашында ботаниканың бiр саласы болған - микология ғылымы айналысады. Микологияның негiзiн салушы деп саңырауқұлақтардың классификациясын жасаған және олардың көбею механизмiн зерттеп сипаттаған немiс биологы Генрих Антон де Баридi (1831 --1888) атауға болады. Өсiмдiктердiң ауруын қоздыратын саңырауқұлақтарды зерттеуде Бари қыналар саңырауқұлақтар клеткалары мен балдырлардан тұратынын дәлелдеген.

Slide 5

2. КӨБЕЮІ

Саңырауқұлақтар бірнеше түрлі жолмен көбейеді. Олардың көпшілігінде көбеюге қажетті арнаулы органдар бар. Негізінен саңырауқүлақтар споралар арқылы көбейеді. Қоректік ортада кез болған споралар тез арада көбейіп, жаңадан гифтер түзеді. Саңырауқүлақтар гифтерден үзіліп қалған бөлшектерден де көбейе алатын болса, кейбіреулері ерекше клеткалар-ойдийлер арқылы көбейеді.

Slide 6

Саңырауқүлақтарда спора түзілу жынысты және жыныссыз жолдармен жүреді. Жыныссыз жолмен көбейгенде споралар ерекше гифтердің үшында пайда болады.

Жынысты жолмен көбейгенде екі жыныстық клетка қосылғаннан зигоспора түзіледі, немесе ооспора деп те атайды. Қолайлы жағдай туғанда бұлардан жаңа саңырауқұлақтар түзіледі. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарда бірнеше споралар пайда болады.

Жынысты және жыныссыз жолдармен көбейе алатындарын жетілген, ал тек жыныссыз жолмен ғана көбейе алатындары - жетілмеген саңырауқүлактар деп аталады.

Slide 7

МОРФОЛОГИЯСЫ

Морфологиялық және физиологиялық қасиеттеріне қарай саңырауқұлақтарды негізгі бес класқа бөлуге болады. Олар: архимицеттер, фикомицеттер, аскомицеттер, базидиомицеттер және жетілмеген саңырауқұлақтар.

Slide 8

Архимицеттер. Бұлардың ерекшелігі, мицелийі болмайды, болса да ол нашар жетілген, 300-ден астам түрі бар. Көбіңесе жыныссыз жолмен көбейеді. Споралары спорангийде түзіледі. Бұл саңыраукұлактардың бірқатары жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктерді закымдайды. Фикомицеттер. Мицелийі жақсы жетілген бір клеткалы саңырауқұлақтар, жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз жолмен көбейгенде спорангийде споралар түзіледі, ал жынысты жолмен кәбейгенде зооспоралар пайда болады, оның 700-ге жуық түрі бар. Бұл класқа табиғатта кең тараған мукор саңырауқүлағы жатады.

Slide 9

Аскомицеттер. Бүлардың көп клеткалы мицелийлері бар. Бұл кластың 20 мыңнан астам түрі белгілі. Аскомицеттерге аспергиллус, пенициллум, склеротиния т. б. жатады. Ашытқы саңырауқүлақтары да осы кластың өкілі.

Ашытқы саңырауқүлақтары - бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен алғанда он еседей ірі микроорганизмдер. Табиғатта бұлар кең тараған. Клетка пішіні әр түрлі: дәңгелек, сопақша және таяқша тәрізді болады. Ашытқы саңырауқүлақтары клеткасының мелшері 8-10 микронға тең. Оларда қозғалу органеллалары болмайды. Ашытқы саңырауқүлақтарын адам баласы қолдан өсіріп, өз шаруашылығында пайдаланады. Ал, табиғатта жабайы ашытқы саңырауқұлақтар да болады. Олар ауыл шаруашылық өнімдерін зақымдап едәуір зиянын тигізеді.

Slide 10

Базидиомицеттер өте үлкен класс. Базидиомицеттердің көп клеткалы мицелийлері бар. Олар базидиоспоралар арқылы жыиысты жолмен, конидийлер арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Оған 20 мыңнан астам саңырауқүлақтардың түрлері біріктіріледі. Оларға қалпақты саңырауқүлақтар, үй саңырауқүлағы, трутовиктер, кара күйе және дат саңырауқүлақтары жатады. Қалпақты саңырауқұлақтардың қалпағыньщ астыңғы жағьшда ұсақ, жұқа қатпарлары немесе түтікшелері бар. Осы қатпарлардың бетінде немесе түтікшелердің ішінде базидийлер орналасады. Қалпақты сақырауқұлақтардың ішінде улы түрлері де бар (мухамор, сүр поганка т. б. ) .

Slide 11

Жетілмеген саңырауқұлақтар. Топыракта және суда жоғарыда аталғандармен қатар микроскоптык жетілмеген саңырауқұлақтарда көп кездеседі. Олар - көп клеткалы мицелийі бар жыныссыз жолмен көбейетін организмдер. Бүл табиғатта кең тараған. 25 мыңнан астам түрі бар. Олар түрлі тағамдарды көгертіп, мәдени дақылдарды зақымдайды. Олардың негізгі өкілдеріне фузариумды, ботритисті, альтернарияны т. б. атауға болады. Фузариум негізінен астық түқымдастарды, жемістерді және көкеністерді зақымдайды. Осы саңырауқүлақ қоздыратын ауруды фузариоз деп атайды. Ол өсімдіктердің тамыры мен сабағын бүлдіреді, соның салдарынан өсімдіктер қурап қалады. Фузариоз ауруына шалдыққан дәннен жасалған нанды пайдалануға болмайды. Одан адам уланып қалуы мүмкін.

Slide 12

Сондай-ақ саңырауқұлақтар жеуге жарамды және улы деп бөлінеді.

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар жоғары сатыдағы ағзалар. Оларды «өсімдік еті» деген атпен бағалы тағамдардың қатарына қосады. Оның құрамындағы 10-20% құрғақ затының 2-4%-ы нәруыз, 1%-ы май болады. Құрамында қантты заттар да кездеседі. Бұл заттар саңырауқұлақтың дәмін жақсарта түседі. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды улы саңырауқұлақтардан ажырата білу керек. Жауынды жыл мезгілдерінде саңырауқұлақтардың қандай түрін болса да кездестіруге болады. Солардың ішінде жеуге жарайтын саңырауқұлақтың 100-ге жуық түрі бар.

Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық, бүріскі (сморчок) саңырауқұлақтары жеуге жарамды.

Slide 13

Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт (мухомор), боз арамқұлақ (поганка), жалған түбіртек (ложный опенок), жалған түлкіжем (ложная лисичка) және т. б. жатады. Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтіретін улы зат «мускарин» алкалоиды болатыны анықталды. Көбінесе шырша, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетін ашық алаңдарда өседі. Улы, тез әсер етеді, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сіңірі тартылып талып қалады.

Бозарған арамқұлақ - дүние жүзі статистикасы бойынша ең көп ажалды улану туғызатын саңырауқұлақ.

Slide 14

ҚОРЕКТЕНУІ


Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі туралы ақпарат
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфоло­ гиясы, қоректенуі
Саңырауқұлақтарың морфологиясы
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
БАКТЕРИЯ МОРФОЛОГИЯСЫ, ӨСУІ, КӨБЕЮІ, ҚОРЕКТЕНУІ
Бактерия морфологиясы
Жапырақ пішінді қына
Ашытқы саңырауқұлақтары
БАКТЕРИЯ МОРФОЛОГИЯСЫ, ӨСУІ, КӨБЕЮІ, ҚОРЕКТЕНУІ ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz